Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KZ силлабус стом 2014-15.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
321.02 Кб
Скачать

2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе

Заманауи медицинаның дамуы жоғары медициналық оқу орындарынан студенттерін күрделі жанжақты теориялық дайындықты қажет етеді. Медициналық білім беруде дәрігер дайындаудың маңызды аспектісі, стоматолог - дәрігердің бағытты әсерін және клиникалық ойлауының практикалық, методологиялық әдістерін құруға бағытталған интеграциялық және анализдік оқу пәні ретінде ерекше орын алатын патологиялық физиологияны тереңдете оқытуды талап етеді.

Патологиялық физиология аурулардың алдын алу, дұрыс диагноздау және емдеудің негізін құрайтын дәрігерлік ойлауды қалыптастыратын фундаменталды теориялық медициналық – биологиялық пән болып табылады.

2.2 Пәннің мақсаты:

Студенттерде ауру туралы, аурулар мен дерттік үрдістердің, ағхалар мен жүйелер қызметі бұзылыстарының пайда болуы, дамуы және аяқталуының негізгі заңдылықтары, тіс-жақ аймағы арнайы бүліністерінің этиологиясы және патогенезі туралы, ауыз қуысы тіндерінде патологиялық үрдістердің ерекшеліктері және олардың жалпы организммен байланысты екені туралы ғылыми болжамдарды студенттерде қалыптастыру, жануарларда тәжірибелер жүргізу, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын, топта жұмыс жасау коммуникациялық дағдысын, құқықты құзіреттілікті, өзін өзі дамыту құзыреттілігін қалыптастыру.

2.3 Оқыту міндеттері:

  • жалпы нозология және біртектес дерттік үрдістер бойынша білімді қалыптастыру

  • Жалпы және жеке патофизиология бойынша білімдерін қалыптастыру

  • Тіс жақ аймағында біртектес дерттік үрдістердің және ағзалар мен жүйелердің қызметтері бұзылыстарында ауыз қуысы зақымданулары туралы білім қалыптастыру.

  • Дерттік үрдістерді үлгілеужәне клиникалық зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдыларынқалыптастыру.

  • Клиникаға дейінгі зерттеу жүргізу ережелері ҚР ДСМ №№ 697, 575 бұйрықтары бойынша білім қалыптастыру

  • Топта жұмыс жасай білу коммуникативті дағдыларын (өз ойын жеткізе білу, оқытушы мен топтастарының ойын сыйлау, зейін қойып тыңдай білу) дамыту

  • СӨЖ және сабақтарға дайындалғанда студенттердің жеке басының дамуына, қазіргі информациялық ағымдарды түсінуіне, ғылыми, оқулық ждәне анықтамалық әдебиеттермен, кітапханадағы каталогтармен, интернет желілерімен өздігінен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру

2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студентте қалыптастырылатын құзыреттіліктер:

  • Білімі:Жалпы нозологияның, себепкер ықпалдардың, жағдайлардың, реактивтіліктің аурулардың пайда болуындағы, дамуындағы және аяқталуындағы маңызы, ағзалар мен жүйелердің кең тараған негізгі біртектес дерттік үрдістердің, ауыз қуысының біртектес дерттік үрдістерінің этиологиясы мен патогенезінің ерекшеліктерін, ішкі ағзалар қызметтері бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезін, ағзалар ауруларындағы ауыз қуысы тіндері өзгерістерін білу.

  • Машықтық дағдылары: патофизиологиялық тәжірибенің және дерттік үрдістер және аурулар кезінде клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау, этиотропты және патогенездік емдеуді негіздеген кезінде теориялық білімдерді қолдану және болашақ кәсіптік қызметі кезінде оларды пайдалану.

  • Өзін өзі дамыту: Кәсіптік және жеке бас дамуына ұмтылу, күнделікті кәсіптік қызметке қажетті жаңа білімдерді табу және білім алуды жалғастыру, заманауи ақпараттық ағындарда бағыт бағдар табу.

  • Коммуникативтік дағдылары: топта жұмыс жасау, өз пікірін тұжырымдай білу, компромисстерді табу, өз ойын ұжымның ойымен салыстыру, жаңа шешімдерді ұсыну.

  • Құқықтық дағдылары: «Қазақстан Республикасында клиникалық тексерулер мен медико-биологиялық тәжірибелерді, клиникаға дейінгі тексерулерді өткізу Тәртібін бекіту туралы» ҚР ДСМ № 697 Бұйрығының негізгі қағидаларымен танысу. Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министірлігінің метрологиясының және техникалық бақылау Комитетінің 29 желтоқсан 2006 жылғы № 575 Бұйрығы. Тиісті лабораториялық тәжірибенің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидалары.

2.5. Пререквизиттер: медициналық генетика негіздері және молекулалық биология, физиология, биохимия, микробиология және вирусология, гистология

2.6. Постреквизиттер: терапиялық стоматология, хирургиялық стоматология, ортопедиялық стоматология

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]