Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
прил. 1 к пр.218 с прил.1-7 гос.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
279.04 Кб
Скачать

2. Туберкулезді анықтау

  1. БМСК ұйымдарының медицина қызметкерлеріне мынадай міндеттер жүктеледі:

1) ауру белгілері бар науқастар арасында қақырық микроскопиясы әдісін және туберкулезбен ауыру қаупі жоғары халық арасында («қауіп» тобы) флюорография әдісін қолдана отырып, туберкулезді ерте анықтау;

2) бақылау химиотерапиясын жүргізу;

3) халық арасында туберкулездің алғашқы белгілері және аурудың алдын алу туралы санитариялық ағарту жұмысын кеңінен жүргізу.

  1. БМСК ұйымының медицина қызметкері осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес зерттеу үшін қақырықты сапалы түрде жинап, оны зерттеу үшін зертханаға уақытылы жеткізуді жүзеге асырады.

  2. БМСК ұйымында қақырықты микроскопиялық зерттеу екі аптадан астам уақыт жөтелі бар (жөтел - өкпе (жұқпалы) туберкулезінің негізгі белгісі) және төменде аталған клиникалық белгілердің біреуі не бірнешеуі байқалған науқастарға жүргізіледі:

  1. салмақ жоғалту;

  2. тершеңдік;

  3. кеуде қуысындағы ауырсынуы;

  4. қан түкіру;

  5. ұзақ уақыт бойы дене қызуының жоғарлауы.

  1. Науқаста жоғарыда аталған симптомдар болған жағдайда медицина қызметкері осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасында келтірілген туберкулезге күдікті науқасты тексерудің диагностикалық алгоритміне сәйкес толық зерттеу шараларын жүргізеді.

  2. Туберкулезге рентгенологиялық әдіспен күдік туған, бірақ қақырық жағындысының микроскопиясы теріс болған жағдайда кеуделік шағымдары және интоксикация белгілері жоқ науқас диагнозды анықтау үшін фтизиатрға диагностикалық алгоритмді жүргізбестен бірден жолданады.

  3. Туберкулезге шалдыққан науқаспен қарым-қатынаста болған адамда туберкулез ауруына клиникалық-рентгенологиялық күдік туған жағдайда диагнозды анықтау үшін фтизиатрға диагностикалық алгоритмді жүргізбестен бірден жолдау керек.

  4. Науқаста ТМБ анықталған жағдайда ол ТҚҰ жолданады, ол жерде қосымша зертханалық зерттеулер жүргізіліп, туберкулезге қарсы ем тағайындалады.

  5. Қақырық микроскопиясының нәтижелері теріс болған және туберкулезге тән ауру белгілері күшейген жағдайда науқас міндетті түрде фтизиатр дәрігердің кеңесіне жіберіледі.

  6. Халық арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізгенде нақты жағдайларда туберкулез туралы барлық қолжетімді әдістер мен ақпараттандыру құралдары пайдаланылады.

  7. Ауруды флюорография әдісімен анықтау туберкулезбен ауыру қаупі жоғары адамдардың арасында жүргізіледі.

  8. Алғаш рет ауруға шалдыққан науқастардың туберкулезінің асқынған түріне мынадай клиникалық нысандар жатады:

  1. жеделдеу және созылмалы диссеминирлік туберкулез;

  2. асқынған туберкулезді менингит;

  3. казеозды пневмония;

  4. фиброзды-кавернозды туберкулез;

  5. асқынған өкпеден тыс туберкулез;

  6. 0-15 жас аралығындағы балалардың өкпедегі деструктивтік өзгерістері мен бактерия бөлудің болуы.

  1. Туберкулездің кеш анықталған жағдайларына санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары, ТҚҰ және БМСК мекемелері бірлесіп отырып клиникалық талдау жасап, міндетті түрде талдау Хаттамасын жүргізіп, іс-шаралар жоспарын құрастырады.

  2. ТБ 01 науқастың амбулаториялық картасында және тиісті медициналық құжаттарда мекенжайы бойынша бақыланатын амбулаториялық ем жүргізу тәртібі нақты көрсетіледі.

  3. БМСК ұйымында туберкулезді күдік тудырған науқастарды тіркеу Журналы (ТБ 15) және туберкулезді шалдыққан науқастардың медициналық картасы (ТБ 01) жүргізіледі.

  4. БМСК ұйымында туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілердің (бұдан әрі – ТҚД) бір айлық қоры болуы тиіс. Науқастарды амбулаториялық бақылау емдеуге қажетті дәрілер ТҚД тіркеу журналында (ТБ 12) есепке алынып, тіркеледі. Дәрілердің кіріс-шығысы туралы есеп ТҚҰ ай сайын тапсырылады.

  5. БМСК ұйымында ТҚД-мен туберкулезден басқа ауруларды емдеуге тыйым салынады.