Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИНформатика шпор толыгы 1-2 блок.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
18.09.2019
Размер:
541.18 Кб
Скачать

1-сұрақ. Ақпараттың негізгі түсінігі. Ақпарат түрлері және оларға қолданылатын амалдар.

Жалпы түрғыдан алғанда, ақпарат – таңбалар мен сигналдар түрінде берілген əлемнің, заттың бейнесі болып саналады. Ақпарат алу дегеніміз – бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлүматтар мен мəліметтер алу деген сөз.

Ақпарат –табиғатта, қоғамда жəне адамзаттың өзі құрған жүйелерде айналып жүретін мəліметтер жиыны. Сондықтан информацияны жинайды, сақтайды, бір-біріне береді, өңдейді жəне пайдаланады. Бұл мақсат үшін ақпараттық технологиялар пайдалынады.

Ақпараттық технологиялар дегеніміз информацияларды жинау, жинақтау,сақтау, іздеу, өңдеу жəне беру тəсілдері мен əдістерінің жүйесі.

Ақпараттық технологиялар - қолданылу диапазоны ауқымды кешенді ғылыми пəн.

Оның приоритетті бағыттары:

- Есептеу жүйелері мен бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау;

- ақпараттар теориясы, ақпараттарды тарату, қабылдау, түрлендіру мен сақтауға байланысты үрдістерді оқытады;

- математикалық моделдеу, есептеу жəне қолданбалы математиканың əдістері жəне олардың білімнің əртүрлі облыстарындағы фундаментальды жəне қолданбалы зерттеулерде қолданылулары;

- жасанды интелектілік əдістер, адамның интелектуальды іс-əрекетіндегі логикалық жəне аналитикалық ойлауын модельдеуші əдістер (логикалық тұжырым, оқыту, сөзді түсіну, көру арқылы қабылдау, ойындар жəне т.б. );

- жүйелік анализ, əртүрлі сипаттағы күрделі мəселелер бойынша шешімдерді дайындау мен негіздеу үшін пайдаланылатын əдістемелік құралдады оқытады;

- биоинформатика, биологиялық жүйелердегі ақпаратты үрдістерді оқытады;

- əлеуметтік информатика, қоғамды ақпараттандыру үрдістерін оқытады;

- машиналық графика, анимация, мультимедия құралдары əдістері;

- телекоммуникациялық жүйелер мен желілер, соның ішінде, бүкіл адамзатты біртұтас ақпараттық қоғамдастыққа біріктіретін ауқымды компьютерлік желілер ;

- əртүрлі қосымшалар, өндірісті, ғылымды, білімді, медицинаны, сауданы, ауыл шаруашылығын жəне шаруашылық пен қоғамның іс-əрекетінің басқа да барлық түрлерін қамтиды.

Ақпарат мына түрлерде болуы мүмкін:

мәтіндер, суреттер, сызбалар, фотосуреттер;

жарық немесе дыбыс сигналдары;

радиотолқындар;

электрлік және нервтік импульстер;

магниттік жазбалар;

ымдар мен қимылдар;

иістер мен дәм сезінулер;

ағзалардың белгілері мен қасиеттері ұрпақтарға беріліп отыратын хромосомдар және т.б.

Ақпараттардың байланыс каналдары арқылы берілуі көбінесе кедергілердің болуымен қабаттаса жүреді, олар ақпараттардың бұзылуы мен жоғалуына соқтырады.

Ақпарат қасиеттері:

Өңдеу ақпараттармен орындалатын операциялардың негізгілерінің бірі, және ақпараттар көлемін үлкейту мен түрлендіріудің басты құралы болып табылады.

Ақпараттарды өңдеу құралдары — бұл адамзат жасаған барлық қондырғылар мен жүйелер , және ең бірінші кезекте, компьютер — ақпараттарды өңдеуге арналған әмбебап машина .

Компьютерлер ақпараттарды бірнеше алгоритмдерді орындау жолымен өңдейді.

Қазіргі кезеңде "ақпараттық технология" термині ақпараттарды өңдеуге арналған компьютерлерді пайдаланумен байланысты қолданылады. Ақпаратты технологиялар барлық есептегіш техникалар мен байланыс техникаларын және ішінара, — тұрмыстық электрониканы, телекөріністер мен радиотаратуды қамтиды.

Олар өндірісте, саудада, басқаруда,банктік жүйеде, білім беруде, денсалық сақтауда, медицина мен ғылымда, көлік пен байланыста, ауыл шаруашылығында, әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінде қолданыс табады, әртүрлі мамандықтағы адамдар мен үй шаруасындағы әйелдерге қызмет етеді.

Дамыған елдердің халқы ақпараттық технологияларды жетілдірудің қымбат және қиын, алайда маңызды екендігін сезінеді .

Қазіргі уақытта ірі масштаптағы ақпараттық-технологиялық жүйелерді құру экономикалық тұрғыдан мүмкін болып отыр, бұл оларды дайындауға бағытталған ұлттық зерттеу және білім беру бағдарламаларының пайда болуына негіз жасайды.

Ақпараттандырудың мақсаты — адамдар еңбегінің өнімділігін арттыру мен жағдайларын жеңілдету есебінен олардың тұрмысын жақсарту .

Ақпараттандыру — бұл халықтың тұрмыс салтының маңызды өзгерістерімен байланысты, күрделі әлеуметтік үрдіс. Ол көптеген бағыттарда, соның ішінде компьютерлік сауатсыздықты жоюда, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану мәдениетін қалыптастыруда және т.б. қажырлы еңбекті қажет етеді.

Ақпараттар мөлшерінің өлшенуі.

Информация мөлшерін есептеу үшін “логарифм” жəне “ықтималдылық” математикалық ұғымдары пайдаланылады.

1928 жылы Американ инженері Р.Хартли таңдап алынған хабарлар ішіндегі инормациялар мөлшерін екілік логарифм арқылы есептеуді ұсынды.

Хартли формуласы: I = log2N мұндағы І –информация мөлшері, N- ықтималдылығы бірдей хабарлар саны.

1948 жылы тағы да бір Американ ғалымы Клод Шеннон хабарлар жиынында бірдей емес ықтималдылық болатынын ескере отырып, информация санын өлшеуге жуық шама енгізді.

Шеннон формуласы: I = — (р1lоg2 р1 + р2 log2 р2 + ... + pN log2 pN), мұндағы рi N хабар ішінен i-ші хабар бөлініп алынғандығының ықтималдылығын көрсетеді.

Егер р1..., pN ықтималдылықтар өзара тең болса, онда оның əрқайсысы 1/N-ге тең жəне Шеннона формуласы Хартли формуласына айналады.

Барлық қарастырылған N шамалардың бəрі мүмкін болатын болып есептеледі. Яғни əрбір тəжірибеге жалпы тəжірибе анықталмағандығының 1/N бөлігі сəйкес келеді.. Бұдан бір тəжірибенің ықтималдылығы1/n-ге тең. Осыдан келіп Шеннон формуласы мен Хартли формуласына айналады.

2. сұрақ Ақпараттың өлшем бірліктері және өңдеу принциптері. Информацияның жалпы теориясының қағидаларына сүйенсек, информацияны өлшеу үшін қажетті өлшем эталоны ретінде қандай-да бір абстракты объект таңдап алынады. Ол объект мүмкін екі жағдайдың, мысалы, “иə” жəне “жоқ”, “ашық” жəне “жабық”, “қосылған”жəне “қосылмаған”, бірінде болуы керек.Бұл жағдайлардың біріншісі 1 жағдайы, ал екіншісі 0 жағдайы деп қарастырылады.

0 мен 1 сандарының ұзын комбинациялары арқылы кез-келген санды, мəтінді жəне басқа да информацияларды көрсетуге болады.

Сандарды, информацияларды 0 мен 1-дің комбинациясы арқылы көрсетуді екілік көрсету деп атайды. 0 жəне 1 цифрлары бұл жағдайда екілік цифрлар немесе екілік разрядтар болып есептелінеді. Сандарды екілік цифрлармен көрсету жүйесін екілік есептеу жүйесі деп атайды.

Клод Шеннон информация бірлігі ретінде 1 битті (ағылшынша bit – binary digit екілік цифр) қабылдауды ұсынды.

Информация теориясында бит дегеніміз ықтималдылығы екі хабарды бірдей (“иə” –“жоқ”, “тақ” – “жұп” жəне т.с.с.) ажырата білу үшін қажетті информация мөлшері.

Информация теориясында бит дегеніміз ықтималдылығы екі хабарды бірдей (“иə” –“жоқ”, “тақ” – “жұп” жəне т.с.с.) ажырата білу үшін қажетті информация мөлшері.

Есептеу техникасында бит деп мəліметтер мен командаларды машина ішінде көрсету үшін пайдаланатын “0” жəне “1” белгілерінің бірін сақтауға қажетті компьютер жадының ең аз ”порциясын” айтады.

Биттер тізбегі компьютер жадында əртүрлі сандарды, символдар мен кез-келген басқа информацияларды көрсетеді. Бит өте кішкентай өлшем бірлігі болғандықтан, іс жүзінде көбінесе одан үлкен бірлік - байт қолданылады. Байт 8 биттен тұрады.Компьтер пернетақтасының алфавитіндегі 256 символдың кез-келгенін кодтау үшін 8 бит қажет (256=28).Информация өлшем бірлігінің ірі туындылары:

• 1 Килобайт (Кбайт) = 1024 байт = 210 байт,

• 1 Мегабайт (Мбайт) = 1024 Кбайт = 220 байт,

• 1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мбайт = 230 байт.

Өңделетін информацияның көлемі ұлғаюына байланысты соңғы кездері өлшем бірлігінің келесі туындылары да қолданыс табуда:

• 1 Терабайт (Тбайт) = 1024 Гбайт = 240 байт,

3-сұрақ. Ақпаратты технология пәнінің приоритетті бағыттары.

Жалпы ақпарат таңбалар мен сигналдар түріндегі заттың бейнесі. Ақпарат алу бізді қоршаған құбылыстар мен нышандардың өзара байланыстары. Ақпараттық технологиялар ақпаратты жинау, сақтау, іздеу, өңдеу немесе беру тәсілдері мен әдістерінің жүйесі. Жалпы ақпаратты технология пәнінің приоритеттік бағыттары:

Есептеу жүйелері мен бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау.

Бағдарламалық ақпараттар теориясы ақпараттарды тарату, қабылдау, түрлендіру мен сақтауға байланысты процестерді оқытады.

Математикалық модельдеу, есептеу, қолданбалы зерттеулерді қолдану

  1. Жүйелік анализ әр түрлі сипаттағы күрделі мәселелер бойынша шешімдерді дайындау мен негіздеу үшін әдістемелік құралдарды оқыту.

  2. Жасанды интелект әдістері адамның интеллектуалды іс әрекет логикалық және аналити к ойлауын модельбеуші әдістері

  3. Биоинформатика биологиялық жүйелердегі ақпараттық процестерді оқытады.

  4. Әлеуметтік информатика қоғамдық ақпараттарды процестендіру

  5. Теллекоммуник – жүйелер мен желілер

  6. Әр түрлі қосымшалар өндірісті білімді, сауданы, Мед. Тағы басқа түрлерді қамтиды.

  7. Машиналық графика анимация, мультимедия құралдары әдістері

4-сұрақ. Дж. Фон-Нейман логикалық схемасы.

Компьютердің көпшілігінің құрылымы Американың кибернетика ғалымы Дж. фон Нейманның еңбектерінде 1945 жылы жарық көрді. Төмендегі принциппен жұмыс істеу машинаның Нейман принципімен жұмыс істеу принципі делінеді.

Дж. фон Нейман принциптері:

1. Дж. фон Нейман машинасының негізгі блоктары: басқару блогы, арифметикалық-логикалық құрылғы, жад жəне енгізу-шығару құрылғылары;

2. информация екілік жүйе бойыша кодталады жəне сөз деп аталатын бірліктерге бөлінеді (екілік жүйе, сөз жөнінде келесі тақырыптарда түсііктеме берілге);

3. алгоритм команда деп аталатын басқару қызметші сөздерінің тізбектерінен тұрады. Алгоритм құрайтын командалар жиынтығы программа деп аталады;

4. программа мен деректер бір жадта сақталады. Түрлі типті сөздер кодтау жолымен емес, пайдалану жолымен ажыратылады;

5. Басқару құрылғысы мен арифметикалық құрылғы бір құрылғыға біріктіріледі, оны орталық процессор деп атайды. Олар кезекпенен жадтап оқылған командаларды ашып, сəйкес түрде бір мəнде етіп орындайды.

Компьютердің негізгі құрылғылары жəне олардың байланысы келесі схемада ұсынылған.

Дж. фон Нейман схемасы

5-сұрақ. Санау жүйелері. Позициялық және позициялық емес санау жүйесі.

Сан ұғымы – математикадағы сияқты информатиканың да іргелі негізі. Егер математикада сандарды өңдеу әдістеріне көп көңіл бөлінетін болса, информатикада сандардың берілу әдістерінің маңызы ерекше, өйткені солар ғана жадының қажет ресурсын, есептеу жылдамдығы мен қателіктерін айқындайды.Сандарды арнайы символдар көмегімен бейнелейміз. Сандарды атау және жазу тәсілі санау жүйелері деп аталады.Санау жүйелері позициялық және позициялық емес деген екі топтан тұрады. Позициялық емес санау жүйесінде сан цифрының тұрған орнының ешқандай мағынасы жоқ. Мысалы, Римдік санау жүйесіне қатысты ХХХ санында Х цифры кез-келген позицияда 10 (он) деген мағынаны береді.Позициялық емес санау жүйесінде арифметикалық амалдарды орындау күрделі болғандықтан барлық есептеулер позициялық санау жүйесінде іске асады.Позициялық санау жүйесінде цифрдың мағынасына оның тұрған жерінің ролі зор. Позициялық санау жүйесінің негізі болып жүйедегі пайдаланылатын цифр сандары табылады.Позициялық санау жүйесі төмендегі санау жүйелерінен тұрады:1)ондық санау жүйесі (0,1,2,3,4,5,6,7,8,9);2)екілік санау жүйесі (0,1);3)сегіздік санау жүйесі (0,1,2,3,4,5,6,7);4)оналтылық санау жүйесі (0,1,2,3,4,5,6,7,8,9, A, B, C, D,E, F).1) Ондық санау жүйесі.Мектеп қабырғасында 10-дық санау жүйесінде жұмыс істедік. Санау жүйесінің 10-дық деп аталатын себебі, бұл жүйенің негізі 10 саны болып есептеледіСанау жүйесі, санау, нөмірлеу — натурал сандарды атау және цифрлық символдар арқылы белгілеу әдістерінің жиынтығы. Негізі басқа сандар (5, 12, 20, 40, 60) болатын санау жүйелері де пайдаланылған. Ғыл. зерттеулер мен есептеуіш машиналарда жүргізілетін есептеулер кезінде негізі 2 болатын Санау жүйесі (екілік санау жүйесі) жиі қолданылады. Бейпозициялық Санау жүйесінде символдың мәні сандағы орналасқан орнына байланысты емес. Бұл жүйенің мысалы ретінде римдік Санау жүйесін, яғни рим цифрларын алуға болады. Бұл жүйенің негізгі кемшілігі — символдар саны көп, олармен арифмет. амалдар орындау өте күрделі. Бейпозициялық Санау жүйесіне қалдықтар кластарының жүйесі де жатады; қ.

6-сұрақ. Есептеу техникасының даму кезеңдері.

Есептеуіш техника есептеу және мәліметтерді өңдеу процессінің маңызды компоненті болып табылады. Есептеуге арналған алғашқы құрал ретінде есептеу таяқшаларын атауға болады, бұл құрал қазіргі кезде де бастауыш сынып оқушыларын есепке үйрету үшін қолданылады. Даму жолында бұл құралдар күрделене түсті (мысалы, финикиялық саз фигуралары).

Уақыт өте келе, қарапайым құрылғылардан күрделі құралдар пайда бола бастады: абак, логарифмдік сызғыш, механикалық арифмометр, электронды компьютер. Алғашқы есептеуіш құрылғылардың қарапайымдылығына қарамастан, олармен жұмыс жасауға үйренген адам, қазіргі заманғы калькуляторларды пайдаланғаннан да жылдам есептер жүргізе алады. Әрине, қазіргі заманғы есептеуіш құрылғыларының жұмыс өнімділігі және есептеу жылдамдығы ең жылдам есептегіш адамның өзін шаң қаптырып кетеді.

Компьютерлерді жіктеу үшін оларды құру кезінде қолданылған технологияларды пайдалануға болады. Бастапқыда компьютерлер толықтай механикалық жүйе болғандығы белгілі. Соған қарамастан, ХХ ғасырдың 30-жылдары телекоммуникациялық өндіріс электромеханикалық компоненттерді ұсынды, ал 40-жылдары вакуумдық электрондық лампалар негізінде құрылған толықтай электрондық компьютерлер жасалды. 50-60-жылдары лампалардың орнына транзисторлар келді, ал 70-жылдардың басында — қазіргі кезге дейін қолданылатын интегралдық жүйелер (кремний чиптері) пайдаланыла бастады.

Бұл тізім толық деп айта алмаймыз; ол тек есептеуіш техниканың негізгі даму тенденциясын ғана көрсетеді. Әр кезеңдерде көптеген түрлі технологиялар қолданылған болатын. Мысалы, гидравликалық және пневматикалық компьютерлерді жасау мүмкіндігі қарастырылған, ал 1903-1909 жылдары Перси И. Луджет атты өнертапқыш тігін механизмінің негізінде жұмыс жасайтын аналитикалық машина жобасын құрған болатын.

Қазіргі кезде оптикалық компьютерлердің жобасы жасалуда. Бұл компьютерлер электр сигналдарының орнына жарық сигналдарын қолданады. Басқа бағыт бойынша молекулярлық иология және ДНҚ зерттеулерінің жетістіктерін қолдану қажет. Ақыр аяғында, есептеуіш техника саласындағы өте үлкен өзгерістерге әкелуі мүмкін тәсілдердің бірі кванттық компьютерлерді жасауға негізделген.

  • Кванттық компьютер

  • Механикалық компьютер

  • Оптикалық компьютер

  • Пневматикалық компьютер

  • Электрондық компьютер

7-сұрақ. Компьютердің негізгі блоктар және ішкі құрылғылары.

Дербес компьютер – əмбебап (универсальный) техникалық жүйе. Оның конфигурациясын (жабдықтың құрамын) қажеттілікке қарай икемділікпен өзгертуге болады. Сөйтсе де, типтік деп саналатын базалық конфигурация ұғымы бар. Компьютер əдетте осы толық жинақпен қойылады. ДЭЕМ-нің типтік толық жинағы төрт конструктивтік блоктан тұрады: жүйелік блок, дисплей, пернетақта жəне «тышқан-тетік» манипуляторы.

Жүйелік блок ішінде компьютердің ең маңызды компонентгері орналасқан негізгі торапты (узел) білдіреді. Бұл тораптың ішінде орналасқан маңызды компоненттер:

• компьютердің жұмысын басқаратын электрондық схема (микропроцессор, оперативті есте сақтау, құрылғылардың бақьлаушысы жəне т.б.);

• компьютердің электрондық схемасына берілетін кернеуі аз тұрақгы токтағы электрмен қоректендіретін желілерді қалыптастыратын қоректендіру блогы;

• икемді магниттік дискіге (дискетте) жазылуда жəне оқуда пайдаланылатын икемді магнитгік дискісінің жинақтаушысы (немесе дискжетек - дисковод);

• алынбайтын (қозғалмайтын) қатқыл магниттік дискіге (винчестер) жазылуға жəне оқуға арналған қатқыл магниттік дискідегі жинақтаушы.

Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғы ішкі құрылғы, ал оған сырттан қосылатын құрылғы сыртқы құрылғы деп аталады. Деректерді енгізетін, шығаратын жəне ұзақ уақытқа сақтайтын сыртқы қосымша құрылғы, сонымен қатар, шалғай (периферийное) құрылғы деп аталады.

Дисплей (монитор) - деректерді көрсетіп ұсынатын құрылғы. Ол информацияны шығарудың ең танымал құрылғысы болып табылады.

Оның негізгі тұтыну параметрлері – экран қалқасының (маска) мөлшері мен қадамы, кескінді қайта өндірудің (регенерация изображения) ең көп шамадағы жиілігі, қорғаныс класы.

Монитордың мөлшері диогонал бойынша кинескоп құбырларының қарама-қарсы бұрыштардың арасымен өлшенеді. Өлшем бірлігі – дюйм. Қазіргі таңда 9-дан 42 дюймге дейінгі (23-тен 107 см.-ге дейін) экранды мониторлар шығарылады.

Стандартты мөлшерлері 14", 15", 17", 19", 20", 21", Бүгінгі таңда 15 жəне 17, 19, 21 дюймдер мөлшеріндегі мониторлар ең əмбебап (универсальный) мониторлар болып табылады.

Кескінді қайта өндіру (жаңарту) жиілігі (частота) монитордың бір секунд ішінде кескінді қанша рет толық ауыстыра алатынын көрсетеді (сол себепті де оны кадрлар жиілігі деп атайды).

Кескінді қайта өндіру жиілігі герцпен (Гц) өлшенеді. Ол неғұрлым жоғары болса, кескін соғұрлым дəл əрі тұрақты болып, көз аз талады. Ең аз шамадағы мəн 75 Гц, қалыптысы – 85 Гц, алт ең қолайлысы (жайлы тиетіні) – 100 Гц жəне одан көп мəндер.

Монитордың қорғаныс класы қауіпсіздік техника талаптарына монитордың сəйкес келетін стандартымен анықталады. Қазіргі уақытта мына халықаралық стандарттар жалпыға бірдей, яғни баршасына ортақ саналады: МРК-И, ТСО-92, ТСО-95, ТСО-99. МРR.-ІІ стандарты адамға қауіп төндірмейтін, яғни қатер тудырмайтын шекке дейін электромагниттік сəуленің деңгейін шектейді. ТСО-92 стандартында бұл норма сақталган, ал ТСО-95 жəне ТСО-99 стандарттарында бұл норма күшейтілген. Эргономикалық жəне экологиялық нормалар ең алғаш рет ТСО--95 стандартында пайда болды, ал ТСО-99 стандарты кескіннің сапасын (жарықтығын, қанықтығын, жыпылықтауын, жабудың антибликтік өзгешелігін) анықтайтын параметрлер бойынша ең катқыл нормаларды белгіледі.

Пернетақта (клавиатура). Компьютерге бастапқы информацияны енгізуде, сондай-ақ оның (компьютердің) жұмысын басқаруда пернетақта (клавиатура) пайдаланылады.

Бүгінгі күні пернетақталар көптеген дербес компьютерлерде бірыңғайластырылған, яғни бірегейлендірілген əрі 101/102 стандарттарында немесе 108-пернелік (108-клавишных) пернетақтада орындалған (жасалған). Пернетақта бірнеше регистр-режимдердің бірінде жұмыс істейді. Режимдерді былайша беліп көрсетуге болады:

бас əріптерді (үлкен) / жол əріптерін (кішкентай) енгізу;

орыс / латын символдарын енгізу;

қою / ауыстыру;

цифрлық енгізілім / цифрлық пернетақтадан басқару.

Пернетақтаның барлық пернесін төрт топқа бөлуге болады: алфавитті-цифрлық, цифрлық, функциялық жəне басқарушы.

Тышқан-тетік (мышь) – бұл информацияны компьютерге енгізудің манипуляторы. Тышқан-тетік – алақан аясына оңай сиятын екі немесе үш пернелі шағып қорап.

Манипулятор компьютерге сым арқылы жалғасады.

Тышқан-тетік түбіндегі саңылау арқылы шарик шығарылған. Ол үстел үстінде орналасқан тышқан-тетік корпусының ішінде айналады.Тышқан-тетіктің орындаушы тетігі (исполнительный механизм) бұл айналдыруды сым арқылы машинаға берілетін жəне

тышқан-тетіктің нұсқағышы деп аталып кеткен (текстік курсормен шатастырып алмау керек!) экрандағы арнайы белгі дисплейіннің ағымдағы жағдайын анықтайтын электрлік сигналға айналдырады.

Тышқан-тетік қорапшасын үстел үстіне орналастырғаннан кейін тышқан-тетік нұсқағышын экранның үстіңгі жағындағы кез келген нүктемен ұштастыруға болады. Тышқан-тетік пернесінің бірін басу, сондай-ақ пернелермен жұмыс істеудің бірқатар басқа тəсілдері белгілі бір іс-қимылды жасауға мүмкіндік береді.

Принтер. Принтер немесе басу қүрылғысы информацияны қағазға кешіріп шыраруға арналған.

Барлық принтерлер текстік информацияларды шығарады, олардың көбісі суреттер мен сызбаларды, ал кейбір принтерлер түрлі-түсті кескіндерді де шығара алады.

Қазіргі уақытта пайдаланылатын принтерлерді əрекет ету принципі бойынша үш топқа – матрицалық, бүріккіш (струйные) жəне лазарлік деп бөлуге болады. Матрицалық принтерде кескін бояғыш таспа бойынша (по красящей ленте) ине соғатын нүктеден пайда болады. Электр магнитке келіп түскен басқару сигналының ықпалымен инелер қағазға із қалдыра отырып, таспадан бояуды «қағьш шығарады».

Бүріккіш принтерде кескін пысылдақтың (сопел) көмегімен қағазға үрленген (бүріктірілген) арнайы сияның микротамшыларымен (микрокаплями специальных чернил) беріледі. Басудың бұл əдісі матрицалық принтермен салыстырғанда ең жоғары сапада басылуды қамтамасыз етеді əрі түрлі -түсті етіп басуға өте қолайлы болады.

Лазерлік принтерлер казіргі уақытта жақсы сапамен басуды (баспаханаға жуық) қамтамасыз етіп отыр, Бұл принтерде басу үшін ксерография принципі пайдаланылады: кескін бояу түйіршіктері электр тартылатын арнайы барабаннан қағазға кешіріледі.Əдетгегі ксерокөшірмелі аппараттан айырмашылығы – басушы барабан компьютердің командасы бойынша лазердің көмегімен электрленеді. Лазерлік принтерлер өте қымбат болса да құжаттарды саналы басатын ең қолайлы құрылғы болып табылады.

Аналық тақша

Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді. Аналық тақша - жүйенің ядросы. Бұл шынында да ДК-дің басты бөлшегі- қалғандарының барлығы онымен жалғастырылған және жүйедегі құрылғылардың бәрін нақты сол басқарады. Микропроцессор

Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады. Ол компьютерді басқарады және программадағы командаларды орындайды.

Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативтік жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады. Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) өлшенетін оның тактілік жиілігімен анықталады.

Процессордың үстіне радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға арналған желдеткіш (кулер) орнатылады. Процессор қалған құрылғылармен топ сымды кабель арқылы жалғастырылады, оны шина деп атайды.

Микропроцессор бір кристалда дайындалған интегралдық схемалалар - БИС, олар әртүрлі типтегі ЭЕМ-ді жасауға керекті элемент болып та­былады. Микропроцессорге жедел және тұрақты жады, енгізу-шығару құрылғыларын қосуға болады.

Микропроцессорлардың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтерінде (модельдерінде) және оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жыл­дамдығының көрсеткіші - мегагерц -МГц бірлігімен берілген тактілік жиілігінде жатыр.

Кең тараған модельдерге Іntel - 8088 (5МГц), 80286 (20МГц), 80386SX (25МГц), 80386DX (40МГц), 808486 (100МГц-ке дейін), Pentuіm (75МГц-тен жоғарғы) және Pentuіm - Pro ( 200МГц-тен жоғары) жатады, бұл тізім олардың жұмыс өнімділігі мен соған сәйкес бағасының өсуі бойынша реттеліп келтірілген. Кейде конс­трукциялық ерекшеліктеріне қарай бір модельге кіретін процессорлардың жиіліктері әртүрлі бола береді - жиілігі артқан сайын оның жұмыс жыл­дамдығы да өсе түседі.

Іntel 8088, 80286, 80386 тәрізді бұрын шыққан микропроцессорлар­дың аралас сандар мен амалдарды жылдам орындайтын арнаулы командалары жоқ, сондықтан олар жұмыс өнімділіктерін арттыратын қосымша математи­калық сопроцессорлармен жабдықталады. Математикалық сопроцессорлар өзінің командалар жүйесі бар және ол негізгі процессормен қатар оның басқаруымен жұмыс істейді. Операциялар ондаған есе жылдамдатылады.

Жедел жад

Компьютердің жеделесте сақтау құрылғысы оперативті жадысы(ОЗУ), немесе RAM – мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді. Жедел жадтың негізгі мінздемесі оның сыйымдылығы және жылдамдығы.

Тұрғылықты диск

(тұрғылықты диск жетегі) немесе Hard disk Drive (HDD) - бұл компьютердің негізгі мәліметтер қоймасы. Тұрғылықты дискінің сыйымдылығы түрлі компьютерлерде алуан түрлі болады да, мегабайтпен және гигабайтпен өлшенеді. Қазіргі заманғы тұрғылықты дисктердің сыйымдылығы 80-500 Гбайт және одан үлкен болады

Иілгіш дисктерге диск жетегі

Иілгіш дисктерге диск жетегі 3,5 –дюймдік дискеттерді оқиды. Бұл дисктер ауыспалы тасымалдаушылар болып саналады, олардың сыйымдылығы – 1,44Мб. Оларға әдетте кейбір қосымша бағдарламада (Word сияқты) әзірленетін құжаттар немесе иілгіш дисктерден тікелей іске қосуға болатын онша үлкен емес бағдарламалар жазылады. Компьютерде иілгіш дискілерге арналған диск жетегі «А» әрпі белгіленеді.

CD және DVD диск жетектері

CD және DVD диск жетектері мәліметтерді ықшам дисктерге жазуға және оқуға мүмкіндік береді. CD және DVDдисктер – ауыспалы тасымалдаушылар. CD дискке 400Мб, DVD дискке 4,7 Гб ақпарат сыяды.

Дискілер бір рет жазылатын (CD – R және DVD - R) және қайталап жазылатын (CD – RW және DVD - RW) болады.

Бейнекарта

Монитормен бірігіп бейнекарта дербес компьютердің ішкі бейнежүйесін құрайды. Бейнені даярлаумен тығыз байланысты амалдардың барлығын бейнекарта деп аталатын басқару блогы атқарады. «Тұрғылықты жері» бойынша бұл жады көбінесе бейнежады (videoRAM немесе VRAM) деп аталады. Бейнежады көлемі неғұрлым үлкен болса, компьютер кескіндер мен бейнероликтерді соғұрлым үлкен ажыратылымдықпен және түрлі түстермен бейнелейді.

Дыбыстық тақша

Дыбыстық тақша (дыбыстауыш) компьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютерге жазуға мүмкіндік береді. Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы бағдардамаларда талап етіледі.

Желілік тақша

Желілік тақша компьютерді компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік береді. Желілік тақшалардың бірнеше типі бар: Ethernet, token ring және сымсыз желілерге қатынас құруға арналған тақшалар – ең танымдары Ethernet және сымсыз желілер.

Порттар

Порттар – корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады. Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен типі компьютер порттарының саны мен типіне тәуелді болады.

Монитор

Монитор – мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы. Компьютерден кез-келген мәліметті монитордың экранына шығаруға болады.

Пернетақта

Пернетақта – дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы. Ол алфавиттік-цифрлық мәліметтерді енгізуге арналған. Монитор мен пернетақтаның бірігіп қызмет атқаруын қолданушы интерфейсі деп атайды.

8-сұрақ. Компьютердің сыртқы құрылғылары және олардың қызметі.

Компьютердің сыртқы құрылғылары оның жүйелік блогына қосылып, көмекші қызмет атқарады. Сыртқы құрылғыларды келесідей төрт топқа бөлуге болады:

•    мәліметтерді енгізу кұрылғылары;

•    мәліметгерді баспаға шығару құрылғылары;

•    мәліметтерді сақтау құрылғылары;

•    мәліметтермен алмасу кұрылғылары.

Енгізу қурылгылары

Мәліметгерді енгізудің ең негізгі құрылғысы пернетақта болып табылады. Одан басқа да енгізу құрылғыларына тышқан, джойстик, трекбол және т.б. жатады. Джойстик - компьютерлік ойындарда колданылатын қолмен басқарылатын құрылғы. Трекболдың тышқаннан айырмашылығы оның қорапқа орнатылған кішкене шары алақанмен козғалысқа келтіріледі және ол жазық бетті қажет етпейді, сондықтан ол ықшам компьютерлерде қолданылады.

Мәліметтерді енгізуге арналган құрылгылар

Графиктік мәліметтерді енгізу үшін сканерлер, графиктік планшеттер (дигитайзерлер) және цифрлы фотокамералар колданылады. Сканерлердің көмегімен символдардан тұратын мәліметтерді де енгізуге болады. Бұл жағдайда берілген материал графиктік түрде енгізіледі, сонан соң арнаулы программалық құралдардың көмегімен өңделеді. Сканерлер парақ бетіндегі мәліметтерді оқып, оны компьютерге енгізеді.

Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары

Мәліметтерді баспаға шығару үшін мониторға қосымша принтер деп аталатын баспаға шығару кұралы қолданылады. Принтердің көмегімен экрандағы құжаттың көшірмесін қағазға басып шығара аламыз. Принтерлерді жұмыс істеу принциптеріне қарай матрицалық, лазерлік, сия бүркіш және термографиктік деп бөледі.

Мәліметтерді сақтау құрылғылары

Магниттік дискілер мен лазерлік дискілерге косымша мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларына стримерлер, ZІР-тасуыштар және НіҒD-тасуыштары жатады

Стримерлер — мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғылар. Стримерлерге арналған магниттік таспалардың (картридж) көлемі жүздеген мегабайтқа жетеді.

ZІР - тасуыштарды мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларын жасауға негізделген Lomega компаниясы шығарады. Бұл құрылғы өлшемдері стандарттық иілгіш дискіден сәл ғана үлкен және сыйымдылығы 100-ден 250 Мбайт болатын дискілермен жұмыс жасайды. ZІР -тасуыштардың негізгі кемшілігі олардың 3,5 дюймдік иілгіш дискілермен үйлесімсіздігінде.

Sony компаниясы жасап шығарған НіҒD құрылғысы кәдімгі стандарттық иілгіш дискілермен үйлесімді болып келеді. Олар сыйымдылығы 200 Мбайт болатын арнайы тасуыштармен де, кәдімгі иілгіш дискілермен де жұмыс істеуге бейімделген.

Мәліметтермен алмасу құрылгысы

Модемдер (Модулятор + ДЕМодулятор) алыс қашықтықтағы компьютерлер арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылатын құрылғы. Мұндағы байланыс арналары деп кабельдік, радиожиіліктік және сымдық байланыстарды түсінеміз. Байланыс арналарының типіне қарай қабылдау-жіберу құрылғыларын радиомодемдер, кабельдік модемдер және т.б. деп бөледі. Компьютерден модемдерге түскен сандық мәліметтер модуляциялық жолмен түрленіп (фазасы, амплитудасы, жиілігі бойынша), телефон желісіне бағытталады.

9-сұрақ. Операциялық жүйелер. Windows графикалық интерфейсі.

Операциялық жүйелер (ОЖ) жүйелі программалы етудің негізі болып табылады. Операциялық жүйесіз осы заманғы компьютердің аппараты мен программасына қатынау (яғни компьютердің аппараты мен программасына еніп, жұмыс істеу) мүлдем мүмкін емес. Барлық аппарат, сондай-ақ программа құралдарына пайдаланушы операциялық жүйе деп аталатын делдал арқылы ғана қол жеткізе алады.

Операциялық жүйе – барлық программаның, ЭЕМ аппараты құралдарының жəне желілердің жұмысын жүргізуді қамтамасыз ететін программалар кешені.

Компьютерді қоректендіруге қосқанда ең алдымен ОЖҚ-ға ЭЕМ-ның жұмысқа жарамдылығын тексеруді жəне одан кейінгі жұмысын басқаратын операциялық жүйе жүктеледі (загружаются). Операциялық жүйе компьютердің қосылған сəтінен бастап жұмыс істейді, ал компьютер ажыратылған сəттен бастап ол жұмыс істеуін тоқтатады. Егер компьютер жергілікті желіден ажыратылған болса, онда оны қызмет көрсетуші персонал қосып береді.

Windows 9.х-тың графикалық ортасында жұмыс істегенде файлдардың ұзынсонар (длинные) информативтік атауларын пайдалануға, тіпті ондағы бос орындарды да назарға алмауға (допускаются даже пробелы), кез келген объектіні экранның кез келген жерінен ауыстыруға əрі экранның кез келген жерінен контекстік мəзірді (контексное меню) шақырып, контекстік кемекке жүгінуге болады.

ОЖ-дың бірінші нұсқасы Windows NТ нарықта алғаш рет 1993 жылы пайда болды, қазіргі уақытта оның 3.5 жəне 4.0 нұсқалары əр түрлі ұйымдар, банктер, өнеркəсіптік жəне жекелеген пайдаланушылар кеңінен қолданылып жүр.

Windows 2000 – көптеген сервистік пайдалану мүмкіндіктері кеңейтілсе де, пайдалануда үлкен қиындықтары бар Windows NТ жəне Windows 9.х екеуінің мүмкіндіктерін біріктірген операциялық жүйе. Windows 2000 негізіңде оңтайландырылған нұсқа ретінде Windows МЕ - Windows9.х.-ны дамытушы болып табылатын ОЖ нұсқасы жасалды. Windows ОЖ-дың жаңа - 2002 жылғы нұсқасы - Windows ХР жасалды. Windows ХР Windows 2000-да пайдаланылған технологиялардың негізінде əзірленді. Ол үйдегі жəне кеңседегі компыотерде жұмыс істеуге қолайлы əрі оны пайдаланушылардың саны күннен күнге артып келеді. Windows ХР жүйелік ресурстарға қоятын талабы жоғары (оперативті есте сақтау 128 Мб-тан жəне қатқыл дискідегі кеңістік 2 ГБ-тан кем болмауы керек).

Windows тобындағы операциялық жүйенің артықшылығы – пайдаланылатын интерфейстер (қоршам) бірыңғайластырылған. Осының арқасында – əр түрлі программаларда олардың жұмысын басқарудың біркелкі (бірдей) принциптері сақталады. Бұл ОЖ бір мезгілде бірнеше міндеттерді қатар орындаудың мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді. Мұнда əрбір программа терезе деп аталатын жекелеген тік бұрышты аймақтарға орналасады. Терезені экран бойынша жылжытуға, мөлшерін өлшеуге, бір-біріне келтіруге немесе графикалық таңбашасына (ярлык) (пиктограммалар немесе таңбаша) дейін кемітуге болады.

Windows, 0S/2, Unix жүйелері көп программалығына қарай əрі оларға қосылатын желілік мүмкіндіктерге қарай əлдеқайда күрделі болып кедледі.

Unix ОЖ-дың басты ерекшелігі - модульдігінде, ЭЕМ-ның басқа тұрпаттарын (типтерін) жеңіл тасымалдайтындығында жəне негізгі міндеттері жаңа жүйелік программаларды жасау болып табылатын мамандарға жайлы жағдай тудыруға мүмкіндік беретін жүйелік программаның мол жиынына ие.

Жүйе 1969 жылы жасалып, əсіресе телефон компанияларының арасында ерекше танымал болып үлгерді, өйткені ол диалог режимінде жəне уақыттың белгілі бір аралығында желілердегі жұмыстың орындалуын қамтамасыз етгі.

Windows ОЖ-ды жасауда Microsoft фирмасы объектік-бағдарланған тəсілді пайдаланды. Пайдалану деңгейінде мұндай тəсіл мынаны білдіреді: интерфейс нақты əлемге ұқсастықты (подобие реального мира) білдіреді, ал ЭЕМ-мен жұмыс істеу жай ғана объектімен əрекет етуге (іс-қимыл жасауға) келіп тіреледі (сводится). Папканы ашуға, жабуға, жылжытуға, портфельге жинауға болады. Құжаттарды қарап көруге, түзеуге, бірорыннан басқа орынға ауыстырып қоюға, жоюға немесе кəрзеңкеге тастауға болады.

10-сұрақ. Программалық жабдықтар және олардың құрылымы.

. Программалық жабдықтар құрамы

Қолданбалы программалық жасақтама - әртүрлі мәселелік аумақтардағы қолданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы программалар мен қолданбалы программалар дестелерінен (ҚПД) тұратын программалық жасақтама бөлігі. Оның құрамына:

-  жалпы мақсаттағы ҚПЖ;

-  мәселелік бағытталған ҚПЖ;

-  интегралданған ҚПЖ

кіреді.

Жалпы мақсаттағы қолданбалы программалық жабдықтар құрамына әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қолданылатын программалық құралдар енеді, олар:

-  мәтіндік редакторлар мен процессорлар;

-  графикалық редакторлар;

-  электрондық кестелер (ЭТ) процессорлары;

-  мәліметтер қорын басқару жүйелері;

-  электрондық презентациялар және т.с.с.

Мәселелік бағытталған қолданбалы программалық жабдықтар  -  белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы. Мұндай программалық құралдарға:

-  жобалауды автоматтандыру жүйелері (ЖАЖ);

-  таңбаларды айыру жүйелері;

-  статистикалық, қаржылық – аналитикалық жүйелер;

-  ғылыми зерттеулер жүйелері

және т.с.с. жатады.

Интегралданған ҚПЖ – қазіргі уақыттағы ҚПЖ-ның қарқынды және қуатты дамып жатқан бөлігі. Олар – көп функционалды, бірнеше қолданбалы программалық жабдықтарды бір ресурстық қор негізінде жинақтап объектілер деңгейінде әсерлесулерін жүзеге асыратын дестелер (Lotus Works, Microsoft Office  және  т.б.)

11-сұрақ. Жүйелік тақта. Микропроцессор.

Аналық тақша, – бұл компьютердің барлық құрамдас бөліктері қосылатын күрделі көп қабатты мөрлік тақша. Аналық тақша мыс өткізгіш жолшықтар желісімен қапталған, олардың бойымен мәліметтер тақшада құрастырылған микро схемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын слоттарға жеткізіледі. Әрбір құрылғы белгілі бір слотқа қосыла алады. Әдетте компьютер сипаттамасының басында, орталық процессордың (central processing unit, CPU) типі мен жиілігі, оперативті жады (random access memory, RAM) сипаттамасы беріледі. Компьютердің бұл құрамдас бөліктері – ең бастылары, өйткені бұлар компьютер жұмысының шапшаңдығын анықтайды. Компьютерге әлемдегі ең үлкен тұрғылықты дискіні, ең күшті бейнелік бейімдеуіш пен керемет дыбыстық жүйені орнатуға болады, бірақ процессор баяу, жады мардымсыз болса, осы байлықтың барлығы түкке де жарамай қалады. Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады. Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессорлар бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады. роцессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе гигагерцпен (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады. Процессордың үстіне радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға арналған желдеткіш (кулер) орнатылады.

12-сұрақ. Қолданбалы бағдарламалар және олардың классификациясы.

Қолданбалы бағдарлама (Windows ортасындағы) (Приложения Windows; Windows application) — Windows операциялық жүйесі негізінде жұмыс атқаратын қолданбалы бағдарлама. Мұндағы графикалық интерфейстің ұйымдастыру ережелері, мәзір жүйесінің, диалогтық терезелерінің пішімдері Windows қолданбалы бағдарламаларының барлығына бірдей (мәзірдің көрінісі және орналасуы, тінтуірді және пернелерді пайдалану ережелері және т.б.) болады.

Қолданбалы бағдарламалар дестесі

Қолданбалы бағдарламалар дестесі(Пакет прикладных программ; application program package) — белгілі бір саладағы мәселелерді шешуге арналған бағдарламалар мен оларды пайдалану тәсілдерінің жинағы. Олар магниттік дискілерде немесе таспаларда жазылып, компьютермен бірге жіберілуі мүмкін. Әрбір қолданбалы бағдарламалар бумасы нақты саладағы мәселелерді шешуге икемделген (мысалы, бухгалтерлік есеп, дифференциалдық теңдеулерді шешу және т.б.).

Қолданбалы бағдарламалар интерфейсі

Қолданбалы бағдарламалар интерфейсі(Интерфейс прикладных программ; application programming interface) — 1) бағдарламалаушылар белгілі бір компьютерлік ортада қолданбалы бағдармалар жазуға пайдаланатын міндеттер жинағы (интерфейсі) 2) операциялық жүйе орындайтын төменгі деңгейлік операцияларды жүзеге асыруға қолданбалы бағдарлама шақыратын процедуралар жинағы.

Қолданбалы бағдарламалау

Қолданбалы бағдарламалау (Прикладное программирование; application programming) — қолданбалы мәселелер шешуге арналған бағдарламалау.

Қолданбалы (арнайы) бағдарламалық жасақтама

Қолданбалы (арнайы) бағдарламалық жасақтама (Прикладное (специальное) программное обеспечение; application software) — қолданбалы мәселелерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы бағдарламалар мен қолданбалы дестелерден тұратын бағдарламалық жасақтаманың бөлігі.

Қолданбалы бағдарламаның негізгі терезесі

Қолданбалы бағдарламаның негізгі терезесі(Основное окно приложения; Main application window немесе main window) — көп терезелі қолданбалы бағдарламалар үшін мәзірі мен туынды терезелері бар негізгі бағдарлама мен адам арасындағы өзара байланысты ұйымдастыратын терезе.

13-сұрақ. Компьютерлердің ақпараттық жүйесі және құрылымдары.

Ақпарат жүйесі (А.Ж) дегеніміз - қандайда бір объектіні басқаруға қажетті қоғамдық қойылған мақсаттарға жету барысындағы ақпараттарды жинау, сақтау жаңарту, өңдеу, іздеу және беру үшін қолданылатын құралдар, әдістер және персоналдардың өзара байланысқан жиыны. Әрбір ақпарат жүйесі ақпараттық объектілердің бірігуін қамтитын қандайда бір ақпараттық кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы иемденеді. Ақпарат жүйесін жіктеуде оны келесі ішкі кластарға бөлуге болады: - Ақпараттық –анықтамалық жүйелер; - Ақпараттық-кеңес беретін жүйелер; - Ақпараттық-қадағалаушы жүйелер. Ақпараттық-анықтамалық жүйелер ақпаратты жинап, оны адамның пайдалануы үшін дайындайды. Ақпараттық-кеңес беретін жүйелер объектінің күйі мен жұмыс тәртібі туралы ақпаратты беріп, нақты жағдай үшін қажетті ұсыныстар мен пікірлерді ұсынады. Ақпаратты – қадағалаушы жүйелерде мәліметте,р адамның қатысуынсыз ендіріліп, басқарылатын объектідегі үрдіс автоматты түрде реттеледі. Ақпараттық жүйелер термині автоматтандырылған жүйелер түсінігімен тығыз байланысты. Автоматтанған ақпараттық жүйелер ақпаратты өңдеу үрдісінде адамның да, техникалық құралдардың да қатысуын қамтамасыз етеді. Мұндағы басты рөлді компьютер алады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер деп (А. А. Ж) деп- ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін қабылдау үшін арналған ақпараттардың экономика математикалық әдістерімен модельдердің техникалық, бағдарламалық, технологиялық құралдардың және мамандардың жиынтығы. Ақпараттық жүйелер құрылымын бағыныңқы жүйелер деп аталатын, оның жекеленген бөліктерінің жиынтығын құрайды. Бағыныңқы жүйе дегеніміз- қандайда бір белгі бойынша ерекшеленген жүйенің бөлігі. Ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын қолдану сферасынан тәуелсіз бағыныңқы жүйелерді қарастыруға болады. Бұл жағдайда қамтамасыз ететін деп аталатын бағыныңқы жүйелердің классификациясының құрамдық бөліктері туралы қарастырамыз. Кез келген ақпараттық жүйенің құрылымын қамтамасыз ететін бағыныңқы жүйелердің жйынтығы түрінде ұсынамыз.

Ақпараттық жүйелердегі ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістері ЭЕМ өңделген н/е есте сақтау құрылғысының әр түрлі типінде сақталған ақпаратты қорғау үшін қалай қолданылса, байланыс жолдар бойынша әр түрлі элементтер арасында берілген ақпаратты жабу үшін де солай қолданылады.1.Шифрлеу.2.Кодтау.3.Басқа түрлері.Шифрлеу-қорғалатын хабардың әрбір символы өзгертуге жатады. Кодтау- қорғалатын элементтердің кейбір элементтері, алдын ала таңдалған кодтармен ауыстырылады. Басқаларға н/е жеке түрлеріне-кесу, тарату ж/е мәліметтерді қысу әдістерә кіреді. Крипто жүйелер 2 классқа жүктеледі: 1. Симметриялы криптосистемелар; 2. Ассиметриялық криптосистемалар. Ассиметриялық криптожүйеде қормалған канал арқылы тек ашық кілтті ғана беруге болады, ал құпия кілтті оның генерациялық орнында сақтайды. Симметриялық криптожүйенің құпия кілтті жіберуші мен алушыға кілттерді тараудың қорғаушы каналы бойынша беру керек. Шифрлеу тәсілдері: ауыстыру, алмастыру, аналитикалық өзгерту, гаммирлеу, аралас шифрлеу. Кодтау тәсілдері: мағыналық кодтау, символдық кодтау. Ақпаратты жүйелерді қорғаудың мақсаты- қауіп-қатерге әрекеттер: 1. Өңделген ақпараттың жасырын бұзылу қатері. 2.Өңделген ақпараттың бүтіндігінің бұзылу қатері. 3.Жүйенің жұмыс істеуінің бұзылу қатері. Ақпаратты жабу құралдарын қолдану тәсілі бойынша ағымдық ж/е блоктық цифрлеу деп бөледі. Ағымдық шифрлеуде бастапқы мәтіннің әр символы басқалардан тәуелсіз өзгереді. Сондықтан мұндай өзгеру байланыс арнасы бойынша мәліметтерді берумен біруақытта жүзеге асуы мүмкін. Блоктық шифрлеуде жабық бастапқы мәтіннің кейбір символдар блогі біруақытта өзгереді, сонымен қатар блогтар негізіндегі символдардың өзгеруі өзара тәуелді болады. Кейбір аралас блоктардағы символдардың өзгеруі арасында да тәуелділік болуы мүмкін. Криптоталдау- кілтке шифрленген хабардың бастапқы мәтініне ашу жайлы ғылым. Криптожүйелерге негізінде бірнеше тараптар да қойылады.

14-сұрақ. Баспа құралдары және олардың түрлері мен жұмыс жасау принциптері.

Компьютердің құрылғылары (ағылш. hardware (́ha:dwεə), жарг. «темір») — электрондық және/немесе Есептегіш құрылғының механикалық бөліктері.

Компьютердің құрылғылары — электрондық, электрлік ж-е механикалық құрылғылардың кешені. Компьютердің құрылғыларының қатарына: — компьютерлер мен логикалық құрылғылар; — сыртқы құрылғылар және диагностикалық аппаратура; — энергетикалық қосалқылар, батареялар мен аккумуляторлар. Принтер (Printer) - 1) баспа құрылғысы; 2) Windows NT жүйесінде — баспа құрылғысы мен қолданба арасындағы программалық интерфейс.

Принтер (ағылыми prіnter) — мәтіндік не графиктік ақпаратты қағазға, пластикке шығаруға арналған құрылғы, ЭЕМ-ның ақпарат басып шығаруға арналған перифериялық құрылғыларының бір түрі. Баспа таңбаларын басу әдістеріне қарай Принтерлер матрицалық, сия құюшы ағыстық, (струйный), лазерлік, жарықаласыдиодтық, жылулық, сублимац., т.б. болып бөлінеді. Принтердің негізгі техникалық сипаттамаларына оның айыру қабілеті, басу жылдамдығы, материалдардың шығындылығы, фото басу мүмкіндігі, т.б. жатады. Айыру қабілеті бір дюймге келетін нүктелер санымен (қысқаша dpі) анықталады. Ағыстық П-лерде бұл шама 600 dpі-ден 4800 dpі-ге дейін, кейбір модельдерде одан да жоғары болады. Лазерлік, жарықаласыдиодтық принтерлердің айыру қабілеті әдетте 600 — 1200 dpі болады. Шығындылығы мен басу жылдамдығы жағынан лазерлік және жарықаласыдиодтық принтерлер ағыстық принтерлерден тиімдірек. Матрицалық принтерлердің шығындылығы аз болғанымен, басу сапасы, жылдамдығы жағынан жоғарыда айтылған принтерлерден нашар

Плоттер (ағылш. plotter — график салушы) — суреттерді, сұлбаларды, сызбаларды, карталарды, т.б. графикалық ақпараттарды өте жоғары дәлдікпен қағазға, калькаға, т.б. автоматты түрде түсіретін құрылғы. ЭЕМ-нда, автоматты жобалау, автоматты өлшеу жүйелерінде, картографияда, т.б. графикалық ақпаратты шығарушы құрылғы ретінде қолданылады.

15. Файл және файлдық жүйе.

Файл – бұл магниттік немесе оптикалық дискілерде, магниттік таспаларда, ОЖ-да (оперативті есте сақтау) немесе басқа да ииформацияны тасушыларда болатын, жалпы атауға ие, компъютерде біртұтас ретінде қабылданатын өзара байланысты деректердің жиыны.

Файл əдетте жалпы атауға ие, логикалық тұрғыдан байланысқан деректер орналастырылған жадтар учаскесімен (СЖҚ, ОЖҚ, ТЖҚ) теңестіріледі. Файл санаудың екілік жүйесіндегі информация тасушыда сақталып, ОЖ-да ол байланысқан байттардың жиынтығы ретінде болады. Файлда программалардың, құжаттардың, деректердің жəне т.б. мəтіндері сақталады. Компьютер дискілерінде файлдарды сақтаудың тəсілі файлдық жүйе деп аталады.

Осы немесе басқа файл дискісінің қай тұсында жазылғаны туралы деректер файлдарды орналастырудың арнайы кестесіндегі немесе ҒАТ-кестелеріндегі (ҒАТ - Fail Allocation Table, файлдарды орналастыру кестесі) дискінің жүйелік саласында сақталады. Бүгінгі таңда дербес компьютер үшін операциялық жүйелерде оншақты файлдық жүйелер пайдаланьшады: DOS-та дискет үшін ҒАТ16, ҒАТ32 жəне ҒАТ12 пайдаланылады,Windows 9.х-ке ҒАТ16 жəне ҒАТ32 тəн, Windows NT ж2не Windows 2000-да NTFS əйгілі (танымал), Linux ОЖ үшін Ext2FS лайықты жəне т.б. Алайда осылардың ішінде DOS-тың ҒАТ16 жəне ҒАТ32 файлдық жүйелері ең көп тараған. Дискінің файлдары мен қапшықтарын бейнелейтін операциялық жүйе түрінде иерархиялық кұрылым файлдық құрылым деп аталады.

Əрбір файл өзіне тəн өзгешеліктерге - атрибутқа ие. Файлдың маңызды атрибутына мыналар жатады: атау, кеңейту, ұзындық, уақыт жəне жасау (кұру) күні (дата создания).

Файлдардың атауы қапшықтағы, каталогтардағы магнитгік жəне оптикалық дискілерде тіркеледі. «Каталог» термині DOS тобындағы ОЖ-да, «қапшық» («папка») термині Windows тобының операциялық жүйелерінде пайдаланылады.

Файлдарды атау тəсілі бойынша «қысқа» атау жəне «ұзын» атау деп бөліп көрсетіледі. Windows 95 операциялық жүйесі пайда болғанға дейін ІВМ РС компыотерлерінде файлдарды атаудың баршаға бірдей (жалпы қабылданған) тəсілдері 8. келісімі (соглашение) болды.

MS DOS-та қабылданған осы келісімге орай файл атауы өзіндік атау жəне атауларды кеңейту деп аталатын екі бөлімнен тұрады. Файлдардың атауына 8 символ берілген, ал оның кеңейтуіне - 3 символ. Кеңейтуден болатын атау нүктемен бөлінеді. Атау тəрізді кеңейту де тек латын алфавитіндегі альфавитті-цифрлық символдарды қамтыған.

16. Access ДҚБЖ объектілері

Кесте – мәліметтер базасымен жұмыс істеуге арналған негізгі объект, бір тақырыпқа берілген нақты мәліметтер жиыны. Ол өрістер (поля) мен жазбалардан (записи) тұрады.

Форма – кесте мәліметтерін экранда бейнелеу жолы немесе оларды басқару мүмкіндіктері, форма мәліметті енгізу, көру және толықтыру үшін қолданылады.

Сұраныс (запрос) – керекті мәліметтерді бір немесе бірнеше кестеден белгіленген шарттарға байланысты таңдап алу тәсілі. Сұраныс беру арқылы берілген өрістерден немесе басқа кестеден алынатын өрістерден тұратын виртуалды кестелер құруға болады.

Басылым (отчет) – мәліметтердің керекті құрылымын баспаға шығарып қағазда бейнелеу тәсілі.

Макрос МБ-ның нақты бір операциясын орындауды программалаусыз автоматтанды-рады.

Модуль МБ-ны баптау, түрлендіру және толықтыруға керекті Visual Basic тіліндегі программадан тұрады.

Кестелер, сұраныстар (запросы), формалар, басылымдар (отчеты), макростар және модульдер — жалпы файлдар базасында сақталатын тәуелсіз өзіндік объектілер.

17. . Мәліметтер қорын басқару жүйесі(МҚБЖ) автоматтандырылған жүйесі қолданылады. МҚБЖ дегеніміз жаңа мәліметтер базасын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге арналған программалық құралдар кешені. МҚ-да мәліметтерді ұйымдастырудың иерархиялық, реляциялық және желілік модельдері қолданылады, соларға сәйкес МҚ түрлері анықталады. Мәліметтер қорымен әртүрлі операциялар орындау үшін мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) құрылады.Иерархиялық мәліметтер қорында жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір элементі негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі. Мұнда элементтер нақты тізбек бойынша сатылы түрде реттеліп қойылады. Онда берілгендері іздеп табу саты бойынша төмен бағытта жүргізіледі. Мысалы Norton Commander программасындағы каталогтар, білім жүйесіндегі иерархиялық кластар тізімі, т.б. MS Access, оның негізгі ұғымдары. MS Access – мәліметтердің реляциялық моделін қолданатын дербес типті МҚБЖ. Оның негізгі атқаратын қызметтері:негізгі объектілерді, яғни кестелерді жобалау; кестелер арасында байланыстар орнату;кестелерге мәліметтер енгізу, оларды сақтау, қарау, сұрыптау, сүзгілеу, түрлендіру;туынды объектілерді – пішім, сұраныс, есеп беру, макрос, модуль – құру, түрлендіру және қолдану. Реляциялық МҚ-да домен деп белгілі өріске пайдаланылатын мәндер жиынын айтамыз. Мәліметттер қорының негізін кестелер құрайды. Кесте – баған және қатардан тұрады. Кесте бағанын құрайтын жазба элементтері өріс деп аталады. Access 2007-дегі қасиеттері: өріс өлшемі (өрісте сақталынған мәтіндік, сандық немесе есептегіш типтеріндегі мәліметтердің максимал мәндерін анықтау), формат, ондық белгілер саны (сандық мәндер үшін бөлшек бөлігінде бейнеленетін белгілердің мөлшерін беру), жаңа мәндер(есептегіш типіндегі өріс үшін мәндер меншіктеу тәсілдерін анықтау: тізбекті өсу немесе кездейсоқ мәндер), енгізу пердесі, подпись (формалар, есептер немесе сұраныстар үшін үнсіз келісім бойынша жазбалардағы мәтінді анықтау), үнсіз келісім мәні, тағайындау шарты, қате туралы хабарлама («мәнге шарт» ережесін бұзу кезіндегі мәтінді енгізу), міндетті, бос жолдар(мәліметтердің мәтіндік немесе МЕМО типтерін өрістің енгізуге рұқсат ету), индекстелген өріс, Unicode сығылуы (мәтінді сығу, егер осы өрісте 4096 белгіден көп болса), IME режимі, IME ұсыныстар режимі, смарт-тегтер,тек қана қосу (МЕМО типті өріс үшін нұсқаларды басқаруды белсендіру), мәтіндерді теңестірілу, дәлдік, масштаб. Өрістің негізгі ерекшелігі – бұл өріс элементтері бірдей типті етіп құрылады, мысалы, сандық немесе символдық. Мұндай мәліметтер қорында кестелерді байланыстырып, олардың кейбір өрістері арқылы түрлі жаңа кестелер құруға болады. Мұндай кестелерді сұраныстар деп атайды. Реляциялық мәліметтер қорын құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген арнайы программалар дайындалған, олар: dBASEII – dBASEIV, FoxPro, Clipper, Access, т.б. Олардың бәрін де мәліметтер қорын жасауға, оларды ақпараттармен толықтыруға және жұмыс істеуге болатын бағдармалар жиынтығы. Мәліметтер қорына төмендегідей талаптар қойлады: Мәліметтер қорының мазмұнын көшіруді болдырмау немесе азайту; пайдаланушы топтардың құқықтары мен талаптарына сәйкес, мәліметтер қорының жекелеген ақпараттық элементтерге енуін жеделдетуді қаматамасыз ету; үнемі өсіп отыратын талаптарды қанағаттандыру үшін мәліметтер қорының кеңейтілу мүмкіншіліктерін қамтамасыз ету. Бағдарламалаудың қажеттілігі шағын мәліметтер қорын кеңінен енгізуді әрқашанда қолдады. Ірі кәсіпорындар «өздеріне ыңғайлы» арнайы жүйелерді бағдарламалауға тапсырыс бере алды. Шағын кәсіпорындардың бұл тапсырмаларды орындау былай тұрсын, оларды дұрыс пайдалануға да шамасы келеді. MS Access ең кең таралған деректер қорын басқару жүйелерінің (ДҚБЖ) бірі болып табылады. MS Access ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компоненттерден тұрады. Олар: кесте, форма, есеп беру, сұраныстар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Формалар мен есептерді құру үшін конструкторлар қолданылады, сондықтан бұл компоненттер конструкторлық объектілер деп аталады. Конструкторлық объектілер басқару элементтері деп аталатын едәуір кіші объектілерден тұрады (олар: өріс, батырмалар, диаграммалар, жақтаулар, және т.б.). Бұл бағдарламаның ертеректегі нұсқаларының нөмірлері Access 2.0, Access 95, Access 97. Соңғы нұсқасы - Access 2007 Office 2007 пакетінің құрамына енеді. Access 2007-нің көмегімен қарапайым тұтынушылар қандай да бір бағдарламалаудың қажеттілігінсіз, жеткілікті қуаттағы мәліметтер қорын құру мен пайдалану үшін ыңғайлы құралдар ала бастады, сонымен қатар Access 2007-мен жұмыс істеу бағдарламалау мүмкіншіліктерін жоққа шығармайды, яғни, бұл жүйе қосымша басқару модулдері мен элементтерін жасауға мүмкіншілік беретін, Visual Basic for Applications бағдарламалау тілін қолдауды да қамтиды. Access 2007 маңызды артықшылықтарының бірі, бұл бағдарламаның MS Office пакетінің Excel, Word және басқа бағдарламаларынмен үйлесім табуы. Бұл пакетке енетін, әртүрлі қосымшаларда жасалынған мәліметтер біреуіне екіншісіне жеңіл ауыстырыла алынады.

18. Компьютерлік вирустарының классификация сы. Компьютерлік вирус-арнайы жазылған шағын көлемді программа.Ол өздігінен басқа программалар соңына н/е алдына қосымша жазылады да, оларды “бүлдіруге” кіріселі. Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадында DOS-ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады.Белгілі вирустарды келесі түрлерге бөлуге болады;Файылдық вр,Тиелмелі вр, Желілік вр, Троян аттары. Файлдық вирустар өткен ғасырдың 80-жылдарының аяғы мен 90-жылдардың басында таралды.Мұндай вирустар вирус жұңылңан файлды ашқан кезде тарайды, бірден орындалатын файлдарды, типі com жіне exe болып келетін файылдарды зақымдайды.Желілік вирустардың негізгі “тұратын” орны локальдық желі.Желілік вирус бір компьютерге кіріп, өзі қалаған компьютерлерге таратыла береді.Тиелмелі вирустар дискі бөлігіне зақым келтіреді.Қазіргі уақытта тиемелі вирустардың негізгі таралатын орны дискет бодғандықтан олар көп тараған.Макро вирустар макростарда н/е Visual Basic Application пограммалау тілінде жазылған программаларда ж\е программа кодының мәтінінде кездеседі. Макростар Word ж/е Excel қосымшаларында олардың мүмкіндігін кеңейту мақсатында қолданылады.Windowsтың соңғы нұсқаларында макровирустардан қорғау дұрыс шешіәмін тапқан, әйтсе де бұл жеткіліксіз болып отыр. Visual Basic Application программалау тілімен таныс қолданушы

программа кодының құрамындағы зиян кодты өздігінен танып біле алады.Троян аттары көп таралған вирустар түрі, ерекшелігі-олар компьютерге н/е оның ішіндегі сақталған ақпараттарға зақым келтірмейді.

Компьютерлік вирустардың негізгі түрлеріне мыналар жатады:

• программалық вирустар;

• жүктелетін вирустар;

• макровирустар;

Программалық вирустар – басқа қолданбалы программаның ішіне мақсатты түрде ендірілетін программалық кодалардың блогы вирусы бар программа жұмыс атқарғанда ондағы вирустық кода іске қосылады. Бұл кода қатты дискіде және басқа программаның файлдық жүйесінде пайдаланушыға көрінбейтін өзгерістер жасайды. Мысалы, вирустық кода басқа программалар денесінде өзін - өзі қайталайды. Бұл процесті көбейу деп атайды. Белгілі бір уақыт өткенне соң көшірмелердің белгілі бір санын құрған соң, программалық вирусты бүлдіру әрекетіне көшеді: - программамен ОЖ –ның жұмысын бұзады, қатты дискідегі ақпаратты жояды. Бұл процесті вирустік шабуыл деп атайды.

Программалық вирус компьютерге иілгіш дискілерден, немесе интернеттен алынған тексерілмеген программаларды іске қосқанда енеді. «Іске қосу» деген сөзге ерекше көңіл аудару қажет. Вирус жұқтырған файлдарды көшіргенде компьютерге вирус жұпайды.

Жүктелетін вирустар – программалық вирустардың жүктелетін вирустардан ерекшелігі тарату әдістерінің басқаша болуы. Олар програмалық файлдарды

емес,

магниттік тасушы иілгіш және қатты дискілер белгілі бір жүйелік аумақтарды бұзады. Сонымен бірге іске қосылып тұрған компьютерде олар уақытша жедел жадыда орналасады.

Макровирустар. Вирустың бұл түрі макроклманданы орындауға арналған құралдары бар қолданбалы программалардағы құжаттарды бүлдіреді. Мысалы, мұндай құжаттарға Місrоsоft Word (dos кеңейтуі бар) мәтіндік процессорының құжаттары жатады. Егер макрокоманданы орындалу мүмкіндігі өшірілмесе, онда құжат файл ашқанда жұқтыру басталады. Шабуыл нәтижесі арқылы болуы мүмкін, өте қауіпсіз еместей қалпына келтіруі қиын білдіруге дейін апара алады.

19.СЕРВИСТІК БАҒДАРЛАМАЛАР. ДИСКІНІ ПІШІМДЕУ ЖӘНЕ ТЕКСЕРУ БАҒДАРЛАМА ЛАРЫ. Жүйелік программалық жасақтаманың тағы да бір түрі – сервистік программалық құралдар. Сервистік программалық құралдар бір жағынан ОЖ құрамына кірмейді, екінші жағынан компьютерді басқарудың қызметші функцияларын жүзеге асыруға арналған.

Сервистік программалық құралдар – ОЖ функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтетін және толықтыратын қосымша құралдар. Мұндай құралдарға келесілер жатады:

-  қызметші программалар;

-  мәліметтерді архивтеу құралдары;

-  антивирустық программалар;

Қызметші программалар магниттік дискілермен әртүрлі сервистік қызмет түрлерін атқаруға мүмкіндік береді. Мұндай қызмет түрлері:

-  дискілерді пішімдеу;

-  дискілерді дефрагментациялау (үзіндісіздендіру);

-  дискіні қателікке тексеру;

-  дискілерді тазарту;

Дискіні (иілгіш, қатқыл, т.с.с.) пішімдеу. Бұл диск бетін онда мәлімет жазылатындай етіп адрестелген элементтерге (сызық-жолдарға және секторларға) жіктеу процедурасы. Ол көбінесе дискіні бірінші рет пайдалану алдында қолданылады. Дискіні пішімдеу оған осыған дейін жазылған мәліметтердің бәрін жояды. Дискіні пішімдеу ОЖ-нің арнайы стандартты программасы көмегімен жүзеге асады, оны сәйкес дискінің контекстік менюінен іске қосуға болады.

Дискілерді дефрагментациялау. Файлдық жүйелер (мысалы FAT 16, FAT 32) файлдарды дискілерде сақтағанда оның бөліктерінің (кластерлерінің) арасында бос орындар қалдыруы мүмкін, яғни файл араларында бос орын бар әртүрлі көршілес емес бөліктерге орналасуы мүмкін. Мұндай файлдарға қатынау уақыты, көршілес бөліктерде тізбектеп орналасқан файлдарға қарағанда көбірек болады. Сонымен қатар дискілік жады үнемсіз қолданылады. Сондықтан дискілерді периодты түрде дефрагментациялап отыру қажет.Дефрагментациялау (үзіндісіздендіру) – файлды дискінің бір жерінде ғана тізбектеліп орналастыру үшін әр бөліктерде орналасқан ақпараттарды бір орыннан екінші орындарға тасымалдайтын ұзақ процедура. Сөйтіп дискінің шапшаңдығы арттырылады. Стандартты дефрагментациялау қызметші программасын Бас менюдегі  Программы   Стандартные   Служебные   Дефрагментация диска  командалар тізбегі арқылы іске қосуға болады.

Дискіні қателікке тексеру. Дискіні пайдалану барысында онымен жұмыс істеуде болған жаңылысулардан туған қателіктер пайда болуы мүмкін. Олардың кейбірін дискіні пішімдемей жөндеуге болады, ол үшін стандартты дискіні тексеру қызметші программасы қолданылады. Бұл программаны да Бас Менюден іске қосуға болады (Пуск   Программы   Стандартные   Служебные   Проверка диска).  Ол файлдық жүйенің тұтастығын және диск бетін тексереді. Бұл программа көмегімен жөнделмейтін қателерді арнайы утилиттердің көмегімен (мысалы, Norton Doctor) жөндеуді жүзеге асырады.

Дискіні тазалау. Дискіні тазалау – дискілік кеңістікті әртүрлі қажетсіз файлдардан босату. Қажетсіз файлдарға: уақытша, резервтік, қолданылмайтын және файл – көшірмелер жатады. Дискіні тазалау Windows жүйесінде арнайы утилиттердің (Norton Utilites құрамылдағы) көмегімен жүзеге асырылады. Бұл утилиттерді Бас меню арқылы іске қосуға болады. Пайдаланушы утилит қызметінің соңында пайда болған тізімдегі файлдары не архивтеуіне, не басқа орынға жіберуіне, не жоюына болады.

Мәліметтерді архивтеу құралдары. Ақпараттарды сақтау да, тасымалдау да ақпараттық үрдіс мүшелеріне арзанға түспейді. Ал көптеген ақпараттарға (мәліметтерге) тән қасиет – олардың артықтығы. Сондықтан мәліметтерді архивке орналастыру және байланыс арнасы арқылы жіберу қажет болған жағдайларда оларды алдына ала қысу, сығу үрдісін орындау, яғни архивтеу керек. Бұл операцияны орындайтын программалық құралдарды архивтеуші программа деп атайды. Сығылатын мәліметтердің қандай объектілерде орналасқанына байланысты:

-  файлдарды архивтеу (тығыздау);

-  қаптамаларды архивтеу (тығыздау);

-  дискілерді тығыздау

операцияларын анықтайды. Файлдарды архивтеуді оларды байланыс арнасы арқылы жіберерде және көлемі аз (мысалы, иілгіш диск) сыртқы тасуышта сақтау алдында қолданады. Қаптамаларды архивтеуді мәліметтерді ұзақ уақытқа сақтау үшін көшірмелер жасауда қолданады. Дискілерді тығыздауды олардың жұмысшы аумағын арттыру үшін (көбінесе көлемі аз дискілер үшін) қолданады.

20. Типтік логикалық құрылғылар

Триггер (Trigger, flip-flop) —

- екі орнықты қалып-күйінің біреуінде ғана болатын цифрлық техниканың элементі. Екілік жүйеде берілген ақпаратты сақтау үшін қолданылады. Триггердің RS, JK, Т, D, DV жөне т.б. түрлері болады;

- оқиға мен программалық процесс арасындағы байланыс. Мысалы, триггерлер (қосылған, жалғастырылған процедуралар) — Visual FoxPro оқиғаларының қызметтік көрінісі. Олар кестедегі (мәліметтер базасындағы) жазбаларды күру, өзгерту немесе жою кезінде не болып жатқанын бақылауға мүкіндік береді;

- екі түрақты қалып-күйдегі электронды логикалық схема

Қосындылауыш (adder – сумматор) – компьютер процессорындағы арифметикалық қосу амалын орындайтын цифрлық сұлбалардың негізгі бөлігі. Қосындылауыш екілік сандармен жұмыс істейтін бір разрядты қосындылауыштар тізбегінен тұрады. Байланысу тәсілдеріне қарай бір разрядты қосындылауыштар тізбекті, параллель немесе тізбекті-параллель болып, ал жасалу принципіне байланысты комбинациялық, жинақтайтын және амплитудалық түрлерге бөлінеді. Қосындылауыштар қосу амалымен қатар, алу, көбейту, бөлу және логик. операцияларды да (логикалық қосу мен көбейту және 2 модулі бойынша қосу) орындайды.

Регистр( лат. regіstrum — тізім, regestum — енгізілген, жазылған )

өңделетін немесе басқарушы ақпараттарды сақтауға арналған, 32 биттен тұратын процессордың, шапшаң істейтін жадтың шағын бөлігі;

есептеу құрылғысының бір санды немесе сөзді уақытша сақтауға арналған шағын көлемді жад блогы;процессордағы аса шапшаң әрекетті жадтың құрылғысы немесе операндтармен жөне микросхемамен орындалатын нәтижені уақытша сақтауға арналған аса үлкен интегралдық схема; процессорларда — командалар мен мәліметтерді аралық сақтауға арналған разрядтығы әр түрлі арнайы ұяшықтар (registr). Дербес компьютерде программалау кезінде регистрлер тек Ассемблер тілінде немесе "төменгі" деңгейлі тілде жұмыс істейтін программалаушыларға ғана қолайлы болады;

алфавиттік-цифрлық ақпараты теру және өңдеу кезінде төменгі регистр (lower — case) кіші әріптерге, ал жоғарғы регистр (upper — case) бас әріптерге сәйкес келеді.Музыкалық аспап немесе әнші дауысының белгілі бір биіктікте орналасқан дыбыс диапазонының бөлігі.Кейбір үрмелі және тілді музыкалық аспаптарда — бірыңғай тембрдегі түтіктер тобы.Регистр үшке бөлінеді:

жоғарғы Ортаңғы Төменгі.

Әр Регистрдің дыбыс бояуы (тембрі) әр түрлі болады. Орган муз. аспабының дыбыс шығаратын және түрлі бұрауға түсірілген трубаларын да Регистр дейді. Бірақ мұндағы дыбыс бояуы бірдей. Муз. аспаптың қай-қайсысының да болсын негізгі үш Регистрі болады. Мысалы: Регистр фортепьяно клавиатурасында былай орналасады: субконтроктава, контроктава және үлкен октава — төм., кіші және бірінші октава — ортаңғы, екінші, үшінші және одан жоғары қарай — жоғ. Регистр құрайды. Регистр әнші дауысында дауыс тембріне, диапазонына қарайды. Сондықтан әншілер дауысы сопрано, тенор, мецдо-сопрано, баритон, контральто, бас деп жоғ., ортаңғы және төм. дауыстарға бөлінеді.

Шифратор — импульстерді кодтауға (шифрлауға), яғни берілетін пәрмендерді (мысалы, ракетаға) шартты белгілерге (сигналдарға) айналдыратын телебасқарушы және телеөлшегіш кондырғылардың тасымалдаушы негізгі блоктарының бірі. Қабылдағыш кемерлік аппаратура берілген импульстің қай пәрменге жататынын ажыратуы үшін соңғысы белгілі ара қашықтықта, әрбір пәрмен үшін қатаң тіркеспен берілуі тиіс. Шифраторға сондай-ақ нөсер разряды мен немесе қарсыластар туғызатын өндірістік кедергілер мен радиокедергілер әсер етуі мүмкін. Кемердегі қабылдагыш шифрлаған командалар дешифраторға түсіп, анықталады.

Дешифратор - кірістеріндегі сигналдар комбинациясының әрқайсысына шығыстарының тек қана біреуінде сигнал сәйкес келетін комбинацяилық логикалық схема. Дешифраторлар басқарушы жүйелерде кірістердегі сигналдар комбинациясына байланысты. Осы және басқа тізбектерге басқарушы әрекеттерді беру үшін қолданылады. Сонымен қатар дешифраторлар кодтарды түрлендіруде мысалы, екілікті немесе екілік оңдықты оңдыққа түрлендіруде кең қолданылады. Дешифратор газ разрядты индикаторлармен жұмыс істеугне арналған. Дешифраторға кері функцияны атқаратын құрылғы шифратор немесе кодер деп аталады.

Дешифратор (фр. dechiffrer - шешу) — байланыста ұшақтарда, телебасқаруда тек дұрыс кодталған сигналдар мен пәрмендерді қабылдауға, сондай-ақ оларды ракетанын, ұшақтын атқарушы орғандарына әсер ететін сигналдарға айналдыруға арналған құрал. Қабылдаушы кондырғыға түсетін көптеген электр импульетерінін ішінен дешифратор тек белгілі бір импульстер жиынтыгын кабылдайды. Атмосфералық разрядтар мен қарсыластар жасаған кедергілер дешифраторға әсер етпейді және оларды атқарушы орғандарга жібермейді

21. ҚО-ды ұйымдастырудың теориялық негіздері

Қашықтықтықтан оқыту (ҚО) - білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен студенттің территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.

Қашықтықтықтан оқыту технологиясының кейс және желілік технология деген түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады.

Қашықтықтан оқыту технологиясынын дамуына Интернеттің әсерін бағалау қиын. Ол ара қашықтықтықты қысқартумен қатар, оқытушы мен студентке анағұрлым көп еркіндік береді. Енді тыңдаушы немесе студент тапсырмалар және тестпен өзіне ыңғайлы уақытта айналыса алады. Оқытушы материал мазмұньн жедел түрде өзгерте алады. Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуы - біздің білім беру жүйесінің болашағы болып табылады. Шетелде күндізгі немесе қашықтықтан білім берудің қайсысының дұрыстығы жөнінде сөз де болмайды. Өйткені, басты орынды қашан да сапалы білім алады.

Қашықтықтан оқытуда өз бетінше жүргізілетін жұмысты сөзжұмбақтар, шарада немесе тапсырмалар арқылы ұйымдастыру, жаңа тақырыптарды меңгеру үшін өте ыңғайлы. Қашықтықтан оқытудың жетістігі - оқытушының өзінің қатысуынсыз оқушылар назарын өзінен тыс қалдырмауға қабілеттілігіне байланысты болады. Жаңа тақырып бойынша берілетін материал баспаға шығарылған түрде қашықтықтан оқыту курсында электрондық түрде немесе электрондық оқулық түрінде беріледі. Жаңа тақырыпты бұлай баяндау кезінде сабақтың басты элементі форум немесе чат болып табылады. Мұндай баяндаулар алдын ала жоспарланып, алдын ала даярланған сценарий бойынша жүргізіледі. Оқу үрдісіне тьютор белсенді қатысады. Қашықтықтан оқытуда жаңа материалды баяндаудың тағы бір нұсқасы виртуалды шебер. Әдетте оқу материалын баяндау және талқылау бір мезгілде жургізіледі.

Қашықтықтан оқыту жүйесін әрқайсысы өз кезегінде бірнеше компоненттерден тұратын үш компоненттің жиыны ретінде карастыруға болады. Олар:

Дидактикалық жүйе;

Технологиялық жүйе;

Қамтамасыз ету жүйелері.

Қашықтықтан оқыту үшін оқытудың жалпы дидактикалык бес әдісін қолдануға болады:

1. Ақпараттық-рецептивті;

2. Репродуктивті;

3. Мәселелік мазмұндау;

4. Әвристикалық;

5. Зерттеу;

22. «Электронды үкімет» бағдарламасының мақсаты мен міндеттері

  • Бағдарламаның мақсаты азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттiк қызмет көрсетулерге жылдам әрі сапалы қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету және АКТ-ны кеңiнен қолдану арқылы мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеу тиiмдiлігін арттыру болып табылады.

  • Аталған мақсаттарға жету үшiн мынадай мiндеттердi орындау керек:

  • мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға ақпараттық қоғам жағдайларында жұмыс iстеуге мүмкiндiк беретiн нормативтік құқықтық және әдiснамалық база құру;

  • мемлекеттік органдардың e-қызмет көрсетулерін қалыптастыру мен дамыту;

  • Е-үкiметтiң қызмет көрсетулеріне қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық теңсiздiктi жою және АКТ саласында бiлiм деңгейiн арттыру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру;

  • e-үкiмет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру және мемлекеттiк органдардағы ақпараттық инфрақұрылымды оңтайландыру;

  • е-үкiметтiң ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету.

БЛОК 2

1. АНТИВИРУС БАҒДАРЛАМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖҰМЫС ЖАСАУ ПРИНЦИПТЕРІ. Антивирустік программалар – компьютерден вирустарды жұқ-тырған бағдарламаларды табуға, емдеуге сондай – ақ вирус жұқтырудың алдынт алуға арналған бағдарлама.Бүгінгі таңда вирусқа қарсы бағдарламалардың алуан түрі бар: Dr.Web, Norton Antivirus, Каспер-ский ж.т.б. Dr.Web антивирустық прог-сы 1994 жылы шықты. Бұрт программа құралы компьютердің жадында сақтау прог-дағы белгілі вирустарды іздестіріп, табылған вирусты дискіден қоюды орындайды.Norton Antivirus 2000 ж WINDOWS үшін осы заманға Corporation фирмасының вируста-ры тауып, залалсыздандыру б\ша үлкен мүмкіндікке ие. Касперский антивирусы – ең танымал вирусқа қарсы бағдарла-маның бірі. Компьютерге орнату кезінде Касперский антивирусы тұрғылықты дискіде орналасқан нысанның мәтінмәндік мәзіріне құрамдасып, өз тобын бастау бас мәзіріне үстейді Детекторлар программалары (McAfee Associates-тен Scan, Norton Antivirus және “Диалог-МГУ”-дан AVSP) бірнеше әйгілі вирустарды табу үшін қолданылады.

2.Флаги немесе доктор (Д.Н. Лозинскийдің Aids Test, “Диалог-МГУ”-дан AVSP-сы) дискілерді немесе бұзылған программаларды “жазады” (тазалайды), бұзылған программалардан вирус денесін “тістеп алу” арқылы программаларды вируспен бұзылмаған кездегідей бастапқы қалыпқа келтіреді. Фаг-программалар – зақымдалған программалардағы нақты вирусты өшірудің арнайы программалары.

3.Ревизор (тексеруші) программалар (“Диалог-наука”-дан Adinf+AdinfExt) – бірінші дискінің жүйелік аймақтары және программа күйі жайлы ақпараттарды есіне сақтап, содан кейін оны бастапқы күйімен салыстыра отырып тексереді. Олардың салыстыруында келіспеушіліктер болса, онда ол туралы пайдаланушыға хабарлайды.

4.Ревизор (тексеруші) докторлар – ревизорлар мен докторлардың қызметін атқарады, яғни программалар тек өзгерулерді ғана көріп қоймай, сонымен қатар ол өзгерулерді автоматты түрде бастапқы қалыпқа келтіруге бар жағдай жасайды.

5.Фильтр программалары (-D, FlueShot Plus) резидентті түрде компьютердің жедел жадысына орнатылады да көбею және қауіп төндіру үшін вирустар қолданатын операциялық жүйеге түсетін хабарламаларды жолдарынан ұстап алып ол туралы пайдаланушыларға хабарлайды.

6.Вакцина – программалары (немесе иммунизаторлар), дискілерді немесе программаларды оның жұмыс нәтижесінде көрінбейтіндей етіп модификациялайды, бірақ вирус оны, яғни вакцинацияланған программаны вирусталған екен деп түсінеді.

2. АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУДЫҢ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ. Ақпаратты қорғау әдістері: ақпарттық; программалық; криптографиялық; ұйымдастырушы лық болып бөлінеді. Қорғаныстың аппараттық әдістерін қолдану мынадай техникалық құралдарды пайдалануды ұсынады:1. Тыңдалатын және жазылатын құрылғылардан қорғайтын TRD-800 категориялы радиохабарлағыштар мен магнитофондар детекторы;2.  Жасырын бейне бақылау құратын модульдік нөмірлер;3.  Ақпаратты жеткізудің дұрыстылығын қамтамасыз ететін ақпаратты анықтылыққа тексеру сызбалары;4.   Құпиялы құжаттарды жіберуге арналған SAFE-400 категориялы факстік хабардың скремблері.Қорғаныстың аппараттық әдістері ресурстардың үлкен шығынын талап етеді.Программалық әдістер есептеуіш алгоритмдер мен қатынауды шектеуді қамтамасыз ететін программаларды және ақпаратты рұқсатсыз пайдаланудан шығаруды ұсынады. Программалық әдістер келесі функцияларды іске асырады:1.  Идентификация, аутентификация, авторизация (Pin кодтар, парольдер жүйелері арқылы);2.  Резервті көшіру және қалпына келтіру процедуралары;3. Антивирустық программаларды белсенді қолдану және антивирустық қорларды жиі жаңартып отыру;4.  Транзакцияны өңдеу.Ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдісі – бұл ақпаратты шифрлаудың, кодтаудың немесе басқаша түрлендірудің арнайы әдісі, мұның нәтижесінде ақпарат мазмұнына криптограмма кілтінсіз және кері түрлендірмей шығу мүмкін болмайды. Криптографиялық қорғау – ең сенімді қорғау әдісі, өйткені ақпаратқа шығу емес, оның тікелей өзі қорғалады, (мысалы, әуелі тасуыш ұрланған жағдайдың өзінде ондағы шифрланған файлды оқу мүмкін емес).Мұндай қорғау әдісі стандартты операциялар немесе программалар дестесі түрінде жүзеге асырылады. Операциялық жүйенің негізіндегі қорғау көбінесе қатынас құруды басқарудың процедураларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мәліметтер қорын басқару жүйелері деңгейіндегі қорғау құралдарымен толықтырылуы керек.Қазіргі кезде ақпарат қорғаудың криптографиялық әдісінің көпшілік қаблдаған жіктеуі жоқ. Дегенмен, жіберілетін хабарламаның әрбір символы шифрлауға түскенде шартты түрде 4 негізгі топқа бөлуге болады: - ауыстыру шифрланушы мәтіннің символдары сол немесе басқа алфавит символдарымен алдын ала белгіленген ережеге сәйкес ауыстырылады; -  аналитикалық түрлендіруде шифрланушы мәтін қандай да бір аналитикалық ереже бойынша түрлендіріледі; -  орын ауыстыру шифрланушы мәтіннің символдарының орны жіберілетін мәтіннің берілген блогының шегінде қандай да бір ереже бойынша шифрланады.

Ақпаратты шифрлаудың сенімділік дәрежесі бойынша көптеген программалық өнімдер бар. Кең таралған программалардың бірі болып Циммерменн құрған Pretty Good Privacy (PGP) болып табылады. Оның криптографиялық қорғау құралы өте күшті

3. Ақпаратты қорғаудың Криптографиялық əдістері. Ақпараттық жүйелердегі ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістері ЭЕМ өңделген н/е есте сақтау құрылғысының әр түрлі типінде сақталған ақпаратты қорғау үшін қалай қолданылса, байланыс жолдар бойынша әр түрлі элементтер арасында берілген ақпаратты жабу үшін де солай қолданылады. 1.Шифрлеу. 2.Кодтау. 3.Басқа түрлері. Шифрлеу-қорғалатын хабардың әрбір символы өзгертуге жатады. Кодтау- қорғалатын элементтердің кейбір элементтері, алдын ала таңдалған кодтармен ауыстырылады. Басқаларға н/е жеке түрлеріне-кесу, тарату ж/е мәліметтерді қысу әдістерә кіреді. Крипто жүйелер 2 классқа жүктеледі: 1. Симметриялы криптосистемелар; 2. Ассиметриялық криптосистемалар. Ассиметриялық криптожүйеде қормалған канал арқылы тек ашық кілтті ғана беруге болады, ал құпия кілтті оның генерациялық орнында сақтайды. Симметриялық криптожүйенің құпия кілтті жіберуші мен алушыға кілттерді тараудың қорғаушы каналы бойынша беру керек. Шифрлеу тәсілдері: ауыстыру, алмастыру, аналитикалық өзгерту, гаммирлеу, аралас шифрлеу. Кодтау тәсілдері: мағыналық кодтау, символдық кодтау. Ақпаратты жүйелерді қорғаудың мақсаты- қауіп-қатерге әрекеттер: 1. Өңделген ақпараттың жасырын бұзылу қатері. 2.Өңделген ақпараттың бүтіндігінің бұзылу қатері. 3.Жүйенің жұмыс істеуінің бұзылу қатері. Ақпаратты жабу құралдарын қолдану тәсілі бойынша ағымдық ж/е блоктық цифрлеу деп бөледі. Ағымдық шифрлеуде бастапқы мәтіннің әр символы басқалардан тәуелсіз өзгереді. Сондықтан мұндай өзгеру байланыс арнасы бойынша мәліметтерді берумен біруақытта жүзеге асуы мүмкін. Блоктық шифрлеуде жабық бастапқы мәтіннің кейбір символдар блогі біруақытта өзгереді, сонымен қатар блогтар негізіндегі символдардың өзгеруі өзара тәуелді болады. Кейбір аралас блоктардағы символдардың өзгеруі арасында да тәуелділік болуы мүмкін. Криптоталдау- кілтке шифрленген хабардың бастапқы мәтініне ашу жайлы ғылым. Криптожүйелерге негізінде бірнеше тараптар да қойылады.

4.-сұрақ. Компьютерлік жүйе құралдарын қорғау критерийлері.

Жүйені қорғау. Жұмыстада да, үйде де- компьтеріңізге пайдаланушылардың қолы жетууууін, мүмкіндігінше, әрқашан және қайда болмасын шектеңіз. Бұл үшін компьютерді зааттай орналастыружәне парольмен қорғау сияқты мүмкіндіктерді қарастыруға болады. Бұл шығу тегі белгісіз программамен қамтамасыз ету көмегімен жанама жетуге де қатысты, бұл вирус программасы немесе Троян аты болуы мүмкін.

Ақпаратты қорғау ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.

Ақпараттық қауіпсіздік режимін қалыптастыру кешендік мәселе болып табылады. Оны шешу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық, программалық, техникалық шаралар қажет.

Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды 3 жайын атап кетуге болады:

  • қол жеткізерлік (оңтайлық),

  • тұтастық,

  • жасырындылық.