Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Catalog KZ Bас

.pdf
Скачиваний:
33
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
24.9 Mб
Скачать

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

241

5В010300 Педагогика және психология 5B012300 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі

тану

5B020100 Философия

5B020400 Мәдениеттану

5B020600 Дінтану

5B050100 Социология

5B050200 Саясаттану

5B050300 Психология

5B090500 Әлеуметтік жұмыс

5В010300-ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ МАМАНДЫҒЫ

1 курс І семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 2. 3 кредит. PED 1001 Педагогика 3 кредит. Негізгі міндетті модуль 3. 3 кредит.

INFT 1001 Ақпараттық технологиялар. 3 кре­ дит.

Негізгі міндетті модуль 4. 3 кредит. HST 1001 Қазақстан тарихы. 3 кредит. Негізгі міндетті модуль 6. 6 кредит.

PED 1005 Психологиялық-педагогикалық ісәрекетке кіріспе 3 кредит.

CLTS 1001 Мәдени антропология 3 кредит.

II семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 1. 6 кредит.

ENG 1501, FRE 1501, GER 1501 Шет тілі. 3 кредит.

KAZ 1001 (RUS 1001) Қазақ (орыс) тілі. 3 кредит.

Негізгі элективті модульдер Негізгі элективті модуль 1. 3 кредит.

KAZ 1003 (RUS 1003) Кәсіби мақсаттарға арналған қазақ (орыс) тілі.

3 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

Аталмыш курс - жұмыс бабында қазақ тілін қажет ететін адамдарға арналған. Бұл курстың мақсаты – ресми-кәсіби қазақ тілін үйрену. Сонымен қатар, осы бағдарлама ресми қазақ тіліндегі құжаттар үлгісін ұсынады. Аталған курсты тәмәмдағаннан кейін, студенттер жұмысқа қажетті, ресми-кәсіби мәтіндерді оқу, іскерлік салада қазақша сөйлеу мен ресми-кәсіби құжаттарды құрастыру машығына ие болады.

Негізгі элективті модуль 2. 3 кредит. KAZ 1002 Қазақ тілі және әдебиет.

3 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

Модульдің негізгі мақсаты - қазақ тілі мен әдебиеті арқылы берілетін білімді логикалық біртұтастықта концептуалдандыру, көркем әдеби шығармалар арқылы ақпараттық жағынан толығу, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тарихи, саяси жағдайларға орай үйлестіруге бейімділігін жетілдіру. жеке тұлғалық білім аясына қазақ тілі

мен әдебиеті арқылы берілетін филологиялық білім жүйесін енгізе отырып, оның әлеуметтік және саяси мәселелерде гуманизацияға ерекше мән беру қабілетін дамыту.

Негізгі элективті модуль 3. 3 кредит. SLV 1001 Тіршілік қауіпсіздік негіздері.

1 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

ECO 1001 Экология және тұрақты даму.

2 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

ТҚН курсын үйрену студенттердің өзіндік және айналасындағы адамдардың қауіпсіздігіне байланысты саналы және жауапты көзқарасын қалыптастыруға, алған білімді меңгеру мен қауіпті жағдайларды байқап тануға, аталмыш жағдайлардан қорғану жолдарын анықтау мен өзіндік және өзара көмек көрсетуге бағытталған. Ұсынылған курс бағдарламасы қазіргі таңдағы заманауи талаптарға сай, өйткені оның әдістемелік негізінде адам-қоғам-табиғаттың өзара қарымқатынасын диалектикалық тұрғыдан түсіну жатыр.

Негізгі элективті модуль 4. 3 кредит.

 

 

POL 1001 Саясаттану.

 

факультеті

3 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

 

 

 

Студенттер қоғам қызметін және түрлі адам-

 

дар, мемлекеттер мен қоғам арасындағы қарым-

 

қатынасты қамтамасыз

етуге шақыратын, билік

саясаттану

қарым-қатынастары, қоғамның мемлекеттік-

 

саяси ұйымдары мен политикалық институтта-

 

ры, қағида, принциптермен байланысты қоғам

 

өміріндегі осы басты сала туралы мағлұмат алады.

және

Кәсіби элективті модульдер

 

 

Философия

Педагогикалық

аксиология

және

мәдениаралық коммуникация. 6 кредит. РED 1006 Педагогикалық аксиология.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 1005.

РED 1007 Әлем және халықаралық түсіністік педагогикасы.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 1005.

Модуль тұлғааралық коммуникация педагогикасының теориялық негіздерін, әлем педагогикасы мен мәдениаралық өзара түсіністіктің негізгі тұжырымдамаларын сипаттайды. Педагогикалық коммуникация мен оларды болашақ маман кәсіби іс-әрекетінде қолдану мүмкіндіктерін қарастырады.

Педагогтың коммуникативті мәдениеті. 6 кредит.

РED 1008 Педагог-психологтың коммуникативтік мәдениеті.

3 кредит. Пререквизиттер: CLTS 1001.

РED 1009 Ынтымақтастық педагогикасы.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 1005.

Педагог-психологтың коммуникативті мәдениетінің әдіснамалық қалыптасу негізі ретінде мәдениаралық коммуникация теорияларының негізгі бағыттарын, сондай-ақ, оқушылармен

242

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

 

 

Философия және саясаттану факультеті

қарым-қатынас барысында өзара сенімділік пен ынтымақтастық атмосферасын құру, оқушылар көзқарасындағы бірлескен іс-әрекетті бағалау мен талдау, бірлескен іс-әрекеттегі өзара жауапкершілік пен өзара сыйласымдылықты қарастырады.

2 курс

ІІІ семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 7. 6 кредит. PED 2012 Педагогика (2б.). 3 кредит.

PED 2013 Тұлғааралық қарым-қатынас тео­ риясы. 3 кредит.

Негізгі міндетті модуль 8. 3 кредит.

PED 3003 Педагогикалық психология. 3 кре­ дит.

Кәсіби элективті модульдер

Педагогика тарихы және білімдендіру тұжырымдамалары. 6 кредит.

PED 2016 Қазақстан және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 1005.

PED 2017 ХХ ғасыр педагогикасы.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 1005.

Модуль педагогика ғылымының тарихы мен білімдендіру тұжырымдамасының негіздерін оқуға және ұстанымдарды түсіну, тұлғаның өзіндік дамуы теориясы механизмін оқуға бағытталған.

Білім беру тарихы. 6 кредит.

PED 2018 Қазіргі білімдендіру тұжырымдамалары.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 1005.

PED 2019 Шетелдік білімдендіру тұжырымдамалары.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 1005.

Бұл модуль әлемдік өзгерістер жағдайында тұлғаның әлеуметтенуі, оқыту мен тәрбиенің қазіргі білімдендіру тұжырымдамаларын оқуға бағытталған. Модуль мазмұнында педагогикалық тұжырымдамалардың қазақстандық және шетелдік даму өзгерістері бейнеленген. Оқыту мен тәрбиелеу үдерісіндегі тарихи-педагогикалық құбылыстарды түрлі тұжырымдық тұрғыда қарастырады.

Салыстырмалы педагогика. 6 кредит. PED 2005 Салыстырмалы педагогика.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 1005.

PED 2020 Қазақстан және әлемдік білім беру тарихы.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 1005.

Модуль мазмұны түрлі елдердегі білім беру жүйелерін салыстырмалы талдау негізінде қазіргі әлемдегі орта білім беру мен тәрбиелеудің негізгі даму бағыттарын көрсетеді. Салыстырмалы педагогика жаһандық кеңістікте дамудың негізгі тенденциялары мен заңдылықтарын, даму жағдайына талдау жасайды, ұлттық және аймақтық

ерекшеліктердің жалпыға ортақ байланысын сипаттайды, ұлттық педагогикалық мәдениеттің құралдары мен түрлерін, халықаралық педагогикалық тәжірибенің жағымды аспектілерін анықтайды.

Этнопедагогика және оқушылардың руханиадамгершілік тәрбиесі. 6 кредит.

EDU 2001 Этнопедагогика.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 1005.

EDU 2021 Оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесі.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 1005.

Модуль ұлттық ерекшелік және ұлттық сана, халықтың салт-дәстүрін сақтай отырып, өскелен ұрпақ тәрбиесіндегі халық педагогикасының ерекшеліктерін сипаттайды. Қазақстандағы көпұлттылықты есепке ала отырып, этномәдени білім беру тұжырымдамасының негізгі идеяларымен таныстырады. Бұл модульде әрбір адамның өмірлік мәнге ие болатын түсініктерге анықтама беріледі «руханилық», «адамның рухани әлемі», «жан», «өмірдің мәні» және қазіргі қоғамдағы тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мәселелері қарастырылады.

ІҮ семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 5. 2 кредит. PHIL 1001 Философия. 2 кредит. Негізгі міндетті модуль 9. 6 кредит.

PED 2014 Әлеуметтік педагогика және психо­ логия. 3 кредит.

PED 2015 Тұлғаның дамуына арналған білім беру. 3 кредит.

Негізгі элективті модульдер

Экономика және құқық негіздері. 6 кредит. LAW 1001 Құқық негіздері.

3 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

ECN 1001 Экономикалық теория негіздері.

3 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

Пәнді үйрену барысында студенттер экономика ғылымының категорияларымен танысу және меңгерулері, экономикалық мектеп араларындағы өзарабайланысты анықтаулары тиіс. Олар экономика ғылымының фундаментальды ұғымдары жайлы, экономикалық даму ұғымы туралы мағлұмат алады. Курс барысында студенттер экономикалық зерттеудің әдістері, қоғам өміріндегі экономиканың мағынасы мен міндеттері жайлы біледі. Құқық негіздері курсы кезінде студенттер мемлекет және құқық теориясы жайлы ақпарат алады, конституциялық құқықтың басты мәселелерімен, Конституция ұғымы мен мәні, тұлғаның құқықтық статусын анықтаумен танысады.

Психология және әлеуметтану. 6 кредит. SOC 1001 Әлеуметтану.

3 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

PSY 1001 Психология.

3 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

243

 

 

Әлеуметтану – тұтас жүйе және арнайы әлеуметтік институттар, үрдістер, әлеуметтік топтар мен топшалар, қоғам мен тұлғаның қарымқатынасы, адамдардың топтық мінез-құлқының заңдылығын қарастыратын қоғам жайлы ғылым. Психология – бұл психикалық үрдістердің пайда болуы, қалыптасуы және дамуы, адамның психикалық жағдайынының заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейтін ғылыми ілім. Психология басқа ғылым мен ғылым салаларының ғылыми ілімдерімен өзара байланыста болады. Сол арқылы жаңа ғылыми бағыттар қалыптасады.

Кәсіби элективті модульдер

Дүниежүзіндегі және Қазақстандағы ұлттық тәрбиенің ерекшеліктері. 6 кредит.

EDU 2003 Көпмәдениетті тәрбие беру педаго­ гикасы.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 2013.

EDU 2004 Әлемдегі этнопедагогика және ұлттық тәрбие тарихы.

3 кредит. Пререквизиттер: EDU 2001.

Модульде Қазақстан, ТМД, Батыс Европа, АҚШ елдеріндегі көпмәдени тәрбие идеялары мен тұжырымдамаларын қарастырады. Қазақстандық ғалымдардың көпмәдени тәрбие берудің негізгі тұжырымдамалары сипатталады. Модуль елдердің ұлттық тәрбиесінің, ұлттық сана мен ұлттық ерекшеліктерінің, халықтардың салт-дәстүрлерінің негізінде Қазақстандағы өскелең ұрпақтың ұлттық тәрбиесін қарастырады. Көпұлттылықтың негізгі идеяларымен таныстырады.

Отбасы педагогикасы және психологиясы. 6 кредит.

EDU 2022 Педагог-психологтың ата-анамен және қоғаммен қызметінің психологиялықпедагогикалық технологиясы.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 2013.

EDU 2023 Мектеп және отбасының өзара әрекетінің психологиялық-педагогикалық негізі.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 2013.

Модуль қазіргі таңдағы мектеп пен отбасы арасындағы қатынастың психологилықпедагогикалық негіздерін, ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, педагогикалық семинарларды, практикумдарды ата-аналар мен оқушылар үшін ұйымдастыру, сонымен қатар жоғары сынып оқушылырының атааналарымен ақпараттық және кәсіби бағыттылық жұмыстарын жүргізуді қарастырады.

3 курс Ү семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 10. 6 кредит.

PED 3004 Білім берудегі педагогикалық тех­ нологиялар. 3 кредит.

PED 3018 Психологиялық-педагогикалық кеңес беру. 3 кредит.

Кәсіби элективті модульдер

Әлеуметтік-психологиялық кеңес. 6 кредит. PED 3017 Мектептегі әлеуметтік-

психологиялық кеңес.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 2014.

PED 3020 Девиантты мінез-құлықты балаларға психологиялық-педагогикалық кеңес беру.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 2015.

Модуль болашақ педагог-психологтарды білім беру аймағында кеңес беру іс-әрекеттеріне даярлауға бағытталған. Бұл пән әртүрлі деңгейдегі (кіші, орта, жоғары жастағы) балалармен жұмыс жасауда маманның іс-әрекетінің кеңес берушілік блогын сипаттайды. Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы қазіргі мәселелерді шешуге, балалардың отбасындағы әлеуметтік-психологиялық мәселелері бойынша педагог-психологтың кеңесші ретіндегі іс-әрекет ерекшеліктерін қарастырады.

Гендерлік білім беру. 6 кредит.

 

 

PED

3021

Гендерлік

білімдендірудің

 

психологиялық-педагогикалық негіздері.

 

3 кредит. Пререквизиттер: PED 2015.

 

факультеті

PED

3022

Жастарды

әлеуметтендіру

мәселелері.

 

 

 

 

 

3 кредит. Пререквизиттер: PED 2014.

 

 

Модуль

гендерлік білім

берудің

өзекті

саясаттану

мәселелерін,

гендерлік

 

білім

берудің

 

 

психологиялық-педагогикалық

негіздерін,

 

Қазақстанда гендерлік

зерттеулердің

даму-

 

ын қарастырады. Модуль

мазмұнында

болашақ

және

мамандардың әлеуметтену теориясын және жа-

 

старды әлеуметтендірудің ғылыми-теориялық

Философия

тұжырымдамаларын оқыту көзделген.

 

 

 

Коррекциялық педагогика және психология. 6 кредит.

PED 3023 Жасерекшелік педагогика және психология.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 2015.

PED 2011 Коррекциялық педагогика.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 2014.

Модуль бала дамуындағы ауытқушылықтардың себептерін, психикалық ауытқушылықтың потологиялық факторларын: эндогендік (генетикалық) және экзогендік факторларды қарастырады. Сондай-ақ, мектеп жасындағы балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасына жаңа тұрғыдан қарау, бала дамуындағы ауытқушылық диагностикасымен жұмыс жасауда психологиялық-медициналық- педагогикалық кеңес беруді (ПМПК) ұйымдастыру мәселелері, ПМПК жұмыстарының ұстанымдарын қарастырады.

Білім берудегі әлеуметтік-педагогикалық қолдау. 6 кредит.

PED 3018 Мектептегі психологиялық педаго­ гикалык кеңес.

244

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

 

 

Философия және саясаттану факультеті

3 кредит. Пререквизиттер: PED 3003.

PED 3024 Мектептегі әлеуметтікпсихологиялық қызмет.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 3003.

Модуль Жалпы білім беретін мекемелерде студенттерді кеңес берушілік, әлеуметтікпедагогикалық қолдау көрсету іс-әрекеттеріне даярлауға, сондай-ақ, студеттерді психолог, әлеуметтік педагог, логопед, мектеп басшысының оқу-тәрбие орынбасарлары мен педагог қызметтерімен таныстыруға бағытталған.

ҮІ семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 11. 6 кредит. PED 3001 Девиантология. 3 кредит.

PED 3007 Психологиялық-педагогикалық ди­ агностика. 3 кредит.

Кәсіби элективті модульдер

Коррекциялық-дамытушылық тренингтер. 6 кредит.

PED 4008 Әлеуметтік-психологиялық тренинг әдістемесі.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 3004.

PED 3025 Мектеп психологының коррекциялық-дамытушылық жүйесі.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 3003.

Модуль әлеуметтік-психологиялық тренингтер туралы және ӘПТ көмегімен шешілетін әлеуметтік-психологиялық мәселелерді қарастырады. Көпшілік топтарда коррекциялықдамытушылық тренингтер жүргізу әдістемесімен таныстырады.

Конфликтология. 6 кредит.

PED 3026 Білім беру аймағындағы конфлик­ тология.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 3003.

PED 3027 Психологиялық-педагогикалық басқарудың негіздері.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 3003.

Жалпы конфликтология тұжырымдамаларын сипаттап, кикілжің жағдаяттарының туындауын қадағалау, педагогикалық және әлеуметтік ортада шиеленіскен жағдаяттарды шешу, алдын алу әдістері мен тәсілдерін білуге мүмкіндік береді.

Креативті педагогика. 6 кредит.

PED 3028 Дарынды балалар педагогикасы.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 2015.

PED 3029 Шығармашыл тұлғаны дамытудың психологиялық-педагогикалық негізі.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 2015.

Модуль таным мәселелерінің, оқытудағы шығармашылықты мотивациялау мен дамытуға, оқыту мен тәрбиелеудегі педагогикалық технологияларын, оқытушы іс-әрекетін танымдық тұрғыда қарастыруға, сонымен қатар арнайы мамандандырылған білім беру ұйымдарында педагог-психологтардың дарынды балалар-

мен жұмыс жасау мәселелерін шешуде өзіндік зерттеушілік қабілеті мен креативті және абстрактылық-логикалық ойлаудың дамуын; дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеудің теориялық негіздерін баяндауға бағытталған.

Орта білім берудің психологиялықпедагогикалық мәселелері. 6 кредит.

PED 3016 12 жылдық білім берудің психологиялық-педагогикалық проблемалар.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 1005.

PED 3030 Бейіндік білім беру педагогикасы.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 1005.

Модуль Қазақстанның 12 жылдық орта білім беру жүйесіне көшуге байланысты 12 жылдық білім берудің оқу жоспары, ұстанымдары алдыңғы қатарлы шетелдік мемлекеттердегі (Батыс Еуропа, АҚШ және т.б.) орта білім беру жүйесі мен салыстырмалы тұрғыдан қарастыруды көздейді. Қазіргі мектептегі педагог-психологтың бейіндік білім беру мәселелеріндегі іс-әрекеттері, қазіргі білім берудің негізгі педагогикалық мәселелері, бейіндік оқытудың мәні қарастырылады.

4 курс ҮІІ семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 12. 6 кредит.

PED 2032 Арнайы педагогика және психоло­ гия негіздері. 3 кредит.

PED 3005 Психологиялық-педагогикалық зерттеулердегі әдістер мен әдіснамалар. 3 кре­ дит.

Кәсіби элективті модульдер

Педагогикалық шеберлік. 6 кредит. PED 4013 Педагогикалық риторика.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 3004.

PED 4014 Педагогикалық этика және корпоративтік мәдениет.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 3004.

Модуль педагогикалық шеберліктің, кәсіби біліктіліктің негізін қалыптастыруға, барлық педагогикалық іс-әрекетті жетілдіруге мақсатталған, сонымен қатар гуманистік тұлға қалыптастыруға сәйкес, педагогикалық техниканы меңгеруге бағытталады.

Педагогикалық қарым-қатынас. 6 кредит. PED 4015 Педагогикалық техника.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 3004.

PED 4016 Педагог-психологтың этикасы.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 1008.

Модуль педагогикалық қарым-қатынастың атқаратын қызметін, стилін, мәнін қарастырады. Кәсіби іс-әрекеттегі педагог-психолог қарымқатынасының мазмұнын ашады. Сондайақ, педагогтың кәсіби этикасының мазмұны, атқаратын қызметі мен мәнін, «педагог-оқушы», қарым-қатынас этикасы, «педагог-педагог» арасындағы қызметтік қатынас, педагог-

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

245

 

 

психологтың азаматтық этикасы, педагогтың кәсіби мәдениетіндегі этика мәселелері қарастырылады.

Педагогикалық артистизм және анимация. 6 кредит.

PED 4017 Педагогикалық артистизм.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 1008.

PED 3010 Анимация.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 3007.

Модуль педагогикалық артистизмнің негіздерін қалыптастыруға, кәсіби біліктердің, педагогикалық іс-әрекеттердің барлық түрлерін қарастыруға бағытталған. Модульде экранды көріністер, соның ішінде анимациялардың негізінде балалардың теориялық негіздегі эстетикалық түсініктерін қалыптастыру мәселелерімен таныстырады.

Пәндерді оқыту әдістемесі. 6 кредит. PED 4018 Педагогиканы оқыту әдістемесі.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 3004.

PED 4019 Психологияны оқыту әдістемесі.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 3004.

Психологиялық-педагогикалық пәндерді оқыту әдістемелерімен, педагогикалық технологиялардың әдіснамалық, теориялықтәжірибелік әдіс, тәсілдерін қарастырады.

ПӘНДІК ҚҰЗЫРЕТ

D1 – Педагогика және психология мамандығы мен пәндерінің теориялық негіздерін және тарихын көрсете білу ептілігі мен қабілеттілігі; меңгерген білімін қисынды, әрі дәйектілікпен ұсыну; кәсіби психологиялық-педагогикалық білімін қолдана білу; пәнаралық байланыстар мен пәндердің жалпы құрылымын көрсете алу; тәжірибелік психологиялық-педагогикалық ісәрекеттің негізгі түрлерімен танысу, тәжірибе барысында балалармен жұмыс жасауда коммуникацияның тәжірибелі біліктерін игеру; тілдік және қоғамдық іс-әрекеттердің міндеттерін шешуге арналған, тұлғалық білімдерін игеру үшін қазақ орыс тілдерін қолдану қабілеттерін қалыптастыру; ақпараттық қоғам дамуы контекстінде қазіргі жаңа технологиялардың ұстанымдарын пайдалану;

D2 - психологиялық-педагогикалық кәсіби іс-әрекеттің әдістерін қолдану және түсіну қабілеттілігі мен ептілігі (әдістердегі біліктілік); тұлғада туындаған мәселелер мен оқу үрдісіндегі психология мен педагогиканың потенциалын кәсібисіз қолдану жауапкершілігін сезінеді; бүкіл әлемдік тарихи үрдіс контекстіндегі Қазақстан тарихын білу; қазіргі философияның негізгі бағыттарын білу; кәсіби мәселелерді шешуге арналған ұлттық сана мен дәстүрлер жайлы түсінігінің болуы; қауіпті құбылыстар мен үрдістерді болжау және негізгі теориялық талдамаларын игеру; мектептегі тәжірибеде

психологиялық-педагогикалық іс-әрекет әдіс, тәсілдерін меңгеру; ойын және оқыту тренингтеріне қатысу және жүргізу, педагогпсихологтың тәжірибелі іс-әрекетімен танысу, оның тәжірибедегі іс-әрекетін жоспарлау;

D3 – түрлі деңгейлердегі мәселелерді талдау дағдылары мен экологиялық білімдері; саяси құбылыстар мен үдерістердің қарапайым негізгі талдмаларын меңгеру; мәселелерді шешу жоспарын құруға арналған заң және экономикалық білімдерді қолдану; зерттеу және оқу іс-әрекеттеріндегі мәселелік жағдайларды шығармашылықпен шешуде психологиялық білімдерді қолдана алу; педагогика мен психология аймағындағы білімдері мен түсініктерін ұсыну; мектепте 12 жылдық білім беру мазмұнын жобалау негізлерінің, педагогикалық және әдіснамалық іс-әрекетінің білік, дағдыларын меңгеру; білім беру үдерісін, педагогикалық менеджментті басқару дағдыларын меңгеру;

D4 - кәсіби-педагогикалық риториканы, тыңдаушыларға сөзбен ықпал жасау әдістерін, оқыту ақпараттарының көрінісін меңгеру; психологиялық қолайлы қарым-қатынас құру, оқушылардың оқу іс-әрекеттеріне жағдай жасау дағдыларын меңгеру; педагогикалық жағдаяттағы мәселелерді байқау және оларды педагогикалық міндеттер түрінде сипаттау; білім беру технологияларын жобалау, білім беруде жаңашылдықты ендіру дағдылары; психологиялық-педагогикалық іс-әрекет аймағында іс-әрекет сапасын бағалау қабілеттілігі;

D5 - психологиялық-педагогикалық диагностиканың біліктері мен дағдыларын меңгеру; психологиялық-педагогикалық кеңес беру мен түзетушілік-дамытушылық іс-әрекеттерді жүргізу; оқушылар мен балаларға психологиялықпедагогикалық кеңес беру әдістерін меңгеру; педагогтың түзету-дамытушылық іс-әрекетінің әдістері мен әдіснамасын, білімдерін меңгеру; психологиялық-педагогикалық ағартушылықтың негізгі әдістерін меңгеру; психологиялықпедагогикалық алдын алу шараларының білімдері мен әдістерін игеру; білім беру ұйымдарының құжаттарын білу, тәжірибе барысында білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық әрекеттерді ұйымдастырумен, жоспарлаумен танысу, педагогика және психология бойынша тәжірибе сабақтарын жүргізе алу дағдылары.

Философия және саясаттану факультеті

246

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

 

 

Философия және саясаттану факультеті

5В012300-ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ МАМАНДЫҒЫ

1 курс

I семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 1. 6 кредит.

ENG 1401, FRE 1401, GER 1401 Шет тілі. 3 кредит.

KAZ 1001, RUS 1001 Қазақ (орыс) тілі 3 кре­ дит.

Негізгі базалық модуль 1. 6 кредит.

PED 1002 Педагогика, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану тарихы 3 кредит.

PED 1001 Педагогика 2 кредит.

PED 1003 Мамандыққа кіріспе 1 кредит. Негізгі міндетті модуль 2. 3 кредит. HST 1001 Қазақстан тарихы. 3 кредит Негізгі міндетті модуль 3. 3 кредит. INFT 1001 Информатика. 3 кредит.

ІІ семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі базалық модуль 2. 4 кредит.

PHLH 1020 Жас ерекшелігі анатомиясы, фи­ зиологиясы және гигиенасы. 2 кредит.

PSY 1001 Жалпы психология. 2 кредит. Негізгі міндетті модуль 4. 6 кредит.

KAZ 1001, RUS 1001 Қазақ (орыс) тілі 3 кре­ дит.

ENG 1501, FRE 1501, GER 1501 Шет тілі. 3 кредит.

Негізгі міндетті модуль 5. 3 кредит.

SLV 1001 Адам өмірі қауіпсіздігі негіздері. 1 кредит.

ECO 1001 Экология және тұрақты даму. 2 кредит.

Негізгі базалық модуль 3. 4 кредит. PED 1004 Өзін-өзі тану. 2 кредит.

PSY 1003 Жас ерекшелігі психологиясы. 2 кредит.

2 курс

ІІІ семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 6. 4 кредит. POL 1002 Саясаттану. 2 кредит. SOC 1001 Әлеуметтану. 2 кредит. Негізгі базалық модуль 4. 6 кредит.

PED 2001 Әлеуметтік педагогика. 4 кредит. PSY 2023 Әлеуметтік психология. 2 кредит.

Негізгі базалық модуль 5. 3 кредит.

EDU 2001 Этнопедагогика. 1 кредит.

EDU 2002 Педагогикалық шеберлік. 2 кредит.

Кәсіби элективті модульдер

Әлеуметтік-педагогикалық тарихы және са­ лыстырмалы сипаты. 6 кредит.

PED 2004 Әлеуметтік педагогиканың тарихы мен теориясы.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 1004, PSY

1003.

PED 2005 Салыстырмалы педагогика.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 1004, PSY

1003.

Модульдің мақсаты болашақ мамандардың кең ой өрісін дамыту, классикалық әлеуметтік теориялар мен әлеуметтік педагогика саласындағы негізгі әлеуметтік көзқарастарды, тұжырымдармен, идеяларды, теориялық бағыттарды терең меңгеруге негізделген. Сонымен қатар, модуль мазмұны қазіргі әлемдегі түрлі елдердің білім беру жүйесін салыстырмалы талдау контексінде орта білім беру мекемелеріндегі білім беру мен тәрбиелеуді дамытудың негізгі бағыттарының көрінісімен таныстырады.

Отбасымен жүргізілетін әлеуметтікпедагогикалық жұмыс негіздері. 6 кредит.

PED 2006 Отбасымен жүргізілетін әлеуметтікпедагогикалық жұмыс.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 1004, PSY 1003

PED 2007 Ата-аналармен жұмыс жүргізудегі әлеуметтік-педагогикалық ағартушылық.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 1004, PSY 1003

Модуль отбасы мен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жоспарлау барысындағы жұмыс түрлері, әдіс-тәсілдері мен таныстырады. Болашақ мамандарға отбасы мен жұмыс жасаудағы әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қауіпсіздік және әлеуметтік қамтамасыз етуде қажетті дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ педагог-психологтың әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетіндегі ата-аналармен, педагогикалық ұжыммен жұмыс жасау технологиялар және ағартушылық жұмыспен жүйелі таныстыруға бағытталған.

IV семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 7. 4 кредит.

ECN 1001 Экономикалық теория негіздері. 2 кредит.

LAW 1001 Құқық негіздері. 2 кредит. Негізгі кәсіптік модуль 1. 6 кредит.

PED 2002 Арнайы педагогика және психоло­ гия негіздері. 3 кредит.

PED 2003 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологиялары. 3 кредит.

Кәсіби элективті модульдер

Арнаулы және жас ерекшелігі педагогикасы мен психологиясы. 5 кредит.

PED 2008 Пенитенциарлық педагогика.

2 кредит. Пререквизиттер: PED 2001, PSY

2023.

PED 2009 Жас ерекшелігі педагогикасы мен психологиясы

3 кредит. Пререквизиттер: PED 2001, PSY

2023.

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

247

 

 

Модуль мазмұнында әлеуметтік педагогтың кәмелеттік жасқа толмағандармен девиантты және аддиктивті мінез-құлық профилактикасы бойынша және қылмыс жасаған және түрлі жаза өтеуші кәмелеттік жасқа толмағандарды түзету бойынша қызмет атқарады. Сондай-ақ мазмұнында бұл үдерісті гуманизациялау мақсатында «қауіп және жаза өтеуші тобындағы кәмелеттік жасқа толмағандарға әлеуметтік-педагогикалық өзара әрекеттесу жүйесінің жұмысымен байланысты пенитенциарлы педагогиканың дамуының тарихы, пенитенциарлы педагогиканың ғылымитеориялық аспектісінің мәні мен мазмұны, пенитенциарлы педагогиканың қазіргі кездегі тенденциялары көрініс табады. Сонымен қатар, ұйымда қазіргі тәрбие процесінің жаңару тенденциясын, тәрбиенің жаңа технологиялары, гуманизация және демократизация, студент іс-әрекетінің жеке-шығармашылық стилін бағыттауды көрсетеді.

Әлеуметтік-педагогикалық коррекция. 5 кре­ дит.

PED 2010 Әлеуметтік-педагогикалық коррек­ ция.

2 кредит. Пререквизиттер: PED 2001, PSY

2023.

PED 2011 Коррекциялық педагогика.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 2001, PSY

2023.

Модуль мазмұнында бала дамуындағы ауытқушылықтардың себептерін, психикалық ауытқушылықтың потологиялық факторларын: эндогендік (генетикалық) және экзогендік факторларды қарастырады. Сондай-ақ, мектеп жасындағы балалардың психологиялықпедагогикалық диагностикасына жаңа тұрғыдан қарау, бала дамуындағы ауытқушылық диагностикасымен жұмыс жасауда психологиялық- медициналық-педагогикалық кеңес беруді ұйымдастыру мәселелері мен әлеуметтікпедагогикалық жұмыстарының ұстанымдарын қарастырады.

3 курс

V семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі базалық модуль 6. 5 кредит. PED 3001 Девиантология. 2 кредит.

PED 3002 Психологиялық-педагогикалық практикум. 3 кредит.

Негізгі базалық модуль 7. 3 кредит.

GPS 3033 Деңсаулық психологиясы. 1 кредит. PSY 3003 Педагогикалық психология. 2 кре­

дит.

Негізгі кәсіптік модуль 2. 4 кредит.

PED 3004 Білім берудегі педагогикалық тех­ нологиялар. 2 кредит.

PED 3005 Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы және әдістері. 2 кредит.

Базалық элективті модульдер Әлеуметтік педагогиканың теориялық

негіздері. 6 кредит.

PED 3011 Мектептегі әлеуметтік педагог жұмысының теориясы мен әдістемесі.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 2002, PED

2003.

PED 3012 Әлеуметтік педагогика өзін-өзі танудың қазіргі заманғы идеялары мен теория­ лары контексінде.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 2002, PED

2003.

Бұл модуль мазмұны әлеуметтік жұмыс бакалавры мамандарын даярлау жүйесінде әлеуметтікпедагогикалық іс-әрекеттін мәнін, жағдайын, бағыттары мәселелеріне жеке көзқарас, олардың әлеуметтік интеграциясының ерекшеліктерін қарастырады.

Модуль шеңбері бойынша әлеуметтік педагогиканың тарихын жеке тұлғаның дамуына қажетті жағдай жасау, әлеуметтік педагогиканың категориялары туралы білім береді. Әлеуметтік педагогиканың мәнін, әлеуметтендіру тұжырамдамасын, халықтың әр түрлі топтарындағы категориялармен әлеуметтікпедагогикалық жұмыс жүргізу ерекшеліктері туралы сұрақтары қарастырылады.

Әлеуметтік педагогикадағы корпоративтік этика. 6 кредит.

PED 3013 Әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелері.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 2002, PED

2003.

PED 3014 Корпоративтік этика.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 2002, PED

2003.

Бұл модульде әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелері; тенденциялары, бағыттары, амалдары, психологиялық-педагогикалық мәселелерді шешуге көмектесетін әлеуметтік тәжірибедегі қазіргі заманғы идеялары мен таныстырады. Сондайақ осы модуль шеңберінде педагог-психологтың кәсіби қызметінің этикалық аспектілері, түрлі деңгейде өз алдына ұйымдасқан, үйлесімді және бақылаушы аймақтары кәсіби қызметте ұсынатын мораль арақатынасын қарастырады.

VI семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі базалық модуль 8. 4 кредит.

PED 3006 Әлеуметтік-педагогикалық менед­ жмент. 2 кредит.

PED 3007 Психологиялық-педагогикалық ди­ агностика. 2 кредит.

Негізгі кәсіптік модуль 3. 5 кредит.

PED 3008 Әлеуметтік жұмысты жобалау. 3 кредит.

PED 3009 Педагогтың кәсіптік өзін-өзі тануы және дамуы. 2 кредит.

Философия және саясаттану факультеті

248

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

 

 

Философия және саясаттану факультеті

Негізгі кәсіптік модуль 4. 3 кредит.

PED 3010 Педагогикалық анимация. 3 кредит.

Кәсіби элективті модульдер

Әлеуметтік педагог жұмысындағы әлеуметтікпедагогикалық технологиялар. 6 кредит.

PED 3015 Әлеуметтік педагогтың деви­ антты мінез-құлықты балалармен жүргізетін жұмыстарының әлеуметтік-педагогикалық тех­ нологиялары.

3 кредит. Пререквизиттер: GPS 3033, PSY

3003.

PED 3016 Білім берудегі әлеуметтікпсихологиялық қызмет.

3 кредит. Пререквизиттер: GPS 3033, PSY

3003.

Модуль мазмұнында әлеуметтік педагог қызметінің теориялық негіздері туралы толық жүйелі түсінік береді. Девиантты мінез-құлықтағы балалармен жұмыс кезіндегі әлеуметтікпедагогикалық технологиялар жүйелі ұсынылады және нақты әдістемелердің, техникалардың, технологиялардың әдістері мен тәсілдерінің кең спектрі көрсетіледі.

Бұл модуль студенттерді бірқатар мамандар тобының: психологтың, әлеуметтік педагогтың, логопедтің, оқу-тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасарларының, педагогтардың қызметтерімен таныстыруға бағытталған.

12-жылдық білім берудің психологиялықпедагогикалық мәселелері. 6 кредит.

PED 3017 12-жылдық білім берудің психологиялық-педагогикалық мәселелері.

3 кредит. Пререквизиттер: GPS 3033, PSY

3003.

PED 3018 Мектептегі әлеуметтікпсихологиялық кеңес беру.

3 кредит. Пререквизиттер: GPS 3033, PSY

3003.

Модуль мазмұнында студенттерді жалпы орта білім беруді реформалау құралдары және тәсілдерімен ғана ақпараттандырмайды, сонымен қатар Қазақстандық білім берудің жаңаруын, 12жылдық білім беру үлгісіне көшудің қажеттілігін түсіндіреді. Сондай-ақ отбасындағы балалардың әлеуметтік-психологиялық мәселелерімен әлеуметтік ортада кикілжіңдер туындаған мәселелерді шешу әдістері бойынша кеңесші ретінде педагог-психолог іс-әрекетінің спецификасын сипаттайды.

4 курс VIІсеместр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі базалық модуль 9. 6 кредит. PED 4001 Азаматтану. 2 кредит.

PED 4002 Психологиялық кеңес беру және психологиялық түзеу жұмыстарының негіздері. 2 кредит.

PED 4003 Отбасымен әлеуметтік-

педагогикалық жұмыс. 2 кредит. Негізгі кәсіптік модуль 4. 7 кредит.

PED 4004 Өзін-өзі тануды және өзін-өзі да­ мытуды педагогикалық қолдау. 2 кредит.

PED 4005 Өзін-өзі тануды оқыту әдістемесі. 3 кредит.

PED 4006 Әлеуметтік жұмыстың кәсібиэтикалық негіздері. 2 кредит.

Кәсіби элективті модульдер

Әлеуметтік-психологиялық зерттеу әдістемесі. 7 кредит.

PED 4007 Әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің негіздері.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 3008, PED

3009.

PED 4008 Әлеуметтік-психологиялық тренинг әдістемесі.

2 кредит. Пререквизиттер: PED 3008, PED

3009.

PED 4009 Психологиялық-педагогикалық коррекция.

2 кредит. Пререквизиттер: PED 3008, PED

3009.

Бұл модуль мазмұнында өзекті мәселелері қарастырады: ғылымның маңызы, педагогикалық ғылымдар, педагогикалық зерттеулердің жіктемесін, ғылыми-педагогикалық зерттеулер құрылымы мен технологиясы. Сонымен қатар, әлеуметтік-психологиялық тренингтер туралы және ӘПТ көмегімен шешілетін әлеуметтік –психологиялық мәселелерді қарастырады. Сондай-ақ, мектеп жасындағы балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасына жаңа тұрғыдан қарау, бала дамуындағы ауытқушылық диагностикасымен жұмыс жасауда психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беруді ұйымдастыру мәселелерін қарастырады.

Әлеуметтік-педагогикалық жұмыс әдістемесі. 7 кредит.

PED 4010 Арнаулы педагогика және арнаулы психология.

2 кредит. Пререквизиттер: PED 3008, PED

3009.

PED 4011 Әлеуметтік-педагогикалық үрдістегі конфликтология.

3 кредит. Пререквизиттер: PED 3008, PED

3009.

PED 4012 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыс әдістемесі.

2 кредит. Пререквизиттер: PED 3008, PED

3009.

Модуль мазмұны арнаулы педагогика және психология негіздерін оқу барысында студенттің болашақ жоғары оқу орнының педагогы ретінде қалыптасуына жемісті нәтижесін береді. Педагогика және психология ғылымдарының негіздері болашақтағы тәжірибе жұмыстары мен педагогикалық қызмет барысында бірден-бір

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

249

 

 

қажетті элемент болып табылады. Сондай-ақ жалпы конфликтология тұжырымдамаларын және кикілжің жағдайы туындағанда бақылау білігін қалыптастыру, педагогикалық және әлеуметтік ортада кикілжің жағдайларын шешу мен алдыналу әдіс-тәсілдерін білуді қарастырады.

ПӘНДІК ҚҰЗЫРЕТ

D1 - тілдік тиімді қарым – қатынасты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін кең таралған сөз тіркестері мен стандарттық процедураларды меңгеру; қолданбалы инфоматиканың есептерін талдай білу және тиімді шешімдер таба білу; Қазақстанның ерте дәуірден бүгінгі күнге дейінгі мемлекеттің біртіндеп даму тарихы туралы білімді меңгеру; халықтың әлеуметтік қорғансыз категорияларына толыққанды өмір сүрулеріне жағдайлар жасауға дайындығы; тұлға дамуындағы танымның маңызын және психологиялық, педагогикалық тұжырымдамаларды жете түсіну; психология және педагогика тарихын, білім беру құқының нормаларын білу; дидактика мен тәрбие теориясын, педагогикалық үрдістің теориясын білу; білім деңгейін ойдағыдай және жүйелі көрсетіп, тәжірибеде қолдану; пән бойынша сабақ және сабақтан тыс үдерістерді жоспарлауда өз бетінше жұмыс істеу мен ынтасын білдіру.

D2 - фундаменталды санаттық және әдістемелік философия аппаратын білу; қауiп-қатерлердің әр түрінен қорғанудың әдiстерiн қолдана білу, меңгеру; «организм-орта» арақатынасының негізгі заңдылықтары бойынша іргелі білімді қолдану қабілеті; саяси құбылыстар мен үрдістерді болжау; тәрбиелеу мен оқыту үрдісін, балаларды, жастар мен жеткіншектерді әлеуметтендіру мен тұлғалық дамытуды ұйымдастыру; оқытушылық іс-әрекет аймағындағы құзыреттілік: психология мен педагогика, энопедагогика, әлемдік педагогикалық ойлардың білімдік тұжырымдамалары, салыстырмалы педагогика аймағында базалық және мамандандырылған білімінің болуы; әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану аймағында инновациялық озық тәжірибені сипаттау мен қолдану; сабақ және тәрбиелік шаралар барысында оқушыларды белсенді іс-әрекетке ұмтылдырудың түрлі әдістерін қолдану;

D3 - нақты тәжірибелік жағдайларды шешуде құқықтық нормалар мен теорияны пайдалану; экономиканың әр түрлі салаларында және кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруды жетік білу; әлеуметтік мәселелерді талдауда социологиялық тұжырымдамаларды пайдалана білу қабілеті; әлеуметтік-педагогикалық ісәрекет нәтижелерін болжау және түзетуі, диагностиканы, педагогикалық үрдісті басқару білігі мен дайындығы; мәдени-ағартушылық, ұйымдастырушылық-әдістемелік, ғылымизерттеушілік, аниматорлық іс-әрекетті жүзеге

асыру білігі; жалпы білім беретін және арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үрдісіне әлеуметтік-гуматитарлық білімді ендіру, әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік көмек көрсету бойынша нақты әлеуметтік үлгілердің құрылуына көмектесу; оқушыларды тәрбиелеу мәселелерін шешуде білім беру мекемелеріне көмек көрсету; оқушының тәрбиелік деңгейін анықтау құралдарын меңгеру.

D4 - психологиялық-педагогикалық диагно-

 

стика жүргізу; педагогикалық

жағдаяттардағы

 

мәселелерді байқау және оны педагогикалық

 

міндеттер ретінде құрастыру, білім беру үрдісін

 

басқару, білім беру технологияларын жобалау,

 

білім берудегі жаңашылдықтарды ендіру, т.б.

 

түзету-дамытушылық іс-әрекет, отбасылық кеңес

 

беру, психологиялық-педагогикалық кеңес беру

 

дағдылары мен біліктерін меңгеру; педагогикалық

 

аксиология,

техника,

педагогикалық шеберлік,

 

психологиялық-педагогикалық

өзін-өзі

рет-

 

теу, кәсіби өзгерістер, өз еңбегінің ұйымдары,

 

педагогикалық іс-әрекет менеджментін білу;

 

сыныптағы оқу-тәрбие жұмысын ұзақ мерзімге

 

және апталық жоспарлай білу қабілеті.

 

факультеті

D5 - шет тілінде іс-қағаздарды жүргізе білу;

 

тәуелсіз Қазақстанның тарихи және экономикалық

 

даму жолдарымен таныстыру; психология және

саясаттану

онымен шектес ғылыми білімдердің фундаментал-

 

ды жағдайларын, психикалық дамудың мәдени та-

 

рихи және іс-әрекеттік бағыт шеңберіндегі негізгі

 

ұғымдарын,

қазіргі

психология ғылымының

және

бағыттары мен басқа ғылымдармен салыстырма-

 

лы жағдайын меңгеру қабілеттілігі;

 

Философия

педагогикалық

үдеріске

зерттеушілік

 

тұрғысынанкелудешығармашылықпедагогикалық іс-әрекет тәжірибесін қалыптастыру; бағалау нормаларына сәйкес оқушылардың білім, білік және дағды деңгейін бағалай білу қабілетін меңгеру.

5В020100 ФИЛОСОФИЯ МАМАНДЫҒЫ

1 курс

I семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 2. 3 кредит.

ENG 1101, FRE 1101, GER 1101 Шет тілі. 3 кредит.

Негізгі міндетті модуль 3. 3 кредит.

INFT 1001 Ақпараттық технологиялар. 3 кре­ дит.

Негізгі міндетті модуль 4. 3 кредит. HST 1001 Қазақстан тарихы. 3 кредит. Негізгі міндетті модуль 6. 6 кредит.

PHL 1002 Философияға кіріспе. 3 кредит.

CLTS 1007 Ежелгі Шығыс философиясының тарихы. 3 кредит.

250

ә л - фа ра б и ат ы н д а ғ ы қ а з а қ ұл т т ы қ у н и в е р с и т е т і — к ата л о г

 

 

Философия және саясаттану факультеті

II семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 1. 6 кредит.

ENG 1101, FRE 1101, GER 1101 Шет тілі. 3 кредит.

KAZ 1001 (RUS 1001) Қазақ (орыс) тілі. 3 кредит.

Негізгі міндетті модуль 7. 6 кредит.

CLTS 1008 Класикалық батыс философиясының тарихы. 3 кредит.

CLTS 1009 Отандық философия тарихы. 3 кредит.

Негізгі элективті модульдер

Негізгі элективті модуль 1. 3 кредит.

KAZ 1003 (RUS 1003) Кәсіби мақсаттарға арналған қазақ (орыс) тілі.

3 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

Модульдің мақсаты қазақ тілінің жүйесі туралы іргелі білімдерді студенттердің кәсіби қызметте қолдану қабілетін қалыптастыру болып табылады. Бұл модульді оқып үйрену нәтижесінде студенттер кәсіби дүниетанымды қалыптастыру мақсатында өз мамандықтары бойынша мәтіндермен жұмыс істеу үшін қазақ тілінің құрылымы мен жұмыс істеу бірліктері туралы түсініктерге ие болады; аннотациялар мен реферативті баяндаулар жазып, белгілі бір мәселе туралы ғылыми ақпаратты тезистік түрде тұжырымдап жаза алатын болады.

Негізгі элективті модуль 2. 3 кредит. KAZ 1002 Қазақ тілі мен әдебиеті

3 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

Модуль студенттердің кәсіби біліктілігін жетілдіру, өздерінің мамандықтары бойынша білімдерін тереңдету мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті арқылы алынған дүниетанымдық және мәдени білімдердің негіздерін анықтауға бағытталған. Студент модульді оқып үйрену барысында қазақ тілі мен әдебиетін меңгеру арқылы ұлттық сана және дәстүрлерге байланысты алған негізгі білімдерді кәсіби қызметі барысындағы маңызды мәселелерді шешуде, оқу және ғылымизерттеу жұмысында мамандықты игеру барысында ұлттық ерекшеліктер мен дәстүрлерді пайдалануға мүмкіндік алады.

Негізгі элективті модуль 3. 3 кредит. SLV 1001 Тіршілік қауіпсіздігі негіздері.

1 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

ECO 1001 Экология және тұрақты даму.

2 кредит. Пререквизиттер: Жоқ.

Модуль аясында «организм және қоршаған ортаның» өзара әрекеттестігінің негізгі заңдылықтары; жеке экожүйелер мен тұтас биосфераның тұрақтылық шектері туралы жаңа ғылыми мәліметтер қарастырылады. Модуль студенттерді табиғи және техносфералық негізгі қауіптермен, олардың қасиеттері және сипаттамаларымен таныстыруға, сонымен бірге

студенттердің табиғат пен қоғамның тұрақты дамуының негізгі қағидалары туралы білімдерді кәсіби қызметте пайдалану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Негізгі элективті модуль 4. 3 кредит. POL 1001 Саясаттану.

3 кредит. Пререквизиттер: HST 1001.

Модуль саясаттану ғылымы мен оқу пәнінің объектісі, зерттеу пәні мен әдістерін, оның ұғымдық-категориалдық аппаратын оқып үйренуге, сондай-ақ, саяси мәдениет, қазіргі Қазақстандағы саяси үдерістер мен қатынастар туралы түсініктерді қалыптастыруға бағытталған. Модульді оқып үйрену нәтижесінде студенттер саяси үдерістер мен құбылыстарды теориялық тұрғыда талдау мен болжаудың қажетті негіздерін меңгеріп, саяси зерттеулердің мақсаттарын анықтау қабілетіне ие болып, оларды пәнаралық жобалармен жұмыс істеу барысында қолдана алатын болады.

2 курс

III семестр

Негізгі міндетті модульдер

Негізгі міндетті модуль 8. 6 кредит.

SPHL 2002 Әлеуметтік философия. 3 кредит. SPHL 2003 Әлеуметтік-философиялық ком­

паративистика. 3 кредит.

Кәсіби элективті модульдер

Антика және Ортағасырлардағы философиялық ілімдердің даму тарихы. 6 кре­ дит.

CLTS 2026 Антика философиясының тарихы.

3 кредит. Пререквизиттер: PHL 1002, CLTS

1007.

CLTS 2027 Батыстық ортағасырлар және Қайта Өрлеу философиясы тарихы.

3 кредит. Пререквизиттер: PHL 1002, CLTS

1007.

Тарихи-философиялық сипатттағы бұл модуль Антика дәуірінен Қайта Өрлеу кезеңіне дейінгі философия тарихын оқып үйренуге бағытталған. Антика философиясы б.д.д. 7 ғасырдан б.д. 6 ғасырына дейінгі мың жылдан астам кезеңді қамтыған және өзара сабақтастықта дамыған философиялық ойдың көрінісі болып табылады. Модульде әлемдік философиялық ойға өз ықпалын тигізген антика дәуіріндегі іргелі философиялық мектептер; Ортағасырлық батысеуропалық философиядағы философиялық идеялардың қалыптасуы: апологетика, систематика, догматика; Қайта Өрлеу дәуірінде қалыптасқан негізгі философиялық дәстүрлер қарастырылады.

Философиялық ойлау және әлеуметтік та­ ным. 6 кредит.

SPH 2008 Философиялық ойлау мәдениеті.

3 кредит. Пререквизиттер: PHL 1002.

SPHL 2009 Философиялық ойлаудың логика­ сы мен әдіснамасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]