Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОРАЗАЛИЕВА когнитивтк парадигма.doc
Скачиваний:
186
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
2.22 Mб
Скачать

Қосымша а: Сөздік

адам - белгілі бір психо-физиологиялық ерекшеліктер жиынтығы, табиғатынан ойлы, пәлсапалы мүмкіндіктер орталығы болып табылатын, сан қилы маңызды әрекеттер тоғысын құрайтын жаратылыс иесі;

адамның ойлауы - тіл арқылы материалдық жамылғышқа оранатын, объективті шындықты көрсететін ерекшелік (К.Аханов);

ақыл ісі – аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып райлау (А.Байтұрсынұлы);

адамның санасы фотография (сүгірет машинасы) емес, нәрсенің тұрпатын ғана түсіріп қоятын нәрсенің саңлауы келіп адамның санасына түскенде, адамның ойын да, көңілін де бірдей оятатын құбылыс (А.Байтұрсынұлы);

алғашқы атау- тілдік ұжымға тән танымдық-бейнелегіш қызметтің нәтижесі (К.Хусаинов);

ана тілі - халқымыздың қалт етпес, қатынас құралы ғана емес, ой-сананың, сезім талғамының, ілім-білім аңысының ұлттық зор белесі (І.Кеңесбаев);

ап[п]ерцепция - бұрыннан белгілі ой арқылы жаңа ойдың айтылуы (Н.Сауранбаев);

ассоциациядегеніміз – адамның екі түрлі ұғымдарды немесе құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру әрекетінің жемісі;

әлемнің бейнесі– бұл ойлау әрекетінің нәтижесі және шарты. Тіл бойына табиғи, климаттық, мәдени және өзге де адам өмірінің шарттарын білдірер өзгешеліктерді сіңіру арқылы дамитындықтан, ат қою жүйесінің өзі әлемнің шексіз болмысын бейнелеуден туындайды... (Э.Сүлейменова);

әлемнің тілдік бейнесі - біріншіден, белгілі бір ұлттық тілге қатыссыз, яғни тіларалық өзгешеліктерге тәуелсіз айқындалатын ұғым; екіншіден, керісінше, тілдік ерекшеліктерге, ең алдымен, лексикалық номинация жүйесіндегі өзіндік белгілерге бағыттала әрі ұлттық тілдің негізінде қалыптасатын ұғым (Э.Д.Сүлейменова);

әлеуметтік лингвистика- тілдің қоғамдық қызметтерін, әлеуметтік шартталған белгілері мен заңдылықтарын кешенді түрде зерттейтін қазіргі тіл ғылымының маңызды бағыттарының бірі, ол тіларалық байланыс жағдайындағы кез келген тілдің өмір сүру формасына, қоғамдық қызметінің ауқымы мен сипатына қатысты айқындалатын тілдердің қызмет ету ерекшеліктерін қарастыратын сала (Э.Д.Сүлейменова);

байымдау (суждение) - шындық дүниенің адам санасында бейнелену формасы; байымдау мазмұнының объективті сипаты болады. ..байымдаудың өзі – біртұтас нәрсе; оның әрбір бөлшегі өздігінен байымдауды жасай алмайды және оның бір бөлшегін екіншісінен бөліп айыруға да болмайды (К.Аханов);

білім - бұрыннан орныққан тәжірибе мен қалыптасқан түсінік негізінде субъективті-объективті қатынастарды реттейтін, сөйтіп тұжырымдар мен қорытындыларды негіздеуге көмектесетін, бір мақсатқа бағытталған әрекет (В.А.Маслова);

ғалам бейнесі дегеніміз – адамның дүниетанымындағы субъектілік және объектілік бастауларының синтетикалық бірлігі, рухани жеке әрі мәдени тарихи субстанцияның синтезі (Е.Ә.Керімбаев); ғалам бейнесі дүниенің біртұтас ғаламдық образы, ол адамның бүкіл рухани белсенділігінің нәтижесі болып табылады, адамның ғаламмен жасайтын барлық байланыстары барысында пайда болады (Б.Тілеубердиев);

ғаламның ономастикалық бейнесі дегеніміз – ғалам туралы білімдердің жиынтығы, тілдің жеке бірліктерінде нақты тілдік қауымдастықтың ұлттық тарихи-мәдени және әлеуметтік тәжірибесі (Б.Тілеубердиев);

ғылым - адам санасының жемісі, адам тәжірибесінің қорытындысы (Қ.Жұбанов);

диссонанс - адам санасында қайшы мәліметтерді қабылдаудан туындайтын қолайсыз жағдай, субъективті толқу (Л.Фестингер);

ес ұғымы - ұғым арқылы сипатталатын қара сөздердің бірде «дүниедегі нәрселердің бәрін, задын, сырын, сипатын, мүдетін, мұратын тануды» көздеуі (А.Байтұрсынұлы);

жады – адамның өзі мен өзін қоршаған әлем туралы хабарларды есінде сақтауының, танымдық және ментальды көзқарастарға негізделген тәжірибе мен білімді жинақтауының әрі адамға жан-жақтан келіп түсетін мәліметтерді реттеп жүйелеуінің когнитивті қабілеті;

зейін – 1) бүтін ғаламды тануға жұмсалу; 2) құдайды тану жағына жұмсалу; 3) табиғат құбылысын тану жағына жұмсалу; 4) әлеумет мәселесіне жұмсалу; 5) табылған білімді басқаларға үйрету жолына жұмсалу және т.б. (А.Байтұрсынұлы);

зейін- хабарды өңдеу барысында айқын байқалатын әрі сол хабарға не болмаса объектіге, яки процеске назар аударуға мүмкіндік беретін танымдық қабілеттердің бірі;

идеология дегеніміз – белгілі бір топтың яки саяси партияның өзі өмір сүрген қоғамның мүдделерін білдіретін саяси, праволық, моральдік, діни, көркемдік, философиялық көзқарастар жиынтығы;

когнитивтік әлеуметтану дегеніміз – жеке адамдар мен топтардың ойлау әрекетінде қалыптасып, дамитын әлеуметтік ерекшеліктерді зерттейтін ғылым саласы;

когнитивтік ғылым - адамның ақыл-ойымен шұғылданатын әрі оның ментальды жағдайымен тығыз байланыста қарастырылатын, негізгі нысана ретінде когниция мен оның құрылым-үрдістерін қамтитын, ең бастысы, хабар мен оны өңдеу амалдарын зерделейтін ғылым саласы;

когнитивтік лингвистика дегеніміз – танымдық құрылымдардың лингвистикалық сәйкестіктері мен мүмкіндіктерін анықтау, белгілі бір тілдік жағдайды қойылатын мақсатқа, әсер етуші себеп-салдарға орай әр түрлі тілдік құралдар арқылы сипаттау, олардың әр келкі деңгейде қабылдану өзгешелігін зерделеу;

когниция- танымның өзгеше сипаты, адамды қоршаған шынайы болмыс туралы жан-жақты мәлімет беретін, сезім, эмоция, жады, қиял, қабылдау, ақыл-парасат сияқты әрекеттермен бірлікте дамитын құбылыс;

концепт – адам санасының ойлау бірліктері мен психикалық ресурстарын, білім мен тәжірибенің бейнелі көрсеткіштерін құрайтын, хабарлы құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі;

концептуалды жүйе- адам ақылы меңгерген барша тұжырымдар жиынтығының ментальді деңгейі;

концепттік ая - белгілі бір тілде сөйлеуші тұлғаның дүниетанымын қалыптастыратын, универсалды немесе жалпыхалықтық ілімдер мен жеке индивидуалды танымның сабақтасуынан жинақталатын тұжырымдар;

концепттік талдау– 1) тар мағынасында - мәдени құбылыстың, ұғымның немесе мәдени қабаттың концептілердің көмегі арқылы талдануы; яғни сөздерді мәдени құбылыс ретінде қарау арқылы олардың прагматикасы мен семантикалық құрылымының талдануы; 2) жалпы мағынада - тілді қолданушының әлем туралы түсінігін, оның ерекшеліктерін сөз арқылы ашатын тілдік талдауы (М.Күштаева);

категория - адам ойының танымдық формаларының бірі; адам тәжірибесін жалпылауға, жіктеуге мүмкіндік беретін ерекше ұғым;

көңіл ісі – түю, талғау (А.Байтұрсынұлы);

қабылдау – 1) бұл философияда да, физиологияда да әрі нейроғылымдарда да кеңінен қарастырылатын, психология мен когнитивті ғылымның басты ұғымдарын құрайтын, барша информацияларды (хабарларды), әртүрлі обьектілерді, процестерді адамдардың сезім мүшелерінен өткізетін не шынайы белгілерін, сапаларын айқындайтын мүмкіндіктері; 2) Н.Сауранбаев оны „аңдау” деп атады, оның мақсатын «...айналадағы табыйғый, қоғамдық өмірдегі оқыйғалардың, құбылыстардың арасындағы байланысты аңдаумен [восприятие] түсіндірді; 3) оны шындықтың кескін-келбетін өз ыңғайына қарай қалыптастыруға, оны жіктеп сұрыптауға әрі оқиғалар мен құбылыстарға ат телуге көмектесетін, адамға тән...белсенді әрекет деп таныған дұрыс (А.Маслоу);

қиял ісі – меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бернесіне ұқсату, бернелеу, суреттеп ойлау (А.Байтұрсынұлы);

лингвистикалық фактілер - тілдік ғұмырдың (языковая жизнь) өзге салаларымен тығыз қатынас құрайтын деректер [Қ.Жұбанов);

лингвомәдени концепт- жалпы бір ұлт мәдениетінің басты элементі, адамның ментальды әлемінің басты ұяшығы; этномәдени санада сақталған, белгілі бір ұлттың ұрпақтан ұрпаққа берілетін ықшам әрі терең мағыналы шындық болмыс, ұлттық мәдени құндылықтары жөніндегі сан ғасырлық түсінігін білдіретін құрылым (Ислам Айбарша);

логика - ойлау формалары мен заңдары туралы ілім (Ә.Хасенов);

мәдениетдегеніміз – адамзат өмірін ұйымдастырып, дамытатын арнайы тәсілдер жиынтығы; қоғамның дамуын сипаттайтын тарихи деңгей; белгілі-бір адам әрекетінің қалыптасу негіздері; ұлттар мен этностардың тарихи дәуірлеуінің сипаттамасы; қоғамдық, этикалық нормалардың даму деңгейі;

метафора – 1) тұжырымдау мен танудың бір үлгісі, ол – жаңа ұғымдарды жасай отырып, жаңа білімнің қалыптасуына тікелей әсер ететін маңызды фактор. Тілдің дәстүрлі теориясында метафора ойдың емес, тілдің ғана құбылысы деп танылып келді; 2) онтологиялық метафора - эмоцияны, оқиғаларды, әрекеттер тізбегін белгілі бір зат немесе субстанция ретінде қарастырудың амалы. Когнитивті терминдер сөздігінде оған „абстрактылы ұғымдардың кеңістіктегі шекарасын анықтау” деген анықтама берілген;

бағдарлы метафора- бір-біріне қатысты дәрежеде ғана айқындалатын әрі кеңістіктегі бағдарға негізделген тұжырымдар жүйесі, мұнда „жоғары-төмен, іші-сырты, терең-таяз, орталық-шеткі” секілді қарсылықты ұғымдар қолданылады, айталық, ағылшын тілінде жақсы атаулының барлығы жоғары деңгейдегі көрсеткішті құрайды – денсаулық, бақыт, сана; ал оның қарсы мағыналары төменгі деңгеймен өлшенеді – ауру, бақытсыздық, жамандық т.б.;

концептуалдық метафора- ерекше хабарлы құрылымды құрайтын, білім туралы мәлімет беруге, оның жадыдағы көрінісін сұрыптауға мүмкіндік беретін амалдардың бірі.

метафора- бір объектінің екінші объект арқылы көрінуі, соның негізінде білімнің тілдік пішіннің көмегімен ұсынылуы; ол жекеленген байланыссыз объектілерге емес, күрделі ментальды кеңістіктерге (сезімтал немесе әлеуметтік тәжірибелерге негізделген салаларға) қатысы бар құбылыс;

ой - адамның өзі жайлы, болмаса, төңіректегілер жайлы білгені, сөз деген - сол білген нәрселердің аты. Сондықтан адам, заттар мен құбылыстар жайында білгенін (ойын) білдіргісі келсе, сол заттар менен құбылыстардың аттарын айтып білдіреді, ойды сөзбен білдіреді (Қ.Жұбанов);

ойлау – сөздің мағынасын, ұғымдарды, байымдауларды, ойға қорытылғандарды бейнелеу қабілеті, өмірді сол формалар арқылы бейнелеу процесінің өзі (Ә.Хасенов); бейнелі ойлау немесе қабылдаудың өзгеше түріне негізделген елестету мен ұғынудың, бағалаудың бірлігі; 2) техникалық ойлау, яғни бейне мен ұғымның олардың техникалық қабілетімен байланысуы; 3)логикалық ойлау яки тұжырым жасау мен ұғымдарды қолдана білудің қатаң ережесін сақтау (В.Кодухов);

парадигма– 1) «еуропа ғылымында», нақтырақ айтқанда, роман, герман топтарында, орыс тілдерінде жүйелі түрде тек бір мағынада қолданылмаған термин, алғашында латын тіліне грек тілінде жарық көрген теологиялық жазбалар мен риторикалық еңбектер арқылы енген ұғым бастапқы кезде «жағымды, жағымсыз мысалдардың айтылуы»; «өмірден алынған үлгілер» (итальян тілінде); «жүйе» және «заңдылық» (испан тілінде) деген сөздермен ұштаса беріліп келсе, кейін француз сөздіктерінде «мысал», ағылшын тілінде жазылған лексикографиялық зерттеулерде «үлгі немесе модель», «жалпы түсінік яки концепт», «лексеманың сөз түрлену мүмкіндіктерін айқындар септелу формалары» деген мағыналарда қарастырылған екен; 2) п. деп барлығы қолдайтын және белгілі бір уақыт аралығында ғылыми қауымға алдына қойылар міндеттер мен оларды шешу жолдарының моделін ұсынатын ғылыми жетістіктер аталады (Т.Кун);

прототип - белгілі бір өлшемдермен немесе параметрлермен тығыз байланысты анықталатын танымдық көрсеткіш;

психология - адамның жанын қарайтын ғылым (Қ.Жұбанов);

психология ғылымы - адамның сөйлеу процесін, қабылдау, түсіну заңдылықтарын, сөз мағыналарын ауыстырып қолдану сияқты жайлардың мәнін, сөйлеу мақсатына қарай сөйлем түрлерінің мәнін т.б. түсінуді жеңілдететін сала (Ә.Хасенов);

психолингвистика - адамдардың сөйлеу әрекетін оның мінез-құлқындағы өзгешеліктерімен байланыстыра, тілдік тұлға ұғымын жеке психологиялық аспектіде қарастырыра дамып отыратын бағыттардың маңыздысы;

сана -адам ойы, сезінуі мен еркінің формалары арқылы ақиқатты білдіре алу қабілеті, сол ақиқатты бейнелеу процесінің өзі (Ә.Хасенов); адамның құндылықтарды, заттар мен құбылыстардың универсалды байланысын тану мүмкіндіктері әрі сол сабақтастық негізінде әрекет ету өзгешеліктері (В.А.Маслова);

сөз, сөйлем ойдың көрінісі, суреті болғандықтан, сөздер, сөйлемдер - адамның ой-санасының тарихын, ізін, жолын көрсететін деректер (С.Аманжолов); сөз - адамның айналадағы объективті болмысты тануының жалпылама аты (М.Балақаев);

сөздің мағынасы- ақиқат өмірдегі заттар мен құбылыстардың тілдегі сәулесі (Ә.Хасенов);

таным дегеніміз - адамның ішкі мүмкіндіктерін сыртқы әсер етуші күштермен байланыстыратын, оның қоршаған әлеммен тұтасқан болмысын сипаттауға мүмкіндік беретін және аралық қатынасты табиғи заңдылық ретінде немесе заттар мен құбылыстардың өзара әсер етуінің салдары деп дәйектейтін маңызды ұғымдардың бірі;

тіл - ойдан құралып, мидың талқысынан шыққан абстракт зат, сана-сезімнің, ойдың тәжірибеде көрінетін заттық сәулесі (С.Аманжолов);

тіл– адам ойының айнасы (М.Балақаев);

тілдік универсалий дегеніміз - генеологиялық, типологиялық немесе ареалды фактілермен анықталатын, абсолютті яки статистикалық деңгейде дамитын, болжалды-логикалық не болмаса нақты индкутивті амалдармен айқындалатын барлық тілдерге ортақ заңдылықтар мен ұстанымдар жүйесі;

тілдің бағалағыштық немесе коннотативтік қызметі - тілдің «жағымды, жағымсыз» әсерлер арқылы қабылдануы - «Нәрсе түрлі сипатты болады. Ол сипаттардың біреулері бойына біткен сипат болса, екіншілері адамның қосқан, таңған сипаттары болады. Мәселен, нәрсенің бірін жылы, бірін суық, бірін тегіс, бірін бұдырмақ, бірін қатты, бірін жұмсақ дейміз. Бұл сипаттар нәрсенің бойында бар сипаттар. Бұл сипаттаудың біреулері адамға ұнайтын болар да, біреулері ұнамайтын болар...Бұлардың біреулерін жағымды, сүйкімді деп, екіншілерін жағымсыз, сүйкімсіз деп сипаттау нәрсені тиісінше сипаттау емес. Адам өз көңілінің түйісінше сипаттау болады»; яғни дүниенің өзі адам санасына «шынайы жағымен» яки табиғи болмысымен әсер еткенде, оның тек «тиіс» белгілері ескеріледі де, ал жеке психологиялық тұрғыдан не болмаса субъективті бағалау, оған өзіндік көзқарасыңды білдіру тұрғысынан алып қарағанда, тысқы ғаламдық заттар «түйістің» елегінен өте қабылданып, «көңілдің түйген, қиялдың меңзеген» қалпын «әліптейді» (А.Байтұрсынұлы);

тілтаным теориясының әлеуметтік негіздерідегеніміз – тіл мен қоғам байланысын танымдық ұстанымдармен сабақтастыра айқындайтын ережелер мен анықтамалар тобы;

тілтаным теориясының психологиялық негізі дегеніміз – тіл мен ойлау ұғымдарының сабақтастығын танымдық негізде дәйектеуге мүмкіндік беретін ережелер мен анықтамалар тізбегі;

тілтаным теориясының халықтық сипаты деп әлемнің тілдік бейнесін этникалық құндылықтармен тоғыстыра айғақтайтын танымдық ережелер мен анықтамалар жиынтығы аталады;

тілтаным теориясының мәдени негіздерідеп тіл мен мәдениет арақатынасын танымдық деректермен дәлелдейтін заңдылықтар мен анықтамалар тізбегін айтамыз;

тілтанымдық универсалийдегеніміз - адамзат атаулыға ортақ тілдік және танымдық универсалий нормаларынан бастау алатын, өзіндік ұғымдық аясы мен әдіснамалық негізі анықталған ұстанымдар жиынтығы;

тілтанымдық диалектика ұстанымдары деп ұғымдық қарама-қайшылықтар негізінде тілтанымдық деректердің табиғатын, қалыптасу жолын, даму бағытын айқындауға мүмкіндік беретін қағидалар тізбегін атаймыз;

тілтанымдық дедукция ұстанымдары жалпыдан жалқыға бағыттылу негізінде тілтанымдық элементтердің зерделенуін болжалды түйіндермен қамтамасыз ететін қағидалар жігінен бастау алса; тілтанымдық индукция ұстанымдары, керісінше, жалқыдан жалпыға бағыттыла отырып, тіл мен таным сабақтастығын дәйектейтін зерттеулердің нақты деректермен дәлелденуін қамтамасыз ететін қағидалар тізбегіне сүйенеді;

тілтанымдық антропология ұстанымдары дегеніміз - тіл мен таным сабақтастығын адам табиғатымен, тыныс-тіршілігімен, іс-әрекетімен өзектейтін қағидалар тізбегі;

тиіс жағынан алып сөйлеу - кісі жайын сөйлегенде,...түсін, тұрпатын, мінезін, құлқын, туысын, тұрмысын, ісін айту (А.Байтұрсынұлы);

түйіс жағынан алып сөз ету - сүйетін, сүймейтінін, сыйлайтын, сыйламайтынын білдіру (А.Байтұрсынұлы);

іс ұғымы - табиғат ісін, күшін, нәрселерін қалай пайдаланатын жолын білуге бағытталу (А.Байтұрсынұлы);

ұғым- айналадағы заттың, құбылыстың әрекеттің нақ айнымас көшірмесі емес, адамның ойлау, білу әрекетімен модификацияланып сығымдалған түрі (Н.Сауранбаев);

ұлттық-мәдени кеңістік және этномәдени белгілер -өзге мәдени құбылыстармен бетпе-бет келгенде ғана айқындалатындықтан әрі мағыналық ерекшелігін информациялар мен эмоциялар тізбегі, адам өмір сүретін және қызмет ететін виртуалды әрі шынайы шарттар құрайтын ерекшеліктер;

ұлттық мәдениет -этникалық мәдениеттің негізінде қалыптасатынына қарамастан, жазу мен білім жүйелеріне қатысты сұрыпталып, қоғамның әлеуметтік-саяси әрі технологиялық дамуында, әдебиеті мен өнерінде, пәлсапасы мен ғылымында көрініс табатын құбылыс, ғалымдар бұл ұғымды «белгілі бір елде, мемлекетте тіршілік ететін адамдардың рухани өмірін сипаттайтын символдар, наным-сенімдер, құндылықтар, өзін-өзі ұстау нормалары сынды ерекшеліктерден құралған күрделі құрылым» деп сипаттайды;

ұмыту дегеніміз – ол «забыть» және «за-бытия» деген мағыналардың негізінде жатқан «болмыс» сөзі негізінде уақыттық немесе мезгілдік көрсеткішті ғана емес, сонымен қатар сыртқа көрінбейтін, жасырын күйде сақталып отыратын ерекшелікті дәлелдейтін әрекет, яғни аталмыш құбылыс «жады мен естен шығарудың арасындағы дихотомиялы, яғни екі жақты әрекеттің көрінісі», «адам санасында сақталар ішкі қордың латентті не болмаса құпия дамуы» болып табылады (О.Т.Лойко).

философия - адамның ойлау процесі, анығырақ айтқанда, өзін қоршаған дүниені адамның тану процесі тілде қалай көрінеді деген мәселені ескерусіз қалдыра алмайтын ғылым (К.Аханов);

фрейм – 1) онтологиялық тұрғыдан фреймдер ғылыми-практикалық әрекеттерді ұйымдастыру құрылымы деп қаралу керек; 2) гносеологиялық тұрғыдан – аталмыш әрекеттердің танымдық бейнесі анықталуы қажет; 3) когнитивтік тұрғыдан – фреймдер адам санасындағы деректерді жинақтайтын, реттеп отыратын құрылым ретінде айғақталуға тиіс;

эмпиризм – грек тілінен аударғанда, «тәжірибе» деген мағынаны білдіреді, таным теориясында ол сезімдік бағытты нақты білімнің ең маңызды қайнар көзі ретінде бағалайтын, рационализмге қарсы тұра, логикалық талдау мен теориялық жалпылауларды жоққа шығаратын бағыт;

этникалық мәдениет - ұлттық мәдениеттің негізін құрайтын көне қабаттардың бірі, сондықтан оған тұрмыс-салт, дәстүр, ғұрып, ауыз әдебиеті үлгілері т.б. жатады;

этос дегеніміз - көне грек пәлсапасында танылған терминдердің бірі, кезінде А.Лосев бұл сөздің «мінез-құлық» деп аударылу өзгешелігіне назар аударған, ал антика эстетикасында әрі өнертану саласында ол «стиль», «ерекшелік», «индивидуалдылық» секілді мағыналарда қолданған; бүгінгі күні бұл ұғымның аясы кеңейе келе, ол адамның ішкі қадір-қасиетіне негізделген ұжымдық сананың құнды бөліктерін құрайтын құбылыс ретінде таныла басталды (А.К.Бондарев);

Рисунок 1

236