Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
прил. 3 к пр.218 с прил.1-3 гос.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
152.58 Кб
Скачать

6. IV санаттағы науқастарға жұмыс істеуге және оқу оқуға рұқсат беру тәртібі

  1. IV санаттағы науқастарға жұмыс істеуге және оқу оқуға рұқсат беру

туралы медициналық қорытындыны ОДКК береді.

  1. IV санаттағы келесі науқастарға жұмыс істеуге және оқу оқуға рұқсат беріледі:

  1. IV санат кестесі және КАДК ТБ бойынша ем курсын сәтті аяқтап, «сауықты» немесе «ем аяқталды» деген ем нәтижесі анықталғандарға;

  1. IV санат кестесі бойынша емнің жалғастыру кезеңіндегі, шектелген үрдістері бар, жалпы жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланған және ТҚП жақсы көтеретін науқастарға әлеуметтік сауықтыру мақсатында ОДКК шешімімен оқу оқуға (балалар мен жасөспірімдерден басқалар) немесе жеңіл–желпі еңбек етуге рұқсат беріледі.

Туберкулезге қарсы ұйымдарда көптеген және кең ауқымды дәріге көнбейтін туберкулезбен ауыратын науқастарды режиммен тексеру жөніндегі нұсқауға

1-қосымша

Орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссияның

Жұмыс істеу тәртібі

1. Орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссия (бұдан әрі - ОДКК) отырыстары ТҚҰ бас дәрігері бекіткен кестеге сәйкес, апта сайын кем дегенде бір рет жүргізіледі және де комиссия мүшелерінің кем дегенде үшеуі қатысуы керек. ОДКК отырысында талданатын науқастардың тізімі қарастыру мақсатын көрсете отырып, алдын–ала құрастырылуы тиіс. Отырыста қабылданған барлық шешімдер ОДКК мүшелерінің арнайы журналда қол қоюы арқылы расталады.

2. Әрбір жағдайды қарастыру барысында науқас туралы ақпарат ұсынылып, талданып, шешім қабылданады.

3. Науқасқа ем тағайындалған жағдайда дәрімен қамтамасыз етуге жауапты қызметкер емнің толық курсына және бір тоқсанға қажетті ТҚП санын есептеп, емді бақылау парағын толтырады.

Одкк құрамы

1. Төрағасы/төрайымы: ТҚҰ бас дәрігері.

2. Төрағаның/төрайымның орынбасары: бас дәрігердің емдеу жұмысы бойынша орынбасары.

3. Мүшелері:

1) ұйымдастыру-әдістемелеу бөлімінің меңгерушісі;

2) IV санаттағы науқастарды емдеу бөлімінің меңгерушісі;

3) дәрігер-бактериолог;

4) провизор;

5) хатшы.

Туберкулезге қарсы ұйымдарда көптеген және кең ауқымды дәріге көнбейтін туберкулезбен ауыратын науқастарды режиммен тексеру жөніндегі нұсқауға

2-қосымша

Кадк тб емдеу үшін IV санаттағы науқастарды іріктеу топтары

КАДК ТБ бар науқастар топтары

Емдеуге көрсеткіштер

Сипаттамасы

I топ

Ем көрсетілген

Денсаулық жағдайына алаңдайтын және емделуге ниеті бар, маскүнемдікке және нашақорлыққа салынбаған, асқынған жанама аурулары жоқ, ұзақ мерзімді бақылаулы емді ұстанатын, бұрын емделу барысында ТҚП жақсы көтерген, әлеуметтік жағдайы қанағаттанарлық науқастар

II топ

Ем

уақытша қарсы көрсетілген

1. Қазіргі кезде бақылаулы емнің толық курсын қабылдауға кедергі жасайтын уақытша биоәлеуметтік және ұйымдастыру қиындықтары бар науқастар (қазіргі сәтте емнен бас тартқандар, субкомпенсация сатысындағы бауыр, бүйрек, ОНЖ және басқа ағзалардың жанама арулары бар науқастар, ауруханаға жатқызуға уақытша мүмкіндік болмаған жағдайда, емнің толық курсына қажетті екінші және үшінші қатардағы дәрілердің толық жиынтығы болмаса, науқас маскүнемдікке немесе нашақорлыққа салынған болса). Жоғарыда аталған қиындықтар жойылғаннан кейін ем жүргізуге болады.

2.Бұрын тағайындалған ем кестелерін жүйелі түрде бұзғандығы құжатталған науқастар.

III топ

Ем

мүлдем қарсы көрсетілген

1. Туберкулез ауруының терминалді сатысы бар науқастар.

2. Өкпе, жүрек-тамыр жүйесі, бауыр, бүйрек және т.б. ағзалардың қызметінің декомпенсациясы анықталған ауыр жанама аурулары бар науқастар.

Туберкулезге қарсы ұйымдарда көптеген және кең ауқымды дәріге көнбейтін туберкулезбен ауыратын науқастарды режиммен тексеру жөніндегі нұсқауға

3-қосымша