Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KZ силлабус стом 2014-15.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
321.02 Кб
Скачать

1 Этап:

  • Білім: тестілеу

2 Этап:

  • Машықтық дағдылары: клиникалық-зертханалық мәліметтерді, ситуациялық есептер арқылы чек-парақ қолданып, патофизиологиялық сараптау.

  • Коммуникативтік дағдылары: өз ойын қалыптастыру және оқытушыға оны жеткізе алу, оқытушының ескертулеріне түсіністікпен жауап беру, қайшы сұрақтарды талқылай білу.

2.11 Білім критерийлері және оны бағалау

    1. Тәжірибелік сабақ

Баға

Бағаланатын құзыреттілік

Білім

Ең жоғары 100б

Тәжірибелік дағды

Ең жоғары 100б

Коммуникативті дағды

Ең жоғары 100б

Құқықтық дағды

Ең жоғары 100б

95-100б

А

Студент сабақ тақырыбын терең түсінгендігін, патогенездің негізгі тізбегін, патогенездегі кері айналып соғу шеңберін, патогенездегі себеп-салдарлық байланыстарды талқылағанда терең ойлай білуі, негізгі пәндер (пререквизиттер) бойынша білімін қолдана білу, өткен тақырыптарды талқыланатын тақырыппен байланыстыра білуі

Студент сабақтың тәжірибелік бөлімін дұрыс және творчестволық орындауы, жануарлармен жұмыс жасау қабілеттігін көрсетті, тәжірибені дұрыс жүргізді, хаттама дұрыс толтыра білді, ситуациялық есептерді дұрыс қорытындылады, клиникалық-зертханалық мәліметтерді дұрыс талқылап, аралас пәндерден алынған білімін және патогенездің сызбанұсқасын қолдана отырып патогенездік емдеуді негіздеді

Студент топта жұмыс жасағанда өзін көшбасшы ретінде көрсете алды, пікірсайыстарда, есептерді шығарғанда жолдастарын, оқытушыға сыйластықпен қарап, өз көзқарасын дәлелдей алды, жолдасын зейінмен тыңдап, оның көзқарасын түсіндіре білді, өзінің эмоциясын ұстай білді, ғылыми конференцияда баяндама жасап, аудиторияның ынтасын қызықтыра білді

ҚР ДСМ №№ 697және 575 бұйрықтары бойынша тестілеу

95-100% дұрыс жауап

90-94б

А-

Студент сабақ тақырыбын терең түсінгендігін, патогенездің негізгі тізбегін, патогенездегі кері айналып соғу шеңберін, патогенездегі себеп-салдарлық байланыстарды талқылағанда терең ойлай білуі, өткен тақырыптарды талқыланатын тақырыппен байланыстыра білуі бірақ материалды талдағанда негізгі пәндер бойынша білімін көрсете алмады.

Студент сабақтың тәжірибелік бөлімін дұрыс және творчестволық орындауы, жануарлармен жұмыс жасау қабілеттігін көрсетті, тәжірибені дұрыс жүргізді, хаттама дұрыс толтыра білді, ситуациялық есептерді қорытындылады, клиникалық-зертханалық мәліметтерді дұрыс талқылап, патогенездің сызбанұсқасын қолдана отырып патогенездік емдеуді негіздеуде аралас пәндерден алынған білімін қолдана алмады

Студент топта жұмыс жасағанда өзін көшбасшы ретінде көрсете алды, пікірсайыстарда, есептерді шығарғанда жолдастарын, оқытушыға сыйластықпен қарап, өз көзқарасын дәлелдей алды, жолдасын зейінмен тыңдап, оның көзқарасын түсіндіре білді, өзінің эмоциясын ұстай білді, ғылыми конференцияда баяндама жасап, аудиторияның ынтасын қызықтыра білді

ҚР ДСМ №№ 697 және 575 бұйрықтары бойынша тестілеу

90-94% дұрыс жауап

85-89б

В+

Студент сабақ тақырыбын терең түсінгендігін, патогенездің негізгі тізбегін, патогенездегі кері айналып соғу шеңберін, патогенездегі себеп-салдарлық байланыстарды талқылағанда терең ойлай білуі, өткен тақырыптарды талқыланатын тақырыппен байланыстыра білуі бірақ материалды талдағанда негізгі пәндер бойынша білімін көрсете алмады.

Студент сабақтың тәжірибелік бөлімін дұрыс орындады, тәжірибені дұрыс жүргізді, бірақ хаттама толтырғанда және қорытындылағанда қателесті, ситуациялық есептерді дұрыс талқылады, бірақ клиникалық-зертханалық мәліметтерді талқылағанда аздаған қателіктер жіберді, патогенездің сызбанұсқасын қолдана отырып патогенездік емдеуді негіздеуде аралас пәндерден алынған білімін қолдана алмады

Студент топта жұмыс жасағанда өзін көшбасшы ретінде көрсете алды, пікірсайыстарда, есептерді шығарғанда жолдастарын, оқытушыға сыйластықпен қарап, өз көзқарасын дәлелдей алды, жолдасын зейінмен тыңдап, оның көзқарасын түсіндіре білді, өзінің эмоциясын ұстай білді, ғылыми конференцияда баяндама жасап, аудиторияның ынтасын қызықтыра білді

ҚР ДСМ №№ 697 және 575 бұйрықтары бойынша тестілеу

85-89% дұрыс жауап

80-84б

В

Студент тақырып материалдарын білетін, бірақ патогенездік сызбанұсқа құрастырғанда жіберген қателерін оқытушының ескертуінен соң түзете алады, Логикалық ойлауы дұрыс, негізделген қорытындылар жасаған. Тақырыпты талдағанда өткен тақырыптардан білімін толық көрсете алмады

Студент тәжірибелерді дұрыс, ғылыми тұрғыда түсініп орындаған, жануарлармен жұмыс жасай алатындығын көрсеткен, бірақ хаттама толтырғанда және қорытындылағанда аздаған қателіктер жіберген, оқытушының ескертуінен соң түзеткен. ситуациялық есептерді талқылағанда дұрыс қорытындылаған, терең сараптама жасаған, бірақ аздаған қателіктер жіберген.

Студент топта жұмыс жасағанда өзін көшбасшы ретінде көрсете алмады, пікірсайыстарда, есептерді шығарғанда жолдастарын, оқытушыға сыйластықпен қарап, өз көзқарасын дәлелдей алмады, жолдасын зейінмен тыңдамады, оның көзқарасын түсіне білмеді,

Жолдасын зейінмен тыңдап көзқарасын түсіне білді, бірақ баяндама жасағанда аудиторияны қызықтыра алмады

ҚР ДСМ №№ 697 және 575 бұйрықтары бойынша тестілеу

80-84% дұрыс жауап

75-79б

В-

Студент материалды толық білетіндігін көрсеткенмен, патогенездік сызбанұсқа құрастырғанда және жауаптарында аздаған қателіктер жіберді, бірақ оқытушының қосымша сұрақтарынан соң түзетті.

Тақырыпты талдағанда өткен тақырыптардан білімін оқытушының қосымша сұрақтарынан соң еске түсіреді

Студент тәжірибелерді дұрыс, ғылыми тұрғыда түсініп орындаған, жануарлармен жұмыс жасай алатындығын көрсеткен, бірақ хаттама толтырғанда және қорытындылағанда аздаған қателіктер жіберген, оқытушының ескертуінен соң түзеткен. ситуациялық есептерді талқылағанда дұрыс қорытындылаған, терең сараптама жасаған, бірақ қателіктерін оқытушының қосымша сұрақтарынан соң түзетті

Студент топта жұмыс жасағанда өзін көшбасшы ретінде көрсете алмады, пікірсайыстарда, есептерді шығарғанда жолдастарын, оқытушыға сыйластықпен қарап, өз көзқарасын дәлелдей алмады, жолдасын зейінмен тыңдамады, оның көзқарасын түсіне білмеді,

Жолдасын зейінмен тыңдап көзқарасын түсіне білді, бірақ баяндама жасағанда аудиторияны қызықтыра алмады, қойылған сұрақтарға қинала жауап берді

ҚР ДСМ №№ 697 және 575 бұйрықтары бойынша тестілеу

75-79% дұрыс жауап

70-74б

С+

Студент тақырып материалдарын толық білмеген, сұрақты түсінбеген, бағдарлама бойынша келешектегі материалды меңгеруге жеткілікті білімін көрсеткен. Тақырып түсініктерін, атаусөздерді анықтауда, патогенездік сызбанұсқа құрастырғанда қиындықтар тудырған, оқытушының бірнеше қосымша сұрақтарынан соң түзеткен. Материалды айқын жеткізе алмаған, өткен тақырыптардан білімін еске түсіре алмады

Сабақтың тәжірибелік бөлімін орындауда студент теориялық білімін қолдана алмаған, қажетті қиындықтағы тапсырманы орындай алған, хаттама толтырғанда айқын қателіктер жіберген, толық емес қорытындылар жасаған, ситуациялық есептер шығарғанда сараптамалары толық емес, бірақ патогенездік емін негіздей білді

Студент топта жұмыс жасағанда өзін көшбасшы ретінде көрсете алмады, пікірсайыстарда, есептерді шығарғанда жолдастарын, оқытушыға сыйластықпен қарап, өз көзқарасын дәлелдей алмады, жолдасын зейінмен тыңдамады, оның көзқарасын түсіне білмеді. Баяндама жасай біледі, бірақ қойылған сұрақтың 70%-ына жауап береді

ҚР ДСМ №№ 697 және 575 бұйрықтары бойынша тестілеу

70-74% дұрыс жауап

65-69б

С

Студент тақырыпты беткей оқыған, үрдістердің патогенезін қиындау түсіндіреді, бірақ оқытушының түсіндіргенінен кейін қойылған сұрақтарға жауап бере алады, сабақты талдағанда өткен тақырыптарды қолдана алмайды

Сабақтың тәжірибелік бөлімін орындауда студент теориялық білімін қолдана алмаған, қажетті қиындықтағы тапсырманы орындай алған, хаттама толтырғанда айқын қателіктер жіберген, толық емес қорытындылар жасаған, ситуациялық есептер шығарғанда сараптамалары толық емес, бірақ патогенездік емін негіздей біледі

Студент топта жұмыс жасағанда өзін көшбасшы ретінде көрсете алмады, пікірсайыстарда, есептерді шығарғанда жолдастарын, оқытушыға сыйластықпен қарап, өз көзқарасын дәлелдей алмады, жолдасын зейінмен тыңдамады, оның көзқарасын түсіне білмеді. Баяндама жасай біледі, бірақ қойылған сұрақтың 50%-ына жауап береді

ҚР ДСМ №№ 697 және 575 бұйрықтары бойынша тестілеу

65-69% дұрыс жауап

60-64б

С-

Студент тақырыпты беткей тұсінген, талданатын үрдістердің патогенезін нашар бағдарлайды, өткен тақырыптарды қолдана алмайды, оқытушының түсіндіргенін ұқпайды, талқыланған материалға қызықпайды, сабақты талқалауға зауқы жоқ.

Сабақтың тәжірибелік бөлімін орындауда студент теориялық білімін қолдана алмаған, қажетті қиындықтағы тапсырманы орындай алған, хаттама толтырғанда айқын қателіктер жіберген, толық емес қорытындылар жасаған, ситуациялық есептер шығарғанда сараптамалары толық емес, бірақ патогенездік емін негіздей алмады

Студент топта жұмыс жасағанда өзін көшбасшы ретінде көрсете алмады, пікірсайыстарда, есептерді шығарғанда жолдастарын, оқытушыға сыйластықпен қарап, өз көзқарасын дәлелдей алмады, жолдасын зейінмен тыңдамады, оның көзқарасын түсіне білмеді. Баяндама жасай біледі, бірақ қойылған сұрақтарға жауап бере алмайды

ҚР ДСМ №№ 697 және 575 бұйрықтары бойынша тестілеу

60-64% дұрыс жауап

55-59б

D+

Анықтаманы түсіндіргенде, атаусөздерді қолданғанда, патогенездің сызбанұсқасын құрастырғанда қателіктер жібереді. Студенттің тақырыпты талқылауға зауқы жоқ.

(0-49б)

Сабақтың тәжірибелік бөлімін орындауға қатынасқан, хаттаманы толтыра алмаған, қорытынды жасай алмаған, ситуациялық есептерді сараптамаған.

Студент топта жұмыс жасағанда өзін көшбасшы ретінде көрсете алмады, пікірсайыстарда, есептерді шығарғанда жолдастарын, оқытушыға сыйластықпен қарап, өз көзқарасын дәлелдей алмады, жолдасын зейінмен тыңдамады, оның көзқарасын түсіне білмеді, баяндама жасай алмады

ҚР ДСМ №№ 697 және 575 бұйрықтары бойынша тестілеу

55-59% дұрыс жауап

50-54

D

Сабаққа қатысқан, бірақ материалды түсінбеген, патогенездік сызбанұсқаны құрастырғанда, тақырып түсініктерін, атаусөздерді анықтауда қиындықтар тудырған, оқытушының бірнеше қосымша сұрақтарынан соң түзете алмаған.

Сабақтың тәжірибелік бөлімін орындауға қатынасқан, хаттаманы толтыра алмаған, қорытынды жасай алмаған, ситуациялық есептерді сараптамаған.

Коммуникативті емес

ҚР ДСМ №№ 697 және 575 бұйрықтары бойынша тестілеу

50-54% дұрыс жауап

40

F

Студент сабаққа дайындалмаған

Сабақтың тәжірибелік бөліміне қатынаспады

-

ҚР ДСМ №№ 697 және 575 бұйрықтары бойынша тестілеу

0-49% дұрыс жауап

0

Сабаққа келмеді

Өзін өзі жетілдіру СӨЖ тапсырғанда бағаланады.

Семестр бойы студент СӨЖ-дің барлық тақырыптарын СӨЖ орындауға қажетті әдістемелік нұсқауға сәйкес оқиды. СӨЖ тақырыптарының сұрақтары аралық және қорытынды бақылаудың тест тапсырмаларының құрамына енгізілген. СӨЖ тақырыптарынан таңдап, көрсетілім дайындап, мезгілінде қорғайды.

СӨЖ - ең жоғарғы балл – 100 балл, 100%-ға сәйкес келеді.

РЕФЕРАТ және КӨРСЕТІЛІМ –бағалау бақылаудың әрбір түрінің орташа арифметикалық бағасы шығарылады.

Баға

Бағалау критериі

Реферат мазмұнының тақырыпқа және оның мақсатына сәйкестігі

Ең жоғарғы балл – 100 балл

Тақырыптың толықтығы мен логикалық ашылуы

Ең жоғарғы балл – 100 балл

Реферат бойынша сұрақтарға жауап бере білуі

Макс.100б

Ақпарат көздерімен жұмыс жасай білуі

Ең жоғарғы балл – 100 балл

95-100б

Реферат мазмұны тақырыпқа және оның мақсатына сәйкес

Тақырып толығынан ашылған, материал ойлы түрде арнайы атаусөздерді қолданылып, бағдарламада қарастырылған көлемде, кестелер, көрсетілімдер, патогенездің сызбанұсқасы келтіріліп, теориялық қағидаларды негіздейтін сапалы түрде жазылған

Материал толық қамтылған, айқын, толық қорытындылар жасалған. Қойылған сұрақтарға толық жауап береді

Заманауи ақпарат көздері жеткілікті көлемде қолданылған, библиографиялық қолданыстары өте жақсы орындалған. Студент электрондық кітапханалар- Springer, Thomson Reuter

Elsevier

қолданған

90-94б

Реферат мазмұны тақырыпқа және оның мақсатына сәйкес

Тақырып толығынан ашылған, материал ойлы түрде арнайы атаусөздерді қолданылып, бағдарламада қарастырылған көлемде, кестелер, көрсетілімдер, патогенездің сызбанұсқасы келтіріліп, теориялық қағидаларды негіздеген Материал толық қамтылған, дұрыс қорытындылар жасалған

Студент материалды еркін меңгерген қойылған сұрақтың 90% жауап береді.

Заманауи ақпарат көздері жеткілікті көлемде қолданылған, библиографиялық қолданыстары өте жақсы орындалған. Студент электрондық кітапханалар- Ресейлік көздерін қолданған, шетелді қарастырмаған

85-89б

Көрсетілімнің мазмұны тақырыпқа және оның мақсатына сай. Тақырып толық ашылған, бірақ аздаған қателіктер бар, слайдтар ойлы бірізділікпен, арнайы атаусөздер және белгілер қолданылып берілген. Патогенездің сызбанұсқасын түсініксіз құрастырған. Слайдтар мәтіні ойлы, айқын ашылған, қысқаша түрде түсінікті берілген. Материал толық емес, қорытындылары айқын емес және айқын қателіктер жіберген.

Студент тақырып материалдарын меңгере алады, бірақ еркін баяндай алмайды. Сұрақтардың 85% дұрыс жауап береді

Студент негізінен оқу бағдарламасында қарастырылған заманауи ақпарат көздерін қолданған. Студент интернет желісін қолданған

80-84б

Көрсетілімнің мазмұны тақырыпқа және оның мақсатына сай. Тақырып толық ашылмаған, слайдтар бірізділікпен берілмеген, арнайы атаусөздер және белгілер қолданылып берілген. Патогенездің сызбанұсқасында қателіктер бар. Слайдтар мәтіні негізінен сөзбен берілген. Қорытынды толық келтірілмеген

Студент тақырып материалдарын меңгере алады, бірақ еркін баяндай алмайды. Сұрақтардың 80% дұрыс жауап береді

Студент негізінен оқу бағдарламасында қарастырылған заманауи ақпарат көздерін қолданған. Студент интернет желісін қолданған

75-79б

Көрсетілімнің мазмұны тақырыпқа және оның мақсатына сай. Тақырып толық ашылмаған, слайдтар бірізділікпен берілмеген, арнайы атаусөздер және белгілер қолданылып берілген. Патогенездің сызбанұсқасында қателіктер бар. Слайдтар мәтіні негізінен сөзбен берілген. Қорытындылары айқын емес

Студент тақырып материалдарын меңгере алады, бірақ еркін баяндай алмайды. Сұрақтардың 80% дұрыс жауап береді

Студент негізінен оқу бағдарламасында қарастырылған заманауи ақпарат көздерін қолданған.

70-74б

Мазмұны тақырыпқа сәйкес келмейді

Тақырып толық ашылмаған, слайдтар бірізділікпен берілмеген, арнайы атаусөздер және белгілер қолданылып берілген. Патогенездің сызбанұсқасы, слайдтар мәнсіз, мәтіні негізінен сөзбен берілген. Қорытындылары жоқ

Студент материалын меңгере алмайды, жеңіл сұрақтарға ғана жауап береді

Студент көпшілігі ескірген аздаған ақпарат көздерін қолданған.

0 балл

СӨЖ тапсырмаған

АРАЛЫҚ және ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ – 2 этаппен жүргізіледі.

1 этап – тестілеу, 100 балдық жүйемен бағаланады.

2 этап – ситуациялық есептер бойынша чек-парақты қолданып, клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау, машықтық және коммуникативті дағдылар (бақылау-өлшегіш құралдары бөлімін қараңыз) (90% - машықтық дағды, 10% - коммуникативті дағды)

Аралық бақылаудың қорытынды бағасы 2 этаптың орташа бағамы есептеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]