Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Ж

.docx
Скачиваний:
24
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
26.31 Кб
Скачать

ЖҰӨ - тек елдің ішінде ғана емес, соныменен бірге шетелде де белгілі бір елдің азаматтарының меншігінде болған өндіріс факторларымен шығарылған белгілі бір уақыт аралығындағы (бір жылдағы) экономикада өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің жиынтық анрықтық құны.

ЖІӨ мен ЖҰӨ арасындағы айырмашылық ақндай? Жабық экономикада толығымен ЖІӨ ЖҰӨ-ге тең болады. Ашық экономикада ЖІӨ мен ЖҰӨ арасындағы негізгі айырмашылық – ұлттық территориядағы шетелдік фирмалардың тікелей атқаратын іс-әрекеті (отандық фирмалардың шетелде қызмет етуі). ЖҰӨ ЖІӨ сияқты есептеледі, бірақ одан айырмашылығы шетелден алынатын таза факторлық табыс дәрежесінде (ТФТ – осы елдің азаматтарының шетелде алған табыстары мен шетелдіктердің біздің елдің территориясындағы алған табыстарының арасындағы айырмашылық). Яғни ЖІӨ =ЖҰӨ - ӨФТТ (өндіріс факторының таза табысы – шетелден алған біздің елдің тұрғындарының табысынан біздің елдегі шетелдіктердің табысын шегергенге).

ЖІӨ анықтамасында бастапқы мәнге соңғы тауарлар мен қызметтер сөзі ие болады. Ол ЖІӨ құрамына соңғы тұтынуға, жинақтау мен экспортқа қолданылған тауарлар кіреді, ал өндіру үрдісі кезінде шығындалған шикізаттар, материалдар, отын, энергия және т.с.с. түрдегі аралық тауарлар мен қызметтер кірмейді. ЖІӨ құрамына аралық тауарларды кіргізу екі рет есептеуді көрсететін еді, өйткені олардың құндары соңғы өндірілген тауарлар мен қызметтердің құнына. ЖІӨ-ді үш тәсілмен есептеуге болады:

1. Өндірістік әдіс (қосымша құн бойынша) – соңғы өнімді өндірудің соңғы кезеңінде қосылатын құндарды қосу. Қосымша құндардың сомасы соңғы тауарлар мен қызметтердің құндарына тең.

2. Бухгалтерлік баланстағы сияқты, ҰЕШ (ұлттық есептеу шоты) шығындар бөлігі табыстарға тең болуы керек. Басқаша айтқанда, нарықтық қатынастардың кез-келген субъектісі (үй шаруашылықтары, фирмалар немесе мемлекет) табыс алуға болатын нәрсені алуға ғана шығын шығара алады, яғни:

C+I+G+NE=ЖІӨ=C+S+P+R+i+T+A

Бұл теңдіктің сол жағы, шығындық жағы, келесідей компоненттерден тұрады:

С (consumption) – тұтынуға үй шаруашылықтарының шығындары, оған азық-түлік өнімдеріне, киімге, тұрғын үйге төлемдер, әртүрлі қызметтер, ұзақ уақыт қолданылатын тауарлар, демалысқа және т.б. жұмсалатын шығындар жатады; бірақ тұрғын үйлерді сатып алуға және салуға кеткен шығындар кірмейді, өйткені олар инвестициялық шығындарға кіреді;

I (investment) –фирмалардың инвестициялық шығындары, яғни олардың машиналарды, шикізатты, құрылысқа жұмсаған шығындары;

G (government) – тауарлар, қызметтер және инвестицияны сатып алуға мемлекеттік шығындар;

NE (net export) – таза экспорт, яғни сыртқысауда балансының сальдосы, ол экспорт пен импорт арасындағы айырмашылықты көрсетеді. егер де экспорт импорттан жоғары болатын болса, онда оңды сальдо құрылады, егер де керісінше болса, онда теріс сальдо қалыптасады.

Инвестицияның жалпы және таза түрлері бар. Жиынтық инвестиция таза инвестициялар мен амортизациялық аударымнан тұрады. Егер де жалпы инвестицияның жалпы сомасынан өндірі үрдісі кезінде тозған машиналар мен механизмдерді қалпына келтіруге жұмсаған соманы алып тастасақ, яғни өзіндік амортизациялық аударымды, онда қалған бөлігі таза инвестицияны құрады.

Теңдіктің оң жағы, табыстық бөлігі құралады:

C+S – халықтың тұтынуына және қор жинауына кететін өзіндік қызметінің нәтижелері мен еңбек ақысы түріндегі табыстары;

P (profit) – корпорация пайдасы;

R (rent) – рента немесе жалгерлік төлем түріндегі табыстары;

i (investment) – жинақтары бойынша пайыздық ставка;

T (tax) – кәсіпкерлік қызметке салықтар, өйткені ол құралдар фирмалардан алынады да, мемлекеттің табысына көшеді;

A (amortization) – амортизациялық аударымдар, фирманың табысынан қайтадан тұтынылған өндіріс құрал-жабдықтардың орнын толтыруға өндіру үрдісіне қайта түсетін.

Басқа сөзбен айтқанда, табыстар бойынша есептеу әдісі бойынша – жұмысшылардың еңбек ақысы, пайданың барлық түрлері, ренталық табыстар, амортизациялақ аударымдар мен жанама салықтар қосылады.

Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. . Инвестицияның құрамына машиналар мен жабдықтарды алуға, құрылыс-монтаж жұмыстарын жасауға, қорды арттыруға жұмсалған барлық шығындар кіреді. Бұл физикалық немесе нақты инвестициялар болып табылады. Бағалы қағаздарға қаражат салу қаржылық немесе портфельді инвестиция деп аталады. Нақты инвестициялар елдің өндірістік қуаттылығын арттырады, ал қаржылық инвестициялар меншік құқығын қайта бөледі. Егер жинақтау сұранысты қысқартатын болса, инвестициялар оны арттырады. Сондықтан кейнсшілдер тұтынуға деген бейімділіктің төмендеуінің орнын инвестицияны арттыру арқылы толтыруға болады деп есептейді.

Инвестицияның динамикасын төмендегі факторлар анықтайды:

- таза пайданың күтілетін мөлшері;

- нақты пайыздық ставка;

- салық салу деңгейі;

- өндіріс технологиясындағы өзгерістер;

- қолда бар негізгі капитал;

- экономикалық күту;

- жиынтық табыс динамикасы.

Ұлттық табыстың өзгерісінен тәуелсіз инвестициялар автономды инвестиция ( Іа ) деп аталады.Ұлттық табыс көлемінен тәуелді инвестициялар индуцияланған инвестиция ( Іu ) деп аталады. Инвестиция жиынтық сұраныс компоненттерінің арасындағы ең көп өзгеретін компонент болып табылады. Инвестицияның тұрақсыздығына әсер ететін факторлар :

- жабдықтың қызмет ету мерзімінің ұзақтығы;

- инновацияның жүйелі түрде болып тұрмауы;

- экономикалық күтімдердің өзгеріп отыруы;

- ЖІӨ - нің циклдік ауытқуы.

Инвестицияның өзгерісінің ұлттық табыстың өзгеруінен тәуелділігі инвестициялауға деген шекті бейімділік көрсеткіші арқылы көрінеді :

МРІ = ΔІ/ ΔУ,

мұндағы Δ У – ұлттық табыстың өсімі,

ΔІ – инвестицияның өсімі.

Инфляция деңгейін өлшеу.Орташа баға деңгейінің салыстырмалы өзгерісі инфляция деңгейі деп аталады. Ол төмендегі формуламен есептеледі:

π=

Мұндағы Р- ағымдық жылдағы бағаның орташа деңгейі

Р-1- өткен жылдағы бағаның орташа деңгейі

Инфляция деңгейі. Сұраныс және шығындар инфляциясы.Макроэкономикалық тұрақсыздықтың нысандарының бірі - инфляция. Инфляция дегеніміз - экономикадаға орташа баға деңгейінің тұрақты өсу тенденциясы. Инфляция тұсында кейбір тауардың бағасы баяу, кейбіреуінікі тез өсуі, ал енді бірінікі өзгеріссіз қалуы мүмкін. Орташа баға деңгейінің салыстырмалы өзгерісі инфляция деңгейі деп аталады. Ол төмендегі формуламен есептеледі:

π=

Мұндағы Р- ағымдық жылдағы бағаның орташа деңгейі

Р-1- өткен жылдағы бағаның орташа деңгейі

Орташа баға деңгейінің тұрақты түрде төмендеуі дефляция деп аталады, ол инфляцияға кері процесс. Инфляция деңгейінің қысқаруы дезинфляция деп аталады. Швед экономисті Б. Хансен ғылыми айналымға алғаш рет айқын инфляция және жасырын инфляция ұғымдарын енгізді. Айқын инфляция баға деңгейінің ұзақ уақыт бойы өсуінен байқалады. Ал жасырын инфляция тұсында тауарлар мен қызметтердің тапшылығы күшейеді. Нарықтық экономикада инфляция айқын сипатта, ал әкімшілік жүйеде жасырын сипатта болады.Айқын инфляция әр түрлі қарқынмен жүруі мүмкін. Осыған орай инфляцияның төмендегі түрлері қарастырылады:

- баяу инфляция – бағаның жылына 3-4%-ға өсуі

- қарқынды инфляция - бағаның жылына ондаған, жүздеген пайызға өсуі

- гиперинфляция (ұшқыр инфляция) - бағаның жылына мыңдаған пайызға өсуі. Оны кейде басқаруға келмейтін инфляция деп те атайды.Айқын инфляция сұраныс инфляциясы және шығындар инфляциясы формасын да қабылдауы мүмкін.Сұраныс инфляциясы жиынтық сұраныс нақты өндіріс көлемінен артып кеткен жағдайда орын алады. Оның қалыптасуына себепкер тұтынушы болғандықтан, бұл инфляцияны тұтынушы инфляциясы деп те атайды. Оған алғаш рет кейнстік талдауда зерттеу жасалынған. Сұраныс инфляциясының қалыптасуына ақша массасының өсуі, мемлекеттік шығындардың және жеке инвистицияның артуы, ақша айналысы жылдамдығының көбеюі, инфляциялық күту т.с.с. әсер етеді.Ал шығындар инфляциясы өнім бірлігіне жұмсалатын орташа шығындардың көтерілуі және жиынтық ұсыныстың төмендеуі салдарынан туындайды. Инфляцияның бұл түрі- стагфляция, яғни инфляция мен жұмыссыздықтың қатар өсуіне әкеледі.Инфляция күтілетін немесе болжанылмаған сипатта болуы мүмкін. Күтілетін инфляция тұсында табыс алушы инфляцияның теріс салдарының алдын-алу немесе төмендету үшін шара қолданады.Болжанылмаған инфляция тұрақты табыстардың барлық түрін азайтады, номиналды табыстары орташа бағаға қарағанда тез өсетін экономикалық агенттерді «субсидиялайды». Бұл инфляция тұсында қарызын қайтарушылар ұтады, ал кредиторлар ұтылады.Инфляция макроэкономикалық құбылыс болғандықтан онымен күресу мемлекеттің күшімен жүргізіледі. Инфляциямен күресу- оны шектеу, тұрақты деңгейде ұстап тұру деген сөз. Мемлекеттің инфляциямен күресудегі басты шаралары төмендегілерге бағытталуы тиіс:

  • ақша массасын азайту;

  • есептік ставканы арттыру;

  • міндетті резервтер нормасын көтеру;

  • мемлекеттік шығындарды қысқарту;

  • салық жүйесін жетілдіру және бюджетке түсетін салық түсімдерін арттыру.

Дегенмен, бұл шаралардың жүргізілуі әрдайым тиімді бола бермейді.

Инфляция мен жұмыссыздық арасындағы байланыс (филлипс қисығы) Жиынтық ұсыныс қисығының теңдеуі арқылы инфляция мен жұмыссыздық арасындағы тәуелділікті көрсетуге болады. Ол Филлипс қисығы арқылы көрінеді:

У=У*+ α (Р-Рe) => Р- Рe + 1/ α (У-У*)

Теңдеудің екі жағынан өткен мерзімдегі бағаны шегеріп, баға деңгейлерінің айырмасын инфляция қарқынымен ауыстыралық:

Р-Р-1= π

Ре-1= πе, мұндағы Р-нақты баға деңгейі, Р-1-өткен мерзімдегі баға деңгейі, π- инфляция деңгейі, πе- күтілетін инфляция.

Әрі қарай алгебралық түрлендіру жүргізу үшін Оукен заңын пайдаланамыз:

У-У*/ У*=-β(u-u*) - Оукен заңы.

Мұндағы: У- нақты өндіріс көлемі, У*-потенциалды ЖІӨ, u - нақты жұмыссыздық деңгейі, u* - жұмыссыздықтың табиғи деңгейі, β - ЖІӨ-нің циклдық динамикасына сезімталдық коэффициенті. Ол эмпирикалық жолмен, яғни зерттеулердің нәтижесінде алынады.

Жоғарыдағы заңға сәйкес нақты өндірістің потенциалды деңгейден ауытқуын нақты жұмыссыздықтың табиғи деңгейден ауытқуымен алмастырайық және теңдеуге бағаға әсер ететін ұсыныс сілкінісін қосайық. Нәтижесінде π = πе -β(u-u*)+έ теңдеуі алынады.

Сонымен Филлипс қисығы жиынтық ұсыныстың басқаша көрінісі және ол қысқа мерзімде инфляция динамикасы мен жұмыссыздық арасындағы байланысты көрсетеді. Күтілетін инфляция деңгейі мен ұсыныс сілкінісі (έ) Филлипс қисығының орнын ауыстырады.

Бастапқыда Филлипс қисығы жұмыссыздық пен номиналды жалақы арасындағы кері тәуелділікті көрсеткен. Қазіргі Филлипс қисығы номиналды жалақының орнына баға деңгейінің өсу қарқыны, инфляциялық күту, ұсыныс сілкінісі қолданылады.