Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалы жмыстар БХ ТМА (2) (1).docx
Скачиваний:
54
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
216.73 Кб
Скачать

15.3. Зертханалық жұмыстар

8. Зертханалық жұмыс

Ферменттердің спецификалық түрлері

Ферменттердің айырықша қасиеті – жоғарғы спецификалық түрі. Әр фермент бір-біріне құрылысы жағынан ұқсас субстратқа немесе топты субстратқа әсер етеді.

Спецификалық түрлері: абсолюттік, топтық, стереохимиялық. Әр ферменттің спецификалық түрлері әр түрлі жолмен анықталады.

Реактивтер: 2%-дық крахмал және сахароза қоспасы, амилаза және интерфаза ферменттері.

Жұмыс істеу реті: 4 пробирка алып, 1-ші және 2-ші пробиркаларға 2мл 2%-тік крахмал қоспасын, ал 3-ші және 4-ші пробиркаларға 2мл сахароза қоспасын құямыз. Содан соң 1-ші және 3-ші пробиркаларға 0,5мл амилаза ферментін, ал 2-ші және 4-ші пробиркаларға 0,5мл интерфаза ферментін қосамыз. Пробиркалардағы қоспаларды жақсылап араластырып, 40º С-тық су буында 15 минут ұстаймыз. Одан кейін пробирканы суытып, йодпен және Троммер реакциясын жүргіземіз. Троммер реакциясы үшін 1мл ерітінді алынады, ал қалған ерітінділерге 2-3 тамшы йод ерітіндісін қосады. Тәжірибе қорытындысын 1-ші кестеге жазамыз.

1-ші кесте

Субстрат

Фермент

Бояу

Реакция

крахмал

сахароза

амилаза

инвертаза

йодпен

Троммер

Ферменттердің активтілігіне орта рН-ның әсері

Реактивтер: 2%-дық крахмал және сахароза қоспасы, амилаза және интерфаза ферменттері, натрий гидрофосфаты (Na2HPO4), калий гидрофосфаты (K2HPO4), Люголь ерітіндісі, индикатор қағазы.

Жұмыс істеу реті: 3 пробирка алып, 1-ші пробиркаға 1мл (K2HPO4) ерітіндісін, 2-ші пробиркаға 1мл (Na2HPO4) ерітіндісін, ал 3-ші пробиркаға 0,5мл-ден (K2HPO4) ерітіндісін және (Na2HPO4) ерітіндісін құямыз. Одан кейін әр пробиркаға 1мл 2%-дық крахмал және 0,5мл амилаза ерітінділерін қосамыз. Қоспаны араластырып, ортаның рН-ын индикатор қағазының көмегімен анықтаймыз. Әр пробиркадағы қоспадан әйнек таяқшамен алып, индикатор қағазына саламыз. Барлық пробиркаларды 15 минутқа қалдырып, кейін Люголь ерітіндісінен 1 тамшыдан тамызып, қандай түске боялғанын байқаймыз. Егер бояуда өзгеріс болмаса, онда оны қайталап, уақытты ұзартып немесе ферменттің құрамын өсіреміз. Тәжірибе қорытындысын 2-ші кестеге жазамыз.

2-ші кесте

Қосатын заттар

Люголь ерітіндісі

крахмал

K2HPO4

Na2HPO4

амилаза

1

2

Ферменттердің активтілігіне температураның әсері

Ферменттер қасиеттерінің бірі – термобилдену болып табылады, яғни температураға сезімділігі. 70º С-тан жоғары қыздырғанда ферменттер биологиялық қасиетін жоғалтады. Белок молекуласының жиырылуының нәтижесінде реакция жылдамдығы бәсеңдеп тоқтайды. Ферменттер төмен температурада жақсы сақталады, бірақ ферментативтік реакция жылдамдығы тез төмендейді. Субстраттың жоғалуы немесе реакция өнімнің пайда болуы нәтижесінде амилаза ферментінің температураға сезімділігін анықтаймыз.

Реактивтер: 2%-дық крахмал, амилаза ферменті, Троммер реактиві.

Жұмыс істеу реті: 4 пробиркаға 2мл-ден 2%-дық крахмал ерітіндісін құйып, 10 минутқа әр температураға қоямыз. 1-ші пробирканы қыздырылған су моншасына, 2-ші пробирканы су моншасында 40º С температураға, 3-ші пробирканы бөлме температурасына, 4-ші пробирканы қарға қоямыз. Содан соң әр пробиркаға 0,5 мл-ден амилаза ферментін қосып, 15 минутқа қалдырамыз. Ал қыздырылған пробиркаларды суытып, барлық пробиркаларда Троммер реакциясын жүргіземіз. Шыққан нәтижені 3-ші кестеге жазамыз.

3-ші кесте

крахмал

амилаза

температура ºС

Троммер

1

2 мл

0,5 мл

100

2

2 мл

0,5 мл

40

3

2 мл

0,5 мл

20

4

2 мл

0,5 мл

0