Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ Правила техической эксплуатации.doc
Скачиваний:
135
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
812.54 Кб
Скачать

Жылжымалы қ¥рам және арнайы жылжымалы қүрам

9-ТАРАУ

Жалпы талаптар

9.1. Жылжымалы құрам, соңың ішінде арнайы өздігінен жүретін жыл-жымалы құрам жөндеудің жоспарлы-алдын алу түрлерінен, техникалық қызмет көрсетуден дер кезінде өткізілуі және оның толассыз жұмысын, қозғалыс қауіпсіздігін және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың орында-луын қамтамасыз ететін күйінде пайдалануда күтіп ұсталуы тиіс.

Ақаулықтардың пайда болу ының алдын алу және жылжымалы құрам мен арнайы жылжымал ы құрамның белгіленген қызмет мерзімдерін қамтамасыз ету оның техникалық күтімі мен жөндеуі үшін жауапты тұлғалардың жұмысындағы басты міндет болуы тиіс. ЦМВ арабшаларындағы жолаушы вагондары поездарда 120 км/сағ аспайтын жылдамдықпен жүре алады.

Жолаушы поездарында 140 км/сағ аспайтын жылдамдықпен жүре алады.

Жолаушы поездарында 140 км/сағ астам жылдамдықпен айналатын жылжымалы құрамға қойылатын қосымша талаптар Министрліктің тиісті нұсқаулығымен белгіленеді.

9.2. Жаңадан құрылатын жылжымалы құрамның типтері мен негізгі си-паттамалары Министрлік белгілейтін тәртіппен бекітіледі.

Жаңадан құрылатын жылжымалы құрам жөніндегі техникалық тапсыр-маны жеткізуші Министрлікпен, ал түзілімдер мен тетіктердің сызбалары мен техникалық шарттарды «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығымен келісімдей отырып бекітеді.

9.3. Вагондардың барлық элементтері беріктігі, орнықтылығы және техникалық күйі бойынша Министрлік белгілейтін барынша жоғары жылдамдықтарменпоездардыңқауіпсізжәнежатыққозғалысынқамтамасыз етуі тиіс.

Жаңадан құрылатын вагондар поездардың тиісті категорияларына қызмет көрсетуге арналатын озық локомотивтердің барьшша жоғары құрылымдық жылдамдықтарында қауіпсіз және жатық қозғалысты қамтамасыз етуі тиіс.

Өту алаңшалары жоқ вагондардың арнайы басқыштары мен тұтқалары болуы тиіс.

9.4. Пайдалануға қабылданған жылжымалы құрамның, соның ішінде арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның негізгі түзілімдерінің қүрылымына өзгеріс енгізуге тек Министрліктің рұқсатымен ғана жол бе-ріледі.

9.5. Жылжымалы құрам Мемлекеттік стандартпен белгіленген жылжы-малы құрам габаритінің талаптарын қанағаттандыруы тиіс.

9.6. Жаңадан құрылған, сондайақ күрделі жөндеуден өткен жылжымалы құрам, соның ішінде арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам,

57

оның темір жолға пайдалануға өткізілуінен бұрын сынақтан өткізілуі және «ҚТЖ" ¥К" АҚ белгілеген тәртіппен жеткізуші зауыттан қабылдануы тиіс.

9.7. Жылжымалы құрамның, соның ішінде арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның әр бірлігінің төмендегідей анық ажырату белгілері мен жазулары болуы тиіс: Мемлекеттік гербі (локомотивтер мен жолаушы вагондарында), Қазақстан темір жолдарының белгісі, нөмірі (жолаушы ва-гондары үшін тіркелген депосының коды бар), жасалу датасы мен орнын көрсететін жасап-шығарушы зауыттың тақтайшасы, жөндеудің белгіленген түрлері жүргізілген орны және датасы, ыдысының салмағы (локомотивтер мен арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамнан басқа).

Сонымен қатар, келесі жазулар таңбалануы тиіс: локомотивтерде, моторвагондық жылжымалы құрамда және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда — құрылымдық жылдамдығы, сериясы, тіркел-ген депосының немесе басқа тіркеу кәсіпорнының атауы, резервуарларды, бақылау аспаптарын және қазанды куәландыру жөніндегі тақтайшалар мен жазулар; жолаушы вагондарында, моторвагонды жылжымалы құрамда және қызметкерлерді жұмыстар жүргізілетін орынға жеткізуге және алып қайтуға арналатын арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда — орын-дар саны; жүк вагондарында — жүккөтергіштігі көрсетіледі. Паровоздардың тендерлерінде сериясы, нөмірі және тіркелген темір жолының аты-жөні (инициалдары) белгіленуі тиіс.

Жылжымалы құрамдағы мен арнайы жылжымалы құрамдағы басқа белгілер мен жазулар «ҚТЖ" ¥К" АҚ белгілеген тәртіппен таңбаланады.

9.8. Әр локомотив, вагон және моторвагондық және арнайы жылжымалы құрамның бірлігі үшін ең маңызды техникалық және пайдаланымдық си-паттамаларын қамтитын техникалық паспорт (формуляр) жүргізілуі тиіс.

9.9. Локомотивтер және моторвагондық жылжымалы құрам, сондай-ақ арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамдар радиостанциялар-мен, «ҚТЖ" ¥К" АҚ белгілеген көрсеткіштерді тіркейтін жылдамдық өлшегіштерімен, автоматты локомотивтік сигнал беруімен, сондай-ақ «ҚТЖ" ¥К" АҚ белгілеген тізбеге және тәртіпке сәйкес басқа да қауіпсіздік құрылғыларымен жарақтандырылуы тиіс.

Жолаушы локомотивтері электрлі-пневматикалық тежеуді басқару құрылғыларымен жабдықталуы тиіс, ал жүк поездарына арналатын ло-комотивтер тежегіш магистраль тығыздығын бақылау құрылғыларымен жарақатандырылуы тиіс.

Поездық локомотивтер және моторвагондық поездар оларға бір маши-нист қызмет көрсетуі кезінде «ҚТЖ" ¥К" АҚ бекіткен келесі қауіпсіздік құралдарымен және құрылғыларымен қосымша жабдықталуы тиіс:

поездың тежеуін автоматтық басқару жүйесімен немесе кешенді локо-мотивтік қауіпсіздік құрылғысымен, сондай-ақ машинистің сергек болуын бақылау жүйесімен;

артқы көрініс айналарымен;

өртсөндіргіш жүйесімен - тепловоздар;

тежегішті блоктауыштармен;

58

Сонымен қатар, моторвагондық поездар өтпелі бағдаршамдарға, станцияның өтпелеріне таяған кездегі қозғалыс жылдамдығын бақылауды және дауыспен хабарландыруды қамтамасыз ететін автожүргізу жүйесімен, "жолаушы—машинист" байланысымен, есіктердің жабы-луын бақылаушы сигнал беруімен, автоматтық өрттен қорғану сигналын беруімен жабдықталуы тиіс. Маневрлік локомотивтер оларды вагондар-дан қашықтан ағыту құрылғыларымен жабдықталуы тиіс, ал бір маши-нист қызмет көрсететіндері оның үстіне, екінші басқару пультімен, артқы көрініс айналарымен және машинист кенеттен локомотивті жүргізу қабілетінен айырылған жағдайында автоматтық тоқтауды қамтамасыз ете-тін құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.

9.10. Арнайы жылжымалы құрамға және алынбалы жылжымалы бір-ліктерге қойылатын техникалық талаптар, сондай-ақ оларға техникалық қызмет көрсетудің, жөндеудің және пайдаланудың тәртібін «ҚТЖ" ¥К" АҚ белгілейді.

9.11. Темір жолдардың жалпы торабының жолдарына шығатын басқа ведомстволардың, кәсіпорындардың және ұйымдардың иелігіндегі локо-мотивтер мен вагондар осы Ережелердің талаптарын қанағаттандыруы тиіс. Мұндай жылжымалы құрамның Қазақстанның темір жолдарында айналуыныңтәртібін және локомотивтердің жанасу станциясына шығуының тәртібін «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығы белгілейді.

59

10-ТАРАУ ДОҢҒАЛАҚ ЖҮПТАРЫ

10.1. Әр доңғалақ жұбы Жылжымалы құрамның доңғалақтар жұптарын тексеру, куәландыру, жөндеу және қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықта белгіленген талаптарды қанағаттандыруы және оның өсінде доңғалақ жұбының қалыптастырылуының және толығымен куәландырылуының уақыты мен орны туралы анық қойылған белгілері, сондай-ақ оның қалыптастырылу кезіндегі қабылданғаны жөніндегі таңбасы болуы тиіс.

Бел гілер мен таңбалар белгі салу ережелерімен қарастырылған тұстарына қойылады.

Дрңғалақ жұптары белгіленген тәртіппен жылжымалы құрамның астындағы тексеруден, дағдылы және толық куәландырудан өтуі, ал домалатып қою кезінде (подкатка) тиісті журналдарда немесе папорттарда тіркелуі тиіс.

10.2. Жүктелмеген доңғалақ жұбы доңғалақтарының ішкі қырларының арасындағы қашықтық 1440 мм болуы тиіс. Поездарда 120 км/сағ жоғары 140 км/сағ дейін жылдамдықпен айналатын локомотивтер мен вагондардың, сондай-ақ арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның ауытқулары ұлғаю жағына ары кеткенде 3 мм және азаю жағына қарай ары кеткенде 1 мм-ге дейін рұқсат етіледі, 120 км/ сағ. дейінгі жылдамдықтарда ұлғаю және азаю жағына қарай ауытқулары ары кеткенде 3 мм-ге дейін рұқсат етіледі.

10.3. Жылжымалы құрамды, сонымен қоса арнайы жылжымалы құрамды, егер оның доңғалақ жұбы өсінің кез келген бөлігінде немесе оның құрсауында, дискісінде және доңғалақ күпшегінде жарығы, доңғалақ жұбының жалында сүйірленген қажағы болса, сондай-ақ жол мен жылжы- малы құрамның қалыпты өзара байланысын бұзатын доңғалақ жұптарының келесі тозулары және зақымдануы кезінде пайдалануға беруге және поез- дармен жүруіне жіберуге тыйым салынады;

а) қозғалыс жылдамдықтары 120 км/сағ жоғары, 140 км/ сағ дейін кезінде: локомотивтердің, моторвагонды жылжымалы құрамның, жолаушы

вагондарының домалау шеңбері бойынша желінуі 5 мм-ден астам болғанда;

жалдың биіктігі 30 мм кезінде жалдың басынан 20 мм қашықтықта өлшеген кезде локомотивтерде, ал жалының биіктігі 28 мм жылжыма-лы құрамда — жалдың басынан 18 мм қашықтықта өлшегенде жалдың қалындығы 33 мм-ден астам немесе 28 мм-ден кем болғанда;

б) қозғалыс жылдамдықтары 120 км/сағ дейін кезінде:

домалау шеңбері бойынша желіну локомотивтерде, сондай-ақ моторва-гондық жылжымалы құрамда және алыссапарлы қатынастағы поездардың жолаушы вагондарында — 7 мм-ден астам, моторвагондық және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда, жергілікті және қаламаңы қатынасы поездарының жолаушы вагондарында — 8 мм-ден астам, тоңазытқыштық парк вагондарында және жүк вагондарында — 9 мм-ден астам болғанда;

жалдың биіктігі 30 мм кезінде жалдың басынан 20 мм қашықтықта өлшеген кезде локомотивтерде, ал жалының биіктігі 28 мм жылжыма-лы құрамда - жалдың басынан 18 мм қашықтықта өлшегенде жалдың

60

қалындығы 33 мм-ден астам немесе 25 мм-ден кем болса;

в) арнайы қимаүлгімен өлшенетін жалдың вертикальді қиылуының би- іктігі 18 мм-ден астам болғанда;

г) локомотивтерде, моторвагонды және арнайы жылжымалы құрамда, сондай-ақ роликтік букс подшипниктері бар паровоздардың тендерлерін- де және вагондарда 1 мм-ден астам, ал тендерлерде 2 мм-ден астам сырғақ (ойық) сырғанау бетінде болғанда.

Роликтік букс подшипниктері бар моторвагонды жылжымалы құрамның моторлы вагонынан немесе тендерден басқа вагонның жолда келе жатқанында тереңдігі 1 мм-ден асатын, бірақ та 2 мм-ден астам емес сырғағы (ойығы) анықталғанда, мұндай вагонды (тендерді) поездан ағытпай (жолаушы поезын 100 км/сағ аспайтын жылдамдықпен, жүк поезын — 70 км/сағ аспайтын жылдамдықпен) доңғалақ жұптарын ауыстыру құралдары бар ең жақын техникалық қызмет көрсету пунктіне жеткізуге рұқсат беріледі.

Сырғақтың мөлшері, моторвагонды жылжымалы құрамның вагонынан басқа вагондарда 2-ден 6 мм-ге дейін, моторвагонды жылжымалы құрамның локомотивінде және моторлы вагонында, сондай-ақ арнайы өздігінен журетін жылжымалы құрамда 1-ден 2 мм-ге дейін болғанда, поездың ең жақын станцияға дейін 15 км/сағ жылдамдықпен жылжуына, ал сырғақтың мөлшері тиісінше 6-дан жоғары 12 мм-ге дейін және 2-ден жоғары 4 мм-ге дейін болғанда - 10 км/сағ дейінгі жылдамдықпен, доңғалақ жұбы ауысты-рылуы тиіс ең жақын станцияға жетуіне рұқсат етіледі. Сырғақтың мөлшері вагон мен тендерде 12 мм-ден астам, моторвагонды жылжымалы құрамның локомотивінде және моторлы вагонында 4 мм-ден астам болғанда доңғалақ жұбының көтерілуі немесе доңғалақ жұбының айналуына мүмкіндік бермеу шарты орындалған жағдайда 10 км/сағ жылдамдықпен жылжуына рұқсат беріледі. Бұл ретте локомотив поездан ағытылуы, ал зақымданған доңғалақ жұбының тежегіш цилиндрлері және тартымлық электрқозғалтқышы (электрқозғалтқыштарының тобы) істен ажыратылуы тиіс.

Жүк вагондарын жолаушы поездарының құрамына қосқанда олардың доңғалақ жұптарын күтіп ұстау нормалары жолаушы поездары үшін белгі-ленген нормаларын қанағаттандыруы тиіс.

10.4. "Patentes Talgo S. A." компаниясы шығарған жолаушы вагондарының доңғалақтары келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

доңғалақтарының ішкі қырларының арасындағы қашықтық 1440 мм болуы тиіс, "Patentes Talgo S. A." шығарған вагондардың 160 км/сағ жылдамдықпен поездарда айналғандағы ауытқулары ұлғаю жағына 3 мм-ден және азаю жағына да 3 мм-ден аспауы тиіс.

жалдың қалындығы 22-23 мм кезіндегі жалдың биіктігі 28-36 мм болуы тиіс, жалдың qR параметрі 6,5 мм-ден кем болмауы тиіс;

домалау бетіндегі сырғағының (ойығының) ұзындығы 30 мм-ден астам доңғалақтарды пайдалануға тыйым салынады;

Пайдалану параметрлерінің барлық өлшеулері "Patentes Talgo S. A." компаниясы жеткізетін вагондары доңғалақтарының осы түрі үшін қолданылатын қимаүлгімен (калибрмен) жүргізілуі тиіс.

61

11-ТАРАУ