Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ZhOZh_darys_ZU.docx
Скачиваний:
144
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
102.7 Кб
Скачать

2.1 Жер реформасының міндеттері және мазмұны.

  1. Жер реформасын жүргізу шарттары.

  2. Жер реформасының негізгі бағыттары.

  3. Жер реформасын жүзеге асыратын органдар.

  1. Қазақстан Республикасының жер реформасының міндеттері жерге шаруашылық жүргізудің әртүрлі формаларының тиімді жұмыс істеуі, жерді ұтымды пайдалануымен қорғауды қамтамасыз ету және осы кезде ауыл шаруашылық өнімге тұрақты түрде еселей түсуге қол жеткізу үшін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасау мақсатында жер қатынастары өзгерту болып табылады.

Жер реформасы Республика экономикалық қорықтық қатынастарға ену кезеңдерде жерді иелену мен пайдалануының сапалық жағынан жаңа құрылымын құруды қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық және ұйымдастырулық-техникалық шаруашылық жиынтығы болып табылады.

  1. Жер реформасының жүргізу шарттары мынадай:

1). Жер реформасын жүргізу кезінде әрбір азамат пен коллективтің жерді иеленудің жерді пайдалануының және жердегі шаруашылық қызметтің формаларын жаңдауда еріктілік құқығы қамтамасыз етіледі.

2). Жер реформасын жүзеге асыру кезінде жерді пайдаланудың аймақтық ерекшелері ескеріледі.

3). Жер реформасы – жерді, орманды, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін және басқа да табиғи ресурстарды қорғау талаптары ескеріле отырып Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

  1. Жер реформасының негізгі бағыттары:

- жерді неғұрлым тиімді пйдалану мүдделері үшін оны кейінен қайта бөлу аудандық кеңестерінің арнаулы жер қорын құру;

- арнаулы қордан жердің бір бөлігін ауыл шаруашылық өндірісі үшін халық маслихаттарының қалалық кеңестеріне беру;

- шаруа және өзіндік қосалқы шаруашылықты жүру, мал шаруашылықты, бағбандық, тұрғын үй, сая жай құрылысын салу және оларға күтім жасау, дәстүрлі халықтың кәсіп ийлікпен және қол өнермен айналысу үшін Қазақстан Республикасының азаматтың өмір бойы иеленуі мұрағы қалдыруына жер беруі;

- өндірістік кооперативті қайта құрған, акционерлік қоғамдық және басқа да мемлекеттік ауыл шруашылық кәсіпорынды мемлекет иеленген алып жекелендірген реттерді жерді қайта бөлу;

- селолық елді мекендерінің шекараларын белгілен, нақтылау және оларды жер шаруашылық жағынан жайғастыру;

- жер учускелерін иелену құқығы мен пайдалану құқығын беретін құжаттарды рәсімдеу және қайта рәсімдеу болып табылады.

Жер реформасын жүзеге асыратын органдар

1). Қазақстан Республикасының жоғарғы Кеңесі жер реформасын жүргізудің тәртібін, мерзімі мен шартылық белгілейді және оны өске асырылу барысында бақылауды жүзеге асырады.

Халық маслихаттарының жергілікті кеңесіні жер реформасын жүргізуді Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 12-15 статьяда болған. Өз компитенциясында сәйкес ұйымдастылылуы және оған бақылау жасайды.

2). Жер реформасын жүргізуді тікелей қамтамасыз ету үшін қазіргі жерге орналастыру қызметі Қазақстан Республикасы Министр кабинетінің құрамында Қазақстан Республикасының жер қатысы және жерге оранластыру жөніндегі мемлекеттік комитет болып қайта құрылады.

3). Қазақстан Республикасының жер қатнастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеті мен оның жергілікті жерлердегі органдары жер ресурстарын басқару саласындағы біріңғай мемлекет саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді, осы заңның статьяларына сәйкес жер реформасы жөніндегі жұмыстарының тікелей орындалуын ұйымдастырылады, шаруашылық жүргізуші әр түрлі субъектілер арасында жерді қайта бөлу жөніндегі қажетті жерге орналастыру құжаттамасын әзірлейді және халық маслихаттары кеңесінің шешімін қабылдауы үшін негізделген ұсыныстар енгізеді.

4). Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеттерінің және оның жергілікті жер органдарының функциялары мен құрылымы Қазақстан Республикасының Министр кабинеті бекітетін ережелерімен бекітіледі.

5). Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі аудандық, облыстық комитетттері өз қызметін Қазақстан Республикасы жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетінің және халық маслихаттары кеңестерінің басшылығымен жүзеге асырады.

Жер реформасын финанстық және материалдық – техникалық жағынан қамтамасыз ету. Жер реформасын жүргізу республикалық және жергілікті бюджеттер өзге де көздер есебі мен қаржыландырып – техникалық ресурстармен қажетті көлемде қамтамасыз етеді.