Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалы жмыстар БХ ТМА (2) (1).docx
Скачиваний:
54
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
216.73 Кб
Скачать

2. Калий броматының қосындысы.

Бұл тәжірибе қышқылдық заттардың қамырдың құрамындағы белоктардың бөлінуіне әсерін тексеру мақсатында қойылады. Бұл жұмыс алдыңғы жұмыстарға ұқсас, тек қамырды араластырғанда ұнға калий броматы қосылады. Ұнға калий броматының 0,1 % ерітінді түрін қосады. Қамырды араластыру үшін 20,6 мл су алып оған 0,4 мл калий ерітіндісін қосады, нәтижесінде калий броматының 0,01 %- ы ұн салмағымен тең болуы керек. Дайын болған шар тәрізді қамырды ішінде ингибиторсыз суда араластырылған шарлары бар сол эксикаторға қояды. Калий броматы протеолитикалық ферменттердің активтілігін тежейтін болғандықтан, торшалардың созылуы алдыңғысына қарағанда аз болады.

№3 Тәжірибе.

Бұл тәжірибе глутатионның қамыр құрамындағы белоктарға қалай әсер ететінін білу мақсатында жасалады. Бұл жұмыс та алдыңғыларын ұқсас, тек бір айырмашылығы қамыр араластыруда құрамында глутатионның жеткілікті мөлшері бар ашытқы суы қолданылады. Ұнды араластыру үшін 11 мл ашытқы су мен 10 мл дистильденген су алынады. Белоктың бөлінуінің активтілігін арттыратын зат ретінде, глутатионның құрама бөлігі болып табылатын құрамында сульфгидрильді тобы бар цистеин аминқышқылы қолданылады. Таза суда араластырылған және калий броматы қосылған дайындалған шар тәрізді қамыр глутатион белок клейковинасының бөлінуін ашытқы суында күшейтетін болғандықтан қамыр торшаларының созылуы бұл тәжірибеде басқаларына қарағанда жоғары болады.

Тәжірибе

Қамыр араластыру жағдайлары

Шар нөмірі

Шарлар диаметрлері

Торшалардың созылу өлшемдері

1

Суда

1

2

2

Калий броматының қосындысы

1

2

3

Глутатионның қосындысы

1

2

11. Зертханалық жұмыс

Витаминдерге сапалық реакция

A витаминіне сапалық реакция

А витамині сары-сұр түсті кристалдары ине пішіндес, суда ерімейді, ал метил спирті, хлороформ, ацетон, бензин мен петролейн эфирінде жақсы ериді. Эмпирикалық формуласы С20Н30О.

А витаминінің екі түрі бар: А1 және А2. Олардың құрылымдық формулалары төмендегідей.

А витамині бар балық майына 3 хлорлы суьрманы (SbCl3) қосқанда көк түс беріп, соңынан қызыл күлгін түске боялады. Реакция 3 хлорлы суьрманың (SbCl3) су сіңіруіне арналған. Түрлі түсті рекциядағы 3 хлорлы суьрманы (SbCl3) А витаминінің мөлшерін хлорометрлік әдіспен анықтау үшін қолданады.

Жұмыс №1

А витаминінің күкірт қышқылымен реакциясы:

Жұмыс істеу реті: құрғақ пробиркаға 1 мл балық майын құйып, оған 1 мл концентрациялы күкірт қышқылын (H2SO4) қосып, жаймен араластырамыз. А витамині болғандықтан бірінші күлгін, сосын күрең қызыл түске боялады. А витамині майда ерігіш, көбінесе балық бауырында, сиыр майында, бауырында кездеседі. А витаминінің адам ағзасына тәуліктік қажеттілігі 1 кг салмаққа 4-12 мг қажет.

А витамині бауырда жиналады. А витамині жетіспесе бойдың өсуінде байқалады, көз айналасында тері құрғақтығы байқалады (әсіресе жас балаларда). А витаминінің жетіспеуі көздің көруін нашарлатады. Витаминдердің екі түрі бар: А1 балықтардың бауырынан, А2 витамині өсімдіктер мен көкөністердің каротинінен түзіледі.