Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет фатима.docx
Скачиваний:
47
Добавлен:
30.04.2015
Размер:
89.44 Кб
Скачать

Мазмұны

кІРІСПЕ

І бөлім

1. ЖШС «NAZ Airtouragency» фирмасының жалпы сипаттамасы

1.1 Фирма туралы мәлiметтер

1.2 Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы

1.3 Бөлiмдердiң функциясы және штаттық кестесі

2. Фирманың жұмыс технологиясы

2.1 Қызмет көрсету ерекшеліктері

2.2 Компанияда жұмыс істеуші жүйелер

3. Маркетинг тұжырымдамасы

3.1 Маркетинг қызметiнiң ұйымдастыру жүйесi

3.2 Жарнамалық жұмыс

3.3 Кәсіпорынның бағалық саясаты

Кiрiспе

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің география факультетінің туризм мамандығының 4 курс бойынша оқу-өндірістік практикасы 23.03.15 – 26.04.15 уақыт аралығында болып өтті.

Мақсаты: Ұйым практикалық тәжирбесін алу және Қазақстан мен қапсарлас елдерде туристік саяхаттау жүргізу, экскурсиялық қызмет көрсету, туристік ақпарат жинақтап, өңдеу болып табылады.

Міндеттері: Теориялық материалдарды практика жүзінде жетілдіру, экскурсия методикасын үйрену, танымдық экскурсия өткізудің тәсілдерін үйрену. Алматы облысы, Ақмола облыстары және Шеттелдік елдер бойынша туристік-рекреациялық ресуртармен танысу, кәсіби экскурсоводтар тәжірибелерімен танысу, жаңа мәліметтерді алу, туризм инфрақұрылымындағы орналастыру орындарының құрылымен, құрылысымен өндірістік тұрғыда танысу, білім алып, оны жетілдіру. Сонымен қатар, отандық туризмге деген қызығушылықты одан ары арттыру, шетел туризмі мен еліміздің туристік жағдайын салыстыру, анализ жасау, құнды тарихи-мәдени объектілермен танысу, елімізге деген қамқорлықты, экологиялық тазалықтың маңызын, танымдық туризм, жаяу, ат, велотуризм, су туризмін меңгеру жатады.

Практика келесі кезеңдерден тұрады:

  1. Жолға дайындық, маршрут бойынша мәліметтер жинау.

  2. Алматы – Астана – Көкшетау – Бурабай – Астана – Алматы

  3. Өндірістік практика өтетін мекеме

  4. Есеп дайындау және қорғау.

Практика кезінде студенттер экскурсия бойынша кітапханалардан, интернет көздерінен мәліметтер жинастырды және де маршрут карточкаларын, карта-схемаларды, сонымен қоса фотоматериалдар дайындады.

Өндірістік практика студенттердің кәсіби дайындығының басты кезеңі болып табылады. Өндірістік іс-әрекет негізінде студент болашақта қажет болатын туризм мамандығына қажетті терең және нақты білім алады, іскерлікке үйренеді.

Туризм дүние жүзі бойынша қоғамда және экономикада ерекше бір мәнге ие. Туризм сөзін естігенде біздің көз алдымызға ең алдымен бір немесе бірнеше адамдардың өзара ұйымдасқан саяхаты, қонақ үйлер елестейді.

Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді бағдарламасында туризмнің дамытылуын, әрбір ауданда туризмге қажетті обьектілерді қорғау, ел экономикасын жақсарту айтылған. Сондықтан туризмді дамытудың негізгі нысаны республика экономикасының дамуына туризм арқылы кіріс кіргізу және халықаралық туризм деңгейіне сай сапалы қызмет жасау болып табылады. Бүгінгі күнде бұл тапсырмаларды туризмнің дамуы мен әр аудандағы туристік-рекреациялық потенциалды пайдалану арқылы шешу керек.

Туризмді дамытудың негізгі мәселелері республикамыздың аудандарында кездеседі. Сол сияқты Алматы облысында, яғни мұнда практикалық тұрғыдан алып қарағанда туристік-рекреациялық қатынастар негізделген. Ал қазіргі уақытта облыс біріншіден, өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуының жоғарғы көрсеткішімен танылады, яғни өнеркәсібімен алда келе жатқан облыс, екіншіден туристік-рекреациялық потенциалы бар. Ол рекреациялық потенциал барлық жағынан зерттеуді, сол салаға қолдануды қажет етеді.

Туризм – экономиканың табысты бағыты ретінде танылған сала. Оның маңыздылығын еске ала отырып Елбасы Н.Ә.Назарбаев туризм саласының дамуына үлкен көңіл бөлуде. 2011 – 2014 жылдары туризмді дамыту бағдарламасы қабылданды. Ол керемет табиғи ресурстарды, тарихи, мәдени мұраларды сақтауға және тиімді пайдалануға, туристік индустрияны табысты дамытуға бағытталған. Сыртқы және ішкі туризмді дамыту мемлекеттік саясаттың туризм саласындағы маңызды міндеті болып саналады. Ғасырлар қойнауына бойлайтын көне тарих пен бүгінгі индустрия жымдаса жарасып, ескі мен жаңаның қайталанбас көркем оюын кестелейді. Көгілдір суы көбіктенген көптеген көлдер, өзендер, көне қорғандар, мазарлар, қоныстар бар. Өлкеміз республиканың аса ірі индустриялды аймағы.

Туристiк салада жұмыс iстейтiн фирмалардың қызметтерiнің ең маңызды бағыты турөнімді алға жылжыту болып табылады, жарнамасы мен іске асырылуы қарастырылады.

Бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құрал жаңартылған технологияларымен дамытылған, арнайы түрлi туристiк ұсыныстарға толған жарнамалық даңғылары және турфирманың жетiстiкке жету жолында арнайы мәлiметтерді болашақ клиентке жеткізу, оның табысты жұмыспен аяқталуына кепілдік береді. Нарықты саралауды қарап шықсақ, тұтынушыларды қанағаттандыру қарапайым есеп емес. Ең алдымен тұтынушы талғамдарын жақсы білу керек. Ол үшiн маркетинг зерттеулерi өткiзедi. Бұл жұмыс барысында қарастырылады.

Өндірістік практиканы мен ЖШС «NAZ» фирмасында 23.03 – 26.04.2015 аралығында өттім. Фирманың негізгі қызмет көрсету түрі ішкі туризмді дамыту, сонымен қатар менiң тәжiрибиемнiң мақсаты мамандық бойынша теориялық білімімді және өзiндiк жұмыстан алған білімді бекiту болып табылады.

Қазақстан қалалары бойынша шығу тәжірибесі 26.03.2015 – 04.04.2014 аралығында Алматы-Астана-Бурабай-Көкшетау-Бурабай-Астана-Қарағанды-Алматы бағыты бойынша бекітілген бағдарламаға сай ұйымдастырылды.

Қазақстан қалаларына шығу практикасының міндеті:

  1. студенттерді әр қаланың туристік орындарымен таныстыру;

  2. туризм инфрақұрылымын дамытуға деген студенттің өзіндік көзқарасын қалыптастыру;

  3. шетел, Қазақстандағы практикаларға салыстыру жасау және Қазақстан туризмін дамыту шараларын іздестіру;

  4. теориялық білімді практика жүзінде одан әрі жетілдіру;

Туристтiк салада жұмыс iстейтiн фирмалардың қызметтерiнің ең маңызды бағыты турөнімді алға жылжыту болып табылады, жарнамасы мен іске асырылуы қарастырылады.

Өндірістік практиканың мақсаты: студенттердiң өндiрiстiк практикасы оқу кезінде алған теориялық білімдерін жетілдіру мен бекіту, практика өтетін ұйымдар мен мекеме жұмыстарын терең зерттеу негізінде аналитикалық және басқару дағдыларына ие болу мақсатында, жүргізіледі.

Өндірістік практика міндеті:

  1. ұйымдастырушы, басқару жұмыс тәжiрибесін жинау;

  2. кәсіпорын экономикасын, технологиялық өндіріс пен ұйымдастырушылық құрылымын зерттеу;

  3. кәсіпорынның стратегиясын, маркетингтік, қаржылық, жарнамалық іс-әрекетін сипаттайтын материалдарға талдау жасау;

  4. кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын,капитал жұмсауын, сапаны бақылау мен стандартизация тұрғысын, еңбек тиiмдiлiгін және өнiмдiлiгін анықтайтын шараларын талқылау;

  5. жаңа бағдарламалармен, технологиялармен, компьютерлік қызмет көрсетумен танысу;

  6. келісімшарт, шарт ,әріптестердің картотекасын құрастыру, өндірістік кеңес, іскерлік кездесулер, келіссөз өткізу тәжірибесін талқылау;

  7. туристік кәсіпорын мамандарының нұсқаулары мен қызметтік міндетімен, кадрларды орналастыру принциптерімен танысу;

Экономиканың жаңа секторларын дамыту маңызды болып саналады, себебі бұл жалпы ұлттық табысты көтеруге әсерін тигізеді. Соның ішінде мықты мультипликациялық эффект туризм саласы көрсете алады. Туризмді дамыту, бiр жағынан, аймақтық экономиканы табиғи-климаттық, объектілер мен нысандар, әр түрлі ресурстар мүмкiндiктерi арқылы жүзеге асыру қарастырылады.

І БӨЛІМ

1. ЖШС «NAZ» фирмасының жалпы сипаттамасы

1.1 Фирма туралы мәлiметтер

NAZ — халықаралық неміс компаниясы, әлемдік логистика нарығындағы және туризм саласындағы көшбасшылардың бірі. 

NAZ – компаниясы мемлекет нарыңғында 2004 жылдан бастап жұмыс атқаруда. Компания мақсаты жоғарғы сапалы қызмет көрсету болып табылады.

Жыл сайын 1000-нан астам адам компанияның қызметтерін пайдаланады. Компанияның нарықта тәжірибесі бар, барлық қажетті инфрақұрылымдар мен жүйеленген туризмді ұйымдастыру процесіне ие бола отырып «NAZ» компаниясы Сауд Аравиясына белгіленген бағада тәжірібие алмасу бағдарламаларының ауқымды спектрін ұсынады.

Компанияның негізгі қызмет түрі:

  • тәжірібие алмасу сапарларын ұйымдастыру;

  • халықаралық туризм.

«NAZ»-фирмасының туризм бөлімі көп салалы турагенттік ретінде авиациялық жолаушылар тасымалын сату, әлем бойынша қонақ үйлерді брондау, медициналық сақтандыру салаларында қызметтерін пайдалануды ұсынады. Агенттік көптеген мақтау қағаздарына ие және жыл сайын тұрақты клиенттер саны артып келеді.

Үздіксіз он жыл бойы Қазақстан нарық жұмысында өз дәрежесін республикалық деңгейде көтеріп, филлиалдарын ашуы жоспарланып отыр. Бастапқы жылдары турфирма тек құжаттармен, жеңіл дайын экскурсияларды ұйымдастырған. 2008 жылдан бастап фирманың туризм бөлімі турпакеттерді жасауға рұқсат алып, бірнеше экскурсиялар мен турларды жасады.

Фирманың негiзгi қызмет бағыттары:

  • шетелде де, Қазақстан Республикасы iшiнде де туристтiк қызметтiң

жүзеге асыруы;

  • ұйым және визалы қолдауды қамтамасыз ету;

  • шетелдiк төл құжаттардың рәсiмделуi;

  • жеке және топтық турларды ұйымдастыру;

  • көлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру, соның iшiнде билеттердiң көлiктiң барлық түрлерiне брондалуы;

  • белгілі елде туристтердің тұруын қамтамасыз ету, соның iшiнде мейманханалық нөмiрлердiң брондалуы;

  • экскурсияларды ұйымдастыру, көлік қызметімен қамтасыз ету.

Қазіргі кезде тур фирманың қызмет ету шеңбері біраз ұлғайған. Ұйым көлікпен қызмет етумен, Қазақстан және шетел бойынша экскурсиялық бағдарламалармен, біздің аумақта туристерді қабылдап және қызмет көрсетумен, семинарларды, корпоративтік шараларды, балаларды сауықтыру және білім беру бағдарламаларын ұйымдастырумен, шығу және VIP-туризммен айналысады.Бірақ бастапқыдай компания қызметінің негізгі және басты бағыты болып қажылық туризмі саналады.

Алматы қаласында орналасқан бұл фирма бүгінгі күні туристтiк нарықта әлі қалыптасуда. Келесідей тенденциялары бар:

  • осы нарықта жұмыс iстейтiн турфирмалардың санының тұрақты өсуi;

  • белгілі бір салаға маманданған және әмбебаптық бағытта жұмыс жасайтын орындарға бөлінуі;

  • ұсынылатын қызметтер санының көбеюі. Мұндай жағдайда қосымша қызметтер сақтандыру, жеке гидтер және аудармашылардың беруi т.б. пайда болды.

  • бағалардың дұрыс және бір қалыпты орнауы;

  • турөнімнің сапасын жақсарту, оны өндіру барысындағы тәжірибені арттыру.

1.2 Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы

Кәсiпорынның ұйымдастырылуы заңға сүйенген формасы – ЖШС «NAZ» фирмасы (Жауапкершілігі шектеулі серіктестік).

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – деп бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің міндеттемелері және залалдар бойынша өздері қосқан салымдарының құны шеңберінде жауап беретін серіктестікті айтамыз.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің мәні бойынша тұлғалар мен капиталдың бірігуін көрсетеді. Бұл жерде толық және сенім серіктестіктері, сондай-ақ акционерлік қоғам арасында өз орнын алатын коммерциялық нысаны байқалады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің көптеген артықшылықтары бар:

- бұл нысан, бірнеше қатысушы бар бизнес жүргізу барысында жеке тұлғалық және материалды мүдделерді үйлестіруге мүмкіндік береді;

- жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мәртебесін құқықтық реттеу кезінде көптеген диспозитивті нормаларды қолданады, бұл қатысушыларға көптеген шарттарды өздері белгілеуге мүмкіндік береді;

- қоғам алдында есеп беру міндеттілігінің жоқтығы; қатысушыларды тіркеу кезінде 25 % жарғыны төлеп, қалғанын бөлшектеп төлеуге мүмкіндігі бар.

Серіктестіктің құрылтай құжаты болып, құрылтай шарты табылады. құрылтайшылардың қол қойған жарғысы болады. Бұл серіктестік бір ғана тұлғадан құрылады, оның құрылтай құжаты жарғы болып табылады. Серіктестік жарғылық қоры құрылтайшыларының салымдарынан құралып, өз несие берушілердің мүддесін есепке алатын минималды мөлшерін белгілейді. Артықшылықтары: ірі қаржы сомасының тез арада жиналуы, бір тұлғамен де құрылу мүмкіндігі, серіктес мүшелері, серіктестік міндеттемелері үшін шектеулі жауапкершілікке ие.

Туристiк фирма қызметкерлерi жұмыстарының негiзгi бағыттары: клиенттерге мәлiмет беру, клиенттермен жұмыс, билеттердi брондау және рәсiмдеу, турды сату, маркетинг және жарнама, әкiмшілік мiндеттердi орындау. Кәсiпорын басқарудың ұйымдық құрылымы 3 суретте көрсетілген.

Сурет 5. Басқарудың ұйымдық құрылымы

Әр туристiк фирманың өз маманданған саласы болады, бiрақ көбісі түрлi бағыттарда бірдей жұмыс жасай алмайды. «NAZ» фирмасында олар төртеу:

- шетелдiк туризмнiң бөлiмi және VIP - қызмет көрсету

- Алматы қаласының туризм және қызмет көрсету

- қабылдау бөлiмi және экскурсиялық қызмет көрсету

Фирманың барлық қызметi фирма бөлiмдерiнiң табысты жұмысына тәуелдi болады. Негiзгi бөлiмдерден басқа тағы 2 бөлiмдер жұмыс iстейдi: виза және бухгалтерлiк.