Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
прил. 1 к пр.218 с прил.1-7 гос.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
279.04 Кб
Скачать

3. Туберкулез үрдісін орнықтыруға сәйкес тіркеу жүргізу

  1. Орнығу орнына сәйкес туберкулезді мынадай түрлері бойынша ажыратады:

1) өкпе туберкулезі – патологиялық үрдіспен өкпе паренхимасы зақымданған жағдайда;

2) өкпеден тыс туберкулез – барлық басқа ағзалар мен тіндердің туберкулезі ( плевраның, лимфа түйіндерінің, іш қуысының, несеп-жыныс жүйесінің, буындар мен сүйектердің, бас миы және жұлын қабықшаларының туберкулезі);

  1. Науқаста өкпелік және өкпеден тыс туберкулез бірдей кездескен жағдайда ол өкпе туберкулезі бар науқас болып есептеледі. Милиарлы туберкулез өкпелікке жатады, себебі өкпеде патологиялық өзгерістер анықталады.

  2. Өкпеден тыс туберкулез диагнозы бактериология, цитоморфологиялық зерттеулерге негізделіп анықталады, немесе белсенді өкпеден тыс туберкулезге нұсқайтын клиникалық-рентгенологиялық мәліметтерге негізделеді. Бірнеше ағзасы зақымдалған өкпеден тыс туберкулезі бар науқас үрдістің шоғырлануының ауырлығына сәйкес тіркеледі.

  3. Қақырық микроскопиясының нәтижесі оң (бактерия бөлуші) өкпе туберкулезі науқаста мынадай жағдайларда анықталады:

  1. ем тағайындалғанға дейінгі қақырық микроскопиясы кезінде кем дегенде екі рет ТМБ анықталса;

  2. қақырық микроскопиясы кезінде бір рет ТМБ анықталса және де рентгенологиялық зерттеу барысында анықталған патологиялық өзгерістер фтизиатр дәрігердің қорытындысы бойынша өкпенің белсенді туберкулезіне тән болса.

  1. Қақырық микроскопиясының нәтижесі теріс өкпе туберкулезі қақырық микроскопиясының нәтижесі оң өкпе туберкулезінің анықтамасына сәйкес келмейтін науқасқа қойылады.

  2. Қақырық микроскопиясының нәтижесі теріс болған науқаста егу әдісінің нәтижесі оң болса, ол науқаста белсенді туберкулездің болуын дәлелдеп, диагнозды растайды.

  3. Қақырық микроскопиясының нәтижесі теріс өкпе туберкулезін анықтау өлшемдері:

  1. қақырық жағындысын ТМБ микроскопия әдісімен зерттегенде кем дегенде 3 нәтиже теріс болу;

  2. өкпедегі рентген әдісімен анықталған өзгерістер белсенді туберкулезге тән болу;

  3. ОДКК туберкулезге қарсы емнің толық курсын жүргізуге шешім қабылдауы.

4. Туберкулезді науқастардың түрлері бойынша тіркеу

  1. Туберкулезге шалдыққан науқастар 4 санат бойынша тіркеуге алынады:

  1. I (бірінші) санат - өкпе туберкулезіне алғаш рет шалдыққан бактерия бөлуші науқастар және өкпеден тыс туберкулезбен алғаш рет ауырған науқастар; сонымен қатар өкпе туберкулезіне алғаш рет шалдыққан 1 сегменттен аса зақымдануы бар бактерия бөлмейтін науқастар; туберкулездіа алғаш рет шалдыққан өкпелік және өкпеден тыс туберкулездің асқынған және жанасқан түрлерi бар бактерия бөлмейтін науқастар.

  2. II (екінші) санат - туберкулез ауруы қайталанған, емi сәтсiз аяқталған, үзiлiстен кейiн емін жалғастырушы науқастар және басқалар.

  3. III (үшінші) санат – алғаш рет ауырған бактерия шығармайтын шектелген (1 сегменттің көлемінде) асқынбаған өкпе туберкулезі және өкпеден тыс туберкулез түрлеріне шалдыққан науқастар.

  4. IV (төртінші) санат – зертханалық дәлелденген көптеген дәрілерге төзімді (бұдан әрі – КДТ ТБ) және кең көлемді дәріге төзімді туберкулезі бар (бұдан әрі – ККДТ ТБ), I, II, III және IV санат кестелері бойынша ем нәтижесі «сәтсіз ем» болған полирезистенттік (бұдан әрі – ПР ТБ) туберкулезі бар науқастар.

  1. Туберкулезді шалдыққан науқастардың мынадай типтерін ажыратады:

  1. аурудың жаңа жағдайы - бұрын ешқашан ТҚД қабылдамаған немесе оларды 1 айдан кем уақыт қабылдаған науқас;

  2. қайталап ауру – бұрын бірінші қатардағы ТҚД емнің толық курсын қабылдап, «сауықты» немесе «ем аяқталды» деген ем нәтижесі болған науқаста кейіннен бактерия бөлу байқалса;

  3. сәтсіз ем – алғашқы ем курсы сәтсіз болуына байланысты туберкулезге қарсы ем курсы қайта тағайындалған науқас;

  4. үзілістен кейінгі ем – емін 2 ай және одан да астам уақытқа үзгеннен кейін қайта бастаған, қақырық микроскопиясының нәтижесі оң науқас;

  5. ауыстырылды – басқа емдеу мекемесінде туберкулезге шалдыққан науқас деп тіркелген, ем тағайындау не жалғастыру үшін осы мекемеге ауысып келген науқас. Ем курсы аяқталғаннан кейін осы науқастың ем нәтижесі туралы ақпарат ол алғаш рет тіркелген ТҚКҰ жіберіледі;

  6. басқалар – жоғарыда аталған анықтамаларға сәйкес келмейтін барлық жағдайларды қамтиды. Бұл қайталанған бактерия бөлусіз өкпе туберкулезі мен өкпеден тыс туберкулез жағдайлары. Бұндай жағдайлар бірен-саран болуы тиіс және әрбір жағдайда диагноз патоморфологиялық не бактериологиялық әдістермен дәлелденуі керек.

  7. Көптеген (КДК ТБ) және кең ауқымды дәріге көнбейтін (ДККТ ТБ) туберкулезі бар науқастарды бақылау мақсатында IV санат түрi бөлiніп көрсетiлген. Науқасты IV санатқа ауыстыру және ем тәртібі туралы шешімді ОДКК қабылдайды.

  1. IV санаттағы науқастарды тіркеу Көптеген дәрілерге және дәрілерге кең көлемде төзімді туберкулезге шалдыққан науқастарды туберкулезге қарсы күрес ұйымдарында қадағалау бойынша Нұсқауға сәйкес жүргізіледі.