Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
прил. 3 к пр.218 с прил.1-3 гос.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
152.58 Кб
Скачать

4. IV санаттағы науқастардың ем нәтижесін тіркеу

  1. IV санаттағы науқастардың ем нәтижесін тіркеу:

1) сауықты/жазылды:

IV кесте бойынша емнің толық курсын аяқтаған және емнің соңғы 15 айы ішінде 3 ай сайын жүргізілген егу әдісінің нәтижелері кем дегенде бес рет теріс болған науқас;

IV кесте бойынша емнің толық курсын аяқтаған, емнің соңғы 15 айы ішінде егу әдісінің нәтижесі бір рет оң болған, бірақ аурудың клиникалық-рентгенологиялық нашарлау белгілері анықталмаған және 3 ай сайын жүргізілген егу әдісінің нәтижелері қатарынан 3рет теріс болған науқас;

КАДК ТБ бойынша ем курсын толық аяқтаған және емнің соңғы 21 айы ішінде 3 ай сайын жүргізілген егу әдісінің нәтижелері кем дегенде жеті рет теріс болған науқас;

КАДК ТБ бойынша ем курсын толық аяқтаған, емнің соңғы 21 айы ішінде егу әдісінің нәтижесі бір рет оң болған, бірақ аурудың клиникалық-рентгенологиялық нашарлау белгілері анықталмаған және 3 ай сайын жүргізілген егу әдісінің нәтижелері қатарынан 5 рет теріс болған науқас;

емнің 0 айында қақырық микроскопиясы теріс нәтижелі болған, бірақ микроскопияның алдыңғы нәтижелері бойынша бактерия бөлуші науқаста ем барысында «сауықты» деген ем нәтижесін анықтауға жеткілікті егу әдісінің теріс нәтижелері болған жағдайда;

2) ем аяқталды - IV кесте және КАДК ТБ бойынша емнің толық курсын аяқтаған, бірақ «сауықты» немесе «сәтсіз ем» анықтамаларына сәйкес келмейтін науқас;

3) сәтсіз ем:

IV кесте бойынша ем қабылдап жатқан не аяқтаған науқаста емнің соңғы 15 айы ішінде 5 қақырық егу әдісі нәтижесінің кем дегенде екеуі немесе соңғы үшеуінің кез-келген біреуі оң болған жағдайда;

IV кесте бойынша 10 ай бойы ем қабылдаған науқаста микроскопия не егу әдісі бойынша бактерия бөлу сақталса;

IV кесте бойынша ем қабылдап жатқан науқаста соңғы 12 ай ішінде микроскопия әдісімен қақырық конверсиясы анықталмаса;

IV кесте бойынша ем қабылдап жатқан науқаста ТҚП барлығын қабылдай алмау салдарынан емді аяқтау мүмкін болмаған жағдайда;

КАДК ТБ бойынша ем қабылдап жатқан не аяқтаған науқаста емнің соңғы 21 айы барысында 7 рет қақырықты егу әдісінің нәтижелерінің кем дегенде екеуі немесе соңғы бесеуінің кез-келген біреуі оң болған жағдайда;

КАДК ТБ бойынша ем қабылдап жатқан не аяқтаған науқаста емнің соңғы 21 айы барысында 7 рет қақырықты егә әдісінің нәтижелерінің кем дегенде екеуі оң болған жағдайда;

КАДК ТБ бойынша 15 ай бойы ем қабылдап жатқан науқаста микроскопия не егу әдісі бойынша бактерия бөлу сақталса;

КАДК ТБ бойынша ем қабылдап жатқан науқаста ТҚП барлығын қабылдай алмау салдарынан емді аяқтау мүмкін болмаған жағдайда;

4) қайтыс болды - IV кесте және КАДК ТБ бойынша ем барысында кез-келген себептен қайтыс болған науқас;

5) ем тәртібін бұзды - IV кесте және КАДК ТБ бойынша емін қатарынан екі не одан да көп айға үзген науқас;

6) ауыстырылды – осы емдеу мекемесінен басқа мекемеге кетіп, IV кесте және КАДК ТБ бойынша ем нәтижесі белгісіз науқас.

5. Диспансерлік бақылау тәртібі

  1. IV санатта IV кесте бойынша және КАДК ТБ ем қабылдап жатқан науқастар IВ диспансерлік есеп тобында бақыланады.

  2. Арнайы ем жүргізілмейтін IV санат науқастары IГ диспансерлік есеп тобында бақыланады.

  3. IV кесте және КАДК ТБ бойынша емнің толық курсын аяқтап, «сауықты» немесе «ем аяқталды» деген ем нәтижесі анықталған науқастар II диспансерлік есеп тобына ауыстырылып, екі жыл бойы бақылауда болады.

  4. IV санат науқастары әлеуметтік қорғау мен көмекке мұқтаж.

  5. IV санат науқастары емнің толық курсы (емнің қарқынды және жалғастыру кезеңдері) барысында лайықты мүгедектік тобын анықталған мерзім ішінде алуға құқылы.

  6. Патогенетикалық ем химиотерапиялық емнің негізгі курсы фонында туберкулез үрдісінің фазасына, жеке көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерге сәйкес жүргізіледі.

  7. IV кесте және КАДК ТБ бойынша ем қабылдап жатқан науқастар тәулігіне 5 рет тамақтандырылып, құнарлығы 6 мың ккал кем болмауы тиіс.

  8. КДК ТБ және КАДК ТБ бар науқастарды хирургиялық емдеу IV санат бойынша емдеу фонында, арнайы үрдістің тұрақталуы кезінде, дәрігер-фтизиохирургтың кеңесінен кейін көрсеткіштерге сәйкес жүргізіледі. Дәрігер-фтизиохирургтың кеңесі КАДК ТБ бар арнайы ем алып жатқан барлық науқастарға ем алдында және ем барысында көрсетілген.

  9. ТҚП жанама әсерлерінің алдын алу IV кесте және КАДК ТБ бойынша емнің толық курсы (емнің қарқынды және жалғастыру кезеңдері) барысында жүрізіледі:

  1. циклосеринмен емдеудің барлық кезеңінде глютамин қышқылын күнделікті және «В» тобының дәрумендерін анда-санда тағайындау;

  1. екінші қатардағы инъекциялық ТҚП қабылдау барысында калий препараттарын тағайындау;

  1. асқазан-ішек жолының қызметін жақсартатын гепатопротекторлар мен ферменттерді көрсеткіштер бойынша тағайындау.