Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Catalog KZ Bас

.pdf
Скачиваний:
33
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
24.9 Mб
Скачать

Н е г і з г і е р е ж е л е р

11

 

 

ды беру МАК-тың жабық мәжілісі­ жағдайында комиссия мүшелерінің және мәжіліске­ қаты­ сушылардың ашық дауысқа салуы жолымен қабылданады.

Бағаны жоғарылату мақсатында мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруға және диплом жұ­ мысын қайта қорғауға рұқсат берілмейді.

Диплом жобасын (жұмысын) рецензиялау өзге ұйымдардың сыртқы мамандары, қорғалатын жұмыс бағыты жоғары біліктілікке сай, арқылы ғана жүзеге асырылады.

Білім алушыларды қорытынды аттестациялау Білім алушыларды қорытынды аттестациядан өткізу үшін барлық оқыту формалары бойынша әрбір мамандыққа мемлекеттік аттестация комиссиялары құрылады (МАК). Ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін факультет декандары академиялық мәселелер жөніндегі департамент­ тің оқу процесі бөліміне МАК-тың төраға кандидатураларын ұсынады, ол профессорлар, доценттер, ғалымдар, оқытушылар, тәжірибелі еңбек өкілі бар аталған ЖОО-да жұмыс істемейтін, дайындалатын мамандар бағытына сәйкес келетін өндірістегі жетекші мамандар және мұғалімдер

болуы қажет.

Білім алушылардың қорытынды аттестацияға жіберілуі қорытынды аттестацияның басталуынан екі апта бұрын студенттердің тізімі бойынша факультет деканының бұйрығымен бекітіледі және МАК-қа ұсынылады.

Қорытынды аттестациядан өткен және жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламасын менгергендігі дәлелденген білім алушыға МАК-тың шешімімен жоғары біліктілік немесе мамандыққа сәйкес «бакалавр» академиялық дәрежесі тағайындалады­ және мемлекеттік үлгідегі диплом қосымшасымен беріледі.

Қорытынды аттестациядан «канағаттанар­ лықсыз»­ баға алған студент университет басшы­­ лығының бұйрығымен оқудан шығарылады және оған белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.

Студенттердің курстан-курсқа өтуі

Білім алушы белгіленген деңгейдегі GPA балын алған жағдайда университет ректорының бұйрығы бойынша келесі курсқа өткізіледі. Курстан-курсқа өткізуге талап етілетін GPA балы оқу жылының басында факультеттің Ғылыми кеңесінде белгіленеді. Белгіленген GPA балын ала алмаған білім алушы курсты ақылы түрде қайта оқуға қалдырылады.

Қайта оқу Курсты қайта оқуға қалдырылған білім алу-

шы бұрын бекітілген жеке жұмыс жоспары бойынша немесе белгіленген тәртіп бойынша, қайта құрылған жеке оқу жоспары бойынша оқуға құқылы.

Талап етілетін GPA балын алған және келесі курсқа көшірілген білім алушы академиялық қарызы болған жағдайда пәнді қайта оқуды тек ақылы түрде жүзеге асырады.

Білім беру грантының иегері болған білім алу-

шы курсты қайта оқуға қалдырылған жағдайда білім беру грантынан айырылады және одан кейінгі оқуын тек ақылы түрде жүзеге асырады. Білім беру грантының иегері болған білім алушы көшіру GPA балын алған жағдайда және келесі курсқа академиялық қарызбен көшірілген жағдайда мемлекеттік білім беру грантынан айырылмайды. Мұндай жағдайда олар қарыз болған пәнді тек ақылы түрде оқуға және ол бойынша емтихан тапсыруға міндетті. Академиялық қарызды жою мақсатында курсты қайталап оқу немесе оқу сабақтарына қайталап қатысу теориялық оқытудың келесі кезеңдерінде немесе жазғысеместрде ақылы негізде жүзеге асырылады. Мамандық бойынша бір кредиттің құнын Қаржыэкономикалық жұмыс жөніндегі департамент анықтайды.

Тәжірибені ұйымдастыру және өту әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универси-

тетінде білім алушылардың негізгі және міндетті тәжірибесіне — оқу, педагогикалық, өндірістік, ғылыми-зерттеу түрлері жатады.

Тәжірибенің барлық түрі тәжірибе бағдар­ ламасына сәйкес өткізіледі, ал білім алушыларға тәжірибені өткізудің негізгі талаптарынан тұра­ тын силлабус ұсынылады. Мамандық бағытына және­ тәжірибені өткізетін кәсіпорындар мен ұй­ ымдардың сипаттамасына сәйкес кафедралар бағ­ дарлама дайындайды, содан кейін факультеттің Ғылыми Кеңесі бекітеді. Факультеттің ағымдағы оқу жылында тәжірибе силлабусы тәжірибе же­ текшісі тарапынан жасалады және факультет деканы бекітеді.

Тәжірибені ұйымдастыру барлық кезеңде білім алушының мамандықты түбегейлі игеруіне, бітірушінің өз кәсібін жоғары деңгейде білуіне, яғни кәсіби дағдыны меңгерудің реттілігін және үздіксіздігін қамтамасыз етуге бағытталуы қажет. Білім алушылардың оқу тәжірибесі Уни­ верситеттің немесе кәсіпорындардың, меке­ме­ лердің және ұйымдардың оқу бөлімдерінде өт­ кізілуі мүмкін.

Студенттің өндірістік, соның ішінде диплом алдындағы тәжірибесі тәртіп бойынша тәжірибе базасын беру туралы келісімдерге сәйкес тәжірибе базасы болып табылатын кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда өткізіледі. Тәжірибені өткізу мерзімі оқу жоспары мен Академиялық күнтізбеге сәйкес Университет арқылы белгі­ ленеді, Университеттің оқу-өндірістік базасының, ұйымдардың тәжірибелік базасы және білім алу­ шылардың теориялық даярлық деңгейінің бар­ лық мүмкіндіктері ескеріледі. Мамандықтың оқу жоспары арқылы кредит саны анықталады және ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартында қарастырылған тәжірибенің әрбір түріне сәйкес келуі керек. Білім алушы тәжі­ рибенің сәйкес түріне тіркеледі және оны өзінің жеке оқу жоспарына енгізеді. Тәжірибеші-сту­ денттің тәжірибесінің нәтижесі жазбаша есеп беру түрінде рәсімделеді және кафедра комиссия­

12

Н е г і з г і е р е ж е л е р

 

 

сында қорғалады. Білім алушының тәжірибені өткізу нәтижесінің бағасы теориялық білімінің бағасымен теңестіріледі, тәжірибе бағасы стипендия тағайындау мәселесінде және жалпы GPA есебінде, сонымен қатар келесі оқу жылына көшіруде ескеріледі әрі тәжірибе тізімдемесіне койылады. Тәжірибенің жалпы қорытындысы факультеттің Ғылыми Кеңесінде талқыланады және оған тәжірибе базасының өкілдері міндетті түрде қатысуы қажет.

Студенттерді университеттен шығару әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті уни-

верситеттен мынадай себептермен шығарылуы мүмкін: өз еркімен; басқа оқу орнына ауысуына байланысты; оқу тәртібін бұзғандығы үшін (қайта оқу курсы үшін ауысу бұйрығының бекітілген мерзімінде немесе ақылы негізде пәнді қайта оқу үшін, оқу ақысын төлемегендігі үшін); университетпен байланысын үзгендігі үшін, оқу сабақтарын дәлелсіз себептермен үздіксіз жіберу (жіберілген сағат саны 60%-дан жоғары болса), академиялық демалыс мерзімі біткеннен кейін немесе шетелдік іссапардан соң ұзақ мезгіл сабаққа қатыспауы (2 апталық мерзімдей); әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың Жарғысы мен ішкі тәртіпті бұзғандығы үшін (сабаққа мас күйінде келуі немесе сабақта спирттік ішімдіктерді пайдалануы, университет қабырғасында құмар ойындар ойнауы, университет мүлкін бүлдіруі, жатақханада тұру тәртібін бұзғандығы үшін, университетте қоғамға қарсы қылығы үшін, ауыр зардаптарға соқтыратын еңбек және өрт қауіпсіздігін бұзғандығы үшін).

Студенттік емханада бекітілген медициналық анықтама көрсетуі, шетелдік іссапарға шығуы, университет әкімшілігінің келісуімен республика деңгейіндегі әр түрлі шараларға және спорттық жарыстарға қатысуы, сонымен қатар форс-ма­

жорлық жағдайлар сабақты жіберудің дәлелді себептері бола алады.

Мемлекеттік грант иегері болып табылатын студент университеттен шығарылған жағдайда өзінің білім грантынан айрылады.

Мемлекеттік емтихан мен бітіру жұмысын қорғауды жіберіп алу

Егер мемлекеттік емтиханды жіберіп алу жағдайы себепті деп танылса, онда білім алушыға «I» бағасы қойылады. Дәлелді себептермен, қор­ тынды мелекеттік аттестацияға келмеген студенттер МАК төрағасының атына өтініш жазып, рұқсат етілетін болса, осы комиссияның басқа күнгі отырысында мемлекеттік емтихан немесе бітіру жұмысын қорғай алады.

Курсты қайта оқу

Жұмыс оқу жоспарының талаптарын орын­ дамаған­ және белгіленген GPA балын жинай алмаған жағдайда курсты кайта оқуға ақылы түрде калдырылады.

Студенттердің университет ішінде ауысу Білім алушының ауысуы кредит сандары

және оқу жоспарларының айырмашынығын жою барысында сәйкес келетін Курсқа ауысуы ар­ қылы жүргізіледі. Мұнда жұмыс оқу жоспарын­­ дағы айырмашылық міндетті компонентте 2-3 пәннен аспауы керек, ал әлективті пәндер кредит мөлшерімен сәйкес келуі керек, болмаған жағдайда ол бір курс төменге ауыстырылады. Бі­ лім алушының бір мамандықтан екінші маман­ дыққа, бір формадан екінші формаға ауысуы университет ішінде ақылы түрде жузеге асады.

Білім алушыға ақылы бөлімнен мемлекеттік грантқа ауысу

Білім алушыға ақылы бөлімнен мемлекеттік грантқа ауысу оқу бойынша жоғарғы көрсеткіш

Н е г і з г і е р е ж е л е р

13

 

 

болған жағдайда және ҚР БҒМ талаптарына сәйкес­ вакантты орындар болған кезде мүмкін. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білім алушылары аталған курстың оқу жоспарының талаптарын толық орындағанда, талап етілген кредит мөлшерін игергенде және GPA ауысу балын жинаған жағдайда ректордың бұйрығымен келесі курста мемлекеттік грантқа ауыстырылады.

Басқа жоғары оқу орнынан ауысу Білім алушыны басқа ЖОО-дан ҚазҰУ-ға

сәйкес келетін оқу формасы мен мамандық бойынша ауыстыру демалыс кезеңінде мемлекеттік аттестациядан өткен соң жүзеге асырылады. Ауысып­ келу басымдылығы мемлекеттік грант иегерлеріне және GPA бойынша 2.33 кем бол­ маған білім алушыларға беріледі. Барлық оқу формасы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУға ауысу процедурасы ҚР «Білім туралы» заңына және ҚР БҒМ нормативтік кұжаттарына сәйкес жүзеге асады.

Академиялық демалыс беру тәртібі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті ме­

дициналық анықтама көрсетуі бойынша және ҚР Қарулы Күштер қатарына шақырылуына байланысты Академиялық демалыс алуға құқығы бар.

Білім алушының оқу жұмыс жоспарындағы пән айырмашылығын жою үшін Академиялық демалыстан келуші қажетті пәндерге тіркеледі және оны деканат бекіткен мерзімге сәйкес ақылы негізде ғана оқиды.

Білім алушының оқуға оралу тәртібі Бұрын оқудан шығарылған білім алушыны әл-

Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білім алушылары қатарына қабылдау барлық оқу түрлері бойынша демалыс уақытында оқудан шығару мерзіміне байланыссыз ректордың бұйрығымен жүзеге асырылады. Оқуға оралу шартына білім алушының кем дегенде бір академиялық кезеңді аяқтауы жатады.

Оқуға оралудың танылуына оқу жоспарындағы айырмашылықты жойып, қажетті кредит мөлшерін жинау жатады. Оқу жоспарындағы айырмашылық міндетті блок бойынша 5 пәннен аспауы керек

және элективтік пәндер бойынша кредит сандары толық сәйкес болуы керек. Білім алушының оқуға оралуы сәйкес курс бойынша және ақылы түрде ғана жүзеге асады. Білім алушының оқуға оралу тәртібі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және ҚР БҒМ ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Оқу пәндеріне тіркелу Әр пән бойынша оқу сабақтары және сабақ

кестесін­ құру білім алушылардың пәнге тіркелу негізінде жүргізіледі. Білім алушы мамандықтың жұмыс оқу жоспарында көрсетілген кре­диттердің белгілі бір мөлшеріне тіркелуі керек.

Пәндерді оқуға тіркелу әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Универ жүйесінің Регистратор Офисінде Эдвайзерлердің, деканаттардың, ка­ федралардың­ әдістемелік және кеңестік кө­мек­ терімен, сондай-ақ Регистратор Офисінің тиісті формаларын толтыру жолымен жүргізіледі. Тір­ кеуді жүргізу мезгілі Академиялық күнтізбеде көрсетіледі.

Он-лайн режимінде сабаққа қатысуға тіркелу әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сайтының www. kaznu.kz­ адресі бойынша жүргізіледі, ол жерге Регистратор Офисінің он-лайн жүйесі бойынша толыққанды нұсқаулықтар орнатылған.

Білім алушы өзінің жеке оқу траекториясын эдвайзермен нақты талқылағаннан кейін пәндерге тіркелу жүргізіледі. Эдвайзер Элективті пәндер каталогы және бекітілген жұмыс оқу жоспарына сәйкес пәнді таңдау мәселелеріне байланысты түсініктеме береді.

Мезгілі Академиялық күнтізбеде көрсетілген ұйымдастыру кезеңінде Университетке жаңа түскендер үшін пәндерге тіркелу процедурасы, кредиттік оқу жүйесімен жалпы таныстыру жүргізіледі. Ұйымдастыру кезеңінде әкімшілік өкілдерімен, факультет декандарымен, кафед­ра меңгерушілерімен, эдвайзерлермен кездесу жүр­ гізіледі.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға жаңа түс­ кендерді тіркеу ұйымдастыру кезеңінен өткеннен

14

Н е г і з г і е р е ж е л е р

 

 

кейінгі біріншісеместрге дейін жүргізіледі. Білім алушылардың бұл категориясы үшін тіркеуге кірудің негізі университет студенттері қатарына қабылдау туралы бұйрық жәнесеместрге ақы төлеу (егер оқу ақылы түрде болса) болып табылады.

Қалған білім алушылар Академиялық күн­ тізбеде көрсетілген тіркеу мезгілінде келесісеместр пәндеріне және пәндерді қайта өтуге тіркеледі­. Тіркеуге кірудің негізі мынадай: пәнді оқуға қажетті барлық Пререквизиттерден өту; оқуға ақы төлеу бойынша қаржылық қарыздың­ жоқтығы; білім алушылардың кешендік медициналық­ қара­ лудан өтуі (оқу жылында кем дегенде бір рет).

Жазғысеместрге тіркелу жұпсеместр аяқталған соң жүргізіледі.

Пәнді қайта оқуға тіркелу жалпы тіркелудің бекітілген мезгілінде жүргізіледі, бірақ оқуға алдын-ала ақы төлеу қарастырылады (пәнді қайта оқу барлық мамандықтар мен оқу формалары үшін ақылы түрде жүргізіледі).

Білім алушылардың академиялық топтары

берілген­ пәнге жазылған білім алушылардың жеткілікті мөлшер принципі бойынша құрылады. Бакалавриатта міндетті түрдегі пәндерге тір­ келгендердің ең төменгі қажетті мөлшері мынадай: дәрістерде — 80-120 адам; тәжірибелік сабақтарда — 20-25 адам; білім алушылары аз мамандықтарды санамағанда, тілдік, зертханалық сабақтарда — кем дегенде 12 адам.

Білім алушылары аз Элективті пәндер бойынша білім алушылардың академиялық топтары барлық білім алушылардың бір пәнге жазылу принципімен құрылады. Бұл жағдайда білім алушылардың ортақ саны кем дегенде 8-12 адам болу керек.

Егер білім алушылар саны бекітілген ең төменгі мөлшерден аз болса, онда пән ашылмайды. Осындай пәнге жазылған білім алушыларға ескертеді де, тіркеу біткен соң 3 күн ішінде пән таңдаудан қайта өтуді сұрайды.

Егер білім алушылар саны бекітілген ең жоғары мөлшерден көп болса, осы пән бойынша қосымша академиялық топ құрылады.

ә л - фа ра б и а т ы н д а ғ ы Қ а з ұ у б і л і м а л у ш ы л а р ы н ы ң б о с уа қ ы т ы н ө т к і з у і

15

 

 

 

 

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті — ҚР Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» атты сыйлығына тұңғыш болып иеленген танымал оқу орындарының бірі. Қазақстан және Орта Азия елдерінің жоғары оқу орындарының арасында бірінші болып 2003 жылы 16 қыркүйекте Болонья қаласында Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойып, Еуропалық және бүкіләлемдік білім беру кеңістігіне еліміздің жоғары оқу орындарының кіруіне жол ашып берді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚР көпсалалы жоғары оқу орындарының рейтингісінде бірінші орынды иеленеді. 100-ге жуық студенттер мен магистранттар Н.Ә. Назарбаевпен белгіленген Елбасы стипендиясының стипендиаттары болды.

Қоғамдық ұйымдар

 

 

мында тәжірибеден өтті. Үздік білімдерімен

Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер са-

қоғамдық істерге белсенділіктері үшін универси­

райында көркем өнер түрінің 20-дан астам

теттің 100-ден астам студенттері мен магистрант-

үйрмелері жұмыс жасайды. Жастар өз талант-

тары Президент Стипендиясымен марапаттал-

тарын «Фараби сазы» оркестрінде, «Махамбет»

ды. «СКЛ-КазГУград» КТК командасы көптеген

вокал және хореография студиясында, «Біз»

қалалық және республикалық ойын жеңімпаздары

студенттер театрында шыңдауға

мүмкіндіктері

болып табылады.

бар. Театр «Адаспаңдар!» атты спектаклімен өз

Спорт кешені

шымылдығын ашып, «Той» аншлагымен өмірін

Міне, алпысқа жуық жыл болды, университетте

жалғастыруда. Жастар режиссура және актерлік

әлемдік чемпионат жеңімпаздары мен халықара-

шеберлік

сферасындағы

таланттарын көрсетіп,

лық спорт титулдарының иегерлері болған өзінің

қоғам үшін маңызды мәселелерді көтереді. Қазақ

бітіруші түлектерімен мақтанатын Қазақ ұлттық

ұлттық университетінің өмірі көптеген басқа да

университеті спорт клубы жұмыс жасап жатыр.

мәдени шаралармен толы деуге болады. Жыл сай-

Сонымен қатар Қазақ ұлттық университетінің

ын студенттер мен магистранттардың қатысуымен

Ыстықкөл көлінің сондай әдемі жағасында орын

«Қош келдің, Наурыз», «Менің Қазақстаным»

тепкен демалыс зонасы да бар. 1964 жылы құрыл-

атты фестивальдар ұйымдастырылды.

ған Қазақ ұлттық университетінің спорттық-

Жастар және студенттер орталықтары

сауық­тыру­ лагері Бозтері ауылында орын теп-

Жастар орталығында

«Суперстудент» интел­­­

кен, алып жатқан ауданы 17 гектардан асады.

лектуалды ойыны, танымал адамдармен кезде-

Демалушылар­ға­ мәдени, тұрмыстық және емдік

сулер ұйымдастырылып, өткізіп отырады. Со-

қызмет көрсететін спорттық ауданы бар, аса жай-

нымен қатар, жастар жаңа жыл тойлауда, «Қозы

лы пансионаты бар лагерь территориясында 2-3

мен Баян» кешін ұйымдастыруда, «Мен — өз

адамға арналып жасалған жайлы нөмірлері бар

елімнің

патриотымын»,

«Біздің

жұлдыздар»,

корпустар мен коттедждер орналысқан. Мұнда

«Жігіт сұлтаны», «Үздік студенттік отбасы»

тамақтанумен қоса алғанда спорттық жарыстары

атты кештерді ұйымдастыруда кеңінен атсалы-

бар демалысты да атап өтуге болады. Жыл сай-

сады. Шараларды студенттердің өзін-өзі басқару

ын осы лагерьде 2000-ға жуық студенттер мен

орталықтары ұйымдастырады. 2002 жылы Ұлттық

оқытушылар демалып қайтады, атап өтерлік жайт,

дебат орталығы қызметінің шегінде 100-ден астам

студенттер мен магистранттар үшін жолдамаға 50

студенттер Парламенттің

Заң шығару құрылы-

пайыздық жеңілдіктер қарастырылған.

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

Биология және биотехнология факультеті

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

17

 

 

5B010800 Дене шынықтыру және спорт

5B011300 Биология

5B060700 Биология

5B070100 Биотехнология

5B080400 Балық шаруашылығы және кәсіптік балық аулау

5В010800 ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ МАМАНДЫҒЫ

1 курс

I семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 1. 6 кредит.

ENG 1101, FRE 1101, GER 1101 Шет тілі. 3 кредит.

KAZ 1001 Қазақ (орыс) тілі. 3 кредит.

Негізгі элективті модульдер

Негізгі элективті модуль 1. 3 кредит.

KAZ 1003 (RUS 1003) Кәсіби мақсат үшін қазақ (орыс ) тілі.

3 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

Негізгі элективті модуль 2. 3 кредит. KAZ 1002 Қазақ тілі және әдебиет.

3 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

Негізгі элективті модуль 3. 3 кредит. SLV 1001 Тіршілік қауіпсіздік негіздері.

1 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

ECO 1001 Экология және тұрақты даму.

2 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

Негізгі элективті модуль 4. 3 кредит. POL 1001 Саясаттану.

3 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

Кәсіби элективті модульдер

Cпорт түрінің негіздері және гимнастика. 6 кредит.

PHSE 1001 Таңдап алынған спорт түрінің негіздері

3 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

PHSE 1002 Гимнастика оқыту әдістемесімен

3 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

Модульдің мақсаты – таңдап алынған спорт түрінің даму тарихы туралы студенттерге білім беру. Спорт түрінің басқару құрылымының ұйымдастыруын, жіктелуін, жүйелендіруін, терминологиясын, жарыстың ережелерімен, спорттық дайындау түрлерімен, жоспарлау және спорт түрін таңдап алуымен таныстыру. Модульді оқу мектепке дейінгі мекемеде, мектепте, жоғары оқу орындарында және т.б. дене шынықтыру мен спорт мекемелерінде кәсіби шеберлікті, дағдыны үйретуді қамтамасыз ету болып табылады.

Дене және техникалық-тактикалық дайындық. 6 кредитов

PHSE 1003 Жалпы және арнайы дене дайындық

3 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

PHSE 1004 Техникалық-тактикалық дайындық

3 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

Модульдің мақсаты – таңдап алынған спорт түрінде жалпы және арнайы дене дайындығының байланысын, функционалды дайындықтың оптимизациясы және дене сапасын дамыту құралдары мен әдістері туралы білім беру. Бұл модульде негізгі түсініктер, жіктілік, таңдап алынған спорт түріндегі техника-тактикалық дайындықтың жалпы сипаттамасы, техниканың оқыту негіздері, тактикалық іс-әрекеттерінің меңгерілуі және бекітілуі беріледі.

II семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 2. 3 кредит. PED 1001 Педагогика. 3 кредит Негізгі міндетті модуль 3. 3 кредит.

INFT 1001 Ақпараттық технологиялар. 3 кре­ дит.

Негізгі міндетті модуль 4. 3 кредит. HST 1001 Қазақстан тарихы. 3 кредит Негізгі міндетті модуль 6. 6 кредит.

ZLG HSG 1006 Анатомия, спорттық морфоло­ гия негіздері. 3 кредит.

PHSE 1002 Дене тәрбиесі және спорт тарихы. 3 кредит.

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 1. 6 кредит

ENG 1101, FRE 1101, GER 1101 Шет тілі. 3 кредит

KAZ 1001 (RUS 1001) Қазақ (орыс) тілі. 3 кредит

Биология және биотехнология факультеті

Биология және биотехнология факультеті

18

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

 

 

Кәсіби элективті модульдер

Спорт түрінің оқыту әдістемесі. 3 кредит. PHSE 1005 Таңдап алынған спорт түрінің

оқыту әдістемесі

3 кредит. Пререквизиттер: PHSE 1001.

Модульде қарастырылатыны: техника, тактика, оқытудың дидактикалық қағидасы, оқытудың құралдары мен әдістерінің оқыту реттілігі, техника және спорттық шеберліктің бастапқы оқыту кезеңі

– құрылу, ептілік, дағды.

Шаңғы спорты. 3 кредит.

PHSE 1006 Шаңғы спорты оқыту әдістемесімен.

3 кредит. Пререквизиттер: ZLG HSG 1001.

Бұл модуль бағдарламасы – шаңғы спортынның әдістемесін, жаттықтырушының кәсібипедагогикалық қызметі үшін қажетті практикалық дағдыларды, жаттықтыру мен оқытудың әдістемесі және теориялық білімдерін меңгерген, жоғарғы дәрежелі мамандарды даярлау болып табылады.

III семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 5. 2 кредит. PHIL 1001 Философия. 2 кредит. Негізгі міндетті модуль 7. 6 кредит.

PHSE 2002 Олимпиадалық білім және кәсіби спорт. 3 кредит.

BTHN BME PLB 2001 Дене тәрбиесі және спорт биохимиясы. 3 кредит.

Негізгі элективті модульдер

Негізгі элективті модуль 5. 6 кредит. LAW 1001 Құқық негіздері.

3 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

ECN 1001 Экономикалық теория негіздері.

3 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

Негізгі элективті модуль 6. 6 кредит. SOC 1001 Әлеуметтану

3 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

PSY 1001 Психология

3 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

Кәсіби элективті модульдер

Жеңіл атлетика. 3 кредит.

PHSE 2007. Жеңіл атлетика оқыту әдістемесімен

3 кредит. Пререквизиттер: ZLG HSG 1001.

Бұл модуль жеңіл атлетикалық жаттығуларының жаттықтыру, сауықтыру және қолданбалы мағынасының теоретикалық, техникалық, әдістемелік және практикалық негіздерін алдын ала қарастырады.

Шығыс жекпе-жектері. 3 кредит. PHSE 2009. Шығыс жекпе-жектері

3 кредит. Пререквизиттер: ZLG HSG 1001.

Модульдің мақсаты – ЖОО-дағы дене шынықтыру мамандығы бойынша түлектерді кажетті тәжірибелі дағдылармен, ептілікпен,

педагогикалық білім негіздерімен таныстыру. Берілген модуль келесі негізгі бөлімдерді қамтиды: шығыс жекпе-жектерінің теориясы мен әдісін, шығыс жекпе-жектеріндегі медикобиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, материалдық-техникалық базасын.

IV семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 8. 3 кредит.

PHLH 2003 Адам физиологиясы (жалпы және жас ерекшелігі). 3 кредит.

Негізгі міндетті модуль 9. 6 кредит.

PED 2004 Дене тәрбиесі және спорт педагоги­ касы. 3 кредит.

PSY 2005 Дене тәрбиесі және спорт психоло­ гиясы. 3 кредит.

Кәсіби элективті модульдер

Фитнес және аэробика. 3 кредит. PHSE 2008 Фитнес және аэробика

3 кредит. Пререквизиттер: ZLG HSG 1001.

«Фитнес және аэробика» модулінің мақсаты

– адамның үйлесімді дамуына, сауықтыру дене шынықтырудың құралдарын, әдістерін қолдана отырып, студенттерге білімді, ептілікті дағдыландыру. Модульдің негізгі міндеті – еліміздегі және шетелдегі дене сауықтыру қызметінің ғылыми деңгейіне сай, сауықтыру аэробика және фитнестен инструкторларды, жаттықтырушыларды және әдіскерлерге оқутәжірибелік құралдарын дайындау.

Дене шынықтырудың бейімдік түрлері. 3 кре­ дит.

PHSE 2010 Дене шынықтырудың бейімдік түрлері

3 кредит. Пререквизиттер: ZLG HSG 1001.

Модульде дене шынықтырудың бейімдік түрлерінің теоретикалық және практикалық аспектілерін қолдануын, адам денсаулығын жақсартуға ушу, хатха-йога, йога және дене шынықтыруда бейімдік түрлерінің қолдану ерекшеліктері мен мүмкіншіліктері қарастырылады.

Техникалық-тактикалық дайындық негіздері және туризм. 6 кредит.

PHSE 2011 Таңдап алынған спорт түріндегі техникалық-тактикалық дайындық негіздері

3 кредит. Пререквизиттер: PHSE 1001, PHSE

1005.

TRM 2012 Туризм оқыту әдістемесімен

3 кредит. Пререквизиттер: ZLG HSG 1001.

Модульдің мақсаты – туризм саласында спортты және белсенді саяхатты ұйымдастыруға, туризм оқыту әдістемесіне қажетті білім, ептілік және дағды беру. Модуль студенттерге таңдап алынған спорт түрінде әр түрлі кезеңдердегі тактикалық дайындау білімін және дағдысын, спорттың басқа да дайындық түрлерімен байланысын, іс-әрекеттерін меңгеруін және бекітуін береді.

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

19

 

 

Кәсіби-қолданбалы дене шынықтыру дайындық және спорттық бағдар. 6 кредит.

PHSE 2013 Спорт және кәсіби-қолданбалы дене шынықтыру дайындығының негіздері

3 кредит. Пререквизиттер: PHSE 1002.

PHSE 2014 Спорттық бағдар

3 кредит. Пререквизиттер: ZLG HSG 1001.

Модульдің мақсаты – студенттерге спорт және кәсіби-қолданбалы дене шынықтыру дайындығының негіздері туралы терең білім беру. Модульде спорттық жағдайдың жүйесі және спортшының дайындығы қарастырылады, сонымен қатар, оларды қүшейтетін және толықтыратын жарыстан және жаттықтырудан тыс факторлары беріледі. Модульде топография ілімі туралы жаңа білім беру, еске сақтау қабілетін дамыту, ойының дамуы, қашықтықты сезу, жылдамдықты сезу, өзін-өзі ұстау болып табылады.

V семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 10. 6 кредит.

PHSE 3001 Дене тәрбиесі және спорт теория­ сы. 3 кредит.

PHSE 3002 Спорттық құрылымдар және еңбекті қорғау. 3 кредит.

Кәсіби элективті модульдер

Емдік дене шынықтыру және биоырғақтар. 7 кредитт.

PHSE 3015 Емдік дене шынықтыру. Массаж

4 кредит. Пререквизиттер: ZLG HSG 1001, PHLH 2003.

PHLH 3016 Биоырғақ және спорт

3 кредит. Пререквизиттер: ZLG HSG 1001, PHLH 2003.

Модульде емдік дене шынықтыру және массаж пәнінің әдіс, тәсілдерін функционалдық мүмкіндіктері шектелген науқастарға емдеусауықтыру, қайта қалпына келтіру орталықтарында дәрі-дәрмекті қолданбай емдік жаттығулар мен массаж арқылы емдеуді шыңдау, қажетті білімді қалыптастыру. Курста спорттық нәтижеге әсер тигізетін биоырғақ туралы теориялық және практикалық білім беру, денсаулық және спорт көрсеткіштеріне әсер тигізетін биоырғақ фазаларын анықтауға практикалық білім беру, алынған білімдерді дене-сауықтыру және оқу-жаттықтыру сабақтарында қолдану.

Бейімдік дене шынықтыру және таулық физи­ ология. 7 кредит.

PHSE 3017 Бейімдік дене шынықтыру

4 кредит. Пререквизиттер: ZLG HSG 1001, PHLH 2003.

PHLH 3016 Таулық физиология

3 кредит. Пререквизиттер: ZLG HSG 1001, PHLH 2003.

Модульдің мақсаты – студенттірді пәннің құрылымымен, әлеуметтiк бейiмделудiң формаларымен және мүгедектерді дене шынықтыру құралдарымен ақтау, арнайы Олимпиадалық

қозғалысының дамуымен, жалпы және кәсіби білімдермен, мүгедек балалармен жұмыс жасау және бейімдік дене шынықтыру бойынша ептілік пен дағдылармен таныстыру. Модульде экологиялық физиологияның қазіргі концепциялары, ағзада жүретін физикалық және химиялық заңдылықтар, адаптация, гомеостаз түсінігі беріледі. Модуль ағзадағы гомеостаздың регуляциясын құамтамасыз етуге, физиологиялық механизм туралы түсініктеме береді.

Дене, функционалды дайындық. Ұлттық спорт. 6 кредит.

PHSE 3017 Таңдап алынған спорт түріндегі дене және функционалды дайындық негіздері

3 кредит. Пререквизиттер: ZLG HSG 1001, PHLH 2003, PHSE 1001, PHSE 1005.

PHSE 3018 Ұлттық спорт және жылжымалы ойындар оқыту әдістемесімен

3 кредита. Пререквизиттер: PHSE 3001.

Модуль таңдап алынған спорт түрінде дене, функционалды және психологиялық дайындаудың мақсаттары, міндеттері, сонымен қатар спортшының функционалдық дайындығының оптимизациясын және дене сапасының дамуының құралдары мен әдістерін қарастырады. Модульдің мақсаты – ұлттық спорт және жылжымалы ойындардың оқыту әдістемесінің теориясы және әдісі туралы білім беру. Модуль студенттерге ұлттық спорт және жылжымалы ойындардың даму тарихын, салт-дәстүрлерімен таныстырып, сонымен қатар ұлттық спорт түрлерінің адамның рухани және дене дамуына әсер ететін сұрақтарын қарастырады.

Жаттықтырушылық және педагогикалық практика негізі. 6 кредит.

PHSE 3019 Таңдап алынған спорт түріндегі жаттықтыру әдістемесі

3 кредит. Пререквизиттер: ZLG HSG 1001, PHLH 2003, PHSE 1001, PHSE 1005.

PHSE 3020 Жаттықтырушылық және педагогикалық практика әдістемелік негізі

3 кредит. Пререквизиттер: ZLG HSG 1001, PHLH 2003, PHSE 1001, PHSE 1005.

Модульдің мақсаты – студенттерге таңдап алынған спорт түрінде жаттығу әдісі бойынша білім, ептілік және дағды береді. Модульде дайындықтың әр түрлі кезеңдеріндегі жаттықтыру үрдісінің ерекшеліктерін қарастырады. Педагогикалық және жаттықтырушылық тәжірибе саласында теориялық білім беріледі; студенттерге жалпы білім беру мектептері мен БЖСМ басқару қызметтерінің тәжірибелік дағдыларын әдеттендіру. Модуль студенттерді жалпы білім беру мектептері мен БЖСМ құжаттарды жоспарлау жүйесімен, жалпы білім беру мектептері мен БЖСМ әдістемелік, оқу-спорттық, оқу және басқа түрлері мен жұмыстар жүргізумен таныстырады.

Биология және биотехнология факультеті

Биология және биотехнология факультеті

20

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

 

 

VI семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 11. 6 кредит. PHLH 3003 Биомеханика. 3 кредит.

PHLH 3004 Спорттық медицина. Гигиена. 3 кредит

Кәсіби элективті модульдер

Дене шынықтыру әдістемесі және спорттық ойындар. 7 кредит.

PHSE 3021 Дене шынықтыру және спорттың әдістемесі

3 кредит. Пререквизиттер: PHSE 3001.

PHSE 3022 Спорттық ойындар оқыту әдістемесімен

4 кредит. Пререквизиттер: ZLG HSG 1001, PHLH 2003, PHSE 3001.

Модуль спортшыларды дайындау үрдісінің құрылуының әдісі мен құрылымын, дене шынықтыру бойынша сабақтың өткізілу ерекшеліктерін, білім алудың және дене тәрбиесінің әдістері мен құралдарын, қағидаларын қарастырады. Модульдің бағдарламасы спорттық ойындардың (баскетбол, гандбол, волейбол) әдісін және теориясын, жалпы дене шынықтыру және спортта жұмыстың әр-түрлі формасында кең қолдану мақсатымен студенттерді оқытуға қарастырады, сонымен қатар жұмыста тәжірибелік құралды меңгеру, педагогикалық және ұйымдастыру дағдыларды қолдану.

Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесінің жас ерекшеліктерінің негіздері. 7 кредит.

PHSE 3023 Балалар мен жасөспірімдер спортының негізі

3 кредит. Пререквизиттер: ZLG HSG 1001, PHSE 3001.

PHSE 3024 Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесінің жас ерекшеліктерінің негіздері

4 кредит. Пререквизиттер: ZLG HSG 1001, PHLH 2003, PHSE 1001, PHSE 1005.

Модульдің мақсаты – оқытушы, жаттықтырушы және студент жасөспірім спорт теориясын және әдістерінің негіздерін білулері қажет, ерте және мектепке дейінгі балалар дене тәрбиесінің бағытын анықтау және т.б.; спорт дайындық жүйесінің ерекшеліктері; дайындықтың негізі жақтарының ерекшеліктері; жаттықтыру үрдістерінің негізгі ерекшеліктері; спорттық жаттықтыруларда негізгі кешенді бақылау. Модуль студенттерге бала және жасөспірім негізіне терең білім беру. Міндеттері: ерте, мектепке дейінгі және мектеп жастарында спорттық жаттығуларда қолданылатын тәсілдер мен әдістердің ерекшеліктерін ашу.

Дайындықтың жас ерекшелігі және спорттықпедагогикалық шеберлік негіздері. 6 кредит.

PHSE 3025 Таңдап алынған спорт түріндегі дайындықтың жас ерекшелігі

PHSE 3026 Таңдап алынған спорт түріндегі спорттық-педагогикалық шеберлік негіздері

3 кредит. Пререквизиттер: PHSE 1001, PHSE

1005.

Модульде жас спортшылардың көпжылдық дайындығының ұйымдастырылуы, функционалдық, техникалық, тактикалық, психологиялық дайындықтың жастық ерекшеліктері мен оны жоспарлаудың ерекшеліктері, резервтерді дайындаудың бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыздық қарастырылады. Педагог-жаттықтырушының еңбегін ғылыми ұйымдастыру дағдыларын, оқыту, дайындықтың әдістері мен құралдарын игеру дағдыландырып, педагогжаттықтырушының спорттық мүмкіншіліктері мен педагогика білімдері беріледі.

Төреші шеберлігін жетілдіру және жарыс қызметін жетілдіру. 6 кредит.

PHSE 3027 Таңдап алынған мамандықтағы төреші шеберлігін жетілдіру

3 кредит. Пререквизиттер: PHSE 1001, PHSE

1005.

PHSE 3028 Таңдап алынған мамандықтағы жарыс қызметін жетілдіру

3 кредит. Пререквизиттер: PHSE 1001, PHSE

1005.

Модульдің мақсаты: дене шынықтыру және спорт бойынша, әр-түрлі құрылым мекемелерде өзіндік оқытушылық, жаттықтырушылық және ұйымдастырушылық жұмыстар үшін кәсіби-педагогикалық дағдыларды құру, өткізуін ұйымдастыру бойынша дағдыларды әдеттендіру мен білім беру. Берілген модульде тәжірибеде жаттығушылық кезеңіндегі мүмкіншіліктер мен денелік сапасын дамыту әдістері мен құралдары пайдаланады. Студенттер сабақта жаттығушылық кезеңіндегі өзінің функционалдық, денелік және психологиялық дайындығын, денелік сапасын дамыту әдістері мен мүмкіншіліктерін меңгереді.

VII семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 12. 6 кредит.

PHLH 4001 Дене тәрбиесінің және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері. 3 кредит.

PHSE 4002 Дене тәрбиесі және спорт менеджменті. 3 кредит.

Кәсіби элективті модульдер Кәсіби элективті модуль 10. 7 кредит

Ғылыми-зерттеу жұмысы. 7 кредит.

PHSE 4029 Таңдап алынған мамандықтағы жоспарлауды, бақылауды, ғылыми жолдарды жетілдіру

4 кредит. Пререквизиттер: PHSE 1001, PHSE

1005.

3 кредит. Пререквизиттер: ZLG HSG 1001, PHLH 2003, PHSE 1001, PHSE 1005.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]