Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалы жмыстар БХ ТМА (2) (1).docx
Скачиваний:
54
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
216.73 Кб
Скачать

Майлар және дәнді-дақылдардың майлы қасиеттері

Майлар – 3 атомды спирттік глицерин және жоғарымолекулалы май қышқылының күрделі эфирі.

Астық майының құрамында жеңіл тотықсызданатын қанықпаған май қышқылдары болады. Осыған байланысты ұн мен жарманы сақтаған кезде прогоркание түсіндіріледі. Дақылдардың құрамында майдың (40 %-ға дейін және одан да жоғары) болуы, оның дәнімен сипатталады.

Барлық майлар мен майға ұқсас заттардың ортақ қасиеті – олардың суда ерімейтіндігінде. Олар органикалық ерітінділерде ғана ериді. Оларға бензин, бензол, эфир т.б. жатады. Майдың бұл қасиеті оның көп мөлшерін анықтағанда қолданылады. Азық-түлік заттарының құрамында майдың болуы маңызды орын алады. Ең бастысы олар өндірісте, сабын қайнатқанда қолданылады.

1. Пайда болуы

Екі пробиркаға бірнеше тамшы майэмульсия құяды, содан кейін біреуіне 2 мл су, екіншісіне Na2CO3 1 % ерітіндісін қосады. Жақсылап шайқай отырып, сумен және Na2CO3 содамен әрекеттескенде, тұрақсыз эмульсияның пайда болуын байқауға болады.

2. Майдың сабындануы

Сілтінің әсерінен май сабын және глицерин түзе отырып гидролизденеді.

0,5 мл майы бар колбаға 10 мл КОН спирттік ерітіндісін құйып, 1 сағат қайнатады. Сабынданудан кейін ерітіндіге дистильденген су құйып, көлемін 20 мл-ге жеткізеді.

3. Акролеинді реакция

Акролеинді рекация глицериннің бар екенін анықтау үшін жасалады.

Глицеринді, қыздырғанда акрильді альдегидке немесе акролеин және суға ыдырайды.

2-3 тамшы майы бар пробиркаға 100-200 мг КНSO4 қосып қыздырады. Нәтижесінде ақ буға ұқсас акролиен түзіледі. Егер осы буға ұқсас күмістің аммиак ерітіндісіне малынған қағазды апарса, қағаз қарайып кетеді. Акролиеннің өткір иісі болады.

Майдың қышқылдық санын анықтау

Қышқылдық сан немесе майдың қышқылдығы 1 г майдың құрамына енетін еркін май қышқылдарын нейтралдауға қажетті калий гидроксидінің миллиграмм мөлшері.

Әдіс принципі:

Майды калий гидроксидінің титрленген ерітнідісімен нейтралдайды, нәтижесінде калий гидроксиді мен майдағы еркін май қышқылының арасында келесі реакция жүреді.

RCOOH + KOH → RCOOK + H2O

Қышқылды нейтралдауға жұмсалған КОН ерітіндісінің мөлшері бойынша майдың қышқылдық санының көлемін анықтайды.

Жұмыс істеу реті: таза, құрғақ колбаға аналитикалық таразыда 3-5 г майды өлшеп, оған 30 мл алдын-ала нейтралданған эфир қоспасын және 96 % спирт қосып, майды ерітеді. Егер май жақсы ерімесе онда колбадағы қоспаны араластыра отырып, аздап қыздырады (сулы моншада). Содан кейін колбадағы еріген майға бірнеше тамшы фенолфталеиннің 1 % спирттік ерітіндісін қосып, ашық-қызғылт түс пайда болғанша, КОН-тың 0,1 Н су ерітіндісімен титрлейді. Егер зерттеуге қою боялған май алынса, онда қызғылт бояуды көру қиын боялады. Сондықтан фенолфталеиннің орнына тимолфталеиннің 1%-тік ерітіндісін көк түс пайда болғанша титрлейді. Қышқылдық санның көлемін анықтау үшін келесі формуланы қолдануға болады.

Х = А∙ 5,6 ∙ Т / Н

мұндағы, А – титрлеуге жұмсалған 0,1 Н КОН ерітіндісінің мөлшері;

Т – КОН тиріне түзету;

Н – сараптамаға алынған май мөлшері.

Майдағы қышқылды тек қышқылдық санмен ғана емес, сондай-ақ май салмағын пайызбен есептелген еркін қышқыл мөлшерімен анықтауға болады. Қышқылдық санды анықтау үшін майды қарапайым титрленген кезде құрамына кіретін қышқылдың молекулалық массасы туралы мағлұмат алу мүмкін емес, яғни қышқылдық пайыздық үлесі анықталмайды. Сондықтан есептеуге еркін «олеинді» қышқылды алады. Ол қышқылдар ішіндегі кең тарағаны және көптеген өсімдік майларының құрамына кіреді. Ол үшін қышқылдық санды 0,503 коэффицентіне көбейтеді.

Еркін қышқылдық % = қышқылдық сан 282,3 ∙ 100 / 56,11 ∙ 1000

мұндағы, 282,3 – олеинді қышқылдың молекулалық массасы;

56,11 – КОН молекулалық массасы.