Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
прил. 1 к пр.218 с прил.1-7 гос.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
279.04 Кб
Скачать

6. Туберкулезбен ауыратын науқастарды стационарлық емдеу

  1. Стационарлық (аудандық, ауданаралық, облыстық және республикалық) емдеуге туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу деңгейін ТҚҰ жұмыс істейтін құрылымына сәйкес аумақтық денсаулық сақтау басқармалары эпидемиологиялық статусын есепке ала отырып, инфекциялық бақылау шараларын сақтау арқылы былайша белгілейді:

1) бактерия шығармайтын туберкулезбен ауыратын науқастарды;

2) бактерия шығаратын және ТҚП-ға сезімталдығы сақталған туберкулезбен ауыратын науқастар;

3) ТҚП қабылдайтын КДК ТБ және КАДК ТБ бар науқастарды;

4) ауру белгілері бойынша ем қабылдайтын КДК ТБ және КАДК ТБ бар науқастар;

5) мәжбүрлеп емдеудегі туберкулезбен ауыратын науқастар.

  1. Бактерия шығаратын туберкулездің шектелген, асқынбаған түрлері, сондай-ақ бактерия шығармайтын және/немесе ауыр қосалқы патологиясы бар туберкулездің таралған және асқынған түрлері науқастарды аудандық деңгейде емдеуге жатқызу үшін басымдылық болып табылады.

  2. Бактерия шығаратын және бактерия шығармайтын туберкулездің асқынған, таралған түрлері, сондай-ақ КДК ТБ және КАДК ТБ науқастар облыстық және республикалық деңгейлерде емдеуге жатқызу үшін басымдылық болып табылады.

  3. Ауданаралық ТҚҰ-да (мұндай болса) емдеуге жатқызу патологияның негізгі бейініне сәйкес жүргізіледі.

  4. Туберкулезбен ауыратын науқастар, оның ішінде қосалқы патологиясы бар (АИТВ инфекциясы, наркологиялық бұзылулары бар және басқа) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған науқастар ТҚҰ стационарларына емдеуге жатқызылады және медициналық ұйымдардың бейінді мамандарының консультацияларымен және бақылауымен қамтамасыз етіледі.

7. Диспансерлiк есепке алуды ұйымдастыру

  1. Диспансерлiк есеп және бақылау төмендегi топтар бойынша жүргізілед:

  1. нөлдiк топ (0) – туберкулездіың белсенді күмәндi адамдардың;

  2. бiрiншi топ (I) – белсенді туберкулезі бар науқастар;

  3. екiншi топ (II) – туберкулездіың белседілігі жоқ адамдардың;

  4. үшiншi топ (III) – туберкулезбен ауыру қаупi жоғары адамдардың;

  1. 0 топта төмендегілер бақыланады:

  1. БМСК жүйесі ұйымында жүргiзiлген стандартты диагностикалық алгоритмнен кейiн өкпедегі немесе басқа ағзалардағы туберкулездің белсенділігін жоққа шығару және анықтау мүмкiн болмаған туберкулезге күмән туғызатын адамдардың. Бұл алғаш рет немесе қайталап ауырған, туберкулездің белсенділігі күмәндi және ТҚҰ–да диспансерлiк есепке алынбаған адамдардың болуы мүмкін;

  2. туберкулинге сезiмталдық сипаттамасын нақтылап, ажырату диагностикасын жүргізуді қажет ететiн, ТҚҰ-да диспансерлiк есепке алынбаған балалар.

  1. 0 тобында бақыланатын адамдардыңға зертханалық, клиникалық, рентгенологиялық, аспаптармен қарап тексеру, туберкулинмен диагноз қою және басқа да зерттеу әдістері жүргiзiледi. Өкпеден тыс туберкулез түрлерi бар науқастарда туберкулездің белсенділiгi басқа да клиникалық- зертханалық зерттеулермен дәлелденеді.

  2. 0 тобында бақыланатын адамдардыңға ТҚД қолдануға болмайды. Бақылау мерзiмi – 4 айға дейін. Науқаста туберкулездiң белсенді түрi анықталса, ол I топқа ауыстырылады. Туберкулиндi сынамасының жұқпалы себепті оң нәтижесі анықталса, бала III Б тобына ауыстырылады.

  3. I топта кез келген ағзада шоғырланған белсендi туберкулезі бар бактерия бөлетiн не бөлмейтiн барлық науқастар бақыланады:

  1. I A - туберкулезге алғаш рет шалдыққандар (I және III санатлар);

  2. I Б - туберкулездің қайталанған жағдайлары (II санат);

  3. I В - бірінші, екінші не үшінші қатардағы туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілермен ем қабылдаушы туберкулездің дәрiге төзімді жағдайлары (IV санат);

  4. I Г – емнің тиімсіз болуына немесе науқастардың дәрілерді қабылдай алмауына байланысты ем жүргізу мүмкін емес КТК ТБ не КАДК ТБ бар, полирезистенттілігі бар бактерия бөлуші науқастар (IV санат).

  1. I А, I Б және I В топтарында бақыланатын науқастарға емдiк санаттарға сәйкес стандартты кестелер бойынша химиотерапия жүргiзiледi. Хирургиялық ем қажеттіліктерге сәйкес жүргiзiледi. Бақылау мерзiмi емнiң толық курсының ұзақтығына сәйкес анықталады. Емнің нәтижесі «жазылды» немесе «ем аяқталды» деп анықталса, науқас II диспансерлiк есеп тобына ауыстырылады.

  1. «Ем тәртiбi бұзылды» деген нәтижесі бар науқастың емін әрі қарай жалғастыру мәселесiн ОДКК шешедi.

  2. I Г тобында бақыланатын науқастарға ТҚД қолданылмайды. Көрсеткіштеріне қарай симптоматикалық (патогенетикалық) ем, соның ішінде коллапсотерапиялық және хирургиялық ем әдiстерi қолданылады. Бақылау мерзiмi – егу әдісінің нәтижелері теріс болған уақытқа дейiн.

  3. II топта ем курсы сәттi аяқталған туберкулездің белсенділігі жоқ адамдардың бақыланады. Бақылау мақсатындағы тексерулер жылына екi рет жүргізіледі. Бақылау мерзiмi: үлкен қалдықты өзгерiстерi бар адамдарды – 2 жыл; кіші қалдықты өзгерiстерi бар адамдарды – 1 жыл.

  4. Туберкулез ауруы қайталанған науқастар алдында жүргізілген еміне сәйкес I диспансерлiк есеп тобына ауыстырылады.

  5. III топта туберкулезбен ауыру қаупі жоғары адамдардың бақыланып, төмендегi топтарға бөлiнедi:

1) IIIА тобында бақыланатындар:

туберкулездiң белсенді түрiне шалдыққан науқастармен қарым-қатынастағы адамдардың;

бактерия шығару-шығармауына қарамастан туберкулездiң белсенді түрiмен ауырған науқастармен қарым-қатынастағы балалар мен жасөспiрiмдер;

туберкулез ауруы салдарынан өлім болған бұрын белгiсiз ошақтардағы адамдардың.

Бақылау мерзiмi – қатынаста болған барлық уақыттан бастап нәтижелi химиотерапия жүргізгеннен кейiн 1 жыл.

өлiм-жітім ошақтарында қарым-қатынаста болған адамдардың 1 жыл бойы бақыланады. Жан-жақты тексеру жылына екi рет жүргізіледі.

2) IIIБ тобында бақыланатындар:

біріншілік жұқтырудың ерте кезеңі (туберкулин сынамасының виражы);

бұрын жұққандығы бар, туберкулин сынамасы гиперергиялық нәтиже көрсеткендер;

БЦЖ вакцинасын еккенде асқыну әсері байқалғандар.

Бақылау мерзiмi –1 жыл. Жан-жақты тексеру есепке алғанда және есептен шығарғанда жүргізіледі.

  1. Туберкулезбен ауыратын науқастар мекен-жайы, оқу орны орналасқан жердегі немесе тузету мекемелерiндегі ТҚҰ-да диспансерлiк есепке алынып, бақылануы тиіс.

  2. Науқастың мекен-жайы өзгерген жағдайда, оның жаңа мекен-жайына сәйкес дәрігер-фтизиатр 10 күннiң iшiнде диспансерлік есепке алуы тиіс.

  3. Туберкулезбен ауыратын науқастарды диспансерлiк бақылау тәртiбi осы Нұсқаудың 8-қосымшасында келтірiлген.

  4. Диспансерлiк есепке алынған науқастардағы туберкулез үрдiсi белсендiлiгiнің түсініктемесі:

  1. белсендiлiгi күмәнді туберкулез - өкпе немесе басқа ағзалардағы алғаш рет анықталған не диспансерлік есептен шығарылған адамдарда анықталған белсенділігі белгісіз туберкулезді өзгерiстер. Туберкулез үрдісінің белсенділігін анықтау үшін диспансерлік бақылаудың нөлдік (0) тобы белгіленген. Бұл топта бақылаудың негізгі мақсаты – диагностикалық мақсатта жан-жақты зерттеулер жүргізу;

  2. белсенді туберкулез – туберкулез микобактериялары қоздырған және зертханалық, клиникалық, рентгенологиялық белгілердің жиынтығымен анықталатын кез-келген ағзадағы арнайы қабыну үрдісі. Белсенді туберкулезі бар науқастарға емдік, диагностикалық, аурудың жайылуына қарсы, реабилитациялық, әлеуметтiк шаралар жүргізілуі тиіс. Белсенді туберкулезі бар барлық науқастар I диспансерлiк есеп тобында бақыланады. II топта бақыланған науқасқа хирургиялық ем жүргізілгеннен кейiн, оны әрі қарай бақылау тәртібін ОДКК шешедi;

  3. қалдықты өзгерiстер - туберкулезден сауыққаннан кейiн ағзалар мен тіндерде әр түрлi қалдықты өзгерiстер анықталуы мүмкін. Олар: тығыздалған және әктенген ошақтар, әр түрлi көлемдi фиброзды және циррозды өзгерiстер (қалдықты тазарған қуыстар да болуы мүмкін), плевралық жабысулар, өкпедегі, плеврадағы және басқа ағзалар мен тіндердегі операциядан кейінгі қалдықты өзгерiстер. Кіші қалдықты өзгерiстер: жеке (саны 3-ке дейiн), ұсақ (1 см-ге дейiн) тығыздалған және әктенген ошақтар, шектелген фиброз (2 сегмент көлемінде). Басқа қалдықты өзгерiстердің барлығы үлкен қалдықты өзгерістер болып есептеледі.

  1. Бактерия бөлуі тоқтады деп мынадай жағдайларда тiркейді:

  1. I және II санат бойынша бірінші қатардағы ТҚД-мен ем қабылдаған науқастарда емнің толық курсының соңында микроскопиялық зерттеу нәтижесі қатарынан екі рет теріс болғанда;

  2. туберкулездiң дәрiге көнбейтін түрiне шалдыққан бірінші және екінші қатардағы ТҚД-мен ем қабылдаушы науқастарда бактериологиялық (егу әдісі) зерттеу нәтижесі қатарынан екі рет (бір айлық аралықпен) терiс болғанда.

  1. Бактерия бөлiнудiң тоқтағандығы туралы ОДКК-ның шешiмiнен кейiн науқас бактерия бөлушi ретiнде эпидемиологиялық есептен шығарылады.

  2. Туберкулезге жыл сайын мiндетті түрде флюорографиялық тексерiлетін «қауіп» тобындағы адамдардың тiзiмі:

1) ақысыз:

перзентхана (босану бөлiмшелері), балалар ауруханасы (бөлiмшелері), жаңа туған және шала туған нәрестелер патологиясы бөлімшелерінің медицина қызметкерлерi;

туберкулезге қарсы күрес ұйымдарының қызметкерлерi;

әскери қызметке шақырылушылар;

жоғары және арнайы орта бiлiм беретін оқу орындарының студенттерi, училище оқушылары;

15-17 жас аралығындағы жасөспiрiмдер;

босанған әйелдер перзентханадан шыққаннан кейiн бiр ай көлемiнде;

созылмалы бейспецификалық өкпе аурулары, қант диабетi, маскүнемдiк, нашақорлық, АИВ/ЖИТС бойынша диспансерлiк есепте тұрған адамдардың;

кортикостероидты гормондармен ем қабылдаушылар;

өкпесiнде кез-келген этиологиялы қалдықты өзгерiстерi бар адамдардың;

туберкулезбен ауырған науқастармен қарым-қатынаста болған адамдардың;

мектепке дейiнгi мекемелердiң қызметкерлерi;

емдеу-алдын алу ұйымдарының қызметкерлерi;

жалпы және арнайы бiлiм беру мектептерінің, лицей мен гимназиялардың қызметкерлерi;

тергеуге алынғандар және сотталғандар (жылына екi рет);

Қорғаныс, Ішкi iстер министрлiгi мен Ұлттық Қауiпсiздiк жүйесiнiң әскери бөлімшелерінің қызметкерлерi мен әскери қызметкерлері;

Қазақстан Республикасына түпкiлiктi көшiп келгендер;

2) жұмыс берушi есебiнен ақылы негiзде:

тамақ өнеркәсiбi, қоғамдық тамақтану және азық-түлік сату орындарының қызметкерлері;

тұрғындарға қызмет көрсету аясында жұмыс iстейтiндер;

көлiктiң барлық түрлерiнде жолаушыларды тасымалдап, қызмет көрсететiндер;

орта және жоғарғы оқу орындарының қызметкерлерi;

дәрiлердi дайындаушы, өлшеп ораушы және таратушы дәрiхана қызметкерлерi;

Қазақстан Республикасына уақытша тұруға келгендер, жұмыс істеуге келген мигранттарды қоса.