Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ZhOZh_darys_ZU.docx
Скачиваний:
144
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
102.7 Кб
Скачать

4.3 Жерге орналастыруды жобалау кезеңдері

Жерге орналастыру процессі бірнеше кезеңдерден тұрады:

1) Жобаны жасаудың алдынан дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бұған мынандай 6ip қатар ic-қимылдар өнеді:

  • жерге орналастыру процесіне қатысатын жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың құрамы анықталады;

  • жерге орналастыруды жүргізуге қажетті құжат-материалдар (құқықтық, план- картографиялық, іздестіру, экономикалық т.б.) жиналады;

- кәсіпорындардың шаруааралық байланыстары;

  • инфрақұрылымның орналасуы және даму деңгейі;

  • жер мен табигатты коргау женшдеп талаптар;

  • жобалық құжаттардың құрамы;

  • жобаның ықтимал варианттары және жалпы көріністері.

Жобалау тапсырмасы және далалық зерттеу актісі мен сызбасы дайьшдық жұмыстардың қорытындысы болып табылады.

2) Дайьшдық жұмыстардан кейінгі кезең - жобалау. Бұл жерге орналастыру процесінің ең жауапты және күрделі құрамдас бөлігі. Оның нәтижесінде ғылыми тұрғыдан жан-жақты негізделген жоба жасалуға тиісті.

Соңгысыньң мазмұны мен құрамы шаруашылық аралық жерге орналастырудың типіне, алдына қойылған мақсат-міндеттеріне тікелей байланысты. Сондықтан жеке жобалардың арасындағы айырмашылықтар да елеулі. Дегенмен, жобалардың кайсысы болса да графикалық белгілі (жобалық план мен баска қажетті сызбалар) мен түсініктемеден тұрады. Соңғысы жобаны экономикалық және құқықтық тұрғыдан негіздеу материалдарын қамтиды. Жалпы алғанда, жобада қағида бойынша мынандай мәселелер қарастырылады: жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың аудандарын белгілеу, оларды орналастыру және межелерін жобалау, алаптардың аудандары мен құрамын қалыптастыру.

Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасы экономикалық тұрғыдан жан-жақты негізделуге тиісті. Қабылданған жобалық шешімдер нақты есептермен дәлелденеді. Осы мақсатпен 6ip қатар экономикалық және техника-экономикалық көрсеткіштер есептеледі. Жасалған жобаның бірнеше нұсқаларынан бұл көрсеткіштер салыстырыла отырып ең тиімдісі тандалады.

3)Үшінші кезең шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын құқықтық турғыдан ресімдеуді оны қарап талқылау мен бекітуді қамтиды.

Алдынан жоба әрбір жерге орналастыруға тартылған шаруашылықтарда өндірістік кеңестс (немесе еөкілдер жиналысында) қаралады. Сонан соң ол аудандың әкімшілігіне бекітілуге жібершеді. Егерде бұл органның өкілеттілігі жеткіліксіз болса, жоба ауыл шаруашылық Министрлігінде қаралып Министрлер кабинетінде бекіледі.

4)Бекітілген жоба нақты мәніне шығарылады. Бұл кезенің мәні жер пайдаланушылықтар мен жер иеленушіліктердің жобалық мәндерін нақты мәндеріне шығарып, арнайы белгілермен бекіту. Соңғылары темірбетон, ағаш немесе басқа матсриалдардан жасалуы мүмкін. Белгілердің ара қашықтықтары 2000м аспауға тиісті. Ашық жерлерге меде жалпақтығы 20см-ден арықтармен көрсетіледі. Жобаны нақты мәніне шығару үшін жұмыс сызбасы жасалады. Жер иеленушілердің

(жер пайдаланушылардың) межелері мемлекеттің • геодезиялық торабының байланыстырадщы. Жобаны нақты мәніне шығару шаруашылық өкілдерінің қатысуымен жобалау институтының мамандары орындайды. Бұның нәтижесінде межелерді сипатгайтын хаттама мен сызба жасалады.

Соңында шаруашылыққа (кәсіпорынына) жерді иеленуге немесе пайдалануға құқық беретін мемлекетік акт тапсырылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Жоба алды өңдеулер немен қорытындыланады?

2. Аудандық жерге орналастыру схемасының қысқаша мазмұны және оны жобалау

барысында өңдеу.

3. Жерге орналастыру жобаларын топтастыру, түрлі топтар мен топшалардың түрлі ерекшелігі.

4. Жерге орналастыруды жобалау кезеңдерін атаңыз және сипаттама беріңіз.

5. Жобалық мәселелерді шешу әдістері, оларды жеке қолдану жағдайы.

6. Жоба варианттарын талдау жәнебағалау үшін қандай технико-экономикалық және экономикалық көрсеткіштер қолданылады?

5. Дәріс. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУДЫ ЖОБАЛАУДЫҢ МАЗМҰНЫ.

Республиканың жер заңдарында, үкімет пен ведомстволардың нормативтік актілерінде жерді тиімді пайдалану, оны табиғаттың теріс құбылыстары мен қырсыздықтан қорғау, ауылшаруашылық емес мақсаттарға ысырапты жұмсау ісіне басты назар аударылады. Осыған байланысты жер ресурстарын басқарудың, жерге орналастыру мен жер кадастрының, сондай-ақ аталғандарды ғылыми-әдістемелік жағынан қамсыздандырып отыратын жерге орналастыру ғылымының маңызы айтарлықтай арта түседі.

Әр түрлі мемелкеттік, қоғамдық және жекеменшік шаруашылық мұқтаждықтарына жер бөліп беру жобаларын экономикалық, құқықтық және техникалық тұрғыдан негіздеуте қойылатын талаптар күрт жоғарлады.

Жалпы жоба ұғымы әртүрлі құжаттар жиынтығы болып табылады. Жерге орналастыру жобасы - бұл жаңа жер формаларын қалыптастыру және оларды экономикалық тұрғыдан дәлелдеу жөніндегі есептер мен сызбалар жиынтығы. Республиканың бүкіл территориясы және жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларға белгіленген. Бұлар жерге орналастыруды жобалаудың объектілері болып табылады. Осы объектілерден өзгерістерді жоспарлау, оларды экономикалық және техникалық есептермен дәлелдеу, соңғылардың нәтижесінде территориялық жаңа кеңістік реттілігін қалыптастыру жерге орналастыруды жобалаудың негізгі мазмұнын құрайды. Бұл ic-қимылдардың нақты нәтижелері экономика жағынан тиімді. Алқаптар аудандары, жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылардың, шаруашылық орталықтары мен ауыспалы егістердің, сонымен катар тағы да көптеген жер реттілігіне қатысты элементтердің орналасуы мен межелері.

Жобада белгіленген шаралар агроэкономикалық, инженерлік-экономикалық және смета-қаражаттық есептермен жан-жақты мұқият дәлелденеді. Осылармен жобаның графикалық құрамына қатысты құжаттар жалпы жоба – сметалық құжаттаманы құрайды. Heгізгі құжат болып жобалық план саналады. Бұнда жер иеленушіліктің ауданы, орналасуы және мэселелері көрсетіледі. Осымен катар тағы да көптеген, жоғарыда аталып өткен, жер реттілігінің элементері план бетіне түсіріледі. Демек, жобалық план белгіленген экономика жағынан тиімді, территориялық реттестіру формаларының жалпы графикалық сипаттамасы болып табылады. Планнан басқа жобаны жер бетше түcipy мақсатымен жұмыс сызбалары жасалады. Қалған құжаттардың керектігі арнайы әдістемелік нұсқаулармен анықталады.

Жобаның жазба бөлігіне есеп-түсініктемесі, агроэкономикалық дәлелдеу және смета-қаражаттық есептер енеді. Бұл бөлігінің соңында жобаның жоспарланған тиімділігін сипаттайтын техника-экономикалық және экономикалық көрсеткіштер келтіріледі.

Жерге орналастыруды жобалаудың принциптері оның алдына қойылған мақсат- міндеттерінің түріне сай туындайды. Жалпы алғанда, жобалауды мынандай 6ip қатар қағидаларды ескере отырып жургізген қажетті.

  • барлық жерге орналастыру мәселелерін шешу барысында ондағы шаруашылық формаларының, жерге меншік және пайдалану формалары туралы заңдарды қатаң сақтау;

  • жерді аймақтарға бөлу материалдарын пайдалану;

  • халық шаруашылық барлық салалардың мұқтаждықтарын ескере отырып, ауыл шаруашылығының жерге деген приоритетін (біріншілігін) сақтау;

- ауыл еңбеккерлерінің әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық жағдайларын үнемі жақсартып отыру;

- жер иеленушілерді (жер пайдаланушыларды) үнемі жетілдіре отырып, олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- табиғи, экономикалық, әлеуметтік және экономикалық жағдайлар мен жердің кеңістік қасиеттерін мұкият ескеріп отыру.

Осы жалпы принциптерге сай жерге орналастыруды жобалаудың алдына 6ip қатар талаптар қойылады. Соның ішінде:

  • ауылшаруашылық емес мұқтаждықтарға жердің жұмсалуын шектеу;

  • жердің пайдалануын үнемі жақсартып отыру;

- жобалық шараларды экономикалық мүмкіндіктері мен бұрын қабылданған басқа инженерлік шаралар кешенімен сәйкестіре белгілеу;

  • жобалық шешімдерде шығындардың ең азын қамтамасыз ету, жерді пайдалану жөніндегі болжау және жоспарлау материалдарын барынша қолдану және олардағы жалпы принциптік шешімдерді жобаның негізгі ретінде алу;

  • жер кадастры және көптеген іздестіру жұмыстары мен зерттеулер аркылы алынған мәліметтерді толық пайдалану.

Атап өткен жалпы принциптер мен талаптардан жерге орналастыруды жобалаудың мынандай 4 ең басты принциптері туындайды:

1) Жобалық ұсыныстардың жоғары экономикалык және әлеуметтік тиімділігі.

Әрбір жобалық шешім экономика жағынан делелді болуға тиісті. Ондай делел ретінде жобалау шешімдердің жузеге асырылу нәтижесінде пайда болатын қосымша өнімді есептеу болып табылады.

2) Жерді ысырапты пайдаланудан және қолайсыз табиғи жағдайлардан қорғау. Әрбір жобалық шешім құқықтық және экологиялық турғыдан делелді болуға тиіс.

Ол үшін олардың жер заңы мен басқа, жер құнарлығын сақтау бағытталған, нормативік актілерге негізделуі қажет.

3) Жобалық мақсат-міндеттердің кешенді түрде жүзеғе асырылуы.

Жобаның құрам белшектері мен элементтері 6ip 6ipiмен, сонымен қатар болжау- жоспарлау жұмыстарының қорытындыларымен, жермен үзбес байланыстағы өндіріс құралдардың орналасуымен сәйкесті болуға тиісті.

4) Жобалауда аймақтық ерекшеліктердің ескерілуі.

Басқаша айтқанда жобалау процесінде жер қорын табиғи-ауылшаруашылық аудандау жөніндегі материалдарды толығырақ пайдалануды, сонымен 6ipre жердің кеңістік қасиеттерін ескеруді, жер кадастры мәліметтерін кең қолдануды қамтамасыз ету.

Бүкіл жобалау жұмыстары осы қысқаша сипатталып еткен жалпы талаптар мен принциптерің негізінде жүргізіледі.

Жобалау процесінің алдында 6ip қатар өте маңызды іздестіру және зерттеу жұмыстары жургізіледі. Олардың қатарына топографиялық, геодезиялық, топырақ-эрозиялық, топырақ-мелиорациялық, геоботаникалық, су шаруашылығы жөніндегілері және т.б. жатады.

Жер заңдарында елдің жер ресурстарын пайдалану жөніндегі ғылыми негізде жасалған схемаларды әзірлеу ескерілген. Республикалық бас схемамен айматық схемаларда біртұтас мемлекеттік жер қорының құрамы, оның халықшаруашылығы салаларында пайдалануылуы жөнінде ұзақ мерзімді болжаулар жасалады. Бұнда ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерге, олардың әр түрлі мелиоративтік және мәдени техникалық шаралар арқылы жақсартылуына басты назар аударылады. Әкімшілік ауданның жерге орналастыру схемасында жер пайдаланушылықтар мен жер иеле-нушіліктерді жетілдірудің негізгі багыттары, ауданның террито-риясындаорналасқан барлық шаруашылық қүрылымдардың маман-дандырылгандығы, өңдеу және жергілікті өнеркәсібінің орналасуы, қоныстану жүйесінің орналасуы мен бүкіл инфрақұрылым белгіленеді.

Барлық деңгейдегі (республикалық, облыстық жөне аудандық) жер ресурстарын пайдалану схемасы халық шаруашылығы салаларын, әсіресе агроөндірістік кешенін, оның шешуші саласын – ауыл шаруашылық өндірісін дамыту жөніндегі индикативтік және оперативтік жоспарлаудың объективтік ғылыми негізіне айналуда.

Жерге орналастыру жобалары әрдайым олардың алдында жасалған схемаларға негізделеді. Солардың ішінде жер ресурстарын пайдалану жөніндегі бас схема және облыстар мен аудандардың жерге орналастыру схемалары. Бұл құжаттардың басты мақсаттары жердің пайдалануының, оның қорғалауының ең қолайлы және тиімді бағыттарын белгілеу. Бүнда нақты жобалық шешімдері болмайды. Дегенмен, схемаларда мынадай 6ip қатар негізі мәселелер қарастырылады:

  1. жерді халықшаруашылық салалардың даму перспективаларына сәйкесті тарату және бұл іс-әрекетті өнімі жетілдірін отыру;

  1. ауылшаруашылық өнімінің келемін арттыру жөніндегі ұсыныстар жасау;

  1. ауылшарашылық өндірістің орналасуын, мамандандырылуын және шоғырландырылуын жетшдіру, сонымен 6ipгe шаруашылық кооперация мен агроөнеркәсіп интеграция жөнінде ұсыныстарды дайындау;

  1. аудандардың территориялық реттілігін жетілдіру;

  2. жерді қорғау жөніндеп шараларды белгілеу;

  3. белгіленген шаралардың тиімділігін анықтау.

Соңғы кезде, жаңа жер қатынастарының пайда болуына байланысты (аренда, шаруа шаруашылығы, кооператив т.б.), бұл схемалардың мазмұндары едәуір күрделенді. Бұл мәселе елі зерттеу стадиясы.

Әcipece көпінше аудандык схемаға бөлінеді. Бұнда жерге орналастыру женіндегі ең негізгі мәселелер бойынша принципиалды шешімдер қабылданады. Соңғылары инженерлік және басқа көптеген жобалардың негізінде алынады. Жалпы бұл құжат 15 жылдың мерзімге жасалады.

Облыстық және аудандық жерге орналастыру схемалары жерді пайдалану жөніндегі бас схеманың (республика бойынша) негізінде дайындалады.

Бас схемада жердің пайдалануы басқа өндірістің элементтерімен өзара байланыс түрде қарастырылады. Сөз болып отырған салада бұл ең күрделі және маңызды құжат болып табылады.

Жерге орналастыруда турлі-турлі жобалар болады. Бұл оның айтарлықтай ерекшелін. Әрбір жобаның мазмундамасы мен жасау әдістемесі жерге орналастыру процесінің турлері мен формаларына байланысты.

Жалпы алғанда орналастыру жобаларын екі ipi топқа белуге болады: шаруаралық және ішкі шаруашылық жерге орналастыру жөніндегілері. Бірінші топ, өз кезегінде, 2 топшаға бөлінеді- ауылшаруашылық жер иеленушілердің құрылуына және жетілдіруіне байланыстылары және ауылшаруашылық емес кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға жер белгі беруге қатыстылары.

Осылармен қатар ішкі шаруашылық жерге орналастыру тарапынан жұмысшы жобалар да жасалады. Бүндай жобалардың маңызы казіргі кезде құрт есуде. Жалпы алғанда олардың саналуын түрлері болады. Дегенмен, мазмұндарына қарағанда бұларды екі топка белуге болады:

  1. рекультивация женшдегі жобалар;

  2. табиғат қорғау, эрозияға қарсы және басқа шаралар қамтитын жобалар.

Екінші топқа кіретін жобалардың мақсаты - ауылшаруашылық өндіріске қолайлы кеністік жердің тиімді пайдалануын қамтамасыз ететін жағдайларды жасау. Жерге орналастырудың бұл тарапынан кешенді жобалардың төрт түрі бар:

  • өндірістік кооперативтердің шаруашылық жерін орналастыруды жүргізу жөніндегілері;

  • әртүрлі өндірістік бағыттардағы кәсіпорындарда жерге орналастыруды жүргізуге байланыстылары;

  • кооперативтерде, шаруа қожалықтарында ішкішаруашылық жерге орналастырудың жүргізілуіне қатыстылары;

  • суармалы және құрғату аймактарында жасалатын осындай жобалар.

Аталған кешенді ішкішаруашылық жерге орналастыру жобалар теңірегінде бірқатар жұмысшы жобалар жасалады. Бұл сортаң жерлерді тузшыландыру, суармалы жайылымдарды құру, су эрозиясына қарсы шаралар белгілеу және т.б.

Келтірілген жобалар жэне олардың алдында жасалатын құжаттар жуйесі жалпы жерге орналастырулық кешенді құрастырады.

Қазіргі жерге орналастырудың мақсаты, міндеті және мазмұны.

Қазақстан Республикасының жер заңдарында, жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жердің тиімді пайдаланылуын және қорғалуын ұйымдастыруга бағытталган шаралар жүйесі ретінде сипатталады. Бұның нәтижесінде қолайлы экологиялық жағдай қалыптасып, табиғи ландшафттар жақсаруға тиісті. Жалпы алғанда, қабылданған заңдар мен актілер - жер қатынастарын, жер иелену мен пайдалануды реттеуші негізі, ал жерге орналастыру өкіметтің және оның атқарушы органдарының осы актілерді жүзеге асыру жөніндегі тұрақты құралы болып табылады. Бірақ жерге орналастырудың экономикалық мәнін, жерде шаруашылық жүргізудің әр-түрлі формаларын ұйымдастырудағы, сонымен қатар оның басқа инженерлік-экономикалық кешендермен байланысын, жермен үзілмес байланыстағы өндіріс құралдарын (ғимараттар мен құрылыстарды, жол торабы мен гидротехникалық қондырғыларды, көп-жылдық көшеттерді және т.с.с.) орналастырудағы ролі мен маңызын толығырақ көрсете отырып, мақсатын нақтылай түскен дұрыс болар. Өндірістің, әсіресе ауылшаруашылық өндірісінің, жоғары тиімділігін қамтамасыз ету, қай салада болса да жермен байланысты еңбектің өнімділігін арттыру - жерге орналастырудың мақсаты болып табылады.

Ауыл шаруашылығы саласында жерге орналастыру ауылшаруашылық алаптарының құрамын, өндірістік бөлімшелердің, танаптардың және жұмысшы учаскелерінің, сонымен бірге ауыспалы шабындықтар мен жайылымдардың, жол торабы мен шаруашылық орталықтарының орналасуын белгілей отырып, бүкіл өндірістің ұйымдастырылуына территориялық негіз қалыптастырады.

Жерге орналастырудың осы мақсатына сәйкес оның негізгі міндетті тағайындалады. Соңғылары жер заңдарымен себептеледі және мынадайларына саяды:

- Республика заңдарының негізінде жер қатынастарын реттеу;

- жерде шаруашылық жүргізудің барлық формаларына тең даму жағдайларын жасау;

- жердің ұтымды пайдаланылуын және қорғалуын ұйымдастыру;

- топырақтың құнарлылығын ұдайы өндіру, табиғи ортаны сақтау және жақсарту, тұрақты агроландшафттарды жасау;

- жылжымайтын мүлік ретіндегі жер нарығын қалыптастыру және дамыту.

Әрбір тарихи кезеңде жерге орналастырудың мақсат-міндеттеріне қарай оның мазмұны қалыптасып отырады. Қазіргі кезде ол мынадай жерге орналастыру іс-қимылдарын қамтиды:

-республикалың, облыстық және аймақтық жерге орналастыру схемаларын (жобаларын), жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу;

-жаңа жер пайдалануларды құру, іс жүзінде барларын реттестіру жөніндегі шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын жасау, учаскелерді жер бетінде көрсету және межелерін жүргізу, оларды иеленуге немесе пайдалануга құқық беретін құжаттарды дайындау;

-елді мекендердің шекараларын (шептерін) белгілеу және жер бетінде көрсету, олардың жер шаруашылықтарын реттестіру жөніндегі жобаларды жасау;

-өкімшілік-территориялық қүрылымдардың, айрықша ңоргаудағы табиги территориялардың жөне басқа да ерекше пайдаланудағы жер учаскелерінің шекаралары мен межелерін жер бетінде көрсету;

-ішкішаруашылық жерге орналастыру жобаларын, сонымен қатар жаңа жерлерді игеруге, бүлінгендерін қалпына келтіруге жөне басқа да жердің пайдалануына немесе қорғалуына байланысты жобаларды жасау;

-жерді түгендеу, пайдаланылмай, орынды пайдаланылмай немесе берілген мақсатына сәйкес емес пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау;

-топографиялық - геодезиялық, картографиялық, топырақ, геоботаникалық және басқа зерттеу-іздестіру жұмыстарын орындау;

-жер кадастры мен мониторингін жүргізу;

-жер ресурстарының күйі мен пайдалану жөніндегі кадастрлық және тақырыптық карталар мен атластарды жасау;

-жерді бағалау жұмыстарын жүргізу.

Заң бойынша жерге орналастыру іс-қимылдарына әкімшілік-территориялық құрылымдардың (облыстар мен аудандардың) шекараларын жер бетіне түсіру жатады. Бұндай іс-қимылдар ретінде ҚР мемлекеттік шекараларын делимитациялау жөне демаркациялау жөніндегі жұмыстарды да қарастыруга болады.

Жерге орналастыру мазмұнының ең көлемді бөлігі болып ішкі-шаруашылық жерге орналастыру жөне ауылшаруашылық алқаптарын жақсарту жөніндегі жұмыс жобаларды дайындау табылады.

Жердің ауылшаруашылық өндірістің басты құралы ретінде ұйымдастырылуының нәтижесінде, агроландшафттың экологиялық тепетеңдігі және сонымен бірге нарықтық жағдайдайларда ұдайы өндірісті жүргізуге қажетті тұрақты кіріс қамтамасыз етіледі.

Ішкішаруашылық жерге орналастыру жобаларын жасау барысында жеке іс-қимыл ретінде жерді есепке алу мәліметтерін нақтылау, пайдаланылмай немесе нысаналы түрде пайдаланылмай жатқан жерлерді айқындау мақсатымен жерді түгендеу жүргізіледі. Бұның нәтижесінде арнайы жер қорын қалыптастыруға қажетті жер учаскелері де анықталып отырады.

Жерді пайдалану, жақсарту жөне қорғау жөніндегі өртүрлі жұмыс жобаларымен қатар, пайдалы қазбаларды өндіру немесе басқа антропогендік ықпалдардың салдарынан бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобалары жасалады.

Жерге орналастыру іс-қимылдарына осылармен бірге топографиялық - геодезиялық, картографиялық, топырақ, геоботаникалық және басқа да зерттеу-іздестіру жұмыстарын, жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу, кадастрлық және тақырыптық карталар меы атластарды жасау, жерді бағалау жұмыстарын орындау жатады.

Жерге орналастырудың негізгі міндеті - ғылыми-техникалық прогрестің деңгейіне сәйкес жер ресурстарының ұтымды пайдалануы мен қорғалуын ұйымдастыру. Сондықтан да ол өндіргіш күштерінің дамуына қарай үнемі өзгертіліп және жетілдіріп отыруға тиісті.

Бақылау сұрақтары:

1. Жерге орналастыруды жобалаудың пайда болу тарихы және дамуы.

2. Қазіргі кездегі жерге орналастыруды жобалау мазмұны міндеті.

3. Жерге орналастыруды жобалау объектісіне не жатады?

4. Жерге орналастыруды жобалаудың нақты нәтижелерін атаңыз?

5. Жерге орналастыруды жобалаудың принциптері.

6. Дәріс. ШАРУАШЫЛЫҚ АРАЛЫҚ ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.