Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ZhOZh_darys_ZU.docx
Скачиваний:
144
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
102.7 Кб
Скачать

6.1. Шаруааралық жерге орналастыру ұгымы, оның мақсат-міндеттері мен мазмұны.

  1. Шаруааралық жерге орналастыру процесі.

Жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарды құру және әзгерту, халықшаруашылық салаларының муқтаждықтарына сай жерді бөлу және қайта бөлу, шаруааралық жерге орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Шаруааралық жерге орналастырудың осы ic-қимылдарына қарай жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларлық құқықтары мен міндеттері және осы арқылы жер пайдалану жөніндегі әлеуметтік-экономикалық қатынастары.

Сонымен қатар шаруашылық жургізу жағдайлары өзгеріп отырады. Демек, шаруашылық аралық жерге орналастыру - техникалық және құқықтың ic-қимылдар арқылы жүзеге асыратын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және техникалық шаралар жүйесі.

Учаске мекемелерінің өзгеруі, оған иеленуге (пайдалануға) құқықтық тууы, қағида бойынша, шаруашылақ аралық жерге орналастырудың нәтижесі болып табылады. Бұл құқық кеңістік аспектісіне шаруашылық аралық жерге орналастыру арқылы белгіленген мекемелермен шектеледі. Бірақта, шаруашылық аралық жерге орналастырудың мәш тек мәселерді жүрізуге емес. Жалпы алғанда оның мағынасы кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің жер иеленушіліктерін (жер пайдаланушылықтарын) құруды, реттестіруді немесе өзгертуін, оларды экономика жағынан тиімді Түрде орналастыруды, қолайлы құрылымдарын белгілеуді қамтиды.

Шаруашылық аралық жерге орналастыруды жүзеге асыра отырып 6ip қатар принциптерді нұскау ретінде қолдану қажет. Соның ішінде:

  • республиканың жер туралы заңдарын қатал ескеру, жер пайдаланушылықтар, жер иеленушіліктердің мәселелерінің турақтылығын қамтамасыз ету;

  • жердің ысырапсыз және тиімді, ғылым тұрғыдан негізделген пайдалуын, ауыл шаруашылыгының жерге деген приоритетін қамтамасыз ету;

  • әрбір жер пайдаланушыға өзінің міндеттерін ойдағыдай атқаруға, өндірісінің тиімділігін арттыруға қолайлы кеңістік жағдайлар жасау;

  • жер мен басқа табиғи ресурстарды қорғауға жан-жақты мүмкшілік жасау.

Жер пайдаланушылықтар мен жер иеленушіліктер жуйесі шаруааралық жерге орналастырудың объектісі болып табылады. Бұл қағида бойынша әкімшілік аудан немесе 6ip топ мәжіліс орналасқан жер пайдаланушылықтар мен жер иеленушіліктер.

Шаруашылық аралық жерге орналстырудың міндет-мақсаттары сан алуан. Дегенмен, оларды екі топқа түйістіруге болады:

- жердің ысырапсыз пайдалануын және қорғалуын ұйымдастыру; өндірісті территория жағынан ұйымдастыру.

Осылармен 6ipгe шаруаарлық жерге орналастыру арқылы жердің негізгі мақсаттық қызметі белгіленеді, халыкшаруашылық салалары мен жеке пайдаланушыларға (иеленушілерге) жер үлестері бөлінеді және соңғылардың дұрыс орналасуы анықталады.

Сонымен қатар шаруаралық жерге орналастыруға жер пайдаланушылықтар мен жер иеленушіліктерді өндірістің талаптарына қарай өнемі жетілдіріп отыру міндетті жүктеледі.

Шаруашылық аралық жерге орналастыру екі түрлі тармаққа бөлінеді:

  • ауылшаруашылық кәсіпорындардың жер иеленушіліктерін құру;

  • ауылшаруашылық емес мақсаттағы жер пайдаланушылықтарды құру.

  • жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың қaзіргі күні зерттеліп жерге орналастыру қажеттілігін тудырған себептер анықталады және сол себептерді жою жолдары белгіленеді;

  • мүдделі жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың талаптары айқындалады, оларды қанағаттандыру мүмкіншілктері қарастырылады;

  • жобалау тапсырмасы жасалып қарастырылады және бектіледі.

Жалпы алғанда дайындығы жұмыстар камералдық дайындау мен далалық зерттеуден турады. Камералдық жерге орналастырулық дайындалудың мақсаты жан- жақты негізделген жобаның жасалуын қамтамасыз ету. Бұл жұмыс жерге орналастыру процесіне қатысушыларды анықтаумен олардың тізімін жасаудан басталады. Содан кейін мынандай материалдар мен құжатар жиналып зерттеледі:

  • жерге орналастыру жөніндегі өтініштер, шешімдер, каулылар;

  • жерге орналастыру процесінде қатысатын шаруашылықтар мен кәсіпорындардың мақсат-міндеттері мен даму перспективалары жөніндегі мағлұматтар;

  • аудандық және облыстық жерге орналстыру схемалары;

  • жерді пайдалануға құқық беретін кұжаттар;

жерді есепке алу және бағалау женіндегі қадастарлық меліметтер;

  • жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың қолайлы масштабтағы жеке және жалпы пландары;

  • бұрыңғы жургізілген жерге орналстыру материалдары;

  • топырақ, геоботаника, мелиорация, су шаруашылығы және басқалары жөніндегі зерттеу-іздестіру материалдары;

  • мелиорация, суандыру жене сол теріздес жобалар;

жерге орналастыруға тартылған кесіпорындардың өндірістің нәтижелерін сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер;

- шаруашылық орталықтар, соларда тұратын жұрт және өндірістік құрылыстар тұралы мағлұматтар.

Әрине, бұл құжаттардан тізімі жобаның түрі мен міндет-мақстатарына қарай өзгеріп отыруы мүмкін.

Камералдык дайындаудың нәтижелеріне қарай далалық зерттеу жұмыстарының келемі белгшенеді. Олардың макеты жетіспейтін материалдардың орнын толықтыру. Зерттеу жұмыстарын жерге орналастыру женіндегі жобалау институттарының мамандары мен шаруашылық өкілдері жүргізеді. Керекті жағдайларда бұған басқа да мамандар қатысуы мүмкін.

Далалық зерттеу арқылы жиналған материалдардың натураға сәйкестігі айкындалады. Бұнда да жұмыстардың келемі мен тізімі жобаның алдына койылған мақсат-міндеттеріне байланысты.

Далалық зерттеу нетижелері бойынша арнайы далалық; зерттеу актісі мен сызбасы жасалады. Біріншісінде цифрлік мәліметтер, ал екіншісінде жер иеленушілік пен жер пайдаланушылықтардың жер үлестері мен өндірістік бөлімшелердің мәжелері, елді мекендер, магистральдық жолдар, мал айдау трассалары, су кездері және көптеген басқа мағлұматтар көрсетіледі. Содан кейін камералдық дайындалу және далалық зерттеу арқылы жиналған материалдардың негізінде жобалау тапсырмасы жасалады. Бұл құжатта мынандай мәліметтер қамтылады:

- жобалау объектісі;

жобалаудың кезендері мен мерзімдері;

қажетті шаралар жуйесі;

- жерге орналстыруға дейінгі және содан кейінгі алаптардың құрамы (жобалық экспликация);

- жерлерді игеру және жақсарту жөніндегі шаралар жуйесі;

- ауылшаруашылық өндірісітің негізгі көрсеткіштері;

- ауылшаруашылық өндірістің орналасуы жәнемамандандырылғандығы;

Жалпы алғанда шаруааралық жерге орналастырудың мазмұны мынандай ic- әрекеттерді қамтиды:

  1. ауылшаруашылық кәсіпорындарының жер иеленушіліктерін құру;

  2. жер иеленушіліктер мен жер пайдаланашулырды үнемі реттеттіріп отыру;

  3. ауылшаруашылық және халықшаруашылық мұқтаждықтарға игеру үшін жаңа жерлерді іздестіру;

  4. жерді белгі беру және алып қою арқылы ауылшаруашылық емес жер пайдаланушыларды құру;

  5. елді мекендердің шептеріп белгілеу және өзгерту.

Қойылған мақсат-міндеттеріне, жобалау объектісіне, аймактық табиғи ерекшеліктерге қарай шаруааралық жерге орналастырудың маңызы, жүзеге асыру реттілігі, әдістемесі өзгеріп отырады. Осыған орай оның мынандай типтерін белгілеуге болады:

  • ауылшаруашылық кәсіпорындардың (шаруа шаруашылықтарының, совхоздардың, колхоздардың т.б.) жер иеленушіліктерін құру;

  • ауылшаруашылық кәсіпорындардың жер иеленушілктерінің кемшіліктерін жою арқылы жетілдіру;

  • суармалы егіншілікке игерілген жерлерде жаңа жер иеленушіліктерді құру;

  • игеруге іздестірілген жаңа жерлерде ауылшаруашылық кәсіпорындардың жер иеленушліктерін құру;

  • шаруааралық өндірістің бірліктердің жер массивтерін құру;

  • тау, шел басқа маусымдың жайылымдарды қайта бөлу;

  • ipi гидротехникалық құрылыстарға жер бөлініп беру және осыған байланысты жер иеленушіліктердің (жер пайдаланушылықтардың) өзгерілуінің реттестіру;

  • шағын ауылшаруашылық емес жер пайдаланушылықтарды құру;

  • сызықты құрылыстарға (темір және автомобиль жолдары, тоқтасымалдау және байланыс жуйелері, каналдар мен құбырлар) жер беліп беру;

  • елді мекендердің көптерін белгілеу және өзгерту.

Атап өткен типтер шаруааралық жерге орналастырудың мақсат-міндеттерінің, мазмұнының күрделігінің белгісі.

Шаруашылық аралық жерге орналастыру ici жоқ маңызды себептен ғана қозғалады. Жаңа жер пайдаланушылықты немесе жер иеленушілікті құру басты себептердің 6ipi болып табылады. Шаруашылық аралық жерге орналастыруды себептейтін факторларға мынандайлары жатады:

  1. Жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың кемшіліктері бар болуы;

  2. Жер иеленушіліктердің (жер пайдаланушылықтардың) аудандары мен құрамдарының шаруашылықтың өндірістік мақсаттарына сай болмауы;

3. Өндірістіңкөлемінің, шоғырлануының, мамандандырылғандығының өзгеруі;

Жаңа шаруашылық формалардың, соның ішінде шаруа шаруашылықтарының пайда болуы;

Шаруашылық аралық кооперацияның дамуы;

Жер және айнала ортаның басқа элементтерін қорғау қажеттілігі.

Бақылау сұрақтары:

1. Шаруашылық аралық жерге орналастыру принциптері

2. Шаруашылық аралық жерге орналастыру дегеніміз не?

3. Қазіргі күнгі шаруашылық аралық жерге орналастыру жағдайы және оның міндеті.

4. Жер иеленушілер және жерді пайдаланушылар жүйесі дегеніміз не?

5. Жерге орналастырудың бір түрі ретінде ШАЖО қандай топтарға бөлінеді?

7. Дәріс. ІШКІ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.

Ішкі шаруашылық жерге орналастыру (ІШЖО) – жерге орналастырудың бір түрі. Оның жобалау объектісіне – барлық ауыл шаруашылық өндірісімен айналысатын кәсіпорындар, шаруа қожалықтары, серіктестіктер, кооперативтер, акционерлік қоғамдар және т.б. жатады. Сондай-ақ, ішкі шаруашылық объектілері болуы мүмкін тағыда ғылыми-зерттеу мекемелерінің және машина сынағы станциялардың тәжірибе шаруашылықтары, жоғарғы оқу орындарының, колледж және мамандалған техникалық училищелердің оқу- тәжірибе шаруашылықтары т.б.

Ішкі шаруашылық жерге орналастырудың негізгі мақсаты- жерге орнатылған тәртіптерді ойдағыдай орындап, ауыл шаруашылық бірлестіктерге берілген тапсырманы орындау, аз шығын жұмсап, сапалы көп өнім алу, уақытымен өнімді жеткізу, адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесін шешу.

Ішкі шаруашылық жерге орналастырудың негізгі міндеті- ауыл шаруашылық айналымына жататын әр бір жер учаскесін толық, ұтымды, тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, оларды табиғат пен антропогендік әрекеттердің жағымсыз құбылыстарынан сақтау, сондай-ақ уақыт пен ресурстанды экономдау мақсатымен машина-трактор парктерін өндірістік қолдану және еңбекті ғылыми ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайды құру.

Сонымен, Ішкі шаруашылық жерге орналастыру - дегеніміз жерді, адамдардың еңбегін, а/ш техниканы тиімді пайдалану үшін, топырақ құнарлығын және басқада жердің пайдалы қасиеттерін сақтау, қорғау және жақсарту үшін, ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту үшін, әр түрлі шаруашылық құрылысындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік түрлерінің ауыл шаруашылық өндірісін аумақтық ұйымдастыру бойынша қолданылатын шаралар жүйесі.

Шаруашылықтың территориясын ұйымдастыру жолында мына мәселелер шешіледі:

1) топырақтың құнарлығын сақтау және жақсарту.

2) а/ш алқаптарды неғұрлым жақсы пайдалану жыртылатын жерлерді неғұрлым интенсивті пайдалану.

3) эрозияны тоқтату және оның болмауына әсер ету.

4) суарылатын жерлерде топырақтың тұздалмауына ирригациялық эрозияның болмауына әсер ету.

5) мәдени ландшафтарды қорғау және жаңадан құру.

6) жерді пайдалануда бос қалған жерлердің болмауына және шаруашылықты ұйымдастырудың прогрессивтік, ғылыми негізделген жүйелерін еңгізу үшін ұйымдастыру территориялық жағдай жасау.

7) адамдардың жұмыс істеуіне, дем алуына, тұрмысын жақсартуға жағдай жасау.

Жобаның мазмұны табиғи және экономикалық жағдайларға қарай әр түрлі болады. Ішкі шаруашылық жерге орналастыру мына құрам бөліктерден тұрады:

  1. өндірістік бөлімшелер мен шаруашылық орталықтарын орналастыру.

2) ішкі шаруашылық жолдарын, су шаруашылық немесе басқа инженерлік ғимараттарды орналастыру.

3) а/ш алқаптарын ұйымдастыру.

4)ауыспалы егістікті ұйымдастырып, оның территориясын орналастыру.

5) жеміс-жидек және жүзімдіктердің территориясын орналастыру (бақ, жидек, жүзімдік).

6) мал азығы алқаптары территориясын орналастыру.