- •Қазақстан республикасы
- •Кіріспе
- •Мазмұны:
- •Жалпы микробиология бөлімі
- •Грам әдісімен бояу
- •Волютин қосындыларын бояу
- •Романовский-Гимзе бойынша бояу
- •Ожешко әдісімен спораларды бояу
- •Бактерияларда капсуланы анықтау
- •Таза дақыл алу әдістері
- •Бактериологиялық әдіс - бір микроорганизмнің таза дақылын алу және оны серовар мен фаговарға дейін идентификациялау;
- •Бактериологиялық әдіспен зерттеу _______________________________
- •__________________________________________________________________
- •Аэробты бактериялардың таза дақылын бөліп алу схемасы
- •Бөлініп алынған таза дақылды идентификациялау:
- •Анаэробты бактерияларды дақылдандыруға арналған қоректік орталар
- •Анаэробты бактериялардың таза дақылын бөліп алу схемасы
- •Бөлініп алынған таза дақылды идентификациялау:
- •Бактериялардың қоректенуі
- •Бактериялардың тыныс алуы
- •Қоректік орталар
- •Тақырыбы: Бактериялардың биохимиялық белгілері. Ферментативті белсенділікті оқу (зерттеудің 3-ші күні). Бактериялардың идентификациясы. Саңырауқұлақтар, құрылысы, жіктелуі және дақылдандыру
- •Бактерия идентификациясына арналған негізгі биохимиялық тесттер.
- •Бактерияның тыныс алуына қатысатын (каталаза, нитратредуктаза, цитохромоксидаза) ферменттерді анықтау.
- •Саңырауқұлақтар, құрылысы, жіктелуі және дақылдандыру.
- •Репродукциясы
- •Ақтаңдақ түзеу әдісі
- •Гемагглютинациялық реакция (гар - рга)
- •Ішек жолының микрофлорасының көрсеткіші.
- •Дисбактериоз
- •Ауа микрофлорасы
- •Су микрофлорасы
- •Сапробтық
- •Ауыз судың сынақтарының таңдау, тасымалдау және сақтауы
- •Сынамаларды сақтау және транспорттау.
- •Мембраналы фильтрация негізгі әдіс.
- •Суды патогенді микроағзалар болғанда санитарлы- микробиологиялық зерттеу.
- •Кумбс реакциясы (антиглобулинді реакция)
- •Преципитация реакциясы
- •Иммунофлюоресцентті әдіс
- •Ақпараттық-дидактикалық блок
- •Иммуноэлектрофорез әдісі
- •Иммунды ферментті анализ, ифа
- •Ақпаратты-дидактикалық блок
- •Тест тапсырмалары:
- •Қолданылған әдебиеттер:
Грам әдісімен бояу
Бояу кезеңдері.
Жұғын-препаратты генцианвиолетпен бояу (2 мин, фильтр қағазы арқылы);
Бояу сүзгі қағазын алып тастау, қалған бояуды төгу;
Жұғын-препаратты Люголь ертіндісімен бояу (1 мин);
Люголь ертіндісін төгіп тастау және 96% спирттің бірнеше тамшысын тамызу (30-40 сек, шыныны сәл қозғау);
Спиртті сумен жақсылап шайып тастау;
Сулы фуксинмен бояу (2 мин);
Сумен жақсылап шайып тастау, сүзгі қағазымен құрғату;
Жұғын-препаратты иммерсиялық жүйе көмегімен микроскоптан қарау.
Барлық бактериялар Грам әдісімен боялуы бойынша бөлінеді: грам оң сия көк-күлгін түсте және грам теріс – қызыл түсте. Осылай боялу қабілеті бактерияның химиялық құрамына байланысты. Грам оң бактериялардың жасуша қабырғасында ароматты және күкіртті аминқышқылдары жоқ, липидтер аз, ал грам теріс бактерияларда, керісінше, аталған заттар көп мөлшерде кездеседі. Сонымен қатар, грам оң бактерияларда рибонуклеин қышқылының магний тұздары бар, олар грам теріс бактерияларда жоқ. Осы заттар генцианвиолет, йодпен және ақуыздармен бірге тұрақты химиялық кешен құрайды, спиртпен түссіздендіргенде жойылмайды. Грам теріс бактерияларда бұндай кешен құралмағандықтан, спиртпен жылдам түссізденеді. Бірақ спиртпен өңдеу уақытын шектеу қажет, берілген уақыттан көп түссізденсе кешен бұзылуы мүмкін. Сондықтан келесі сулы фуксин бояу түсін қабылдайды. Ал егер берілген уақыттан аз спиртпен түссіздендірілген болса грам теріс бактерияларды ажырату қиынға соғады.
Волютин қосындыларын бояу
Волютин — бұл нуклеин қышқылының туындысы – қоректі зат ретінде маңызды роль атқарады. Қоректі зат ретінде майлар, гликоген және волютин ереше орын алады. Осы қосындыларды микроскопияда ажыратып алғашқы болжамды диагноз қоюға болады, мысалы, күл ауруында. Волютин дәндерін айқын Нейссер әдісімен бояғанда көруге болады.
Волютин дәндерін Нейссер әдісі бойынша бояу:
Бояу кезеңдері:
1.Жұғын-препаратты Нейссердің сіркесу қышқылды сия көгімен бояу (2-3 мин);
2.Сумен шайып тастау;
3.Люголь ертіндісімен бояу (30 сек);
4.Бояуды төгіп тастау және везувинмен бояу (1 мин);
5.Жұғын-препаратты жақсылап шайып сүзгі қағазымен кептіру.
6.Жұғын-препаратты иммерсиялық жүйемен микроскоптан қарап, талдау
Жасуша цитоплазмасы қышқыл реакцияда болғандықтан сілтілі везувин бояуын қабылдайды және сары түске боялады. Волютин дәндері цинк ацетатын тығыз байланыстырғандықтан — қоныр-сия көк түсте, тіпті қара болады.
Романовский-Гимзе бойынша бояу
Күрделі бояу әдісіне жатады және мүшелерден алынған жұғын-препараттарды және қан препараттарын бояуға қолданады, сұйық фиксаторда бекіген соң, бактериялық жасушаның ядролық элементтерін және волютин дәндерін анықтау үшін қолдануға болады. Бояу үшін 1 мл суға бір тамшы алынады, рН - 7,2.
Бояу кезеңдері:
1.Петри ыдысына жұғын-препаратты төмен қаратып салу керек және препарат шыныға жабыспау үшін астына зат қою керек;
2.Шетінен бастап бояуды құю керек, көпіршік шықпау керек (1-2мин);
3.Сумен шайып тастау (рН 7,2) және сүзгі қағазымен кептіру.
Жас жасушалардың протоплазмасы сия көк-күлгін түске боялады, ядролық элементтері -қызыл-күлгін түс алады. Енді аз уақыт қышқылмен өндегенде бояуды қабылдаған микробтық жасушалар түссізденбейді. Осылай қышқылға тұрақты бактерияларды тұрақсыз бактериялардан ажыратуға болады. Қышқылға тұрақты бактерияларды қосымша Циль-Нельсен әдісімен бояу қажет.