Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Оу уралы (жалпы микробиология) каз

.pdf
Скачиваний:
208
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
1.4 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

С.Б.Ахметова, Г.А.Абдулина, Ж.С.Сайлау, Р.А.Мұхаметжанова, Ә.Қ.Қабдуова, Г.А.Айтжанова

Жалпы микробиология

оқу – әдістемелік нұсқауы

Қарағанды, 2012

1

ӘОЖ 579 (02)

КБЖ 28.4я7 Ж 22

ПІКІР ЖАЗУШЫ:

Г.А.Бейсембаева – Облыстық денсаулық Басқармасының лаборатория бойынша бас маманы, бактериология зертханасының меңгерушісі, м.ғ.к. Сұлтанов А.Қ. – ҚММУ әлеуметтік медицина және қоғамдык денсаулық сақтау кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент

Ж 22 С.Б.Ахметова, Г.А. Абдулина, Ж.С.Сайлау, Р.А.Мұхаметжанова, Ә.Қ.Қабдуова, Г.А. Айтжанова Жалпы микробиология оқу – әдістемелік нұсқауы. – Қарағанды қ. - 2012. - б.

КБЖ 28.4я7 Ж 22

Бұл жұмыста студенттерге жалпы микробиология пәні бойынша жалпы мәліметтер мен тәжірибелік жұмыс дағдылары берілген. Болашақ дәрігер үшін микробиологиялық әдістердің барлық сұрақтары қарастырылған.

ҚММУ ҚДС, МІ, Ф және МПІ факультеттері бойынша әдістемелік кеңестің мәжілісінде талқыланған және қабылданған.

№9 хаттама «03» мамыр 2012 жыл

ҚММУ Ғылыми кеңесінде басылып шығуға ұсынылған және бекітілген. Хаттама № 11 «31 » мамыр 2012 жыл.

©А. Ахметова С.Б., Абдулина Г.А., Сайлау Ж.С., Мухаметжанова Р.А., Кабдуова А.К., Айтжанова Г.А., 2012

2

Кіріспе

Оқу – әдістемелік құрал теориялық дайындығы жақсы бола тұра микробиологиялық зертханаға келгенде, күн сайынғы істелінетін қыруар жұмысы тәртіп ережелерін толық игермеген еңбек жолын енді бастаған мамандарға зертханадағы потенциальді патогенді биологиялық материалдармен және патогенді микробтар дақылымен жиі қарым – қатынаста болуды талап ететін болғандықтан медицина университетінің студенттеріне, медициналық колледж оқушыларына және жас мамандарға арналады. Осылардың барлығы оқу – әдістемелік құралында қарастырылған.

Микробиологиялық зертханада дәрігерлер мен зертханашылардың күнделікті орындайтын жұмысындағы микроорганизмдердің морфологиясы мен физиологиясын зерттеу әдістемелік құралда нақты сипатталған. Жоғарыда келтірілген материалдар мамандар мен студенттерге ұсыныла отырып, бактериофагтың құрылысы мен қасиеттері, оны бөліп алу, бактерияларды түр ішілік жіктеу әдістері, іріңді – қабыну үрдісімен ішек инфекциясын емдеуге арналған жаңа емдеу – профилактикалық фагтық препараттарды қолдану, микроорганизмдердің физиологиясы мен биохимиялық қасиеттерін талдау барысында қоректену типтері де қарастырылған, бактерияның энергетикалық алмасуы, патогенділіктің қалыптасуы мен метоболизм үрдісіндегі ферменттердің маңызы, микроорганизмдердің туысы мен түрін анықтауда дифференциальді – диагностикалық тесттерді қою әдістері, микроорганизмдердің токсигенділігі, вируленттілігі, әртүрлі агрессия факторлары, сонымен қатар микроорганизмдердің қорғаныштық қасиеті және бактериялардың патогенді факторларын қарастыру барысында микроорганизмдердің конститутивті және индуцибельді қорғаныш механизмдері, иммунитет туралы материал және жұқпалы ауруларды диагностикалауда және науқастың иммунологиялық статусын сипаттау кезінде зерттеу әдістерін бағалауда маңызды роль атқарады.

3

 

 

 

Мазмұны:

 

 

 

Кіріспе ......................................................................................................

 

 

 

 

 

 

.......3

 

 

 

Жалпы микробиология бөлімі

 

 

1.

Бактериология лаборатория құрылысы. Жұмыс істеу ережелері.

Микроорганизмдердің жіктелуі мен жүйеленуі. Прокариоттар. Шар,

таяқша, иілген пішінді бактериялардың морфологиясы. Жұғын дайындау

техникасы. Қарапайым бояу. Микроскоптау техникасы. ...........................

5

2.

Бактериальді жасушаның құрылымы: нуклеоид,

цитоплазма, қосын-

дылар, қабығы, капсула, спора, оларды анықтау әдістері. Жүғынды дай-

ындау техникасы. Күрделі бояу әдістері. Грам бойынша бояу..............

.14

3.

Қышқылға төзімді бактериялар және оларды Циль-Нильсен әдісімен

бояу. Тірі бактерияларды зерттеу. Спирохеттердің, актиномицеттердің,

риккетсиялардың, микоплазмдердің, саңыраукүлақтардың, вирустардың

морфологиясы. Фазалы-контрасты, люминесцентті және электронды

микроскоппен жұмыс істеу ережелері........................................................

 

 

 

20

4.

Бактериологиялық әдіспен зерттеу жобасы. Аэробты микробтардың

таза дақылын бөліп алу (зерттеудің 1-ші күні).

..........................................

 

25

5.

Аэробты микробтардың таза дақылын бөліп алу (зерттеудің 2-ші

күні) және анаэробтар. Микробтардың қоректенуі, тыныс алуы. Қоректік

орталар. Әртүрлі бактериальді дақылдардың сұйық және тығыз қоректік

орталарда өсу сипаттамасын оқу.................................................................

 

 

 

 

29

6.

Бактериялардың

биохимиялық

белгілері.

Ферментативті

белсенділікті

оқу

(зерттеудің

 

3-ші

күні ) .

Бактериялардың

идентификациясы. Саңырауқұлақтар, құрылысы, жіктелуі және

дақылдандыруы.........................................................................................

 

 

 

 

 

 

40

7.

Вирустар. Құрылысы және жіктелуі. Вирустар репродукциясы.

Вирустарды дақылдандыруы. Бактериофагтар........................................

 

 

45

8.

Бактерияның генетикасы. Модификация. Мутация. Генетикалық

рекомбинация. Плазмидалар. Полимеразды тізбекті ...............реакция

52

9.

Микроорганизмдер экологиясы. Адам ағзасының

қалыпты

микрофлорасы. Дисбактериоз.................................................................

 

 

 

 

56

10.

Санитарлық

 

микробиология

негіздері.

Қоршаған орта

микрофлорасы..........................................................................................

 

 

 

 

 

 

59

11.

Инфекция. Бактерияның патогенді факторлары................................

 

71

12.

Иммунитет. Арнайы емес қорғаныш факторлары.

Фагоцитоз.

Опсоникалық индекс. Комплементі, лизоцимді .......................титрлеу

77

13.

Антигендер, антидене. Агглютинация реакциясы. Преципитация

реакциясы.................................................................................................

 

 

 

 

 

 

88

14.

Лизис, бактериолиз, комплемент байланыстыру реакциялары.

Бейтараптау реакциясы. Радиоиммундық, иммуноферменттік анализдер.

Бактериялардың иммобилизация реакциясы..........................................

 

 

95

15.

Жұқпалы

аурулардың

иммунопрофилактикасы

және

иммунотерапиясы. Иммунопатология (Иммунодефицитті жағдай,

жоғары сезімталдық реакциясы, аутоиммундық .................процестер)

99

16.

Тест тапсырмалары және жағдайлық есептер................................

 

105

 

 

 

 

 

 

 

 

4

Тақырыбы: Бактериологиялық зертхана құрылысы. Жұмыс істеу ережелері. Микроорганизмдердің жіктелуі мен жүйеленуі. Прокариоттар. Шар тәрізді, таяқша тәрізді, иілген пішінді бактериялардың морфологиясы. Жұғын дайындау техникасы. Қарапайым бояу. Микроскоптау техникасы.

Сабақтың мақсаты: Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелерін білу, бактериологиялық апаттар және зертхана ішілік жұқтырудың алдын алуына қажет. Жұғын-препаратты дайындау техникасын білу, микробиолог жұмысында күнделікті қолданатын негізгі әдіс ретінде қарастыру қажет.

Студент білуге тиіс:

-Бактериологиялық зертхана құрылысын және онда жұмыс істеу ережелері

-Бактериялардың негізгі пішіндерін

-Микроскоп құрылысын және микроскопия әдістерін.

-Препараттарды бояу әдістері мен дайындау техникасы.

Керекті құрал-жабдықтар: дақылдық қоспалар, бояулар жиынтығы, демонстрациялық препараттар

Сабақ тақырыбын өз бетімен дайындауға арналған сұрақтар:

1.Микробиологиялық зертхана құрылысы.

2.Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.

3.Микроорганизмдердің жіктелуі.

4.Бактериялар, негізгі түрлері және орналасуы.

5.Сәулелі микроскоптар, оның қолдану мақсаты. Иммерсиялық жүйе.

6.Қарапайым бояу әдістері.

Тарату материалы Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.

Микробиологиялық зертханада жұқпалы материалмен жұмыс істеуге тура келеді, сондықтан жұмыс барсында қауісіздік, сақтық ережелерін және ұқыптылықты мұқият сақтау керек:

1.Жұмыс орнында бөтен заттар болмау керек;

2.Зертхана бөлмесінде қатаң тиым салынады: темекі тартуға, тамақтануға, бос артық әңгіме айту, асығуға;

3.Жұмыс міндетті түрде арнайы медициналық халат пен бас киім, мақталы-дәкелі маскамен жүргізу керек;

4.Зертханада әр студентке арнайы орын бекітіледі;

5.Кезекші студент оқытушы қадағалаумен әр студентке жұмыс істеу құралын таратады және сабақ соңында жинап алады;

6.Тірі микроорганиздермен жұмыс істеу барысында қолданылған заттарды залалсыздандыру қажет: бактериалді ілмекті жанып тұрған оттықта күйдіру қажет, пипетка мен шыныны залалсыздандыру ерітіндісіне салу керек;

7.Егер байқаусызда пробирка немесе басқа ыдыс сынып қалса және де

5

жұқпалы улы сұйықтық төгіліп қалса, студент тез арада оқытушыға хабарлау керек және сол жерде залалсыздандыру жұмысын жүргізу керек;

8. Сабақ соңында әр жұмыс орнын тәртіпке келтіру керек, әр студент кезекшіге қолданған заттарын өткізеді, салған альбомын және толтырылған хаттамасын оқытушыға көрсетеді.

Микроорганизмдердің жіктелуі

 

РНҚ-лы

 

Вирустар

 

ДНҚ-лы

Микробтар әлемі

Эукариоттар

Прокариоттар

 

(эубактериялар мен

 

архебактериялар)

қарапайымдылар

бактериялар

жіпшелі саңырауқұлақтар

спирохеталар

және ашытқылар

актиномицеттер

 

риккетсиялар

 

микоплазмалар

Микроорганизмдерді зерттеп оларды бір-бірінен ажырату (идентификациялау), яғни жұқпалы ауруларға дұрыс диагноз қою микробтардың жіктелуі негізінде атқарылады. Жіктелу (классификация ) – ол бір-біріне ұқсас белгілері бойынша микробтарды топтарға бөліп (таксондарға) түрін анықтау.

Систематика - түрлердің көптігі және сол түрлердің организмдер жүйесіндегі орны туралы ғылым.

Таксонжіктелу бірлігі (единица классификации).

Бактериялар үшін мынадай таксономиялық категориялар (таксондар)

бар:

Түрвид - Species

Туыстастық-род - Genus Тұқымдастықсемейство - Familia Реттілігіпорядок - Ozdo

Класыкласс - Classis Бөліміотдел - Divisio Әлеміцарство - Regium

Мысалы: Ішек таяқшасының таксономиясы Әлемі - Procaryotes

6

Бөлімі - Scotobacteria ТұқымдастығыEnterobacteriaceae ТуыстастығыEscherichia

Түрі - Escherichia coli

Морфологиялық варианты (марфовар)- “S” пішінді Биохимиялық варианты (биовар) - Lac+

Патогендік варианты (патовар) - Ent+ энтеропатогенділік плазмида Серологиялық варианты (серовар)- 0-55, 0-26, 0-ІІІ т.б.

Фагтық варианты (фаговар) - 2 Микробтардың түрден төменгі таксондарын, яғни варианттарын

анықтаудың эпидемиологиялық маңызы бар.

Негізгі таксономиялық бірлікол түр болып есептелінеді.

Түр (вид) - бұл генотипі және шығу тегі бір, биологиялық белгілері

бойынша ұқсас, ұрпаққа берілетін тиісті үрдістер

қоздыра

алатын

қабілеттілігі бар микроорганизмдер бірлестігі.

 

 

Штамм- бұл әр жерден немесе бір жерден бірақ

әртүрлі

мерзімде

(уақытта) бөлініп алынған бір түрге жататын микроб дақылы. Бір түрге жатқанымен штамдардың вируленттілігі, антибиотикке төзімділігі немесе ферменттік белсенділі бойынша айырмашылығы болуы мүмкін.

Клон - бір бактериалық жасушадан алынған бактериялар популяциясы (ұрпағы).

Таза дақыл- микробтың бір түрінен тұратын дақыл жиынтығы. Бактерияларды жіктеу (классификациялау) 18 ғасырда басталған

болатын. Алғашқы кездегі жіктеу бактериялардың морфологиялық қасиеттеріне негізделген еді. Тірі әлемнің жіктеуін ұсынған К.Линней (17071771) микробтардың барлығын жалпы бір туыстастыққа жатқызды - оны хаос (chaos) деп атады. О.Мюллер микробтарды 3 туыстастыққа бөлдібациллалар, спириллалар, вибриондар. Петри (1852) микроорганизмдерді 2 топқа бөлді:

І. Protozoa, II. Protophyta. Ценковский (1855) микробтарды жануарлар және өсімдіктер тобына жатады деп бөлді. Леман және Нейман (1860) барлық микроорганизмдерді 3 тұқымдастыққа бөлді: Corraceae, Spirillaceae, Bacteriaceae. Шаттон (1937) барлық тірі жасушаларды эукариоттарға (жануарлар мен өсімдік тектестер) және прокариоттарға (бактериялар) бөлді.

Қазіргі кезге дейінгі белгілі микроорганизмдерді жіктеу бактериялардың морфо-физиологиялық қасиеттерінің ұқсастығына негізделген және тәжірибелік мақсаты - микробтардың бір-бірінен жылдам ажырату үшін оптималды кілтін табу. Міне осындай жалпы қабылданаған прокариоттардың Халықаралық классификациясын Бергидің бактериялар анықтауышы жатады

(Bergey`s manual of Sistematic Bacteriologi). Бұл анықтаушының негізінде прокариоттардың құрылымы, яғни олардың жасуша құрылысының ерекшелігі жатыр.

Прокариоттар мен эукариоттардың жасушалық құрылымының айырмашылықтары:

7

Прокариоттар

Эукариоттар

Нуклеоид цитоплазмадан арнайы

Цитоплазмадан мембранамен

мембранамен оқшауланбаған.

бөлінген,оқшауланған ядросы бар.

Бір сақиналы (кольцевая) хромосомасы

Бірнеше хромосомасы бар.

бар.

 

Митоз болмайды.

Митоз болады.

Жасуша қабатының құрамында

Жасуша қабатында пептидогликан

пептидогликан бар.

болмайды.

Цитоплазмалық органеллелар

Цитоплазмалық органеллалары

болмайды.

болады.

Цитоплазмадағы рибосомалар типі 75S.

Цитоплазмадағы рибосомалар типі

 

80S

Жасушаның құрғақ массасы 10 -15- 10-11.

Жасушаның құрғақ массасы 10-11-10-7

Прокариоттар әлемі бөлімдерден тұрады. Ыңғайлы болу үшін бөлімдерді топтарға бөледі.

Топ (группа) – таксономиялық статусы жоқ, рангадан тыс түсінік.

Микробтарды жіктеуде математикалық әдіс те қолданылады,

мысалы

нөмірлік талдау (нөмірлік таксономия). Бұл әдісті А.Адансон

(1757)

ұсынған. Бұл әдіс бойынша зерттелетін обьектінің мүмкіндігінше көптеген белгілерін 50-ден 300-ге дейін зерттеу көзделген. Зерттелетін белгілерінің барлығының маңызы бірдей, бағалау және жіктеу осы белгілердің бір-бірімен сәйкестелуіне, яғни корреляциясына негізделген. Нөмірлік таксономияны алғашқы рет бактерияларды жіктеуге Смит (1957) қолданды. Электронды санаушы машиналар (ЭВМ) қолданыла бастағаннан кейін бұл әдістің мүмкіндігі күшейіп отыр.

Генетикалық жүйеде болашағы күшті әдіске ДНҚ-ң молекулалық гибридизациялау (будандастыру) тәсілі жатады. Бұл әдістің бактериялардың түрін ажыратуда маңызы күшті болғанымен, жоғарғы сатыдағы таксондарды анықтауда нәтижесі төмен. Осы ғасырдың 70-ші жылдары прокариоттарды жіктеу мақсатында, эволюциялық процесс кезінде өте баяу өзгеріске ұшырайтын рибосомалық РНҚ-ң нуклеоидтық құрамы ұсынылды.

«Бержди анықтамасы» 9 басылымы бойынша бактериялардың жіктелуі олардың жасуша қабырғасы құрылымы және Грам әдісімен бояуына қарай 4 бөлімге топтастырылған:

Gracilicutes, нәзік қабатты, грам теріс;

Firmicutes, қалың қабатты, грам оң;

Tenericutes, жасуша қабырғасы жоқ, микоплазмалар;

Mendosicutes, жасуша қабырғасы ақаулы, архебактериялар. Морфологиясы бойынша бактериялардың келесі пішіндерін ажыратады. Кокктар – шар тәрізді жасушалар (көлденең өлшемі ұзындығына тең,

яғни - 0,5-1,5 мкм), тізбектеліп орналасқанда байланысқан орны жазық болуы мүмкін, осындай қос-қос, екі-екеуден орналасқан жасушаларды диплококктар деп атайды (Neisseria meningitidis). Тізбектелген кокктар -

8

стрептококктар (Streptococcus lactis). Стрептококктар тізбектері қысқа (5 жасушаға дейін) және ұзын (5-9 және одан да көп) болады. Хаос түрінде, шоғырланып орналасқан “жүзім дәндер бұтағына ұқсас” кокктарды стафилококктар деп атайды (мысалы, Staphylococcus aureus). Микрококктар дара орналасқан жасушалар. Сарциналар қапшық (пакет) тәрізденіп, 8,16,32 болып орналаады.

Таяқшалар – таяқшалы микроорганизмдер (ұзындығы көлем өлшемінен ұзын). Жұғын-препараттары бір-біреуден орналасады (мысалы бациллалар – Escherichia coli). Жұптасып орналасқан таяқшаларды, V әріпіне ұқсас таяқшаларды диплобациллалар деп атайды (мысалы, Klebsiella pneumoniae). Кейбір таяқшалар тізбектеліп орналасады - стрептобациллалар (мысалы, Bacillus subtillis). Жасушалар сәл имектелуін вибриондар деп атайды

(мысалы, Vibrio cholerae).

Иллюстративті материал Сурет 1. Бактериялардың негізгі пішіндері:

Бактериялардың негізгі пішіндері: 1-3. Кокктар (стафилококктар, диплококктар, стрептококктар. 4. Таяқшалар (стрептобациллалар). 5. Клостридиялар. 6. Вибриондар. 7. Коринебактериялар. 8. Фузобактериялар. 9. Нокардиялар (шынайы тармақтану). 10. Актиномицеттер (жалған тармақтану). 11. Спирохеталар.

Таяқшаларды микроскоптан қарағанда тек жасушаның көлденең өлшемі, жұғын-препаратта орналасуына ғана назар аударғаннан басқа, тағы жасушалардың терминалды бөлімдерінде қарайды. Көп жағдайда жасушалардың шеттері домаланған, кейбіреулерінде шоқпар секілді бүршіктелген, осындай жасушаларды коринебактериялар деп атайды (corine, лат. – түйреуіш (булава) – Corynebacterium diptheriae; басқа жасушалар ортасында немесе терминальды ісінулері көрінеді, оларды эндоспора деп

9

атайды (боялмаған аймағы) – осындай жасушаларды бациллалар немесе клостридиялар деп атайды (мысалы, Clostridium botulinum). Бір жасушаның шеттері "кесіліп қалғандай" (бұндай морфология Bacillus anthracis-қа тән) немесе үшкірленген – арқан секілді, оларды фузобактериялар деп атайды

(fusium, лат. – арқан).

Таяқшалар тармақталған құрылымдар құруы мүмкін. Бұл жағдайда ажырату керек – шынайы тармақтарды (Nocardia israellii) жалған тармақтардан (Actinomyces odontolytica). Шынайы тармақта әр "тармақтар" арасында қосылуы бөлінбеген, сондықтан тармақталған құрылымдар бір жасуша құрайды. Жалған тармақтыларда әр "тармақтар" арасында арнайы шектелу бар, сондықтан әр бөлек "тармақ" бөлек клетка түрінде көрінеді.

Имектелген пішінділер –спираль тәріздес бактериялар, олардың біреуін спирохета деп атайды (мысалы, Treponema pallidum). Спирохеталар бірбірінен оралымдары бойынша олардың жиілігіне қарай дифференцияциясы жүргізіледі (суретке қараңыз).

Сурет 2. Бактериялардың морфологиясы бойынша жіктелуі:

стафилококктар

стрептококктар

сарцина

диплококктар

бактериялар (спора түзбейтін таяқшалар)

10