Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
uchebnoe_posobie_kaz.doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
458.75 Кб
Скачать

1. Клиникалық эпидемиология және дәлелді негізделген медицина туралы түсінік. Дәйектемелі медицинаға кіріспе. Дәйектемелі медицинаның біздің елде және әлемде даму тарихы

Дәрігер қандайда тәжірибелі болғанымен толып жатқан әртүрлі клиникалық жағдайдайды еркін меңгере алмайды. Әрине, сарапшылардың, жоғары дәрежелі анықтамалар мен деректергеде сүйенуге болады. Бірақ, бұл әркезде нақты бола бермейді, өйткені тиімді терапиялық әдістердің тәжірибеге еңгізілуі тиімділігі нақты дәлелденген уақытынан көп уақыт өткесін пайдалануға ұсынылады (Аntman E.T., 1992). Кәзіргі уақытта биомедициналық ілімнің даму бағыты тәжірибелік медицинадағы дәрігерлерге қажетті мәліметтердің сынды бағалануы мен қатар қолданылатын қандайда болмасын іс-әрекеттер жүйелі түрде таңдалуы талапқа сай болуы керек. Дәйектемелі медицина (evidence-based medicine) - бұл науқасқа көрсетілетін көмектің тиімділігін іздеу, салыстыру және қорытындылану арқылы кеңінен таралған нақты дәйектемелерге негізделген медицина бөлігі. ДМ қағидаларын білу дәрігерге көрсетілетін көмек туралы шешім қабылдауында әсер ететін көп жағдайларды сараптау арқылы сапасын жоғарлатуға мүмкіншілік береді.

80-і жылдардың басына дейінгі көлемді жетістіктерге қарамастан әлемде «эмпирикалық» атты медицина басшы болып келді. Неге бұлай болды? Соңғы 150-200 жылдарда адамзатқа медицинаның негізін құрайтын анатомия, физиология, биохимия, биофизика, микробиология, патанатомия, патофизиология сияқты және т.б. ілімдер айтарлықтай біраз білім берді. Түптеп айтқанда адам ағзасының қалыптыдағы және дерттік жағдайдағы қызметі жан-жақты түсіндірілуі және біраз дерттердің даму жолдары анықталды, соның нәтижесінде жаңа ем тәсілдерін жасауға мүмкін болды. Осыған байланысты ұзақ уақыт бойы ғалым-дәрігерлер дертті тиімді емдеу үшін дерт және оның даму жолдары туралы теқ қана теориялық білім қажет деп білді.. Сонымен, медицинада эмпириқалық, яғни қолданудағы дертті анықтау мен емдеу тәсілдерінің тиімділігі басым жағдайда теорияға негізделген болды. Және тағы бірден-бір дәлел болып дәрігердің жеке тәжірибесі саналды. Медицина мен биология ілімдері негізінің аса дамуына қарамастан бізге адамды түптеп білу ешқашанда мүмкін емес сияқты. Әлем құбылыстары өте көп. Әр адам жеке дара болып жаратылған. Біз әртүрлі ауа райында және табиғат пен әлеуметтің әр түрлі әсерінде өмір сүреміз. Сол себептен дерт және оның даму жолдары туралы теориялық білімге ғана (кейбір жағдайда толық та емес) негізделген дертті анықтау мен емдеу тәсілдерін тиімді, қатерсіз, әр кезде нәтижелі және жалпылама қолданылатын етіп жасай алмаймыз. Теорияға сәйкес тиімді дәрілік заттар, хирургиялық операциялар мен басқада көмек түрлері күнделікті тәжірибеде мүлдем нәтижесіз, ал кейбір жағдайларда қатерлі болып табылды. Сонымен, медицинаның әрі қарай дамуына нақты тиімді диагностика мен ем тәсілдерін еңгізудің жаңа жолдарын қарастыру қажет болды. Бұл – қандайда болмасын диагностикалық пен ем тәсілдерінің теориялық тиімділігі мен қатерсіздігін тәжірибеде дәлелдеу қажетті екенін айқын көрсетті. Осылай, ХХ ғасырдың 80-90жылдар тұғырында клиникалық эпидемииология атты жаңа ілім пайда болды.

Клиникалық эпидемиология (КЭ) – бұл қандайда болмасын дерттің пайда болу мен таралу жолдарының және шынайы медициналық жағдайды зерттеу әдістерінің заңдылықтары туралы ілім, яғни шын мәнінде жаңа дерт бар ма және қолайсыз қатердің әсері қаншалықты дерттің дамуына алып келуі мүмкін.(Власов В.В., 2006). Клиникалық тәжірибеде эпидемиология зерттеуші дәрігерге науқасқа көрсетілетін әртүрлі шаралар бойынша тексеру әдістерін анықтауға көмектеседі. Бұрынғы совет елінде эпидемиология – бұл тек қана эпидемиялық үрдістерді зерттейтін ілім және жұқпалы дерттердің таралу жолдары мен оларды жою әдістерімен ғана байланысты деген көне көз қарас қалыптасқан. Шын мәніне келсек 1984 жылдан бері медицина терминдерінің энциклопедиялық сөздігінде: «эпидемиология – бұл тұрғындар арасында жұқпалы емес дерттердің таралу заңдылықтарынн статистикалық көрсеткіштерге негіздеп зерттейтін әдіс» деген екінші анықтамасы берілген.

Әлемде эпидемиология – бұл қандайда болмасын дерттердің таралу жолдары негіздері мен оларды анықтау әдістерін зерттейтін ілім деп қарайды.[4]. Кеңінен алғанда эпидемиология негізін зерттеу әдістері құрайды, яғни бұның мағынасында: «эпидемиология – бұл медицинаның пропедевтикалық пәні және шынайы медициналық үрдістердің негізін, көмектің тиімділігі мен медицинадағы зерттеу әдістерін түсіну қағидалары» [В.В.Власов, 2005].

Клиникалық эпидемиология (К) – бұл медицина тәжірибесінің негізін құрайтын, зор мағыналы көп пәнді клиникалық ғылым. Эпидемиология мамандары: «КЭ – бұл ұқсас жағдайларда клиникалық ағымын бірнеше науқастарда нақты қатаң ғылыми зерттеу арқылы анықталған дерттің ақырын әр жеке дара науқаста болжау мүмкіндігін беретін ілім деп бағалайды» (Флетчер Р., Флетчер С., Вагнер Э. 1998).

В.В.Власов (2005) КЭ қысқада, нақты және көлемді түсінігі - бұл «медицина тәсілдерінің ілімі» деп береді.

Сонымен, клиникалық эпидемиология – бұл әр түрлі зерттеу мен емдеу әдістері нақты қорытындыларын іріктейтін және бір жүйеге келтіретін ғылым (Флетчер Р. ж/е басқалар, 1998).

КЭ негізгі мақсаты - бұл дұрыс шешім қабылдаудауға мүмкіншілік беретін клиникалық бақылаулар мен мәліметтерді сараптау әдістерін еңгізу [4, с.15].

КЭ негізгі қағидасы – бұл әр клиникалық шешім қатаң түрде ғылыми негізделуі қажет. Бұл қағида «evidence-based medicine» - «дәйектемелі негізделген медицина» немесе «ғылыми дәйектемелі медицина», әлде «дәйектемелі медицина» деп аталды (әртүрлі аударма жобалары)

Алғашқы рет «еvidence-based medicine» терминді Торонто Мак Мастер Университетінің канадалық ғалымдар Тобы 1990ж. ұсынды.

Дәйектемелі медицина (ДМ) – бұл жеке науқасқа емдік әс-әрекеттерінің тиімділігі сапалы ғылыми зерттеулерде дәлелденген жағдайда ғана қолдану қағидасын сақтаумен ерекшеленетін медицина тәжірибесінің бір түрі.

ДМ – бұл науқас мүддесіне қолдануға арналған іздеу, салыстыру, қорытындылау арқылы алынған және кеңінен таралған дәйектерге негізделген медицина бөлігі. (Еvidence -Вased Мedicine Working Group, 1993).

ДМ қағидалары:

    • Ғылыми мәліметтерді жинауында, сараптауында, қорытындылау мен дұрыс қолдануындағы жаңа әдіс, бағыт;

    • Кәзіргі уақыттағы жетістіктерді жауапкершілікпен, түсінікті және мағыналы негізі бар шын пейілмен пайдалану, яғни жеке тәжірибе мен жүйелі шолулардан алынған (сырттан) жоғары дәрежелі дәйектемелерді біріктіріп нақты белгілі әр бір жеке науқасты емдеуге қолдануды қарастыру…(Sackett.Letal., 1996).;

ДМ қағидаларын денсаулық сақтау тәжірибесіне еңгізудегі негізгі мақсат– бұл медициналық көмек көрсету сапасын қатерсіз, тиімді, құндылығы мен басқада мағыналы жақтарынан жақсарту. (Мальцев В., ж/е басқ.., 2002).

ДМ қолдану мүмкіншіліктері

ДМ қағидаларын денсаулық сақтау тәжірибесінде қолдану мүмкіншілігі мол:

  • Фармакотерапияның барлық саласында нақты мәліметтерді қолдануға мүмкіншілік туғызады;

  • Дәрігердің шешім қабылдауында негізделетін ішкі сезімі, кәсіптік дәрежесі, беделді сарапшылар пікірі, кеңінен тараған деректемелер мен анықтамалар сияқты субъективті жағдайлар әсерін жаңа және нақты дәлелденген мәліметтер қолдану арқылы қолайлы азайту;

  • Әр нақты клиникалық жағдайда қолайлы шешімді таңдауына көмек беретін тиімді, қатерсіз және үнемді, кәзіргі уақытқа сай, сонымен қатар мемлекеттік, аймақтық популяциялық, субпопуляциялық және жеке адам деңгейінде қолдануға келетін терапиялық әдістерді өңдеуге мумкіншілік береді;

ДМ қағидаларын тәжірибеде қолданудың бір қыры - бұл медициналық көмек сапасын көтеру бағытында дәрігерлерге арналған клиникалық хаттамалар дайындау және денсаулық сақтау саласына стандартизация жүйесін еңгізу..

ДМ біздің елде және дүниежүзінде даму тарихы.

Ғылыми тұрғыда медицинаның екі құрастырушысы бар – дедукциялық пен эмпирикалық. Екеуіде ғылым болып келеді, өйткені әртүрлі әдіс арқылы кең, жан жақты қолданылатын білім иесі, яғни бұл білімді әртүрлі жағдайда, басқа науқастарда, басқа жастағы және бөтен елде пайдалануға болады.

Медицинадағы білімнің үйреншікті басты құрастырушысы дедукциялық болып келген – бұл дерттің себебін, дәрілік заттар мен хирургиялық операциялардың әсер ету жолдарын түсіну. Өкінішке орай, медицина мен ғылым біраз дерттер туралы әлдеде толық хабардар емес, ал кейбір аурулар осы уақытта дейін жұмбақ болып жатыр, олардың не себебі, не даму жолы белгісіз. Кейбір жағдайда дерттің белгісі айқын сияқты. Мысалы, ойық жара дертінің себепті қоздыртқышы ашылғанша оны сода, ұйқы, резекция т.б. әдістермен емдеді. Әр ем әдісін түсіндіретін даму себебі немесе ойық жара дертінің өз теориясы болған (жүйкелік, кілегей қабаттың өзін өзі қорытуы). Осы себептен дедукциялық шешім тиімді бола алмайды, өйткені белгілі жоба бойынша күткен нәтиже болмауы мүмкін: егерде ой нақты жағдайдаға сәйкес келмесе, оның қорытындысы шындыққа келмейді.

Осымен қатар медицинада басқа шешімде болған – бұл эмпирикалық – «науқасқа қай ем көмектессе, сол жақсы. Ал бұл шараның әсер ету жолдарын білеміз бе, әлде білмейміз бе - ол мағыналы емес, бірақ бұл шара әсер ететіні белгілі, сол себептен оны қолдану керек». Ойдағы әлемде кәсіпшінің білімі толық және оның жасаған іс-әрекеттерінің барлығы нәтижелі. Бірақ, шындық жағдайда (ақиқатта,тәжірибеде) біраз дерттер туралы білім толық емес, ал қолда бар ем тәсілдері негізсіз болуы мүмкін. Сол себептен белгілі бір науқастың емін нақтылау үшін дерттің дамуы туралы ғылыми деректерден көрі, маңыздысы осы осы ем осы науқасқа жүргізілсе осындай ( науқасқа тиімді, пайдалы) нәтиже береді деген ғылыми дәлелі болғаны керек (Власов В. В., 2006).

-Дәйектемелі медицинаның бастамасы 17 ғасырда салынған – Джон Сноу - ағылшын дәрігері Лондондағы эпидемия холерасы кезінде басқа су құбырынан пайдаланған көрші ай-мақтың тұрғындары холерадан аман екенін байқап су беру жолын өзгерткен.

-Француз хирургі Листер – бақылаудағы 2 топ науқастардың операциядан кейінгі асқынулар деңгейі қолдардың, операция аймағының және таңу құралдарының тазалығына байланысты екенін дәлелдеп – тазарту әдістерін еңгізді.

-Атақты микробиологтар мен вирусологтардың көп деген жұқпалы аурулар себебін анықтаудағы әлемге әйгілі жетістіктері.

Дәрігер жұмысын бағалауда немесе дәрілік заттардың әсерін болған нәтижеге сүйену керектігі туралы алғашқы мәліметтер 18 ғасырға жатады, содан бері, 19 ғасырдың аяғына дейін ем тәсілінің тиімділігі беделді пікір мен жалпы пайдаланудағы теориямен сәйкестігіне негізделген (басқа пікір қабылданбаған).

Медицина әр қашанда ғылым болған, бірақ «ғылым», «ғылыми негізділген» деген көзқарас уақыт өткен сайын өзгеріп тұрған. Кейіннен, ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана емдік және диагностикалық әдістер тиімділігін бағалау үшін «қандай ғылыми тәжірибе» (эксперимент) тәсілдерін қолдану керектігі туралы пікір айқындала бастады.

Медицинаның дәлелді болуының маңыздылығы – бұл тек қана дәрігер қолданған іс-әрекеттердің дұрыстылығын негіздеуге тікелей ғылыми дәйектемелер, яғни сапалы жүргізілген клиникалық тексерістердің қорытындылары қажет екендігінде.

Бұл жағдайда клиникалық зерттеулер лабораториялық тексерістерге қарсы болып келеді, өйткені олар дерттің пайда болуын түсіндіруге емес, керісінше емдік, алдын-алу, нақты диагностикалау мен ағымын болжау әдістеріне сынақ жүргізуге бағытталған. Сол себептен медициналық тәжірибеде, жалпы айтқанда, дәрігерге теориялық ұғымнан көрі клиникалық зерттеулер маңызды.

1973жылы ағылшын эпидемиологі Арчи Кокран (Cochrane A.L.) алғашқы рет жүйелі шолу жасап, алғашқы рет медициналық әр нақты іс-әрекеттер маңыздылығын қорытынды клиникалық тексерістер арқылы бағалау қажеттілігін және ол нәтижелерді медициналық көмек көрсету тиімділігі мәліметтерінің арнайы қорында сақталуын көрсетті. Осы ғалымның атымен Бірлестік аталды.

Сонымен, ХХ ғасырдың 80-і жылдарында «дәйектемелі медицина» айқындалды.

1992ж .- Оксфордта бірінші Кокран орталығы ашылды.

1993ж. - Кокран Бірлестігі құрылды(КБ) - The Cochrane Collaboration - кәзіргі уақыттағы дәйектемелі медицинаның негізін қалаушы.

Кокран Бірлестігі – 4000 астам мүшелері мен мекемелерді біріктіріп отырған халықаралық ұйым.

Кокран Бірлестігінің қағидасы – бұл медициналық іс-әрекеттер нәтижесі бойынша нақтыланған, сапалы мәліметтерді іздеу мен қорытындылау (Юрьев К.Л., Логановский К.Н., 2000).

КБ әр елдегі орталықтардың бір-бірімен байланысы арқылы қызмет жасайды.

КБ мақсаты

  • жүйелі шолу құрастыруға қажетті барлық рандомизациялық клиникалық зерттеулердің нақты тіркемесін жасау;

  • медицинаның әртүрлі саласындағы мамандардың шешім қабылдауын жеңілдету мақсатында медициналық іс-әрекеттер мен жүйелі шолуларды жаңарту және тарату.

КБ қағидасы (8 қағидаға негізделген):

  • бірлестік рухы;

  • қатысушылардың жұмысқа белсенділігі;

  • жасалған жұмысты қайталамау (бір жұмысты екі рет жасамау);

  • жүйелі қателер мен негізсіз пікірлерді азайту;

  • мәліметтерді тұрақты түрде жаңартып тұру;

  • шолулардың өзектілігі;

  • шолулардың қолдануға әр қашанда дайындығы;

  • жұмыс сапасын тұрақты түрде жоғарлату;

Кокран орталықтары

Кокран орталықтары Кокран Бірлестігі бөлімдерінің қызметін қолдап отырады. Әр бөлімдерінің бағыты олардың қатысушылары атқаратын қызмет түрі мен қаржыландыру деңгейіне байланысты айқындалғанымен, олар міндетті түрде өз жұмыстарын Кокран Бірлестігімен мақұлдап және оны қолдап отыруы қажет. Клиникалық медицинаның әр саласы мен жалпы денсаулық сақтау бойынша жүйелі шолу жасаушылардың барлығының жұмысының Кокран орталықтары жеңілдетеді. Бұл жұмыстың орындалуының бір шарты - компакт дискілер мен интернет жүйесінде таратылған жүйелі шолулар мәліметтерін Кокран қорында басылымға шығару. (The Cochrane database of systematic reviews, 1995). Мысалы, бұл мәліметтерді дәйектемелі медицина және фармакотерапияның Маскеу орталығының сервері: http://evbmed.fbm.msu.ru/ index-r.html мен Кокран Бірлестігі Ресей бөлімінің ресми сайты: http://www.сochrane.ru арқылы пайдалануға болады.

Кокран Бірлестігі жұмысын өзінің құрамында бар мына бөлімшелер арқылы ұйымдастырады:

  1. Жүелік шолу құрастыратын халықаралық тақырыптық топтар - Кокран шолуларын құрастыру және жаңартуымен айналысады. Топ жұмысында әр түрлі дерттер бойынша алдын-алу, емдеу, қайта бейімдеу салаларында кәзіргі уақытқа сай, өзекті және сенімді мәлімет аламын деуші зерттеушілер, дәрігерлер, тұтұнушы мекемелердің өкілдері қатысады.

  2. Тақырыпаралық топтар– медицина қызметі салалары бойынша әртүрлі клиникалық бөлімдеріне жататын мәліметтерді сараптау мен қорытындылау үшін құрастырылған.

  3. Шолуларды өңдеу әдістері бойынша Кокран жұмысшы тобы – шолуларды құрастыру барысында тексерістер нәтижесін біріктіру, бағалау және қорытындылау үшін арнайы тәсілдер қолданады. Бұл тәсілдерді (жоғары тиімді бір жүйеге келтірілген қолмен іздеу әдісі, Review Manager-RevMan – компьютерлық бағдарлама – жоспарлау, дайындау, сараптау және жүйелік шолулардың қорытындысын шығару) жүйелі шолулардың туралығы мен дәйектемелігін қажетті деңгейде жасалуына жауапты Кокран жұмысшы тобының мүшелері өңдейді.

4.Әртүрлі сала бойынша топтар – бұл Кокран бөлімшелері дерт түрлері емес медициналық іс-әрекет түрлері бойынша біріктірілген: медициналық көмек көрсетудің жағдайы (мысалы, ауруханаға дейінгі), жеке аурулар тобына көмек көрсету (мысалы, егде жастағы науқастарға), медициналық көмек деңгейі (мысалы, медбикелік көмек), немесе белгілі бір іс-әрекет бойынша (мысалы, физиотерапия). Әртүрлі жұмыс түрлерін біріктіруші бөлім (мысалы, тұтұнушылар ұйымы).

5. Кокран электрондық кітапханасы - Кокран шолулары бойынша біртұтас әдістемелік негізі мен біртұтас электрондық жүйені қамтемесіз етеді. RevMan бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды. Барлық мәліметтер (бітірілген шолулар, барлық бөлімшелерден келіп түскен мәліметтер мен тексерістердің қорытынды хаттамалары) әрдайым Кокран Бірлестігінің негізгі мәліметтер қорына жіберіледі, осы жерде Кокран Бірлестігінің жұмысы туралы ақпараттар мен Кокран шолулары Кокран электрондық кітапханасында басылымға шығу үшін іріктеледі. Кокран электрондық кітапханасы 4 бөлек мәліметтер қорынан тұрады:

  • Кокран жүйелік мәліметтер қоры– қорытындыланып біткен шолулар мен дайындыдалып жатқан шолулардың хаттамалары

  • Бақылаулы тексерістерді тіркеу Кокран қоры – басылымға шыққан барлық бақылаулы тексерістер мәліметтерінің библиографиясы.

  • Кокран реферативтік қоры – шолуларды құрастыру мен тарататын Йорк Орталығы ((Великобритания) немесе «American Collede of Physicians’Jounal Club» және «Еvidence-based medicine» журналдары қызметкерлерінің сынды бағалауынан өткен жүйелік шолулардың ғана әр түрлі сала бойынша рефераттары сақталады;

  • Шолуларды бағалау әдістері бойынша Кокран қоры – клиникалық тексерістер нәтижелерін сараптау мен талдау әдістеріне арналған мақалалар библиографиясы сақталады;

Кокран Бірлестігінің шаралары дәйектемелі медицинаның қағидалары даму жолдарының негізін құрайды. Бүгінгі күнде өндірісті дамыған елдердің денсаулық сақтау басқарушы мекемелері мен сақтандыру ұйымдары көпшілігінде шешім қабылдауының басшысы ретінде Кокран Бірлестігінің қорытындылары мен деректемелеріне жүгінеді.

Кокран Бірлестігінің Ресей бөлімі - бұл Мәскеуде орналасқан Солтүстік-шығыс орталығы – ТМД елдерінің жалғыз орталығы. Бастығы - В. В.Власов.

2002 жыл – Ресейде ДМ Аймақаралық ұйымы құрылды - (www.osdm.org).

ДМ Қазақстандағы даму тарихы

  • 1995 ж., қазан – 1996 ж., мамыр – «ҚР медициналық көмек сапасы» атты бірінші құрылтайына арналып АДБЖИ оқытушылары ТМД елдерінде кеңінен тараған, бірақ басқа елдерде пайдаланбайтын екі ем түрі бойынша – жоғарғы қысымды оттегі емі және лазер сәулесі емі - мәліметтерді жинап, оларға сараптама жүргізді:

-жоғарғы қысымды оттегі емі бойынша 589, лазер сәулесі емі – 1040 басылымдар табылды, бірақ бұл емдер бойынша тиімділігі мен қатерсіздігі туралы дәйекті мәліметтер табылмамады.

  • 1998ж., қараша - ДМ оқытудың басталуы – алғашқы рет АДБЖИ курсында жанұялық медицинасының кафедра оқытушыларына ДМ туралы дәріс оқылды.

  • 1999 ж. АДБЖИ жанұялық медицинасының кафедрасының әр оқыту кезеңінің бірінші күні ДМ дәрісінен басталып әрі қарай клиникалық мақалалар тәжірибе түрінде талданады.Бүгінгі күнде БМСК дәрігерлерінің 1867 оқыды.

  • 2000ж., қараша – ДМ еңгізудің екінші әрекеті – ДСМ ауруханалық емге арналған стандарттық хаттамалар дайындалу шешіліміне байланысты ДСМ сарапшы тобына ДМ қағидалары таныстырылды.

  • 2000 ж. –ДМ бойынша 5 маман - методолог оқытылды.

  • 02.2001-2003жж – ДМ 5 маманы жұмысын бастады – ДСМ мен «Денсаулық» мекемесі қызметкерлеріне көмек ретінде клиникалық тәжірибе деректемелер жоспарын, аурухана науқастарына арналған диагностикалақ пен емдік стандарттық хаттамаларын дайындау үшін клиникалық мәліметтерді бағалау мен іздеп табу жұмыстарын жүргізді. Бірақ ұсынылған мәліметтер қабылданбады және пайдаланбады.

  • 2003ж. – ДМ мамандары ҚРЖДҰ мүше болды.

  • 2001ж.- АДБЖИ ЖМ кафедрасы ДМ бойынша арнайы 3 – жетілік «Дәрілік заттарды тиімді пайдалану» атты оқыту бағдарламасын еңгізді. Осы бағдарлама бойынша БМСК мен ауруханалардың, ЖОО мен медициналық колледждердің 122 дәрігерлері және оқытушылары дәріс алды.

  • 2003ж. – Семей мед.академиясы жанұялық дәрігердің дипломнан кейінгі дайындығына ДМ бойынша 3 - күндік бағдарлама еңгізді - 200 дәрігер және 5-6 курс студенттерінен 340-ы дайындық курсынан өтті.

  • 2003 ж. Караганды мед. академиясында – ДМ курсы клиникалық фармакологиясы кафедрасының оқу бағдарламасына еңгізілді.

  • 2003ж. – Орталық Азия Аймағының дәрігерлерін оқыту үшін Англияның Императорлық колледжі мұғалімдері бейімдеп дайындаған 4-күндік курсы еңгізілді – ОАА 110 маманы оқып шықты.

  • 2001-2003жж. – Англияның Императорлық колледжі мен Проект ЗдравПлюс мұғалімдері бірігіп ДМ бойынша мамандар мен оқытушылар 3-жылдық дайындықтан өтті. ОАА елдерінің 130 оқытушысы дайындалды.

  • 02.2004ж. – Ресей мен Қырғыз елдері оқытушыларының қатысуымен ДМ курсы бейімделіп, қайта өңделді.

  • 2004 ж., қараша – алғашқы рет ДМ оқуы Өскемен аймағында өткізілді - ҚР ДС мекемелерінің әр түрлі деңгейдегі 45 бас мамандары оқып шықты.

  • 2004ж., желтоқсан – ҚР ДМ бойынша дипломнан кейінгі дайындық бағдарламасы ретінде 2-жетілік оқыту курсы өңделіп, еңгізіліп бекітілді.

  • 2005ж. бастап дәрігерлер ДМ бағдарламасын оқығаны туралы бөлек мемлекеттік сертификат алатын болды.

  • 2005ж., наурыз ҚР ДМ үшінші рет еңгізудің әрекеті - АДБЖИ 15 кафедрасының қызметкерлері ДМ қағидасын барынша қолдана отырып созылмалы дерті бар науқастар диспансеризациясының жаңа ережесі бойынша негізін дайындады. Ереже негіздері халықаралық және өз еліміз мамандарының сараптамасынан өтуде.

  • 2008ж., қыркүйек – ЖД/ЖТД дипломнан кейінгі дайындығына «ДМ ЖД/ЖТД тәжірибесінде» атты 6-күндік оқыту бағдарламасы ҚазҰМУ ЖМ және ЕО кафедрасына еңгізілді.

ОАА ДМ даму тарихы

  • 2006ж., 11-12 желтоқсанында Бішкекте «ДМ ОАА. Денсаулық сақтау шараларын сапалы етуге алғашқы қадам» атымен Бірінші Халықаралық Орталық Азия Аймағының Форумы өткізілді. Резолюциясы хабылданда.

  • Форум қатысушылары «ОАЕ ДМ мамандары» атты Қоғамдық Ұйым құрды - 4 ел: ҚР, Қырғыз Республикасы, Таджікстан и Түрікменстан. Уставы бекітілді, басқару мүшелері сайланды.

  • Келесі іс – Ұйымды Қырғыз Республикасының Құқық министрлігінде тіркеу.

  • ОАЕ ДММ ҚҰ жұмысы ресми түрде 2007 жылдың қаңтарында басталды.

  • Веб-сайт – www.carebmc.net

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]