Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет фатима.docx
Скачиваний:
47
Добавлен:
30.04.2015
Размер:
89.44 Кб
Скачать

2.2 Компанияда жұмыс істеуші жүйелер

Амадеус - авиабилеттерді, қонақ үйлерді, автокөлікті, теміржол билеттерін, паромдарды, круиздерді және т.б. брондайтын жүйе. Дүние жүзіндегі алғашқы төрттік жүйе құрамына кіреді. Кейбір көрсеткіштері бойынша әлемде бірінші орынды алады, мысалы: Амадеус жүйесін қолданатын турагенттердің саны мен терминалдар бойынша Европа,Африка, Оңтүстік Америка нарықтарында бірінші орынға ие. Қазіргі таңда Амадеус жүйесі 490 авиакомпаниялармен жұмыс жасайды, яғни билеттерді брондауға мүмкіндік береді.Соның ішінде Ресей компаниялары: «Аэрофлот», «ГТК», «Россия», «Самарские авиалинии», «Уральские авиалинии», «Красноярские авиалинии», Авиакомпания «Сибирь», Авиакомпания «Центр Авиа», «Кавминводыавия», «Долодедовские авиалинии», «Владивосток Авиа». Сонымен қатар, дүние жүзіндегі 750 авиакомпаниалардың күнтізбесінің мәліметтерін береді. Амадеус-өзінің клиенттеріне әлем бойынша авто көлікті (75мың турагент) 25300-ден астам кеңсемен, 50-ден астам компаниялармен байланыстырады. Амадеус қонақ үйлердегі номерлерді ұсынады, олардың бағасын көрсетеді, яғни ең төменінен қымбатына дейін және олар туралы толық мәлімет береді. Сонымен қатар, бронға толық кепілдік беріледі, бағасы өзгертілмейді.61560 қонақ үймен жұмыс істейді.Солардың ішіндегі негізгі қонақ үйлер, «Марриотт», «Вестерн хотелз», «Шератон» және т.б. жекеменшік қонақ үйлер. Кейбір нарықта темір жол, паромдар,круиз билеттерін (17 компания ) брондау жұмыстары ұсынылады.

Амадеус жүйесімен жұмыс істейтін турагентке келген турист толық пакет қызметін алады. Онда, авиабилет, қонақ үй , жалға берілетін автокөлік, және сақтандыру анықтамасы ұсынылады.

Әлемдегі авиакомпанияларды, қонақ үйлерді, сақтандыпу компанияларын, туристік агенттіктерді бұл Амадеус жүйесі өзінің дамуымен қызықтырады. Сонымен қатар, өнімнің дамуымен және туристік агенттердің жұмысының оңайлығымен қызықтырады. Олар : отчет жүйесі, бланктердің және билеттердің автоматты түрде басылып шығуы және т.б.

Амадеус - авиабилеттерді, қонақ үйлерді, автокөлікті, теміржол билеттерін және т.б. брондайтын жүйе. Дүние жүзіндегі алғашқы төрттік жүйе құрамына кіреді. Амадеус жүйесімен жұмыс істейтін турагентке келген турист толық пакет қызметін алады. Онда, авиабилет, қонақ үй , жалға берілетін автокөлік, және сақтандыру анықтамасы ұсынылады .

Әлемдегі авиакомпанияларды, қонақ үйлерді, сақтандыру компанияларын, туристік агенттіктерді бұл Амадеус жүйесі өзінің дамуымен қызықтырады. Сонымен қатар, өнімнің дамуымен және туристік агенттердің жұмысының оңайлығымен қызықтырады. Олар : есеп жүйесі, бланктердің және билеттердің автоматты түрде басылып шығуы және т.б. Интернет жүйесі және телекоммуникация арқылы брондау арзан. Арзан болудың себебі, шағын агенттер мен ірі компаниялар өз жұмыстарын дамыту үшін жасалынған.

Аmadeus:

  1. қызықты орындардың тарифін және бос орындарының кестесін көру үшін, сондай-ақ брондау үшін, онлайн режимінде көру мүмкіндігінің болуы;

  2. стандартты темір жол билеттері;

  3. саяхат санына шектеусіз жол жүру билеттері (авиаброндаулар);

  4. қонақ үйлердегі брондау.