Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Catalog KZ Bас

.pdf
Скачиваний:
33
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
24.9 Mб
Скачать

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

121

 

 

нысты қалыптасқан салт-дәстүрлерге орай қазақ үйдің салыну ерекшеліктерін, тәрбиелік мәнін түсінеді.

Қазақстан Республикасындағы этнологиялық ғылым (ағылшын тілінде). 6 кредит.

ARH 3024 Etnodemography of KAZakHSTan.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 2016, NWHS

2004.

ARH 3044 Culture of ethnoses of KAZakHSTan.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 2016, NWHS

2004.

Этнодемография – этнография мен демографияның ортасында пайда болған халықтар мен этностардың өзара байланысын зерттейтін ғылыми пән. Студенттер этнографияның әдістерімен: этникалық санақ, халық санағы мәліметтерін саралау, арнайы демографиялық және этнографиялық, мәдени-тұрмыстық мәліметтерді зерттеу жұмыстарымен танысады. Бұл модуль шеңберінде студенттер Қазақстан халықтарының сандық және сапалық өзгерістерін зерттейді. Бұған қоса туылуы, сандық өсуі, өлуі, жастық-жыныстық және кәсіби деңгейі, әлеуметтік құрылымын зерттейді. Курстың мақсаты студенттерге Қазақстандағы халықтардың этникалық құрамы мен ерекшеліктерін түсіндіру. Тәуелсіз Қазақстан аумағын мекен етіп отырған этностардың этникалық тарихын зерттеу маңызды болып табылады. Бұл модуль этнос теорияларының негізгі қағидаларын, Қазақстан қоғамының әлеуметтік-экононмикалық стратификасиясын, ұлтаралық қатынастарды реттеу мен үйлестіру жолдарын қарастырады. Қазақстан территориясындағы эникалық топтардың қалыптасу тарихы, ол халықтардың қазақ мәдениетіне, керісінше қазақ мәдениеттінің басқа халықтар мәдениетіне тизізген әсері қарастырылады. Халықаралық ауыз біршілік жолында Қазақстан халықтары Ассамблеясының атқарып отырған қызметтерінің маңыздылығына тоқталады.

Қазақстан музейлерінің тарихы. 6 кредит. ARH 3045 ҚР Орталық мемлекеттік музейінің

тарихы.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 1011.

ARH 3036 Қазақстанның тарихи музейлері.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 1011.

Орталық Мемлекеттің Музей өзінің қалыптасуы мен даму тарихында мәдени, ғылыми мекеме ретінде мемлекетіміздің дамуына зор ықпалын тигізді. Қазақстан Республикасы Орталық Мемелекеттік музейі – Отралық Азиядағы ірі музейлердің бірі. Қазақстан Республикасы орталық мемелекеттік музейінің қоры 300 мың бірлікті құрайды. Алғашқы коллекциялары ХIХ ғасырдың 30 жылдарында Неплюев Кадет коорпусының қызметкерлерінің күшімен жинала бастады. Музей қорына Орынбор өлкесі

музейімен қатар Жетісу облыстық музейінің бай коллекциялары да кірді. Соңғы жылдары музей қоры басқа да музейлердің заттарымен толықтырыла түсті. Пәнді оқу барысында осы ірі музейлердің тарихы, негізінің қалануы, қордың жинақталуы жөнінде білім алады. Қазақстандағы алғашқы музейлер тарихи болды. Олар қазіргі Қазақстандығы музейлер жүйесінің қалыптасуына өз септігін тигізді. Өздерінің қызметтерімен музейлер қазақ халқының этнографиясы мен тарихы туралы мәліметтердің жиналуына өз ықпалын тигізді. Пәнді оқу барысында студенттер Қазақстанның тарихи музейлерінің (соның ішінде археологиялық, этнографиялық) қызметімен танысады. Олар Отандық тарихи музейлердің қор, экспозиция, экскурциялық курстарының негіздемесі туралы түсінік қалыптастырады. Музейлердің қоғамдық және мемлекеттік мәдени өмірдегі орны туралы мәлімет алады.

Жартастық өнер (ағылшын тілінде). 6 кредит. ARH 1009 PetroglyPHS of KAZakHSTan.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 1010.

ARH 3019 Art of Stone Age.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 1010.

Петроглифтер - бейнелеу өнерінің көне түрі. Курс студенттерге, археологиялық деректерді маңызды бір бөлігі болып саналатын тастағы жазулар арқылы бейнелеу өнерінің, сондай-ақ діни көзқарастардың даму динамикасын, заттай мәдениет тарихын оқып, үйретеді. Сондай-ақ пән барысында петроглифтердің адам өмірінде алған орны мен пайда болу ерекшеліктері қарастырылады. Курстың мақсаты – Қазақстан петроглифтері, соның ішінде ерекшесі болып саналатын – Тамғалытас кешені туралы жан-жақты білім беру. Курсты оқу барысында студеттерде Қазақстан жартастарындағы суреттер туралы, олардың уақыты және орналасқан жері туралы түсінік қалыптасады. Сонымен қатар, петроглифтердің көшірмесін жасау, суретке түсіру, тастағы суреттерді кезеңге бөлу жұмыстарымен танысады. Курстың мақсаты – адамзат тарихының жазу пайда болмаған кезеңдердегі қоғамның пайда болу, қалыптасу, даму тарихын адам шығармашылығы (алғашқы қауым өнері) негізінде түсіндіру. Студенттерді тас ғасыры кезеңінде пайда болған өнер туындыларымен таныстыру. Курс кейінгі тас ғасырының алғашқы кезеңдерінде қалыптасып, 22-24 мың жылдықтарға дейін созылған алғашқы қауымдық аңшылардың бізге жеткен қол өнер туындыларын қарастырады.

Қазақ халқының рухани мәдениеті. 6 кредит. ARH 3047 Қазақстанның музейлік

жинақтарындағы этнографиялық ескерткіштер.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 2016, NWHS

2004.

ARH 3011 Қазақ халқының рухани мәдениеті.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 2016, NWHS

2004.

Тарих, археология және этнология факультеті

Тарих, археология және этнология факультеті

122

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

 

 

Модуль қазақ халқының рухани мәдениетінің белгілері мен негізгі ерекшеліктерін қарастырады. Пәнді оқыту барысында қазақ халқындағы рулық қарым қатынасы пен рулар таңбаларына ерекше көңіл бөлінеді. Сондай-ақ қазақ халқының әр түрлі білім саласындағы дүниетанымы мен мифологиясының қалыптасуы, дамуы назарға алынады. Курс барысында қазақ мәдениетінде осы күнге дейін сақталып отырған ертедегі дәстүрлерді қарастырады. Модульдың мақсаты

– студенттерді қазақ халқының рухани мәденитетінің өзіндік ерекшеліктерімен, қазақ халқында қалыптасқан діни наным-сенімдермен, әдеби-мәдениқұндылықтарымен таныстыру болып табылады. Тәуелсіз Қазақстан аумағын мекен етіп отырған этностардың этникалық тарихын зерттеу маңызды болып табылады. Бұл курс этнос теорияларының негізгі қағидаларын, Қазақстан қоғамының әлеуметтік-экононмикалық стратификасиясын, ұлтаралық қатынастарды реттеу мен үйлестіру жолдарын қарастырады. Қазақстан территориясындағы эникалық топтардың қалыптасу тарихы, ол халықтардың қазақ мәдениетіне, керісінше қазақ мәдениеттінің басқа халықтар мәдениетіне тизізген әсері қарастырылады. Халықаралық ауыз біршілік жолында Қазақстан халықтары Ассамблеясының атқарып отырған қызметтерінің маңыздылығына тоқталады.

Ақпараттық технология және музейлік жоба­ лау. 6 кредит.

ARH 3048 Музей ісіндегі компьютерлік техно­ логия.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 3030.

ARH 3049 Музей дизайны.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 3030.

Қазіргі таңда музей ісі компютерлік технологияларды пайдаланумен тығыз байланысты. Бұл тек музей қорындағы коллекциялардың мәліметтер базасын құру ңана емес, сонымен қатар виртуальді музейлер құру, экскурциялық залдарды аудио-видио құрылғылармен жарақтандыру болып табылады. Курс негізінде студенттер музей мекемелерінде компютерлік технологияны пайдалану туралы білім алады. Бұл арнайы курс тарихи дамудағы және қазіргі таңдағы экспозициялық көркем-сәулеттік ерекшеліктері және музейлік дизайн оқытылады. Әртүрлі тарихи кезеңдегі музейлік дизайнның теориялық және әдіснамалық бағыттарына ерекше көңіл аударылады. Оқытылатын арнайы курс экспозицияның архитектуралық және көркемдік стилінің ерекшеліктерін негізге ала отырып, музейлік дизайнді қазіргі тарихи кезеңде музееологиялық саладағы эстетизациялау ретінде қарастырады. Әсіресе, әр түрлі тарихи кезеңдердегі музей дизайнінің теориялық және әдістемелік бағыттарына көңіл бөлінеді.

4 курс

VII cеместр

Кәсіби элективті модульдер

Музейлер қорындағы қазақ мәдениетінің ескерткіштері. 6 кредит.

ARH 4019 ҚР МОМ қорлары және экспози­ циясы.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 4011.

ARH 3012 Қазақ халқының дәстүрлі музыка­ сы және музыкалық аспаптары.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 4011.

Курсты оқу барысында студенттер Қазақстандағы ең ірі музейлердің бірі - Орталық мемлекеттік музейінің құрылымымен және қор жинақтарымен танысады. Қазақстан Республикасы орталық мемелекеттің музейінің қоры 300 мың бірлікті құрайды. Алғашқы коллекциялары ХIХ ғасырдың 30 жылдарында Неплюев Кадет коорпусының қызметкерлерінің күшімен жинала бастады. Музей қорына Орынбор өлкесі музейімен қатар Жетісу облыстық музейінің бай коллекциялары да кірді. Соңғы жылдары музей қоры басқа да музейлердің заттарымен тоолықтырыла түсті. Пәнді оқу барысында осы ірі музейлердің тарихы, негізінің қалануы, қордың жинақталуы жөнінде білім алады. Музыка өнері қазақ тұрмыс тіршілігінде маңызды орын алып келеді және әлі күне өз маңызын жоғалтқан жоқ. Аталмыш курс қазақ халқындағы музыка өнерінің қалыптасуы мен даму тарихын, қазіргі заманғы әндер мен дәстүрлі әндер ерекшеліктерін қарастырады. Студенттер дәстүрлі музыка асаптарының жасалу ерекшеліктерімен танысады. Қазақ халқының музыкасы мен музыка аспатарына байланысты қалыптасқан аңыз-әңгімелермен танысады. (Мысалы: Қорқыт ата, Жетіген) сондай-ақ студенттер Қазақ халқының музыка өнерінің зертелу тарихымен, музыкалық аспаптардық музей қорларында сақталуымен танысады.

Бейнелеу өнері (ағылшын тілінде). 6 кредит. ARH 4020 FINe art of KAZakHSTan.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 4011.

ARH 4021 Contemporary world art.

3 кредит. Пререквизиттер: WHST 2014.

Қазақстандағы кәсіби өнер ширек ғасыр бұрын қалыптасқан. Аталмыш пән отандық бейнелеу өнерін оқытуға бағытталған. Курс барысында студенттер атақты Казақстандық суретшілердің биографиясымен таныса отырып, бейнелеу өнеріндегі өзекті бағыттарды қарастырады. Сондай-ақ, Қазақстандық суретшілердің шығармашылығының негіздері, тақырыптық ерекшеліктері туралы мағлұмат алады. Курс аясында студенттер қазақстандығы бейнелеу өнерінің даму тарихымен танысады. Қазіргі өнер 20 ғасыр тарихымен тығыз байланысты. Оған екі дүние жүзілік соғыс әсер етіп қана қоймай, сол кездегі саяси, экономикалық ерекшеліктер де өз ықпалын тигізді. Аталмыш курс студенттерге қазіргі замандағы өнердің дамуын, пластикалық

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

123

 

 

өнердің негізін (суретөнері, мүсін өнері, архитектура), әлемдік өнер мектептерін таныстарады. Студенттер өнер терминдерін, өнер зерттеу әдістерін меңгереді. Өнер ұлттық мәдениетпен, қоғамның рухани деңгейімен тығыз байланысты. Курс қазіргі таңдағы өнердің әр түрлі бағыттары (поп-арт, элиталық өнер, компютерлік графика) туралы түсінің қалыптастырады.

Қазақтардың зергерлік бұйымдары және оюөрнектері. 6 кредит.

ARH 3028 Қазақ халқының ұлттық оюөрнектері.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 2016.

ARH 3026 Қазақтың зергерлік өнері.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 2016.

Қазақ халқының метериялдық емес мәдениеттерінің арасында ою-өрнек маңызды орын алады. Ою-өрнек өнері халықтың тұрмыс-тіршілігімен, табиғат құбылыстарын қабылдауымен тығыз байланысты. Ою-өрнек қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде дәстүрлі болып келеді. Ол қоршаған ортамен тығыз байланысты. Қазақ халқының ұлттық оюөркентері көпқырлы, көп салалы болып келеді. Курс қазақ ою-өрнектерінің ежелгі кезден бастап қазіргі заманға дейінгі қалыптасу тарихын қарастырады. Студенттер қазақ қолданбалы өнер туындыларының жасалу әдістерімен, негізі ерекшеліктерімен, дәстүрлерімен және оларды көркемдеу барысында ою-өрнектерді қолдану ерекшеліктерімен танысады. Курс қазақ халқының зергерлік өнеріне арналған. Оның шеңберінде әр зергерлік өнердің даму сатысы, тарихы, жүйелік сұрыпталуы беріледі. Қазақ халқының зергерлік өнеріне байланысты музейлік коллекциялардың негізінде студенттер зергерлік бұйымдарды даярлау кезінде пайдаланылған материялдар мен және технологиялармен танысады. Курс барысында қазақ халқының зергерлік өнерінің даму тарихы, метал көркемдік өңдеудегі ұлттық ерекшелік туралы сұрақтар көтеріледі.

Ескерткіштерді қорғау және музеефикация­ лау. 6 кредит.

ARH 4022 Мәдени мұра ескерткіштерін музе­ ефикациялау.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 1010.

ARH 4002 Қазақстанның мемориальдығұрыптық кешендері.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 1010.

Музеефикация – музей ісінің бір саласы. Ол тарихи-мәдени нысандарды немесе табиғи объектілерді қайта жаңғыртып, олардың тарихимәдени, ғылыми және әсемдік құндылықтарын арттыру мақсатында музей көрмелеріне қоюға бағытталады. Бұл пәнді оқу барысында студенттер тарихи-мәдени мұралардың музеефикациясы ережелерімен танысады. Курс тирихи, соның ішінде археологиялық және этнологиялық ескерткіштердің музеефикациясы мәселесін музей

ісі мен ескерткіштерді қорғаудың маңызды саласы ретінде қарастырады. Курс аясында студенттер музейлік экпрозицияларды құру мен ашық аспан астында көрмелер ұйымдастыру заңдылықтарымен танысады. Негізгі археологиялық деректердің бірі мемориялды-ғұрыптық кешендер. Ерте темір, қола дәуірі мен ерте ортағасырлық мемориялдығұрыптық кешендерге обалар, қорғандар, кесенелер, киелі орындар жатады. Курс оларды жерлеуғұрыптық ескерткіштер ретінде қарастырады. Пән суденттерге Қазақстан ескерткіштері мен архитектуралық өнеріннің ерте және ортағасырлық ғұрыптық кешендерін түсіндіруге бағытталған. Сонымен қатар курс студенттерге қазіргі таңдағы ортағасырлық киелі орындар мен кесенелердің маңыздылығын түсіндірреді.

Этнографилық ескерткіштер музейлік жинақтарда. 6 кредит.

ARH 4023 Музейлік жинақтардағы Қазақстан этностарының мәдениет ескерткіштері.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 2016.

ARH 4024 Музейдегі түркі халықтары мәдениетінің ескерткіштері.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 2016.

Курс барысында студенттер Қазақстанды мекендеген халықтардың мәдениетімен және дәстүрлерімен танысады. Студенттер бұл халықтардың мәдениеттерімен қатар ұлттық салтдәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, наным-сенімдерін қарастырады.Ұлтаралық қатынастарды реттеу мен үйлестіру жолдарын үйренеді. Қазақстан территориясындағы эникалық топтардың қалыптасу тарихы, ол халықтардың қазақ мәдениетіне, керісінше қазақ мәдениеттінің басқа халықтар мәдениетіне тизізген әсері қарастырылады. Халық аралық ауыз біршілік жолында Қазақстан халықтары Ассамблеясының атқарып отырған қызметтерінің маңыздылығына тоқталады. Пәннің мақсаты - студенттерді түркі әлемінің мәдени-тұрмыстық ерекшеліктері мен этникалық тарихы туралы тарихи деректермен таныстыру. Пәннің міндеті - Орталық Азия, Кавказ, Алдыңғы Азия, Оңтүстік Сібір түркі халықтарының өмір сүруі мен этноәлеуметтік және этномәдени негіздерін қарастыру. Пәнді аяқтаған студенттер алған білімдерін Орталық Азия аймағында зерттеу жұмыстарын жүргізуге, мемлекеттік қызметтегі тәжірибелерінде, мұрағат және әдеби деректермен жұмыс жасауда, Қазақстан халықтары ассамблеясындағы мекемелерде эксперттік және кеңес беру қызметтерінде, Қазақстан Республикасы сыртқы істер миинистрліктерінде, ғылыми-зерттеу және экспозициялық жұмыстарда және басқа да мемлекеттік мекемелерде қолдана алады.

Музей өнерлер жүйесінде. 6 кредит.

ARH 4025 Қазақстанның көркемдік музейлері.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 4011.

Тарих, археология және этнология факультеті

Тарих, археология және этнология факультеті

124

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

 

 

ARH 4026 Ә. Қастеев атындағы өнер музейі.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 4011.

Пәнді оқу барысында студенттер Қазақстандағы үлкен өнер музейлерімен және сурет көрмелерімен танысады. Студенттер бұл пәнді оқу барысында Қазақстанның көркем музейлері мен галерея қызметтері туралы мәлімет алады. Олар қорлардың ерекшеліктері, экспозициялық, және экскурсиялық жұмысы туралы мәлімет алады. Сондай-ақ елдің мәдени өмірі мен ұлтық ерекшеліктері туралы білімдерін шыңдайды.

Қазіргі таңда А.Кастеев атындағы өнер музейі еліміздегі үлкен сәулет музейі, бейнелеу өнері саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу, мәдени орталық болып табылады. Музейде үнемі білім беру, зерттеу жұмыстары жүргізіліп, жыл сайын, халықаралық, Республикалық конференциял ар белсенді түрде өткізіліп тұрады. Курс студенттерді. Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің негізгі атқаратын қорлады жинау, сақтау,көрмеге қою сияқты жұмыстарымен, музей тарихымен таныстырады. Курстың мақсаты еліміздегі мемелекеттік ірі өнер мезейлерінің бірі саналатын осы музейдің құрылу тарихы, қорлардың жинақталуы, музейдің мәдени-тәрбиелік қызметі туралы мәлімет беру.

Теориялық музейтану (ағылшын тілінде). 6 кредит.

ARH 4027 Theoretical museology.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 3029.

ARH 4028 Museography in the system of knowledge of a museum.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 3029.

Теориялық музеология – музедің мәдениәлеуметтік маңызын көрсетеді. Мәселені үлкен әлеуметтік-саяси ауқымда қарастыру шетелде XX-XXI ғасырға жатады. Мұнда музтануды мәденитеттанулық пәндер қатарына жатқызады. Жалпы музейтану кез келген музейге тән заңдылықтарды қарастырады. Арнайы музейтану анық бір салалық музейлерді қамтиды. Музеологияның аталған осы тармағы пәндік, яғни, теориялық музеология коммуникативті, әлеуметті, мәдениеттанушылық, педагогикалық сияқты бағыттар негізінде дамыды. Музееография – музейлердің тарихы мен қызметтері туралы тарихи мәліметтер, яғни, музейлердің сипаттамасын береді. Музей және музей ісі тарихына байланысты сұрақтар зерттеушілер арсында XVII ғасырада көтеріле бастады. Музей ісі тарихнамасының міндеті музей ісі саласында қандай тарихи-музейлік мәселелер қазіргі таңда жақсы зерттелген, қайсысы зерттеуді қажет етеді деген сұрақтарға жауап іздеу болып табылады. Пәнді оқу барысында студенттер музейлер туралы көптеген еңбектермен танысады. Сондай-ақ, музей ісінің зерттелу деңгейіне қанық болады.

Архитектура тарихы. 6 кредит.

ARH 4001 Орталық Азия және Қазақстанның архитектурасы.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 1010.

ARH 4029 Әлемдік архитектура тарихы.

3 кредит. Пререквизиттер: WHST 1007.

Курсты оқу барысында Орталық Азия мен Қазақстан архитектурасының ерекшеліктерімен, ғимараттарды тұрғызу дәстүрлерімен, архитектураның түрлі ескерткіштерінің тарихымен танысады. Шығыс архитектурасының ерекшеліктері, соның ішінде қазақ ескерткіштеріндегі ерекшеліктер қарастырлады. Курс барысында студенттер Орталық Азия мен Қазақстан архитектурасындағы ерекшеліктермен, ғимараттарды тұрғызу дәстүрлерімен, архитектура тарихымен танысады. Сонымен қатар студенттер Орталық Азия мен Қазақстан архитектуралық ескерткіштеріндегі ұлттық нақыштердың қолданылу ерекшеліктеріне тоқталады. Архитектура – адамзат қоғамы тарихынан дерек беретін материялдық мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Архитектура тек деректік мәнге ие болып қана қоймай, ғасырлар қойнауындағы сәулеттік өнер туындысы болып табылады. Аталмыш курс көлемінде студенттер әлемдік музей тарихымен, әр заманның, әрі әр елдің танымал архитектуралық ескерткіштерімен танысады. Сондай-ақ, архитектуралық ескерткіштердің типологиясы, олардың ерекшеліктері, құрылымдары туралы білім алады. Әлемдік атақты сәулетшілердің еңбектеріне саралау жасайды.

Реставрациялық іс. 6 кредит.

ARH 4030 Коллекциялаудың тарихы.

3 кредит. Пререквизиттер: WHST 1010.

ARH 4031 Музей нысандарын реставрациялау және консервациялау.

3 кредит. Пререквизиттер: ARH 3029.

Бұл курс алғашқы музейлердің құрылу тарихын зерттей отырып, протомузейлік мәдениет түрінің қалыптасуын ашып көрсетеді. Коллекциялау тарихы мәдениет пен музей ісін бірге қарастырады. Курс аясында студенттер коллекцциялаудың тарихымен, коллекциялау мотивациясымен, XVIII-XIX ғасылардағы үлкен коллекциялармен танысады. Бұған қоса курста жинақтау ынтасы, музей меемелеріндегі музейге дейінгі жинақтаудың трансформациялау жолдары, ірі жеке жинақтаулар да қолданылады. Курс музей заттарының табиғи қартаюын бегілі тәртіп негізінде тежеп, аларды сақтау жұмыстарының жүзеге асырылуын үйретеді. Курс музей заттарының консервациялау мен реставрациялау әдестерін, құжаттандырудың негізгі түрлерін, консервациялау мен реставрациялау мәселесін қарастырады. Берілген курс аясында студенттер музей жәдігерлерін консервациялаумен танысып, әртүрлі материялдарға: қыш, ағаш, металл сияқты бұйымдардан жасалған өнер туындыларын реставрациялау жұмыстарымен танысады.

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

125

 

 

D – ПӘНДІК ҚҰЗЫРЛЫҚТАР

D 1 музеологияның іргелі мәселелері, оның негізгі түсініктері, музей үдерісінің ерекшеліктері, музей мекемесі қызметінің бағыттары, олардың ұқсас ғылымдармен байланысы, музейлердің қазіргі жағдайы мен мақсаттары, қазақстандық және әлемдік музейлермен байланысты тарихимәдени үдерістердің ерекшеліктерін меңгеру қабілеттілігі

D 2 кез келген бейіндегі музей мекемесі қызметкерінің функциональды міндетін орнындауға дайын болу қабілеттілігі

D 3 іргелі музеологиялық білімді, дәстүрлі және жаңа әдістерді музей ісінде кездесетін оқу, оқу-зерттеу қызметіндегі мәселелерді шешуге қолдану

D 4 музей мекемелері қызметінің әр түрлі саласындағы музей құжаттарын жүргізе білу қабілеті: қор, экспозиция-көрме, есеп, маркетинг, ғылыми-зерттеу, реставрациялық жұмыстар

D 5 музеологиялық концепцияларды кәсіби мәселелерді шешуде зерттеліп отырған нысанның себептері мен болашағын кешенді түрде көру үшін музейтанулық зерттеулер әдістемелері мен техникасын қолдану қабілеттілігі

5В051500 – МҰРАҒАТТАНУ, ҚҰЖАТТАР ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ И ҚҰЖАТТАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАМАНДЫҒЫ

1 курс

I семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 1. 6 кредит. KAZ 1001 Қазақ (орыс) тілі. 3 кредит.

ENG 1101, FRE 1101, GER 1101 Шет тілі. 3 кредит.

Негізгі міндетті модуль 4. 4 кредит. LAW1001 Құқық негізі. 2 кредит.

ECN1001 Экономикалық теория негізі. 2 кре­ дит.

Негізгі міндетті модуль 6. 5 кредит.

ACTH 2003 Ежелгі және ортағасырлар Қазақстан тарихы. 2 кредит.

SRCS 2001 Мұрағаттану. 3 кредит.

Кәсіби элективті модульдер

Мамандыққа кіріспе 3 кредит.

SRCS 1101 Мұрағаттану және құжаттануға кіріспе.

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ

Модульдің мақсаты студенттерді мұрағаттану және құжаттану негіздерімен таныстыру. Курста құжаттану мен мұрағаттану кешенді ғылыми пән ретінде, құжаттану мен мұрағаттанудың

гуманитарлық білім жүйесіндегі

орны мен

рөлі, мемлекеттік, корпоративтік

басқарудағы,

құжаттық мұраның қалыптасу және сақтаудағы құжаттанушымен мұрағаттанушының рөлі, «Мұрағаттану, құжаттану және құжаттаманы қамтамасыз ету» бағытта дайындалатын бітірушілердің жалпығылыми, әлеуметтік – тұлғалық және жалпымәдени, кәсіби, жалпыкәсіби және арнайы мамандырылған қүзіретіліктері қарастырылады.

Мұрағаттық құқық. 3 кредит.

SRCS 1102 Мұрағат ісінің құқықтық негіздері.

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

Модульдің мақсаты студенттерді мұрағат ісі саласындағы нормативті-құқықтық актілерімен таныстыру. Курста мұрағаттық құқық және мұрағаттық заңнама туралы түсінік, мұрағаттық құқықтың салааралық сипаты, мұрағат құжаттарымен жұмыс жасаудағы қазіргі таңдағы нормативтік құқықтық актілер, ХХІ ғ. тоғысындағы мұрағаттық заңнаманың даму тенденциялары, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын ұйымдастыру және пайдаланудың құқықтық негіздері қарастырылады.

Жеке текті құжаттар. 3 кредит. SRCS 1103 Жеке құрам мұрағаттары.

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ

Модульде жеке құрам мұрағатының құрылу және қалыптасу тарихы, жеке құрам құжаттарының түрлік құрамы, құжаттардың құндылығын сараптау белгілері, жеке іс құжаттарының рәсімделуі, тізбелердің құрастырылуы, жеке іс құжаттарын сипаттау және оларды сақтау ерекшеліктері қарастырылады.

II семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 2. 6 кредит.

KAZ 1001 (RUS 1001) Қазақ (орыс) тілі. 3 кредит.

ENG 1101, FRE 1101, GER 1101 Шет тілі. 3 кредит.

Негізгі міндетті модуль 5. 4 кредит.

SLV 1001 Тіршілік қауіпсіздігі негіздері. 1 кредит.

INFT 1001 Информатика. 3 кредит. Негізгі міндетті модуль 7. 5 кредит.

SRCS 3096 Құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету саласындағы ақпараттық техно­ логиялар. 2 кредит.

SRCS 1090 Іс жүргізу тарихы. 3 кредит.

Кәсіби элективті модульдер

Іскерлік құжаттама. 4 кредит.

SRCS 1213 Іскерлік құжаттаманың ұйымдастырылуы және жүргізілуі.

4 кредит. Пререквизиттер: SRCS 2001.

Тарих, археология және этнология факультеті

Тарих, археология және этнология факультеті

126

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

 

 

Модуль қолданбалық және тәжірибибағытталған және білім алушыларға іскерлік құжаттаманы жүргізу қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Баса назар іскерлік құжаттаманың түрлері мен құрамын талдауға бөлінген. Стандарттың талаптарына сай әр түрлі іскерлік құжаттаманы құрастыру және рәсімделуде студенттердің дағдыларын қалыптастырады.

Археографиялық қор. 4 кредит.

NWHS 1208 Орынбор Ғылыми Мұрағат Комиссиясының қызметі.

4 кредит. Пререквизиттер: SRCS 2001.

Модульдің мақсаты студенттерді Орынбор Ғылыми Мұрағат Комиссиясының археографиялық қызметімен таныстыру. Курста Орынбор Ғылыми Мұрағат Комиссиясының тарихы, оның ғылыми-ұйымдастырушылық, ағартушылық, археографиялық қызметтері қарастырылады.

III семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 3. 5 кредит. PHIL1001 Философия. 3 кредит. SOC1001 Әлеуметтану. 2 кредит. Негізгі міндетті модуль 8. 5 кредит.

NWHS 3004 Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы. 2 кредит.

SRCS 1089 Қосалқы тарихи пәндер. 3 кредит.

Кәсіби элективті модульдер

Қазақстан мұрағаттарының тарихы. 3 кредит. SRCS 2304 Қазақстандағы мұрағат ісінің тари­

хы.

3 кредит. Пререквизиттер: SRCS 2001

Модульдің мақсаты студенттерді Қазақстандағы мұрағат ісінің дамуының негізгі кезеңдерімен таныстыру. Курста Қазақстан мұрағаттарының қалыптасу тарихы, олардың жүйесі қарастырылады. Ұлттық мұрағат қоры құрамымен және мазмұнымен таныстыру, мұрағат құжаттарымен жұмыс істеуге үйретеді.

Мұрағат құжаттары тарихи дерек ретінде. 3 кредит.

ACTH 2359 ҚР Президент мұрағатындағы ОГПУ құжаттарының қорлары.

3 кредит. Пререквизиттер: SRCS 2001.

Модульдің мақсаты студенттерді ҚР Президенті мұрағатының қорларымен таныстыру. Курста жаппай ұжымдастыру және Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің қалыптастыру кезеңдеріне жататын құжаттар қарастырылады. ОГПУ қаулылары, тексеру істері тағы да басқа жазалау ұйымдарының шешімдері деректер кешеннің құрап, құпиясызландырылған құжаттар анықталып, мәселе деректанулық тұрғыдан қарастырылады. Аталмыш құжаттардың ерекшеліктері Қазақстан тарихындағы күрделі және қайғылы кезең туралы мәліметтер береді.

Іскерлік ағылшын тілі (ағыл. тілі). 3 кредит. SRCS 2305 Ағылшын тіліндегі іскерлік

құжаттама.

3 кредит. Пререквизиттер: SRCS 1090, SRCS

1213.

Модульде іскерлік салада ағылшын тілін қолданудың негізгі әдіс – тәсілдері, іскер қарама – қатынастардың рәсімделуіне баса назар аударылып, іскерлік ағылшын тілінің негізі қарастырылады. Сонымен қатар, аталмыш курс ағылшын тілінің жалпы деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

ТМД мұрағаттарындағы Қазақстан тарихына қатысты материалдар. 3 кредит.

ACTH 2363 Түркістан өлкесіндегі ислам мен мұсылман мектептер тарихы (Өзбекстан Респу­ бликасы ОММ қорлары материалдары бойынша)

3 кредит. Пререквизиттер: SRCS 1090, SRCS

2001

Модульде Қазақстан тарихындағы конфессиялық фактордың мұрағат құжаттарында көрініс беруіне арналған. Генерал-губернатор Кеңсесінің, Сырдария облыстық басқару мекемесінің, Түркістан өлкесі оқу орындарының басқармасының, т.б. Өзбекстан мемлекеттік мұрағаттың қорларынан алынған құнды мағлұматтармен таныстырады. Түркістан генералгубернаторлығы территориясындағы бастауыш мұсылман мектептері мен орта және жоғары мұсылман оқу орындарына жататын медреселерге қатысты мәселелер қаралады. Патша өкіметінің мұсылман мекемелеріне бағытталған саясаты талданады.

IYсеместр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 9. 4 кредит.

SLV 1001 Экология және тұрақты даму. 2 кре­ дит.

POL 1001 Саясаттану. 2 кредит. Негізгі міндетті модуль 10. 6 кредит.

SRCS 2093 Шетел мұрағаттарының тарихы. 3 кредит.

SRCS 4004 Деректану. 3 кредит. Негізгі міндетті модуль 11. 2 кредит. WHST 1003 Жалпы тарих. 2 кредит.

Кәсіби элективті модульдер

Қазақстанның қолданбалы деректануы. 3 кре­ дит.

SRCS 2414 Қазақстан тарихының деректері.

3 кредит. Пререквизиттер: SRCS 1090, SRCS

2001.

Модуль қолданбалық бағытпен сипатталады және білім алушыларға деректанулық талдаудың әдістемесін ұғыну қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Курста Қазақстанның ежелгі, ортағасырлар, жаңа және қазіргі заман тарихы деректеріне жалпы шолу және сипаттама

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

127

 

 

сы, кезең бойынша деректік базасының жағдайы,

Y семестр

 

 

 

 

 

негізгі деректерді жариялау, деректерді сыныптау

Негізгі міндетті модульдер

 

 

және жазба деректерді деректанулық талдау жа-

Негізгі міндетті модуль 12. 3 кредит.

сау мәселелері, XX ғ. деректерідің типологиялық

KOR, URD, ARB 2238 Классикалық тілдер

өзгеріске ұшырауы, кеңестік деректерінің түрлері

(латын, араб, парсы). 3 кредит.

 

 

мен ерекшеліктері қарастырылады.

 

 

Негізгі міндетті модуль 13. 5 кредит.

Тарихнама. 3 кредит.

 

 

 

 

 

SRCS 3134 Құжаттық лингвистика. 2 кредит.

 

 

 

 

 

SRCS 2092 Мұрағаттанудың теориясы мен

SRCS 2415 Қазақстан тарихнамасы.

 

әдістемесі. 3 кредит.

 

 

 

 

3 кредит. Пререквизиттер: SRCS 1090, SRCS

Негізгі міндетті модуль 14. 6 кредит.

2001.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

SRCS 3094 Аудиовизуалды құжаттар. 3 кре­

Тарихнама тарих ғылымының пайда болу,

дит.

 

 

 

 

 

 

қалыптасу, даму және өзгеріске ұшырау

SRCS 2091 Құжаттану. 3 кредит.

 

процестерін қарастырады.

Тарихи

білімнің

Кәсіби элективті модульдер

 

 

мазмұнымен формасын ашып, тарих ғылымының

 

 

дамуына

мүмкіншіліктер

жасап,

негізгі

Мұрағаттық менеджмент және маркетинг. 3

кезеңдерін анықтайды. Тарихи танымның әр

кредит.

 

 

 

 

 

 

түрлі әдістерінің жетілдіру процестерін, балама

SRCS 3516 Қызметшілерді басқару.

тарихи тұжырымдардың мәні мен мазмұнын, әр

3 кредит. Пререквизиттер: SRCS 2001, SRCS

түрлі кезеңдегі қазақстандық тарих ғылымының

2093.

 

 

 

 

 

 

даму тарихын, оның даму денгейлерін анықтап,

Модульдің мақсаты студенттерді мұрағаттық

әр түрлі мәселелер бойынша тұжырымдамалық

менеджмент және маркетингтің дамуының негізгі

шешімдерді қалыптастырады.

 

 

 

кезеңдерімен таныстыру. Курста мұрағаттық ме-

Бизнес мұрағаттар. 3 кредит.

 

 

 

неджмент және маркетингтің қалыптасу және

 

 

 

даму тарихы, әлеуметтік факторлары мен эти-

SRCS 2406 Кәсіпкерлік мұрағаттар.

 

касы, маркетингтің

түрлері,

менеджментегі

3 кредит. Пререквизиттер: SRCS 2001, SRCS

интеграциялық

процестер,

шешім

қабылдау

1090.

Модульдің

мақсаты

студенттерді бизнес

және болған жағдайға бейімделу процестері, ме-

 

неджмент

жүйесіндегі

тактикалық

жоспармен

мұрағаттарының қалыптастыру және даму тарихы-

табиғаты,

ұйымдастырушылық

қатынастары,

мен таныстыру және ұлттық мұрағаттық қорларды

ұйымдастыру формалары,

менеджменттегі іс

қалыптастыруда олардың ерекшеліктерін көрсету.

- әрекет, реттеу және бақылау, топ динамика-

Курста бизнес мұрағат, кәсіпкерлік мұрағат ту-

сы және жетекшілік, билік және серіктестік,

ралы түсінік, бизнес мұрағаттары дамуының

менеджмент стилі және менеджер имиджі,

негізгі кезеңдері, осы салада жұмыс жасаудың

қарама – қайшылық мәселелері, менеджменттің

ерекшеліктері,

даму

жолдары,

проблемала-

тиімділік бағыттары және факторлары, құжаттық

ры, ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету

ақпарат нарығының құрылуы, мұрағат ісінің

мәселелері, қазіргі кезеңдегі бизнес мұрағаттардың

ақпараттанырылуы қарастырылады.

 

заңдық-құқықтық негіздері қарастырылады.

Ғылыми зерттеулердегі жаңа технологиялар. 3

Іс жүргізуді ұйымдастыру. 3 кредит.

 

 

кредит

 

 

 

 

 

 

 

SRCS 2407 Хатшы-референт жұмысын

SRCS 3517 Клиометрия ғылыми зерттеулерде

ұйымдастыру.

 

 

 

 

 

 

 

3 кредит. Пререквизиттер: SRCS 3096, SRCS

3 кредит. Пререквизиттер: SRCS 1090, SRCS

2093.

 

 

 

 

 

 

3096.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Модульде

әлемдік ақпараттық

аланыңда

Модульдің мақсаты студенттерді іс жүргізудің

квантитативтілік

тарих

және

тарихи

ұйымдастырылу

формаларымен

таныстырады.

информатиканың даму заңдылықтары мен негізгі

Курста басқарудың

құжаттамалық

қамтамасыз

тенденциялары, математикалық – статистикалық

ету

құрылымындағы

хатшы

референттің

әдістердің қолданудың теориялық - әдістемелік

рөлі, хатшылардың категориялары: әр түрлі

негіздері, кешенді деректердің өңделуі, ком-

категорияларға қойылатын кәсіби талаптар, хат-

пьютерге дейінгі талдау кезеңіндегі деректердің

шы – референттің білімі, іскерлігі, тұлғалық

өңдеу әдістемесі, машина оқитын формадағы та-

касиеттері,

хатшы

жұмысының

нормативті

рихи деректерді іріктеу және сақтау жүйелері

- әдістемелік негізі, хатшы жұмысының

қарастырылады.

 

 

 

 

 

ұйымдастырылуы,

жұмыс

орны,

құжаттарды

Шетел мұрағаттарындағы Қазақстан тарихы­

құрастыру

және

безендірілудегі

хатшының

жұмысы,

оларды

сақтау

және

пайдалану-

на қатысты материалдар . 3 кредит.

 

ды

ұйымдастырудағы

хатшының

міндеттері,

WHST 3572 Екінші дүниежүзілік соғыс тари­

келісім – шарттарды, сұхбаттарды, презента-

хына жаңаша көзқарас (Германия архивтерінің

цияларды,

мәжілістерді

ұйымдастыру

жолдары

материалдары бойынша).

 

 

 

қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тарих, археология және этнология факультеті

Тарих, археология және этнология факультеті

128

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

 

 

3 кредит. Пререквизиттер: SRCS 2001, SRCS

2093.

Соңғы жылдары посткеңестік кеңістіктегі тарих ғылымында екінші дүниежүзілік соғыс мәселелері туралы пікір таластар жүргізілуде. Қазақстандық мамандар үшін Германия мұрағаттарындағы екінші дүниежүзілік соғысқа байланысты материалдар қолданыста жоқ. Сондықтан шетел мұрағаттарының материалдарын қолдана отырып, екінші дүниежүзілік соғыстың тарихын объективті тұрғыдан жазуға болады. Ұсынылып отырған элективті курс Германия мұрағаттарының материалдарына негізделген.

АҚШ мұрағаттары (ағылшын. тіл.). 3 кредит. SRCS 3508 АҚШ-тың Ұлттық мұрағаттары

3 кредит. Пререквизиттер: SRCS 2001, SRCS

2093.

Модуль АҚШ – тағы тарихи, экономикалық және ведомстволық мұрағаттар, ірі штаттардағы мұрағат ісінің тарихын қарастырылады. Баса назар мұрағат қорларының қалыптастыру тарихына, құжаттардың жинақталу және сақталу мәселелеріне аударылады . Курста мұрағат ісі саласындағы АҚШ-тың тәжірибелерінің ерекшеліктері және оның мұрағат ісін жетілдіруде қажеттіліктері қарастырылады.

YІ семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 15. 6 кредит.

SRCS 3095 Құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету технологиясы және ұйымдастырылуы. 3 кредит.

SRCS 2022 Археография. 3 кредит. Негізгі міндетті модуль 16. 3 кредит.

SRCS 3129 Құжаттармен жұмыс жасаудың әдістемесі және технологиясы. 3 кредит.

Кәсіби элективті модульдер

Электронды мұрағаттар. 3 кредит.

SRCS 3609 Электронды құжаттармен жұмыс жасауды ұйымдастыру.

3 кредит. Пререквизиттер: SRCS 3096, SRCS

2092.

Электронды мұрағат құжаттары электронды құжатайналымы және түрлі ұйымдардың бизнес процестерін автоматтандыру жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Электронды мұрағатсыз ақпаратты тиімді басқаруды ұйымдастыру мүмкін емес, өйткені электронды құжаттармен бөлімдердің іс-әрекеттері, еңбектің өнімділігі байланысты. Курста электронды мұрағаттар жүйесінің ерекшеліктері, құқықтық негіздері, функциялары, электронды құжаттаррды жасаудың негізгі кезеңдері қарастырылады.

Мұрағат қорларына шолу. 3 кредит.

NWHS 3607 Қазақстанның отарлау тарихына қатысты мұрағат қорларына шолу.

3 кредит. Пререквизиттер: SRCS 2001, SRCS

2092.

Модуль Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты құжаттарымен жұмыс жасаудың негізгі кезеңдерін қарастырады. Мұрағат қорларындағы әрі қолданыста болмаған тың деректер патша өкіметі саясатының отарлау сипатын көрсетеді. Студенттерге мұрағат қорларынан алынған құжаттар беріледі, бұл студенттерді мұрағат құжаттарымен жұмыс жасауға бағыттап, қызығушылықтарын тудыртады. Студенттер құжаттарды талдап, болған оқиғаларға өзіндік баға беруге дағдылайды.

Сирек кездесетін қолжазбалар қорларымен жұмыс жасау әдістемесі.

SRCS 3610 Сирек кездесетін қорларды сипат­ тау және каталогтау .

3 кредит. Пререквизиттер: SRCS 2001, SRCS

2092.

Модульдің мақсаты студенттерді сирек кездесетін қолжазбалар қорымен жұмыс жасау әдістемесімен таныстыру. Курста сирек кездесетін қолжазбалар қорымен жұмыс жасау әдістемесі, сирек кездесетін қолжазбалар қорының қалыптасу тарихы, олардың сақталуы, ғылыми – анықтамалық аппараты, жүйелеуі және сыныпталуы қарастырылады.

Құжаттаудың әдістері. 3 кредит.

SRCS 3611 Кәсіпкерлік қызметті құжаттау.

3 кредит. Пререквизиты: SRCS 3096, SRCS

1090.

Модульдің мақсаты студенттерді құжаттаудың әдістерімен таныстыру. Баса назар құжаттаудың негізгі кезеңдеріне бөлінген. Ағымдық құжаттаманың қозғалысын реттейтін нормативтікәдістемелік құжаттарды талдау. Кәсіпкерлік қызметтің құжаттамасымен жұмыс жасау тәртібі және сақтау мерзімімен таныстыру. Курста мемлекеттік емес ұйымдардың мұрағаттары: фирмалардың, банклердің тарихы, құжаттар құрамының өзгешелігі, ұйымдастырылуы, мұрағат ісінің әдістемесі, мемлекеттік емес мұрағаттармен жұмыс жасаудың отандық және шетелдік тәжірибелері қарастырылады.

Қазақстанның шетелдік архивистикасы. 3 кре­ дит.

SRCS 3618 Қазақстан шетел тарихнамасында.

3 кредит. Пререквизиттер: SRCS 2093, SRCS

2001.

Модульдің мақсаты студенттерді шетел мұрағаттарындағы Қазақстан туралы ақпараттармен таныстыру. Курста Қазақстанның шетелдік архивистикасының қалыптасу тарихы қарастырылады. Курсты меңгеру барысында студенттер қазақ эмиграциясы туралы мәліметтер шоғырланған орталықтар туралы, олардың тарихи дерек ретіндегі ерекшеліктерін, әр түрлі мұрағаттардан алынған мәліметтермен жұмыс жасаудың әдіс – тәсілдерін үйренеді.

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

129

 

 

Ғылыми-техникалық құжаттама. 3 кредит.

ынша нормативтік құжаттар түрлерімен, стандарт-

SRCS 3619 Ғылыми-техникалық құжаттама

тау принциптермен және әдістерімен таныстыру.

мұрағаты.

 

 

 

 

 

Стандарттау және сапаны басқару саласындағы

3 кредит. Пререквизиттер: SRCS 3096, SRCS

халықаралық тәжірибені зерттеу. ISO 9000

2092.

Ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты

сериясының стандарттары, олардың мазмұны және

 

қолдану саласы. БҚҚ стандарттау құжаттармен

қазіргі таңдағы әлеуметтік ақпаратты тарату

жұмыс процедураларын ұйымдастыруды құқықтық

және сақтау тәсілі ретінде мұрағаттық мекемелер

бекітудің формасы.

Құжаттаманы

басқарудың

жүйесінде маңызды орын алады.

 

халықаралық

 

стандарттары.

БҚҚ

саласындағы

«Ғылыми-техникалық құжаттама» курсының

мемлекеттік стандарттар.

 

 

 

 

 

оқыту

қажеттілігі

төмендегі

факторлары-

Мәдени мұра. 2 кредит.

 

 

 

 

мен анықталады: - біріншіден, студенттерге

 

 

 

 

құжаттардың

мәні

 

және

ерекшеліктері тура-

SRCS 4712 Мәдени мұра бағдарламасы бой­

лы, олардың әлеуметтік функциясы, сонымен

ынша деректерді сыныптау .

 

 

 

 

қатар құжаттарды жасау, өңдеу және пайдала-

3 кредит. Пререквизиттер: SRCS 2001.

 

ну процестерімен байланысты түсінік беру;

Модульдің

мақсаты

студенттерді

«Мәдени

-екіншіден, құжаттардың негізгі түрлерімен

мұра» бағдарламасы аясында жинастырылған де-

және

ұйымдастыру

жұмыстарымен

таныстыру;

ректермен таныстыру. Баса назар «Мәдени мұра»

үшіншіден, мамандығының келешегін ескере от-

бағдарламасының

теориялық-методологиялық

ырып,

практикалық

қызметтерде студенттердің

мәселелеріне,

 

деректеррдің

түрлік

жіктелуіне,

теориялық білімдерін пайдалануға дағдылау.

деректерді

жариялау

мәселелеріне

аудары-

YІІсеместр

 

 

 

 

 

лады. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында

 

 

 

 

 

көптеген деректер ғылыми айналымға алғашқы

Негізгі міндетті модульдер

 

рет енгізіліп отыр, тарихи-мәдени мұраның

Негізгі міндетті модуль 17. 6 кредит.

сақталуы мен пайдалануы мемлекеттің әлеуметтік

SRCS 4098 Ақпараттық қауіпсіздік және

және экономикалық дамуының маңызды ресур-

ақпаратты қорғау.3 кредит.

 

 

сы ретінде қарастырылады. Курсты оқыту бары-

SRCS 3135 Автоматтандырылған мұрағаттық

сында студенттер деректердің кешенді тобымен

технологиялар. 3 кредита.

 

 

танысады, деректерді анықтау, іріктеу және сыни

Негізгі міндетті модуль 18. 5 кредит.

тұрғыдан талдауға үйретеді.

 

 

 

 

SRCS 1106 Мемлекеттік мекемелер тарихы. 3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

кредит.

 

 

 

 

 

Батыс Еуропадағы Реформация тарихы бой­

SRCS 3130 Мемлекеттік және мемлекеттік

ынша деректер . 2 кредит.

 

 

 

 

 

емес ұйымдар қызиетін құжаттау. 2 кредит.

WHST 4770 Мәдени мұра бағдарламасы бой­

Негізгі міндетті модуль 19. 3 кредит.

ынша деректерді сыныптау .

 

 

 

 

SRCS 4097

Құжаттаманы

басқарудың

2 кредит. Пререквизиттер: SRCS 2001, SRCS

құқықтық негіздері. 3 кредит.

 

2093.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіби элективті модульдер

 

Батыс

Еуропадағы

Реформация

мәселесі

 

ортағасырлар

 

және

жаңа

кезеңдер

тарихын-

Ғылыми зерттеулердің әдістемесі және жоба­

да ірі және маңызды мәселелердің

бірі бо-

лау. 3 кредит.

 

 

 

 

 

лып табылады. Қоғамның дінге, әлеуметтік-

SRCS 4720 . Ғылыми зерттеулерді

экономикалық

 

жағдайға

қатынасы

қазіргі

ұйымдастыру және әдістері.

 

таңда үлкен қызығушылық тудырып отыр. Әр

3 кредит. Пререквизиттер: SRCS 3095, SRCS

түрлі конфессиядағы

адамдардың

толерантік

3129, SRCS 2001.

 

 

 

 

қатынастарын

қалыптастыруда

өзіндік тари-

Модуль

қолданбалық

және

тәжіриби-

хы бар. Осы тұрғыдан алғанда аталмыш мәселе

бағытталған және білім алушыларға ғылыми

үлкен деректер кешенің құрайды, соның негізінде

зерттеу жұмысын жазу қабілеттерін дамытуға

әр түрлі деректерге (заңды, нарративті және т.б.)

көмектеседі. Курста ғылыми зерттеу жұмысының

талдау жасап, студенттерді зерттеу процесінің

ғылыми-анықтамалық аппаратымен жұмыс жа-

әдістемесіне үйретуге дағдылайды, оның негізгі

сау әдістемесі, ғылыми зерттеулердің әдістері

фундаменті тарихи дерек болып табылады.

және методологиясы, түрлері және жобалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қарастырылады.

 

 

 

 

ПӘНДІК ҚҰЗЫРЕТ

 

 

 

 

 

Құжаттама жүйелері. 3 кредит.

 

D1 - Орыс тілінің құрылымы мен жүйесін,

SRCS 4721 Стандарттау және ҚҚБ

функционалдық

бірліктердің

ерекшеліктерін

3 кредит. Пререквизиттер:SRCS 3095, SRCS

білу, оларды коммуникативті мақсатқа жету

2091.

Модульдің

негізгі

мақсаты

стандарттау

үшін әлеуметтік жағдайларда пайдалану; тілдің

 

қызметтік қолдануының негізгі түрлеріне қатыса

және сертификаттаудың мәнімен, осы саладағы

отырып, жай ақпаратты, ойпікірлермен алмасу;

қызметтің негізгі бағыттарымен, стандарттау бой

нақты тәжірибелік жағдайларды шешуде

 

Тарих, археология және этнология факультеті

Тарих, археология және этнология факультеті

130

 

 

 

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

құқықтық нормалар мен теорияны пайдалану,

қолдану қабілеті; алынған экологиялық білім мен

дағдыны әртүрлі деңгейдегі экологиялық про-

құқықтық техниканы пайдалану, ойлау үйлесімнің

блемаларды талдауда қолдану; қоғам мен табиғат

қателіктерін және ақ таңдақтарын көре білу

тұрақты дамуының негізгі қағидаларын кәсіби

қабілеттілігі; әлемдік

экономиканың

қазіргі

қызметте қолдана білу қабілеті.

 

 

 

жағдайы мен даму тенденциясы контекстінде

D4 – Теориялық білімдерді және зерттеу

экономикалық

ғылымның

негізін

қалайтын

ережелерін

меңгеру

қабілеттілігі,

экономиканың

әдістерін практикада қолдана білу; мұрағаттық

әр түрлі салаларында және кәсіпкерлік қызметті

ақпараттық

технологияларды

меңгеру; кәсіби

ұйымдастыруды жетік білу.

 

 

 

 

дайындық деңгейін жетілдіруде пәндерге байланы-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

сты дереккөздермен жұмыс жасау ерекшеліктерін

D2 - Саяси құбылыстар мен үрдістерді болжау

білу; Қазақстанда, алыс және жақын шетел-

және теориялық талдаудың қарапайым негіздерін

дерде мұрағат ісінің ұйымдастыру және тари-

білу, саяси зерттеулердің мақсаттарын анықтай

хын білу; мұрағаттарда құжаттардың сақталуын

алу және оларды жүзеге асыруда оқытылған

қамтамасыз етуге; мекеме құжаттарына ақпараттық

ғылымдардың әдістерін пайдалана білу; қауiп-

анықтамалық жұмыстар жүргізуге және оларды

қатерлердің әр түрінен қорғанудың әдiстерiн,

бақылау, тіркеу, есептеу жұмыстарын жүргізудің

адамның мекендеу ортасымен қауіпсіз әрекеттесуін

автоматтандырылған жобалау әдістемесін иге-

қамтамасыз ету принциптерін бiлу, қолдана білу,

руге; оқытылатын кәсіби пәндердің мазмұнын,

меңгеру;

қазіргі

ақпараттық

технологияларының

принциптерін және әдістерін, олардың дамуының

фундаменталды

принциптерін меңгеру

қабілеті,

негізгі бағыттарын түсіну; құжаттану, мұрағаттану

қоғамдағы

эволюциялық ақпараттанудың даму

контексінде

ақпараттық

технологияның

қазіргі

және

археография

саласына

байланысты

жағдайы мен даму тенденцияларын меңгеру;

нормативтік-әдістемелік құжаттарды құрастыру

Еуразиялық және дүниежүзілік тарихи үдеріс

әдістемесін меңгеру.

 

 

 

 

контекстінде Қазақстанның ерте дәуірден бүгінгі

D5 - Мұрағаттану, құжаттану және ар-

күнге дейінгі, тайпалық одақтан жаңа типтегі көп-

этникалық

қауымдастыққа

дейінгі

мемлекеттің

хеография бойынша іргелі білімдерді пайда-

біртіндеп даму тарихы туралы білімді меңгеру.

лану, ақпаратты қорғау әдістерін білу және

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

меңгеру;

құжаттардың

құндылығын

сараптау

D3 - Фудаменталды санаттық және әдістемелік

іс-шараларын ұйымдастыруды және оларды

философия аппаратын білу, сонымен қатар оның

мұрағаттық сақтауға немесе жоюға дайындауға

негізгі

теориялық

білімдерін,

философиялық

қолдана білу; тарихи құжаттар жинақтарын

дамудың басты тарихи кезеңін дүниетанымдық

құрастыру үшін мәліметтерді сұрыптау және

және басты әлеуметтік гуманитарлық білімдер

анықтауды білу; мұрағат құжаттары және меке-

ретінде игеру; зерттеу объектісінің себептері мен

ме құжаттарымен жұмыс жасау әдістерін меңгеру;

болашағын кешенді түрде бейнелеу мақсатында

мамандарға,

тұтынушыларға

кәсіби

 

ақпаратты

әлеуметтік мәселелерді социологиялық зерттеулер

мәлімдей білу; тез өзгермелі кезеңде дұрыс, жау-

әдістемесі мен техникаларын қолдана отырып, тал-

апты шешім қабылдай білу; практикада теориялық

дауда социологиялық тұжырымдамалардыпайдала-

білімдермен зерттеу әдістерін қолдана білу; кәсіби

на білу қабілеті;«организм-орта» арақатынасының

қызметті құрастыру және жобалай білу, алынған

негізгі

заңдылықтары

бойынша

ірглі

білімді

нәтижелерді түзету және бағалай білу.

 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]