Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОРАЗАЛИЕВА когнитивтк парадигма.doc
Скачиваний:
186
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
2.22 Mб
Скачать

3. 5 Тілтанымның универсалды теориялық ұстанымдары

Барлық когнитивистер үшін аса маңызды да ортақ мәселелер қатарын адамның хабарды қабылдау, өңдеу, қолдану, есте сақтау немесе ұмыту өзгешеліктері құрайтындықтан, қазақ тілтанымының универсалды теориялық негіздері де пәнаралық байланыстың, жалпы ғылыми ұстанымдардың ықпалымен қалыптасып дамып келеді. «Бүгінгі күні көптеген ғылым салалары когнитивтік лингвистиканың ықпалымен дамып, оның ұтымды нәтижелерін қолдануға тырысады» [27; 45-б.],- деп ғалым Э.Д.Сүлейменова атап өткендей, тіл табиғатының күрделілігі, адам болмысының жан-жақтылығы өзектеген қағидалардың әрқайсысы дерлік логикалық, пәлсапалық пайымнан басталып, психологиялық тұрғыдан сұрыпталған, қоғамдық негізде шартталған принциптерге ұласады. Адам әрекет етуші тұлға ретінде ұғынылатындықтан, оның ішкі мүмкіндіктері мен сырттан әсер етуші фактілері, физиоанатомиялық мүшелері мен олардың қызметтері танымдық үдерістің заңдылықтары мен құрылымдық-жүйелік негіздерін нақтылауға көмектеседі. «Теория» деген ұғымның өзін кейбір ғалымдар дүние туралы пікірлердің метафоралық қолданысы деп сипаттады (Frake 1961; Cicourel 1974 [234]). Кез келген тілдік проблеманың ғылыми дәйектелген теориясы болатындықтан (айталық, «тіл теориясы», «қатынас теориясы», «сөйлеу актілерінің теориясы» т.б.), тілтанымның да өзіне тән ғылыми-теориялық ұстанымдарының уәжді түрде қарастырылуы заңды құбылыстардың бірі деп танылады. Күнделікті өмірде, ғылыми негізде болсын «теорияның» құрамды бөліктері мен қағидаларының адамның қабылдау, ойлау, бақылау, сұрыптау, қорыту секілді әрекеттеріне негізделуі тілтанымдық процесте жүріп жататын болжам мен нақтылау, сұрыптау мен жинақтау, даму мен толығу амалдарының өзара сабақтасу себептерін айқындауға мүмкіндік береді. Уақыт пен заман талабына сай динамикалы түрде өзгеріп, толықтырылып отыратын ұстанымдардың диалектика заңдылықтарынан бастау алып, антропологиялық тұжырымдар арқылы көрініс табуы қазіргі когнитивтік зерттеулердің мақсат-міндетін сұрыптады. Таным адамзаттың даму негіздерімен сабақтаса, оның қоршаған әлемдегі өзіндік орны мен ерекшелігін айғақтай әрі диалектикалық нормаларға сәйкес, ішкі-сыртқы қарама-қайшылықтардың принциптеріне сүйене қалыптасатындықтан, қазақ тілтанымының ғылыми ұстанымдарын универсалды сипатта үш арнада зерделеп талдауға болады. Олар:

  • диалектикалық;

  • дедуктивті-индуктивті;

  • антропологиялық.

Нәтижесінде төрт түрлі ұғымның мән-мағынасы анықталып, тілтанымдық универсалийдің мақсат-міндеттеріне сай зерттеулердің жаңа бағыт-бағдарын сұрыптау мүкіндігі пайда болды. Олар: қазақ тіл біліміндегі тілтанымдық диалектика; тілтанымдық дедукция; тілтанымдық индукция және тілтанымдық антропология. Аталған мәселелердің әрқайсысы когнитивтік лингвистиканың қазақ топырағындағы даму сипатын айқындаумен қатар, оның әлемдік деңгейде өлшенер үлесі мен теориялық тұжырымдарын дәйектеуге және универсалды сипаттағы ұстанымдарын өзектеуге септігін тигізері сөзсіз, өйткені ХХ ғасырдың бас кезінен бастап тіл мен таным ұғымдарының байланысын зерделеген қазақ тіл білімі бұл салаға өзіндік қолтаңбасымен, пікір-көзқарасымен, теориялық тұжырымымен келе отырып, жалпыадамзаттық құндылығы жоғары ілімдер тізбегін тарту етті. Кешегі қадір-қасиетін әлпештей, бүгінгі жетістіктерін зерделей дамып келе жатқан қазақ тілтаным ғылымы қазір аса маңызды лингвистикалық бағыттардың біріне айналып, оның теориялық негізі қайталанбас тұжырымдар мен ұстанымдар жігінен жинақтала келе, ғылыми түрде дәйектелген мәселелерден бастау алып отыр.