- •Оразалиева эльмира нұрланқызы
- •Кіріспе
- •1 Қазақ тіл білімінде когнитивтік теорияның дамуы
- •1.1 Тіл біліміндегі парадигма-теория-тұжырым арақатынасы
- •1.2 «Тілтану» парадигмасының қалыптасуы
- •1.2.1 Сөз өнері – таным өзегі: тіл және сөйлеу
- •1.2.2 Халықтық психология – этнотаным негізі
- •1.2.3 Жалпы тілдік фактілер - танымдық тәжірибе нәтижесі
- •1.3 Тілдік бірліктердің танымдық парадигмасы
- •1.3.1 Тілдік құрылым – танымдық фактор
- •1.3.2 Тіл тарихы - таным сатысы
- •1.4 Тілтанымдық қағидалардың жалпы теориялық парадигмасы
- •1.4.1 Тілдік интеграция мен дифференциация - танымдық даму нәтижесі
- •1.4.2 «Тілдік дәстүр» - дүниені тану құралы
- •1.4.3 «Тілдік универсалий» - уәжделген танымдық фактор
- •1.5 Қазақ лингвистикасындағы тілтанымдық «этюдтер» парадигмасы
- •1.5.1 Лексикалық бірліктер – таным көрсеткіші
- •1.5.2 Тілдік норма – танымдық заңдылық
- •1.5.3 Тілдік қор – танымдық жады қызметінің нәтижесі
- •1.5.4 Тілдегі тәжірибе мен таным бірлігі – лингвистикалық мәселе
- •1.6 Қазақ тіл біліміндегі қазіргі когнитивтік парадигмалар
- •III II I а в с д е I I II III IV V
- •Кезеңдері
- •2 Тілтаным теориясының әдіснамалық негіздері
- •2.1 Тілтанымдағы ғылымдар тоғысы
- •Ұғымдық бірліктер
- •Қазақ тілтаным ғылымы
- •Ғылыми ұстанымдары
- •Әдіснамалық негіздері
- •2.2 Тілтаным теориясының әлеуметтік негіздері
- •2.3 Тілтаным теориясының психологиялық негіздері.
- •2.4 Тілтаным мен халықтық таным
- •2.6 Қазақ тіл біліміндегі универсалды теориялық бірліктер
- •3 Тіл біліміндегі таным теориясының универсалды сипаты
- •3.1 Тілдік универсалий мен таным сабақтастығы
- •3.2 Тілдің универсалды табиғаты және когнитивтік лингвистика
- •Тілтаным
- •3. 5 Тілтанымның универсалды теориялық ұстанымдары
- •Тілтаным теориясының универсалды диалектикалық
- •3.5.2 Тілтаным теориясының универсалды дедуктивті және индуктивті ұстанымдары
- •3.5.3 Тілтаным теориясының универсалды антропологиялық ұстанымдары
- •Қорытынды
- •«Лебіз ашық мағыналы болу үшін айтушы айтатын нәрсесін анық танитын болу керек»
- •Қосымша а: Сөздік
III II I а в с д е I I II III IV V
Кезеңдері
сурет
2. Қазақ тілтаным ғылымының даму сипаты
2 Тілтаным теориясының әдіснамалық негіздері
2.1 Тілтанымдағы ғылымдар тоғысы
Қазақ тілтаным ғылымының бастауы тіл табиғатын жан-жақты зерделеген ғылыми еңбектермен қатарласа қалыптасқандықтан, оның теориялық бірліктері мен ұстанымдары да, бағыт-бағдары да белгілі бір ережеге бағына, жүйелі реттілікте сақтай отырып жүзеге асты деп айта алмаймыз. Тіл болмысын, оның қызметін адамзат атаулының тұрмыс-тіршілігімен, таным-қабылдауымен, пайым-түсінігімен байланыстыра зерделеу арқылы өзектелген бұл сала алғашқыда пәлсапа мәселелерінің тілдік тұжырымдарға етене арласуымен өзгешеленсе, одан кейінгі кезекте мұнда ғылымдардың ара-жігін ашуға ұмтылу, тілдің құрылымдық жүйесін сұрыптау, ал экстра факторларды екінші кезекке қалдыру әрекеттері көбірек байқалды, сол себепті аталмыш зерттеулерде танымдық ұстанымдардың деңгей-дәрежесі де бір қалыпты дамыған жоқ. Дегенмен, «Адамзат баласы қашанда өзін қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың мәнін, сыр-сипатын жете білуге тырысқан. Бірте-бірте олардың даму заңдылықтарын ашып, дүние танымын кеңейткен» [41; 5-б.], -деп ғалым Б.Сағындықұлы атап көрсеткендей, таным мәселелері адам баласының назарын әрдайым өзіне аударып келгендіктен, бірде арнайы, бірде қосымша қарастырылған тілтанымдық ұғымдар мен бірліктер, олардың ғылыми-теориялық ұстанымдары бүгінгі күні аса құнды тұжырымдар қатарын құрау үстінде. Олар жаңа когнитивтік концепциялардың дүниеге келуіне түрткі болумен қатар, тіл ғылымын соны әдіснамалық жетістіктермен қамтамасыз етуге көмектесті. Нәтижесінде адамзат тілін зерттеудің өзгеше сатылары негізделіп, тек тілтанымдық этюдтер ғана емес, маңызды теориялық ілімдер де топталды. Соның арқасында қазақ тіл білімінің зерттеу шеңбері кеңейіп, өзге лингвистикалық бағыттармен қатар когнитивтік негізде өрілген қағидалардың да әлемдік жетістіктермен қатарласа дамуына мүмкіндік пайда болды. Оның айқын айғағы ретінде тілдік фактілердің таным категорияларымен сабақтасуын, жекеленген лексикалық бірліктерді зерттеуде тарихи таным әдістерінің қолданылуын, құрылымдық грамматика мәселелері мен адамзат эволюциясының даму заңдылықтарының ұштасуын, ингтра және экстралингвистикалық мәселелердің күн тәртібіне қойылуын әрі адамдық фактордың жан-жақты өзектеле бастауын келтіруге болады.
«Тілдің кез келген тарихи кезеңінде оның әр бөлшегі динамикалық тепе-теңдікте бола тұра, өз бойында лингвистикалық, әлеуметтік, психологиялық және өзге де факторлардың ықпалын сезінеді. Олардың басым көпшілігінің құпиясы әлі толық ашылмаған» [110; 75-б.] делінгендей, қазақ тілтаным ғылымының дүниеге келуі мен теориялық сараптамадан өтуін дәйектейтін фактілер қатарында, біріншіден, жалпы тіл ғылымының даму негіздерін; екіншіден, жеке тілдік ізденістердің жүзеге асу жолдарын атаған орынды, өйткені ішкі сезім мен білімнің, тану мен қабылдаудың, біліктілік пен әлемдік тәжірибенің тоғысуынан құралған бұл тұжырымдар әрі субъективті, әрі объективті ұстанымдарға сүйене қалыптасып отырды (3-суретті қараңыз).