Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
инженерная графика)))))))))))))))).docx
Скачиваний:
106
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
2.09 Mб
Скачать

3. Түзуді проекциялаудың түрлері. Түзудің жазықтыққа қатысты орналасуы. Түзудің ізі.

- Екі нүкте арқылы түзудің проекциясын салу А және В нүктесінің горизонталдық және фронталдық проекциясы бар деп ойлайық. Осы екі нүкте арқылы түзу жүргізсек, АВ кесіндісінің фронталдық проециясын,горизонталдық проекциясын аламыз.

-Екі жазықтық арқылы( . Бұл әдісте екі параллель емес жазықтық кеңістікте бір түзудің бойында қиылысады.

- Екі проекцияларымен анықтау Түзудің паралель емес проекциялары берілген болсын. Екі проекциямен. П1 и П2 жазықтықтарында түзудің проекциялары [А1В1] және [A2B2] берілген болсын. Осы проекциялар арқылы a және b жазықтығын жүргізейік. Егер олар паралель емес болса, екеуінің қиылысу түзуі [АВ] түзуін береді. a и b жазықтықтары бірігіп g жазықтығын береді.

- Түзудің проекциясын нүкте және проекция жазықтығына түсу бұрышымен анықтау. Түзу бойында жатқан нүктенің координаталарын және түзудің жазықтықа түсу бұрышын біле отырып, түзудің кеңістіктегі орнын білуге болады.

Түзудің проекция жазықтығына қатысты орналасуы

А және В нүктелері проекция жазықтықтарына әр түрлі қашықтықта жатқандықтан, түзу проекциялық жазықтықтың ешқайсысына паралель болмайды. Сонымен қатар түзудің проекциялары проекция осіне паралель және перпендикуляр емес. Мұндай түзу ортақ жағдай түзуі деп аталады.

А. Түзу бір жазықтыққа паралель.

Түзудің қай жазықтыққа паралель орналасқанына байланысты горизонталдық (А), фронталдық (Б), профильді (В) түзу болып бөлінеді.

А Б

В

Горизонталь жазықтыққа паралель жатқан түзуді горизонтальдық түзу деп атайды.

Фронталь жазықтыққа паралель жатқан түзуді фронтальдық түзу деп атайды.

Профильді жазықтыққа паралель жатқан түзуді профильді түзу деп атайды.

Б. Түзу екі жазықтыққа паралель

1. Түзу екі жазықтыққа паралель жәнепрофильді жазықтығына перпендикуляр орналасып, нүкте болады (сурет 54).

2. Түзу жазықтықтарына паралель,жазықтығына перпендикуляр бола алады.жазықтығындағы түзудің проекциясыболады.

3. Түзу жазықтықтарына паралель,жазықтығына перпендикуляр болады.жазықтығындағы түзудің проекциясыболады.

57 суреттен келтірілген мысалдардың кеңістіктегі бейнесі берілген.

Түзудің іздері.

Кез келген кеңістікте берілген түзудің проекция жазықтықтарымен қиылысатын нүктелерін түзудің ізі деп атайды. суретте АВ кесіндісімен берілген түзу М және N нүктелерінде жазықтықты қиып өтеді. М және N нүктелерін іздер деп атайды. М нүктесі түзудің горизонталдық ізі, ал N – фронталдық.

1. Түзудің М горизонталдық ізін салу үшін оның фронталдық проекциясын 0x осімен қиылысқанға дейін жалғасытру керек және осы нүктеден түзудің горизонталдық проекциясымен қиылысқанша перпендикуляр жүргізу керек.

2. Түзудің фронталдық ізін салу үшін горизонталдық проекциясын 0x осімен қиылысқанға дейін жалғасытру керек және осы нүктеден түзудің фронталдық проекциясымен қиылысқанша перпендикуляр жүргізу керек.