Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалы жмыстар БХ ТМА (2) (1).docx
Скачиваний:
54
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
216.73 Кб
Скачать

Ферменттердің активтілігіне активатор мен ингибитор әсері

Активатор – ферменттердің іс-әрекетіне әсер ететін зат, бірақ оның коферменттерден айырмашылығы реакцияға қатыспайды. Активаторлар ферменттік реакцияларды тездетеді. Мысалы, қарын сөлінде тұз қышқылы пепсинді активтендіреді, сөйтіп белок гидролизі тездейді.

Ингибитор – ферменттердің іс-әрекетін баяулататын зат. Ингибиторлар ферменттік реакцияларды біршама немесе тежейді. Активаторлар мен ингибиторлар ферменттің жұмыс істеуіне ықпалын тигізеді.

Реактивтер: 0,5%-дық крахмал, амилаза ферменті, йод ерітіндісі, дистильденген су, NaCl, CuSO4 тұздарының ерітінділері.

Жұмыс істеу реті: 3 пробиркаға 2 тамшыдан амилаза ферментін құямыз. 1-ші пробиркаға дистильденген су, 2-ші пробиркаға 1%-дық NaCl ерітіндісін, 3-ші пробиркаға 1%-дық CuSO4 ерітіндісін қосамыз. Содан соң қоспаны жақсылап араластырып, барлық пробиркаларға 0,5%-дық крахмал қоспасынан 5 тамшыдан қосып, араластырып бөлме температурасында 2 минутқа қалдырамыз. Уақыт өткеннен кейін барлық пробиркаларға 1 тамшыдан йод ерітіндісінен қосып, пайда болған түс арқылы крахмалдың гидролизін анықтаймыз. Тәжірибе қорытындысын мына кестеге жазамыз.

4-ші кесте

фермент

субстрат

йод

1

амилаза

крахмал

H2O

NaCl

CuSO4

2

амилаза

крахмал

3

амилаза

крахмал

9. Зертханалық жұмыс

Көмірсулардың сапалық реакциялары

Моносахаридтер мен мальтоза сияқты дисахаридтер бос кетон және альдегид тобы (глюкозидтік гидроксил) болғандықтан сілтілік ортада металл оксидтерін шала тотыққа немесе бос күйіндегі металға дейін тотықсыздандырып, өздері сәйкес қышқылдарға дейін тотығады. Олардың бұл қасиеті кейбір сапалық реакциялар үшін қолданылады. Сахароза сияқты дисахаридтермен полисахаридтерде (крахмал және т.б.) мұндай қасиет жоқ.

Жұмыс №1

Троммер реакциясы.

Зерттелетін өнімдер: қант ерітінділері

5%-дық глюкоза ерітіндісі

5%-дық мальтоза ерітіндісі

5%-дық сахароза ерітіндісі

5%-дық крахмал ерітіндісі

Реактивтер: 5%-дық мыс сульфаты (CuSO4), 5%-дық натрий гидроксиді (NaOH).

Жұмыс істеу реті: пробиркаға 1мл 5%-дық глюкоза ерітіндісін құйып, оған 5%-дық CuSO4 және 5%-дық NaOH қосады. Мыс гидроксидінің көгілдір түсті тұнбасы Cu(OH)2 түседі, ол араласқанда еріп кетеді. Түзілген көгілдір ерітіндіні қайнағанша абайлап қыздырады, бұл кезде мыс (I) гидроксидінің сары түсті тұнбасы немесе мыстың шала тотығының қызыл түсті тұнбасы түседі. Жұмысты мальтоза, сахароза және крахмал ерітінділерімен де жасап салыстырады.

Реакцияның химизмі:

Мыс тұзының артық мөлшері реакцияны бүркемелейді, өйткені мыстың (II) гидроксидін қыздырғанда қара түсті мыс оксидіне (СuО) және суға ыдырайды.

Жұмыс №2

Феллинг реакциясы.

Зерттелетін өнімдер: глюкоза, мальтоза, сахароза, крахмал.

Реактивтер: Феллинг – 1, Феллинг – 2.

Тотықсыздандыратын көмірсулардың Феллинг сұйығымен әрекеттесуінің механизмі Троммер реакциясына ұқсас. Феллинг сұйығының артықшылығы – реактив артық болса да мыс (II) оксиді түрінде тұнбаға түспейді.

сегнет тұзы комплекс

Жұмыс істеу реті: 1-2мл глюкоза ерітіндісіне Феллинг сүйығының теңдей мөлшерін құйып қайнағанша қыздырады. Қызыл түсті мыстың шала тотығының мыс (I) оксидінің тұнбасы түзіледі. Феллинг сұйығы мен мальтоза, сахароза және крахмал ерітніділерінің арасындағы реакцияны жасайды.

Жұмыс №3

Йодпен әрекеттесуі.

Зерттелетін өнімдер: глюкоза, мальтоза, сахароза, крахмал.

Реактивтер: Люголь ерітіндісі, 10%-тік NaOH ерітіндісі, этил спирті (С2Н5ОН).

Жұмыс істеу реті: 4 пробирка алып, 1-ші пробиркаға 2мл крахмал ерітіндісін, 2-ші пробиркаға глюкоза ерітнідісін, 3-ші пробиркаға 2мл мальтоза ерітіндісін, 4-ші пробиркаға 2мл сахароза ерітіндісін құяды. Барлық пробиркаларға 2 тамшыдан Люголь ерітіндісін қосады. Крахмалы бар пробиркадағы ерітінді көк түске боялады, басқа пробиркадағы ерітінді түссіз. Содан соң 1-ші пробиркадағы ерітіндіні 3 бөлікке бөледі: 1-ші бөлігіне 1мл 10%-тік натрий гидроксидін; 2-ші бөлігіне этил спиртін қосады, ал 3-ші бөлігін қыздырады. Барлық жағдайда бояу жоғалып кетеді, ал үшінші пробирканы суытқанда бояуы қайтадан пайда болады. Реакция йодтың амилазамен тұрақсыз адсорбциялы қосылыс түзуіне негізделген.