Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
прил. 3 к пр.218 с прил.1-3 гос.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
152.58 Кб
Скачать

9

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінiң

2011 жылғы « ___ » ____________

№ ____ бұйрығына 3-қосымша

Туберкулезге қарсы ұйымдарда көптеген және кең ауқымды дәріге көнбейтін туберкулезбен ауыратын науқастарды режіммен тексеру жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

  1. Туберкулезге қарсы ұйымдарда көптеген және кең ауқымды дәріге көнбейтін туберкулезбен ауыратын науқастарды режіммен тексеру жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) көптеген (бұдан әрі – КДК ТБ) және кең ауқымды дәріге көнбейтін (бұдан әрі - КАДК ТБ) туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және диспансерлік байкау жөніндегі туберкулезге қарсы ұйымдардың (бұдан әрі – ТҚҰ) медицина қызметкерлерінің негізгі жұмыс тәртібін анықтайды.

  2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

  1. КДК ТБ – бұл кем дегенде изониазид пен рифампицинге көнбейтін Mycobacterium tuberculosis (бұдан әрі - ТМБ) штаммдары қоздырған, көптеген дәрілерге көнбейтінлігі бар туберкулез;

  1. КАДК ТБ бұл кем дегенде изониазид пен рифампицинге, сонымен қатар фторхинолондардың біреуіне және екінші қатардағы инъекциялық үш дәрінің біреуіне (капреомицин, канамицин немесе амикацинге) көнбейтін ТМБ штаммдары қоздырған, дәрілерге кең көлемді көнбейтінлігі бар туберкулез;

  1. полирезистентті туберкулез (бұдан әрі – ПР ТБ) – бұл КДК ТБ және ДККТ ТБ-ден өзгеше (айрықша), екі және одан да көп дәрілерге көнбейтін ТМБ штаммдары қоздырған туберкулез;

  1. бактерия шығару – микроскопия әдісімен қақырықта ТМБ-ның анықталуы;

  1. қақырық конверсиясы – ем барысында ТМБ жойылуы әр ай сайын жүргізілген микроскопия немесе тығыз қоректік ортада егу әдісінің қатарынан кем дегенде екі теріс нәтижесімен дәлелденген болса (науқас әлі де бактерия бөлуші болып саналады);

  1. бактерия бөлудің тиылуы/тоқтауы - қақырық конверсиясынан кейінгі 12 ай бойы бактериологиялық және микроскопиялық әдіс нәтижелерінің теріс болып, емнің толық курсының аяқталуы және өкпедегі үрдістің тұрақталуы.

2. IV санаттағы науқастарды анықтау және тіркеу

  1. КДК ТБ зертханалық әдістермен дәлелденген немесе оған күдік тудыратын науқастар, сонымен қатар зертханалық әдістермен дәлелденген ДККТ ТБ бар науқастар IV санат бойынша тіркеліп, емделеді. IV санатқа туберкулезге шалдыққан келесі науқастар жатады:

  1. зертханалық әдістермен дәлелденген КДК ТБ бар;

  1. ПРТ бар, I, II және III санаттар бойынша ем нәтижесі «сәтсіз ем» болған (КДК ТБ даму қаупі жоғары);

  1. зертханалық әдістермен дәлелденген ДККТ ТБ бар;

  1. екінші қатардағы препараттармен жүргізілген ем сәтсіз болған науқастар (ДККТ ТБ даму қаупі жоғары).

  1. IV санаттағы науқастар келесі типтер бойынша тіркеледі:

  1. IV санат, жаңадан ауырған науқас/аурудың жаңа жағдайы - бұрын ешқашан ем қабылдамаған немесе 1 айдан кем қабылдаған науқаста I не III санат бойынша емнің қарқынды кезеңі аяқталғанға дейін ем алдында жүргізілген дәріге сезімталдық тестінің (бұдан әрі - ДСТ) нәтижесі КДК ТБ болуын анықтаған жағдайда;

  1. IV санат, сәтсіз ем – бірінші не екінші қатардағы туберкулезге қарсы қолданылатын препараттармен (бұдан әрі - ТҚП) алғаш рет немесе қайталап тиімсіз емделген науқас;

  1. IV санат, рецидив/аурудың қайталануы – бұрын бірінші не екінші қатардағы ТҚП емделіп, «сауықты» немесе «ем аяқталды» деген ем нәтижесі болған науқаста кейіннен КДК ТБ анықталған жағдайда;

  1. IV санат, үзілістен кейінгі ем – бірінші қатардағы ТҚП емін 2 ай және одан да астам уақытқа үзген бактерия бөлуші науқаста ем тәртібін бұзу кезінде КДК ТБ анықталса, сонымен қатар екінші қатардағы ТҚП емін 2 ай және одан да астам уақытқа үзгеннен кейін емін қайта бастаған науқас;

  1. IV санат, ауыстырылды – басқа емдеу мекемесінде тіркелген, ем тағайындау не жалғастыру үшін осы мекемеге ауысып келген IV санаттағы науқас. Ем курсы аяқталғаннан кейін осы науқастың емі мен ем нәтижесі туралы ақпарат ол алғаш рет тіркелген ТҚКҰ жіберіледі;

  1. IV санат, басқалар – жоғарыда аталған анықтамаларға сәйкес келмейтін барлық жағдайларды қамтиды.

  1. ДККТ ТБ жағдайы зертханалық дәлелденгенде:

  1. екінші қатардағы ТҚП емдеудің қарқынды кезеңінде (12 айға дейін) ДККТ ТБ анықталған науқас қайта тіркелмейді және де оның типі өзгермейді. Науқасты әрі қарай емдеу кестесі КДК/ДККТ ТБ бойынша Орталықтандырылған дәрігерлік консультациялық комиссия (бұдан әрі - ОДКК) отырысында анықталады. ОДКК шешіміне сәйкес бұл науқастарға аурудың клиникалық, рентгенологиялық және бактериологиялық көріністерін ескере отырып, қосымша үшінші қатардағы ТҚП тағайындалып, инъекциялық дәрі (амикацин, капреомицин немесе канамицин) сезімталдық сақталған немесе бұрын қолданылмаған ТҚП және офлоксацин немесе левофлоксацин - моксифлоксацинге алмастырылады. Бұл жағдайда емнің қарқынды кезеңі ем кестесі өзгертілген уақыттан бастап 12 айға дейін ұзартылады;

  1. екінші қатардағы ТҚП емдеудің қарқынды кезеңі (12 ай) аяқталғаннан кейін ДККТ ТБ дәлелденген, ем нәтижесі «сәтсіз ем» деп анықталған науқас аудандық IV санатты тіркеу журналы ТБ 11-ге «сәтсіз ем» типімен қайта тіркеуге алынады. Науқасты әрі қарай емдеу кестесі КДК/ДККТ ТБ ОДКК отырысында ДККТ ТБ емге іріктеу шарттарын ескере отырып анықталады.