Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ZhOZh_darys_ZU.docx
Скачиваний:
144
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
102.7 Кб
Скачать

Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасының құрылымы

Негізгі құрамдары

Элементтер

1

Өндіріс бөлімшелерін және шаруашылық орталықтарын орналастыру

Өндіріс бөлімшелерінің құрамын, санын және мөлшерін белгілеу.

Орналастыру:

  • шаруашылық орталықтарын;

  • өндіріс бөлімшелерінің жер бөліктерін

(массивтерін).

2

Ішкі шаруашылық жолдарын, су шаруашылық және басқа инженерлік ғимараттарды орналастыру

Орналастыру:

  • ішкі шаруашылық жолдарын;

  • жалпы шаруашылық объектілері мен территориялық инженерлік;

  • жалпы шаруашылық инженерлік объектілерін.

3

А/ш алқаптары ұйымдастыру

А/ш алқаптар трансформациялау, өндеу және орналастыру.

А/ш алқаптардық құрамын, өзгере қатынасын бекіту және оларды орналастыру.

4

Ауыспалы егістік жүйелерін ұйымдастырып, олардың территорияларын орналастыру

Ауыспалы егістіктердің түрін (типтерін) санын, көлемін таңдап алу.

Орналастыру:

-ауыспалы егістік жер бљліктерін орналастырып, оларды бригад. бекіту;

-ауыспалы егістік танаптарын орналастыру;

-танап ќорѓау орман жолаќтарын;

-танаптыќ жолдар;

-далалыќ стан жђне автолыќ ќызмет кљрсету алањдары.

5

Жеміс-жидек егістері территорияларын орналастыру

Орналастыру:

  • породалары мен сорттарын;

  • кварталдары мен бригадалыќ учаскелері (жџзімдіктер џшін-клеткалар);

  • жолдарды, ќорѓау орман жолаќтарын, кљмекші шаруашылыќ орталыќтарын, су кљздерін, суландыру жђне ќўрѓату жџйелері;

  • жидектер љсетін территориясына орналастыру;

  • жеміс жђне жџзімдіктер питомниктарыныњ территориясыныњ орнын белгілеу орналастыру.

6

Жем-шөп а/ш алқаптардың территориясын орналастыру

Жайылымдарды ферма немесе мал топтарына бекіту.

Ауыспалы жойылымды ўйымдастыру және олардың танаптарын орналастыру.

Орналастыру:

  • гурттыќ (отарлыќ) жерлерді;

  • жазѓы лагерлердегі әр жайылу ќоршауларын;

  • мал өтетін жолдар;

  • су көздерін және су ішетін пунктлер.

Ауыспалы шабындыќтарды ўйымдастыру және олардың территориясын орналастыру (танаптарды, жолдарды).

Шаруашылық жерін орналастыру жобасындағы дайындық жұмыстары.

Шаруашылық жерін орналастыру жобасын негіздеу үшін шаруашылықтың жерін сипаттайтын құжаттар мен материалдар жиналу керек: қазіргі кездегі ќалыптасќан территориясының орналасуы; шаруашылыќ салаларының ќазіргі кездегі жайы және әрќарай дамуы жайындаѓы деректер. Барлыќ деректерді дайындыќ жўмыстары арќылы жинап алынады.

Камералдық дайындық жұмыстарына деректерді, құжаттарды жинау, жүйелеу және зерттеу жұмыстары жатады.

Мына құжаттар жиналады: пландық-картографиялық, жер-кадастрлық, зерттеу материалдары салалардың экономикалық жағдайы жайында деректер, шаруашылықтың орналасқан зонасының агроклиматтық жағдайы жайында, шаруашылықтың әріқарай дамуы, территориясының орналасуы (организация) жайында перспективалық болжамдар, бұрынғы жасалған жобалар және т.б.

Жоспарлы-картографиялық материалдар - жер пайлалану жоспары, әр түрлі жүргізілген зерттеу жұмыстарының сызбалары (топырақ, топырақ-эрозиялық, топырақ-мелиоративтік, геоботаникалық, т.б.)

Жер пайдалану жоспары – жобалау жұмыстарының техникалық негізі.

Көбінесе план ретінде аэрофототүсіріс арқылы жасалған пландық материалдардың кешенін алады, кейде жер бетіндегі өлшеу жұмыстары арқылы жасалған жоспарлар қолданылады. Елімізде аймақтар бойынша әр түрлі масштабтағы жоспарлар қолданылады: 1:5000 тан 1:50000 ға дейін. Масштабты таңдау жер пайдаланушылықтың өлшеміне, оның конфигурациясына, контурлық ситуациялардың санына, олардың көлеміне, бедердің күрделілігіне, алқаптарды пайлдалану интенсивтік дәрежесіне және т.б. байланысты болады. Суарылатын жерлерде, жеміс және жүзім өсетін жерлерде ірі масштабты план жасалынады 1:5000 тан 1:10000 ға дейін. Ұсақ контурлы жерлерде 1:10000, жыртылѓан жер массивтері ірі далаларда 1:25000, шөлді (полупустыня) далада 1:50000 масштабтар қолданылады. Әр түрлі зерттеу жұмыстарының сызбалары бірдей масштабта жасалады.

Аудандыќ немесе шаруашылыќ жер-кадастрлыќ құжаттар арќылы: жер иелігі бекітілгені, көлемдері және сапасы жайында есепке алу жұмыстары, топырақты бонитировкалау және жерге экономикалық баға беру жайында материалдар жиналады. Жердің құрамын мінезделегенде:

  1. Мемлекеттік актісі бойыша жалпы жер көлемін, оның ішінде қоғамдық және үй жанындағы жерлер жайында.

  2. Кљп уаќытта, љмір бойы ќолдануѓа берілген жерлер жайында жђне бљтен жер пайдаланушылардыњ жерлері.

  3. Жерлердің құрамы және мөлшері: (оның ішінде суландырылған, құрғатылған).

  4. Сапасы жайында мінездемелер: топырақтың механикалық құрама егістіктер жайында эрозия, тұздалған (засоление, солонцеватость) жайында және т.б. құнарлығын азайтатын жем-шөп пайдаланулардыњ мәдени-техникалық жағдайы жайында, топырақтың агроөндірістік мінездемесі. Жалпы өнім есесінің қайтуы (окупаемость) және дифференциалды өнім (доход) бойынша.

Табиѓат жаѓдайы жайында пландыќ картографиялыќ материалдарѓа ќосымша әртүрлі зерттеу және ізденіс жўмыстарының материалдары жиналады (топыраќ, геоботаникалыќ, орман-мелиорациялыќ, су шаруашылыќ және т.б.). Бұл зерттеу жұмыстарының жүргізілген уаќыты, сапасы, олардың жобалауда жұмыстарына жарайтындылығы аныќталады, және ќосымша ќандай зерттеу және ізденіс жұмыстарының керек екендігі аныќталады.

Топыраќ зерттеу материалдар бойынша топыраќ жамылғысының (покров) физико-химиялыќ қасиетін горизонттардың ќалыңдаѓын, механикалыќ құрамын, сортандылығын және сортандалануын, зерттейді топыраќтың агроөндірістік топтарын және оларды пайдалану жайында ұсыныстарды зерттейді.

Геоботаникалыќ зерттеу материалдары арќылы шабындыќтар мен жайылымдардың ђр түрлерінің, сезондық жайымлымдардың өнімділіктері зерттеледі, олардың мал өсіруде ќайсысын ќай малға тиімді пайдалануы жайында ұсыныстар беріледі.

Жол зерттеу жўмыстарыныњ материалдағы арќылы. Жолдардың (ортаќ және ішкі) жүк тасымалын, қозғалыстың қарқындылығын, жол жабылғысының түрін, жол ғимараттары жайында жолдарың мінездемелері беріледі.

Территориялы инженерлік жабдықтау (мелиорациялық, орман-мелиорациялық, елді мекенді пландау және салу, т.б.) жобалары, немесе мәдени-техникалық, эрозияға қарсы және басқа шаралар бойынша техно-жұмыс жобаларының көшірмелерін, сызбаларының көшірмелерін жасап, керекті деректерді жазып алу керек (кейін территорияны орналастырѓанда пайдалану үшін).

Осы камералдыќ дайындыќ жұмыстарында жиналған материалдарды зерттей отырып, далалық жұмыстардың көлемін, мазмұнын анықтайды.

Далалық дайындық жұмыстар.

Далалыќ дайындық жұмыстарында жер беті зерттеледі, камералдық жиналған материалдармен салыстырылып, сәйкестілігі тексеріліп, толықтырылады.

Далалық дайындық жұмыстарының негізгі мақсаты территорияның іс жџзінде қалыптасқан жайын анықтап, жобалау авторларының жер пайдаланудың территориясымен және өндіріс ұйымдастырылуымен танысып. Бұл жұмыс жобалау институтының мамандары және жерге орналастыру жұмысы жүргізілетін шаруашылық мамандары кіретін комиссиямен жүргізіледі.

Жиналған зерттеу, ізденіс және жобалау материалдарын зерттей, талдай келіп дала ізденіс жұмыстарының көлемі анықталады.