Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
uchebnoe_posobie_kaz.doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
458.75 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министірлігі с.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

Дәлелді медицина клиникалық тәжірибеде

Әдістемелік нусқамалар

Алматы, 2009

Қазахстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

«КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТІЛДІ»

ҚР Денсаулық сақтау ҚР Денсаулық сақтау

министрлігінің министрлігінің

ғылым және білім беру, ғылым және

жаңа технологиялар халықаралық қатынастар

бөлімінің басшысы Департаментінің директоры

« » 2009ж. « » 2009ж.

Дәйектемелі медицина клиникалық тәжірибеде

Әдістемелік нұсқамалар

Алматы, 2009

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті

Жанұялық медицина және емханалық оқыту кафедрасы

Авторлары: Умарова С.У – мғк, доцент;

Еңсегенова З.Ж. – мғк, доцент.

Аннотациясы

Нұсқамада клиникалық эпидемиологияның түсініктемесі, басты мақсаттары мен қағидадалары дәйектемелі медицинаның негіздері ретінде көрсетілген және дәйектемелі медицина талаптары мен міндеті, клиникалық сұрақ құрастыру ережелері, клиникалық сынақтар түрлері мен олардың өткізілу тәсілдері, статистикалық өңделуі, дәйектемелік деңгейі мен ұсынылу шарттары және мәліметтерді интернет жүйесінде іздеп табу әдістері берілген.

Әдістемелік нұсқама медицина вуздарының студенттеріне, интерн–дәрігерлер мен тәжірибелі және сарапшы дәрігерлерге арналған.

Әдістемелік нұсқама ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде талқыланып бекітілген (хаттама № айы, күні, жылы)

Сарапшылар:

Нугманова Д.С. –мғд, профессор, АМДБЖИ жанұялық медицина кафедрасының менгерушісі.;

Жанпеисова А.А. –мғд, профессор, ҚазҰМУ клиникалық фрамакология кафедра-сының меңгерушісі

Алматы, 2009

Мазмұны

1.Клиникалық эпидемиология мен дәйектеме негіздері бар медицина туралы

түсінік. Дәйектемелі медицинаға кіріспе. Дәйектемелі медицинаның әлемде

және біздің елде даму тарихы. Кокран бірлестігі

    1. Клиникалық эпидемиология мен дәйектеме негіздері бар медицина

туралы түсінік

1.2. Дәйектемелі медицинаға кіріспе

1.3. Дәйектемелі медицинаның әлемде және біздің елде даму тарихы

1.4. Кокран бірлестігі

2. Клиникалық тәжірибеде шешім қабылдау түрлері.

Дәйектемелі медицинаны қолданудағы жетістіктері мен шектеулері

2.1. Клиникалық тәжірибеде шешім қабылдау түрлері

2.2. Дәйектемелі медицинаны қолданудағы жетістіктері мен шектеулері

3. Дәйектемелі медицинадағы сапалық пен сандық зерттеу әдістері Клиникалық

сынақтар, анықтамасы, жіктеуі. Дәйектемелі медицинадағы статистикалық

сараптау. Дәйектемелік деңгейі мен ұсынылу мүмкіншілігі

3.1.Клиникалық сынақтар, анықтамасы, жіктеуі

3.2. Клиникалық сынақтардың сандық зерттеу әдістері. ДМ статистика негіздері

3.3. Клиникалық сынақтардың дәйектемелік деңгейі мен ұсынылу мүмкіншілігі

4. ДМ клиникалық сұрақтар түрлері. Клиникалық сұрақтарды құрастыру ережелері

5. ДМ елеуін қолданып медициналық мәліметтерді іздеп табу.

5.1.Іздеу әдісі. Интернет жүйесінде медициналық мәліметтерді іздеп табу.

6. Клиникалық хаттамалар, өнделу мен тәжірибеде қолдану және жаңартылу қағидалары

Клиникалық (медициналық) аудит туралы түсінік.

6.1. Клиникалық хаттамалар, өнделу мен тәжірибеде қолдану және

жаңартылу қағидалары

6.2. Клиникалық (медициналық) аудит туралы түсінік

Қысқартулар тізімі

ДМ – дәйектемелі медицина

КЭ – клиникалық эпидемиология

КБ – Кокран Бірлестігі

КС – клиникалық сынақтар

РБС – рандомизацияланған бақылаулы сынақтар

ЖШ - жүйелі шолулар

1. КІРІСПЕ

Соңғы он жылдықта денсаулық сақтау саласында «дәйектемелі медицина» бағыты зор орын алуда.

«Дәйектемелі медицина» - бұл жаңа ілім емес. Бұның негізгі қағидалары Францияда 150 жыл бұрын белгіленген. “Evidence-bazed Medicine”, немесе “дәлелді негізі бар медицина,” (дәйектемелі медицина) түсінігін 1990 жылы Торонтоның Мак Мастер университетіндегі канадалық ғалымдар ұсынған. Тез арада бұл түсінік әлемді шарпи бастап, әр қалаларда өзін қолдаушыларын тапты және осы қалаларда ұлттық денсаулық сақтау саласында маңызды орын алған ДМ орталықтары құрылды (Ричард К. Доубинс, 2006).

1973ж. – ағылшын эпидемиологі Арчи Кокран (Cochrane A.L.) алғашқы рет жүйелі шолу жасап, медициналық іс-әрекеттер маңыздылығын қорытынды клиникалық тексерістер арқылы бағалау қажеттілігін және ол нәтижелерді медициналық көмек көрсету тиімділігі мәліметтерінің арнайы қорында сақталуын алғашқы рет ұсынды. Осы ғалымның атымен Бірлестік аталды. Дәйектемелі медицина (evidence-based medicine) - бұл науқасқа көрсетілетін көмектің тиімділігін іздеу, салыстыру және қорытындылану арқылы кеңінен таралған нақты дәйектемелерге негізделген медицина бөлігі. ДМ қағидаларын білу дәрігерге көрсетілетін көмек туралы шешім қабылдауында әсер ететін көп жағдайларды сараптау арқылы сапасын жоғарлатуға мүмкіншілік береді.

Дәйектемелі медицина – бұл нақты бір науқасқа сапалы ғылыми зерттеулерде тиімділігі дәлелденген, яғни дәлелді негізі бар іс-әрекеттерді пайдалануымен ерекшеленетін медицина тәжірибесінің бір бөлігі. Өйткені қандайда тәжірибесі жеткілікті дәрігер болмасын оның білімі сан алуалы клиникалық жағдайларды еркін бағалауға мүмкіншілік бермейді. Әрине, сарапшылар, пікіріне, сенімді деректер мен анықтамаларға сүйенуге болады, бірақ бұл мәліметтер әр қашанда нақты болмайды, өйткені көлемді емдеу әдістерінің тиімділігі дәлелденгеннен кейін тәжірибеге біраз уақыттан соң енеді – бұл арада қалыс қалу үрдісі алда жүреді. (Аntman E.T., 1992), ал қазіргі уақыттағы биомедициналық ілімнің даму бағыты тәжірибелік медицинаға қоятын талаптары зор: олар -1) тәжірибелі дәрігерге керекті мәліметтер сынды бағалануы қажет және 2) клиникалық тәжірибеде көмек көрсету үшін қандайда болмасын іс-әрекеттер жүйелі таңдалып қолданылуы.

Дәйктемелі медицина тәжірибелік сұрақтарға жауап береді, бұл дегеніміз нақты бір науқасқа дертіне сәйкес көмек көрсету арнайы білімді талап етеді, сол көмектің тиімділігін қорытындысы ретінде физиологиялық, биохимиялық, иммунологиялық және басқада көрсеткіштерін бағалаудан бұрын клиникалық маңыздылығы жоғары жазылу, өлім қаупы, асқынулар, мүгедектік сияқты зерттеудің ақырғы нәтижелері бағалануы қажет.

Жұмыс жасап жүрген дәрігерлер өздерінің клиникалық тәжірибесін жоққа шығара алмайды. Дегенмен, біз шешімізді өзіміздің көргеніміз пен сезінгенімізге ғана жүгінбей миллиондаған науқастарды емдеген мыңдаған дәрігерлердің ұжымдық тәжірибесіне негіздеуіміз қажет, яғни дәлелденген шараларды қолдану, өйткені ежелде Луи Пастер айтып кеткен: «ғылым ұлт, аймақ және қаламамен шектелмейді».

Дәйектемелі медицина – бұл медициналық көмек және жалпы денсаулық сақтау жүйесі сапасын жоғарлатуда тіршікті маңыздылығы бар үдемелі дамып келе жатырған медицина бағыты.

ДМ қағидаларын денсаулық сақтау жүйесіне еңгізудің негізгі мақсаты – медициналық көмек сапасы қатерлігін төмендету, тиімділігін жоғарлату, құнын пайдалы ету және басқада маңызды қырларын бірынғағайлау.

Түптеп келгенде, Қазақстан Республикасының 2005-2010 жж. «Денсаулық сақтау жүйесінің дамуы мен қайта өңделуі» туралы Мемлекеттік бағдарламада «халықаралық стандарттарға, жаңа технологияларға, қазіргі уақыт талабына сай емдеу тәсілдері мен медициналық қызмет түрлеріне жүйелі көшудің маңыздылығы көрсетілген, медициналық шараларды дәйектемелі медицина қағидаларына негізделген диагностикалық пен емдеу хаттамаларын еңгізу арқылы бір тұтас ету жоспарланған».

Дәйектемелі медицина қағидаларын оқыту мен меңгеру қажеттілігі бірнеше жағдайлармен байланысты: олар - 1) ғылыми мәліметтер көлемінің көбеюі, әсіресе клиникалық фармакологияда – жыл сайын клиникалық тәжірибеге жаңа препараттар енеді, бірақ олардың клиникалық сынақтарының қорытындылары әртүрлі, ал кейбіреулері қарама-қарсы болып келеді; 2) денсаулық сақтау жүйесіне жұмсалатын қаржының тапшылығы – бұл жағдайда көлемді дәрілік заттар ішінен тиімділігі жоғары және қатерлігі төмен дәрілерді таңдап алу қажет; 3) дәрігерлер мен орта буынды қызметкерлердің жасап жатқан іс-әрекеттерінің 20% ғана клиникалық сынақта дәлелденген; 4) көмек шарасының қатерлігі немесе қажетсіздігі дәледенседе ол жылдар бойы қолданыла беріледі; 5) тиімді шаралар міндетті түрде іске аспай жатыр.

ДМ әр түрле мәселелерге байланысты бірнеше бағыттарды қамтиды, мысалы, дәрігердің қәсіптік қызметі, дәрігер мен науқастың қарым-қатынасы және тағы емдеу және басқа мекемелер қызметі.

Одан басқа, ДМ қағидаларын кеңінен қолдану дәрігерлерді тиімдіде және кәсіби оқытумен қатар олардың біліктілігін уақытында жоғарлатуға мүмкіншілік береді. Бұл жағдайда әртүрлі медициналық мекемелерде алынған сертификаттар мен дипломдардың және соған сәйкес дәрігерлердіңде білімінде айтарлық айырмашылық болмас еді

“Дәйектемелі медицина науқастар емін біртұтас ережемен жүргізуге мүмкіншілік түғызады, әрі бұл жағдайда дәрігерлердің бір-бірімен түсіністігі жоғарлайды”. Қалай айтсақта негізгі медициналық пен биологиялық ілімнің үдемелі дамуына қарамастан, біздің адам туралы білімімізде шегіне жете алмаймыз, өйткені ағзаның әсерленуі мен оны айналасындағы табиғи және әлеуметтік ортасы ұлан түрлі және көп себепті, ал олардың әсері мен жанасуын болжау өте қиын. Сол себептен дерт және оның дамуы туралы тек қана теориялық білімге негіздеделген, басым жағдайда жақсы нәтиже беретін, тиімдіді әрі қатерсіз ем тәсілін шығара алмаймыз. Бұл жағдай шешім қабылдауда жаңа, уақыт талабына сай әдістің қажеттілігін айғақтайды.

Дәйекетемелі медицина – бұл: 1) жеке тәжірибенің; 2) жүйелі шолулардан алынған үздік, сыртқы клиникалық дәйектемелердің және 3) науқас үмітінің бірлесуі.

Бірақта, дәйектемелі медицина дәрігердің кәсіпшілігі мен оның клиникалық ой-өрісі орнын баса алмайды, керісінше емдеу жұмысының сапасы мен тиімділігн айқын жақсартады, өйткені біздің негізгі мақсатымыз – Primam non nocere!!!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]