Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
млік салыы.docx
Скачиваний:
19
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
51.3 Кб
Скачать

15-Бөлім. Мүлік салығы

 

57-Тарау. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы

 

394-бап. Салық төлеушілер

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар;

2) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар дара кәсіпкерлер;

3) концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер мүлік салығын төлеушілер болып табылады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін мүлік салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою осындай шешім қабылдаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше мүлік салығын дербес төлеуші деп танылған жағдайда, заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімшенің құрылған күнінен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

3. Осы баптың 2-тармағында аталған салық төлеушілер мүлік  салығын осы тарауда заңды тұлғалар үшін белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді.

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен  (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, мыналар мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:

1) өз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланатын, меншік құқығында бар салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер.

Өз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланбайтын салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер мүлік салығын осы бөлімде белгіленген тәртіппен төлейді;

2) мемлекеттік мекемелер;

3) уәкілетті мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;

4) діни бірлестіктер.

Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлiкпен басқаруға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушiлер болып табылады.

 

395-Бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушіні айқындау

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

1. Меншiк иесi салық салу объектiсiн сенімгерлiкпен басқаруға берген кезде салық төлеушi осы Кодекстiң 35 және 36-баптарына сәйкес айқындалады.

Бұл ретте сенімгерлiкпен басқарушының салық төлеуi салық салу объектiсi меншiк иесiнiң салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.

2. 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

3. Егер салық салу объектісі пайлық инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін салық салу объектілерін қоспағанда, бірнеше тұлғаның ортақ үлестік меншігінде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеуші деп танылады.

4. Бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша осы салық салу объектілерінің меншік иелерінің бірі олардың арасындағы келісім бойынша салық төлеуші бола алады.

5.Қаржылық лизингке берілген объектілер бойынша лизинг алушы салық төлеуші болып табылады.

6. Пайлық инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін салық салу объектілері бойынша пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы салық төлеуші болып табылады.

 

396-бап. Салық салу объектісі

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

1. Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының аумағындағы:

1) техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын және негiзгi құралдар құрамында есепке алынатын ғимараттар, құрылыстар немесе қаржы есептілігiнiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетiн жылжымайтын мүлiкке инвестициялар;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) иелік ету, пайдалану құқықтары концессия шартына сәйкес берілген, концессия объектiлерi болып табылатын ғимараттар, құрылыстар салық салу объектiсi болып табылады.

2. Мыналар:

1) осы Кодекстің 375 және 376-баптарына сәйкес жер салығын салу объектісі ретіндегі жер;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімі бойынша консервацияда тұрған ғимараттар, құрылыстар;

3) ортақ пайдаланылатын мемлекеттік автомобиль жолдары мен олардағы жол құрылыстары:

бұрылу белдеуі;

жолдардың конструкциялық элементтері;

жол жағдайы мен оны абаттандыру;

көпірлер;

өткерме жолдар;

виадуктар;

жол тарамдары;

тоннельдер;

қорғаныш галереялары;

жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға арналған құрылыстар мен  құрылғылар;

су бұрғыш және су өткізгіш құрылыстар;

жол бойындағы орман алаптары;

желілік тұрғын үйлер және жол пайдалану қызметінің кешендері;

4) аяқталмаған құрылыс объектілері салық салу объектілері болып табылмайды.

 

397-бап. Салық базасы

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша айқындалатын салық салу объектілерінiң орташа жылдық баланстық құны дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады.

Концессия объектілерінiң орташа жылдық баланстық құны болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен айқындалған осындай объектiлердiң құны салық базасы болып табылады.

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Салық салу объектілерінің орташа жылдық баланстық құны ағымдағы салық кезеңінің әр айының бірінші күні мен есепті кезеңнен кейінгі кезең айының бірінші күніндегі салық салу объектілерінің баланстық құнын  қосу кезінде алынған соманың он үштен бірі ретінде айқындалады.

Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарында салық салу объектілерін демонтаждау және жою жөніндегі мiндеттемелердi орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің ережелерінде қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларына байланысты іс-шараларды орындау көзделген болса, онда халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасыныңбухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған осындай мiндеттемелердi бағалау салық салу объектілерінiң баланстық құнына кiрмейдi.

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен  (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салық базасы пайдалануға, сенімгерлiкпен басқаруға немесе жалға берілген осы салық салу объектілерінің үлесін негізге ала отырып айқындалады.

4. Салық салу объектілерін сатып алу құны патент негізінде арнаулы  салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлердің  салық салу объектілері бойынша салық базасы болып табылады.

Осындай құн болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша өткізілген бағалау деректері бойынша нарықтық құн салық базасы болып табылады.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]