Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
млік салыы.docx
Скачиваний:
19
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
51.3 Кб
Скачать

398-Бап. Салық ставкалары

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Заңды тұлғалар (осы баптың 2, 3, 3-1-тармақтарында аталғандарды қоспағанда) мүлік салығын салық базасының 1,5 процент ставкасы бойынша есептейді.

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

2. Мүлік салығын салық базасының 0,5 процент ставкасы бойынша мына салық төлеушілер:

1) дара кәсіпкерлер;

2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар есептейді.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

3. Төменде аталған заңды тұлғалар мүлік салығын салық базасының 0,1 процент ставкасы бойынша есептейді:

1) діни бірлестіктерді қоспағанда, осы Кодекстің 134-бабында айқындалған заңды тұлғалар;

2) осы Кодекстің 135-бабында айқындалған заңды тұлғалар;

3) негізгі қызмет түрі кітапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын ұйымдар;

4) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар;

5) мемлекеттік меншіктегі және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектілері бойынша заңды тұлғалар;

6) ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші заңды тұлғалардың және шаруа немесе фермер қожалықтарының жерін суландыру үшін пайдаланылатын гидромелиорациялық құрылыс объектілері бойынша заңды тұлғалар;

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) ауыз сумен қамту объектілері бойынша заңды тұлғалар.

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1. Осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған заңды тұлғалар мүлiк салығын салық базасына 0 пайыздық ставка бойынша есептейдi.

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

4. Осы Кодекстің 135-бабының 3-тармағында айқындалған тұлғаларды қоспағанда, осы баптың 3-тармағында аталған заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлiкпен басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша мүлік салығын осы баптың 1-тармағында белгіленген салық ставкасы бойынша есептейді және төлейді.

5. Арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар мүлік салығын осы Кодекстің 151-бабы  3-тармағының 2)  тармақшасында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.

2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамалық актісіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесінде көзделген инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалар пайдалануға алғаш берілген объектілер бойынша Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамалық актісіне сәйкес жасалған келісімшарт негізінде салық базасына 0 пайыз мөлшерлеме бойынша мүлік салығын есептейді.

Осы тармақтың бірінші абзацының ережелері салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға беру жағдайларында қолданылмайды.

Осы тармақтың ережелері объектілерді пайдалануға беру жүзеге асырылған айдың 1-ші күнінен бастап, бірақ келісімшарт жасалған күннен кейін қолданылады және ол келісімшарт жасалған күннен бастап жеті жылдан аспайды.

2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7. Технологиялық парктер индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамалық актіде көзделген қызметтің негізгі түрін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын объектілер бойынша салық базасына 0,1 пайыз мөлшерлеме бойынша мүлік салығын есептейді.

Осы тармақтың ережелерін бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:

1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамаға сәйкес құрылған;

2) осындай технологиялық парктердің жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнының елу немесе одан астам пайызы технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтына тиесілі технологиялық парктер қолдануға құқылы.

 

399-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі

2010.21.01. № 242-IV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Салық төлеушілер салықты есептеуді салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргізеді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты  осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді.

2. Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша әрбір салық төлеуші үшін мүлік салығы мүлік құнындағы оның үлесіне барабар есептеледі.

3. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті, олар салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша айқындалған салық салу объектілерінің баланстық құнына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы айқындалады.

4. Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Салықтың ағымдағы төлемдерінің сомасын, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеуші салық кезеңіндегі 25 ақпаннан, 25 мамырдан, 25 тамыздан және  25 қарашадан кешіктірмей тең үлестермен енгізеді.

Салық төлеушінің құрылу күнінен (салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлiкпен басқаруға немесе жалға беру күнінен) кейінгі кезекті мерзім осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған жаңадан құрылған салық төлеушілер мен заңды тұлғалар бойынша ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.

Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілер мен осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлiкпен басқаруға немесе жалға берген кезде салық сомасын ағымдағы салық кезеңі үшін осы баптың 7-тармағында көзделген мерзімдерде төлейді.

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Салық кезеңі ішінде салық салу объектілері келіп түскен жағдайда, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық салу объектілері келіп түскен айдан бастап салық кезеңінің соңына дейінгі ағымдағы салық кезеңі айларының санына көбейтілген, келіп түскен күніне бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалған, келіп түскен салық салу объектілерінің бастапқы құнының 1/13-іне салық ставкасын қолдану жолымен айқындалады. Ағымдағы төлемдер көбейтілуі тиіс сома осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімдер бойынша тең үлестермен бөлінеді, бұл ретте салық салу объектілері келіп түскен күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.

Салық кезеңі ішінде салық салу объектілері шығып қалған жағдайда, ағымдағы төлемдер салық салу объектілері шығып қалған айдан бастап салық кезеңінің соңына дейінгі ағымдағы салық кезеңі айларының санына көбейтілген, шығып қалған салық салу объектілерінің құнының 1/13-іне салық ставкасын қолдану жолымен айқындалатын сомаға азайтылады.

Бұл ретте мыналар:

келіп түскен күнге бухгалтерлік есеп деректері бойынша бастапқы құны - ағымдағы салық кезеңінде келіп түскен салық салу объектілері бойынша;

салық кезеңі басындағы бухгалтерлік есеп деректері бойынша баланстық құны - басқа салық салу объектілері бойынша шығып қалған салық салу объектілерінің құны болып табылады.

Ағымдағы төлемдер азайтылуға жататын сома ағымдағы төлемдерді төлеудің қалған мерзімдеріне тең үлестермен бөлінеді.

7. Салық төлеуші салық кезеңі ішінде декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді және мүлік салығын төлейді.

8. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мүлік салығын салық кезеңі ішінде декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлейді.

 

400-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу және төлеу

Дара кәсіпкер кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша салықты осы тарауда белгіленген ставкалар бойынша және тәртіппен есептейді және төлейді.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]