Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ Правила техической эксплуатации.doc
Скачиваний:
135
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
812.54 Кб
Скачать

Стрелкалар мен бағдаршамдардың электрлік орталықтандырылуы

6.27. Электрлік орталықтандыру құрылғылары мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

стрелкалар мен бағдаршамдардың өзара тұйықталуын;

берілген маршрутты қоршайтын бағдаршамды бірмезгілде жаба от-ырып стрелканың кірекесілуін бақылау;

бақылау аппаратынан стрелкалар жағдайы мен жолдардың және стрелкалық секциялардың бос еместігін бақылау;

стрелкалар мен бағдаршамдарды маршруттық немесе бөліп басқарудың, маневрлік бағдаршамдардың көрсетулері бойынша маневрлік қозғалыстарды жүзеге асырудың, қажет болғанда стрелкаларды жергілікті басқаруға берудің мүмкіндігі.

6.28. Электрлік орталықтандыру құрылғылары мыналарға жол бермеуі тиіс:

бос емес жолға қойылған маршрут кезінде кіру бағдаршамының ашы-луына;

жылжымалы құрамның астындағы стрелканың ауыстырылуына (бұрылуына);

берілген маршрутқа сәйкес келетін бағдаршамдардың стрелкалар дұрыс жағдайға қойылмағанда ашылуына;

тағайындалған маршрутты қоршайтын бағдаршамның ашық ке-зінде маршрутқа енетін стрелканы бұруға немесе қайшы маршруттың бағдаршамын ашуға.

6.29. Орталықтандырылған стрелкалардың жетектері мен тұйықтағыштары мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

стрелкалардың шеткі жағдайларында қысылган үшкірдің рамалық рельске және айқастырманың жалжымалы өзекшесінің жақтауға тығыз жанасу-ын қамтамасыз етуі;

қысылған үшкір мен рамалық рельстің немесе жылжымалы өзекшемен жақтаудың арасындағы саңылау 4 мм және одан астам болған кезде стрелка үшкірлерінің немесе айқастырманың жылжымалы өзекшесінің тұйықталуына жол бермеуі тиіс;

басқа үшкірді рамалық рельстен кем дегенде 125 мм қашықтыққа бұруы тиіс.

Диспетчерлік орталықтандыру

6.30. Диспетчерлік орталықтандыру құрылғылары мыналарды қамта- масыз етуі тиіс:

бір орыннан стрелкалар мен бағдаршамдар арқылы бірқатар станция-лар мен аралықтарды басқаруды;

басқару аппараттарынан стрелкалардың жағдайы мен бос еместігін, аралықтардың, станциялардағы және оларға жанасатын блок-телімдер-

37

дегі жолдардың бос еместігін бақылау, сондай-ақ кіру, маршруттық және шығу бағдаршамдарының көрсетулерін қайталау және өтпелік сигнал беруі жұмысының жарамдылығын бақылау;

поездарды қабылдау жөнелту және маневрлерді жүзеге асыру бойынша станцияларды резервтік басқаруға берудің немесе манев-рлерді жүзеге асыру үшін стрелкаларды жергілікті басқаруға берудің мүмкіндігі;

поездардың орындалған қозғалысы кестесінің автоматтық жазбасын;

сигнал беру мен байланыстың дербес қүралы ретінде қолданылатын электрлік орталықтандыруға, автоматтық блоктауға және автоматты ло-комотивтік сигнал беруіне және поездың толық қүрамымен келіп жетке-нін жартылай автоматтық блоктауына қойылатын талаптардың орында-луын.

Диспетчерлік орталықтандырудың жаңа жүйелері блок-телімдердің жалған бос еместігі кезінде поезд диспетчерінің қрғалыс бағытын өзгертуіне мүмкіндігінің болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Жанасатын станциялардың стрелкалары мен бағдаршамдарын телебасқару қүрылғылары диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларына қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.

Автоматты локомотивтік сигнал беру және қауіпсіздік қүрылғылары

6.31. Автоматты локомотивтік сигнал беру кезінде локомотивтік бағдаршамдар поезд жақындап келе жатқан жол бағдаршамдарының көрсетулеріне сәйкес келетін көрсетулерді беруі тиіс.

Тек қана локомотивтік бағдаршамдардың көрсетулері бойынша қозғалыс кезінде бүл бағдаршамдар алдағы жатқан блок-телімдердің бос еместігіне немесе бос болуына қарай көрсетулер беруі тиіс.

Локомотивтік бағдаршамдар локомотивті, моторвагондық поезды, ар-найы өздігінен жүретін жылжымалы қүрамды басқару кабинасында орна-тылады және сигналдық көрсетулерді тікелей машинистің өзіне және оның көмекшісіне немесе дрезинаның жүргізушісіне және оның көмекшісіне бе-реді.

Локомотивтердегі, моторвагондық поездардарғы және арнайы жылжы-малы құрамдағы автоматты локомотивтік сигнал беру:

белгіленген қозғалыс жылдамдықтарын, поездың өзінен-өзі жыл-жып кетуін және машинист қырағылығының мерзімді түрде тексерілуіне бақылауды қамтамасыз ететін қауіпсіздік қүрылғыларымен толықтырылуы тиіс. Машинист локомотивті, моторвагондық поезды, арнайы жылжы-малы құрамды, ал дрезина жүргізушісі дрезинаны басқару қабілетінен айырылған жағдайларда аталған құрылғылар тыйым салушы көрсетуі бар жол бағдаршамының алдында поездың автоматты түрде тоқтауын қамтамасыз етуі тиіс.

38