Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
прил. 1 к пр.218 с прил.1-7 гос.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
279.04 Кб
Скачать

17

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінiң

2011 жылғы « ___ » ____________

№ ____ бұйрығына 1-қосымша

Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары мен туберкулезге қарсы ұйымдарда туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және диспансерлік бақылау жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

  1. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары мен туберкулезге қарсы ұйымдарда туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және диспансерлік бақылау жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары (бұдан әрі – БМСК) мен туберкулезге қарсы ұйымдардың (бұдан әрі – ТҚҰ) медицина қызметкерлерінің туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және диспансерлік бақылау жөніндегі жұмыстарының негізгі тәртібі мен көлемін анықтайды.

  2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) қақырық микроскопиясының оң нәтижесімен өкпе туберкулезі (бактерия шығарушы) ем жүргізілгенге дейін қақырық жағындысының микроскопиясы кезінде туберкулез микобактериялары (бұдан әрі - ТМБ), тіпті бір рет болса да табылған науқаста анықталады.

2) қақырық микроскопиясының теріс нәтижесімен өкпе туберкулезі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және клиникалық практика стандарттарына сәйкес мынадай өлшемдердің негізінде анықталады:

қақырық жағындысын қышқылға көнбейтін бактерияларға (бұдан әрі – ҚКБ) микроскопия әдісімен зерттегенде кем дегенде 3 нәтиже теріс болса;

өкпедегі рентген әдісімен анықталған өзгерістер белсенді туберкулезге тән болса;

кең спектрлі антибактериялық дәрілермен жүргізілген ем тиімсіз болса;

дәрігер туберкулезге қарсы емнің толық курсын жүргізуге шешім қабылдаса.

3) қақырық жағындысының конверсиясы - ем барысында ТМБ жойылуы әр ай сайын жүргізілген микроскопия және тығыз қоректік ортада егу әдісінің қатарынан кем дегенде екі теріс нәтижесімен дәлелденген болса (науқас әлі де бактерия бөлуші болып саналады);

4) көптеген дәріге көнбейтін туберкулез (бұдан әрі -КДК ТБ) – бұл кем дегенде изониазид пен рифампицинге төзімді Mycobacterium tuberculosis штаммдары қоздырған, көптеген дәріге көнбейтін туберкулез;

5) кең көлемді дәрілерге көнбейтін туберкулез (ККДК ТБ) – бұл кемінде изониазид пен рифампицинге, сондай-ақ фторхинолондардың біреуіне және екінші қатардағы инъекциялық үш дәрінің біреуіне (капреомицин, канамицин немесе амикацинге) көнбейтін ТМБ туындаған штаммдары тұрақты туберкулез;

6) полирезистентті туберкулез (бұдан әрі – ПР ТБ) – бұл КДТ ТБ және ДККТ ТБ-ден өзгеше (айрықша), екі және одан да көп дәрілерге көнбейтін ТМБ штаммдары қоздырған туберкулез;

7) қарқынды кезең – аурудың клиникалық белгілерін жоюға және туберкулез микобактерияларының популяцияларына барынша әсер етуге бағытталған емнің бастапқы кезі (бактерия бөлудің тыйылуы және дәріге көнбейтін штаммдардың дамуының алдын алу).

8) жалғастыру кезеңі – әлі де сақталған микобактерия популяцияларына әсер етіп, қабыну өзгерістерінің әрі қарай азайып, туберкулезді үрдістің кері қайтуын және науқас ағзасының функционалдық мүмкіндіктерінің қайта қалыптасуын қамтамасыз ететін емнің жалғасу кезеңі.

9) микроскопиялық зерттеу – микобактерияларды бактериоскопиялық анықтау әдісі. Бактериоскопиялық әдіс науқаста туберкулезді анықтауға, сонымен қатар ем нәтижелігін бақылауға мүмкіндік береді.

10) егу әдісі – бактериологиялық зертхана жағдайында микобактерия дақылдарын қоректік ортада бөліп алу әдісі. Егу әдісіне кез-келген биологиялық материал жолданады.

11) дәріге сезімталдық тесті - туберкулез микобактерияларының туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілерге сезімталдық спектрін анықтау, науқастарды емдеу тактикасын таңдауға мүмкіндік беріп, ем тиімділігін бақылау және ауру нәтижесін болжау үшін қолданылады.