Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
млік салыы.docx
Скачиваний:
19
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
51.3 Кб
Скачать

401-Бап. Салық кезеңі

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мүлік салығын есептеу үшін салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үшін салық кезеңі салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлiкпен басқаруға немесе жалға берген кезден бастап мұндай пайдаланудың аяқталу кезіне дейін айқындалады.

 

402-бап. Салық есептілігі

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын және декларацияны табыс етуге міндетті.

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына декларацияны табыс етуге міндетті.

Осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлiкпен басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша салық есептілігін осы бапта белгіленген тәртіппен табыс етеді.  

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы есепті салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.

Жаңадан құрылған салық төлеушілер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын салық органдарына тіркеу есебіне қойылған айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.

Осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлiкпен басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын объектілерді пайдалануға немесе жалға берген айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді. 

3. Салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде, ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы салық салу объектілері бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиісінше ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан, 15 мамырынан,  15 тамызынан және 15 қарашасынан кешіктірмей табыс етіледі. 

4. Декларация есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.

 

 

58-Тарау. Жеке тұлғалардың мүлік салығы

 

403-Бап. Салық төлеушілер

1. Осы Кодекстің 405-бабына сәйкес салық салу объектісі бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылады.

2. Мыналар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды:

1) мерзімді қызметті өткеру (оқу) кезеңіндегі мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер;

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген  мөлшері шегінде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қа?арманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

3) меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар, І және ІІ топтағы мүгедектер;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

4) меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде - Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр  аралығында  кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған  адамдар.

Осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында аталған адамдар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша салықты осы тарауда белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді;

5) кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша дара кәсіпкерлер.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]