Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ Правила техической эксплуатации.doc
Скачиваний:
135
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
812.54 Кб
Скачать

Стрелкалар мен сигналдардың кілттік тәуелділігі

6.32. Кілттік тәуелділік қүрылғылары стрелкалар мен сигналдардың өзара тұйықталуын бақылаулық құлыптар арқылы қамтамасыз етуі тиіс.

6.33. Стрелкалық бақылаулық қүлыптар:

кілттің тек стрелканың жабық күйінде ғана алынуына жол беруі тиіс;

стрелкаларды тек құлыптан суырылып алынған кілтте көрсетілген қалпында, үшкірдің рамалық рельске тығыз жанасқан жағдайында ғана жа-буы тиіс;

жанасқан үшкір мен рамалық рельс арасындағы саңылау 4 мм және одан астам болған жағдайда стрелканың жабылуына жол бермеуі тиіс.

Сериясы бірдей стрелкалық бақылаулық құлыптарды бір сганцияньщ шегінде, ал ірі станцияларда - бір стрелкалық ауданның және басқа аудандардың онымен ір-гелес орналасқан сгрелкалық қосындардың шегінде қолдануға тыйым салынады.

Станциялық блоктау

6.34. Станциялық блоктау:

посттардың поездарды және станция ішіндегі маршруттардың қабылдау және жөнелту маршруттарын әзірлеуінің дұрыстығына станция бойынша кезекші жағынан бақылау;

әр түрлі посттардан басқарылатын стрелкалардың және сигналдардың өзара тұйықталуы қамтамасыз етілуі тиіс.

Сұрыптау дөңестерінің механикаландыру және автоматтандыру құрылғылары

6.35. Сұрыптау дөңесгерінің механикаландыру және автоматтандыру құрылғылары құрамдардың есептік (жобалық) тарқатылу жылдамдығымен үздіксіз, үзіліссіз және қауіпсіз тарқатылуын қамтамасыз етуі тиіс, бұл ретте әр те- жеулік позициядағы тежеу құралдарының қуаты осы жылдамдықты іске асыруға мүмкіндік беруі және вагондарды сұрыптаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

Механикаландырылған сұрыптау дөңестеріндегі сұрыптау жол-дары бойынша ағытпаларды таратудағы құрамдарды тарқатуға қатысатын бағыттамалық бұрмалар дөңестік электрлік немесе дөңестік автоматтандырылған орталықтандыруға қосылуы тиіс.

Дөңестік орталықтандыру:

стрелкаларды жеке басқаруға;

құрамның тарқатылуы жүргізілетін барлық бағыттас стрелкалардың, сондай-ақ, жылжымалы құрамның тарқату аймағына шығып кетуіне жол бермейтін күзеттік стрелкалардың электрлік тұйықталуын;

басқару пультінде стрелкалар қалпының және стрелкалық секциялардың бос еместігінің бақылауын қамтамасыз етуі тиіс.

Дөңестік орталықтандыру стрелканың жылжымал ы құрамның астындағы жағдайында бұрылуына жол бермеуі тиіс.

39

Сонымен қоса, стрелкалардың дөңестік автоматты орталықтандыруы:

программалық немесе маршруттық жұмыс режимдері кезінде ағытпалардың тарқауы процесінде сұрыптау дөңесінің тарату аймағының стрелкаларын автоматтық басқаруды;

бұру сәтінде үшкір мен рамалық рельс арасында кедергі туындаған жағдайда ағытпаның оқшауланған стрелкалық секцияға енуіне дейін стрелканың бақыланатын қалпына автоматты қайтарылуын;

тарқату процесінде стрелкаларды жеке басқаруға көшіру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Автоматтандырылған дөңестік орталықтандыруы бар механика-ландырылған дөңестерге қойылатын талаптарды орындауымен қатар автоматтандырылған сұрыптау дөңестерінің құрылғылары:

құрамдарды жақындатудың және тарқатудың басқаруын және бақылауын;

ағытпалардың тарқау жылдамдығын автоматтық реттеуді;

құрамдарды тарқату нәтижелерін бақылап отыруды;

сұрыптау станциясының ақпараттық-жоспарлаушы жүйесімен ақпарат алмасуды қамтамасыз етуі тиіс.