Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhana_kukyk-1.doc
Скачиваний:
68
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
431.1 Кб
Скачать

1. Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі жəне түрлері.

2. Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.

3. Қазақстан Республикасының кеден органдары.

4. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.

5. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес.

6. Мəмілелер ұғымы, түрлері.

7. Жер құқығының субектілері мен объектілері.

8. Əкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы.

9. Қылмытық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.

10. Салық ұғымы жүйесі, түрлері.

11. Бюджеттік құқық негіздері.

12. Міндеттеме ұғымы жəне тараптары.

13. Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері.

14. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары.

15. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.

16. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама.

17. Қылмыстық жауаптылықтан жəне жазадан босатудың негіздері.

18. Қаржылық бақылау.

19. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері жəне түрлері.

20.Сот төрелігі жəне оның қағидалары.

21. Азаматтық құқықтың қайнар көздері жəне жүйесі.

22. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері жəне объектілері.

23. Ішкі істер органдарының түсінігі мен атқаратын қызметтері.

24. Қазақстан Республикасының əділет органдары.

25. Құқық бұзушылықтың ұғымы жəне құрамы.

26. Қазақстан Республикасының Үкіметі.

27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.

28.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.

29. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.

30. Табиғи ресурстарға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.

31.Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.

32. Азаматтық-құқықтық жауаптылық.

33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.

34. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – құқық саласы ретінде.

35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.

36. Кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.

37. Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.

38. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).

39. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.

40. Азаматтық: ұғымы, алу жəне айырылу тəртібі.

41.Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.

42. Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы.

43.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.

44. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.

45. Мəміле нысаны. Мəміленің жарамдылығының, жарамсыздығының негіздері.

46. Қылмысқа қатысу.

47. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.

48. Субъективті құқық жəне заңды міндет.

49. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мəртебесі.

50. Қазақстан Республикасының Парламенті.

51. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары.

52. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.

53. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.

54. Құқықтық сана жəне құқықтық мəдениет.

55. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.

56. Заңдылық түсінігі жəне оның негізгі белгілері мен кепілдігі. Құқықтық тəртіп.

57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың

негіздері.

58. Жұмыс уақыты жəне демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.

59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тəртібі.

60. Құқықтық қатынастардың құрамы.

61. Ата-ана жəне балалардың құқықтары мен міндеттерінің пайда болу негіздері.

62. Қазақстан Республикасының Президенті.

63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мəртебесі.

64. Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.

65. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі

басқару.

66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.

67. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.

68. Еңбек құқығының түсінігі, пəні жəне əдістері.

69. Қажетті қорғану жəне аса қажеттілік.

70. Құқық жəне мемлекет ұғымдарының анықтамасы жəне арақатынасы.

71.Еңбек құқығының түсінігі, пəні жəне əдістері.

72. Меншік құқығы.

73. Қаржы полициясы жəне оның атқару қызметі.

74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы.

75. Экологиялық мəселелер: түрлері, шешу жолдары.

76. Құқықтық қатынастардың ұғымы жəне ерекшеліктері.

77.Азаматтық құқықтың түсінігі, пəні жəне реттеу əдістері.

78. Алименттік қатынастар.

79. Еңбек дауларын қарау жəне шешу жолдары.

80.Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі жəне түрлері.

81. Некеге тұрудың шарттары.

82. Қылмыстық құқықтың ұғымы мен қағидалары.

83. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары.

84. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.

85. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі, түрлері.

86. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.

87. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.

88. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.

89. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көздері.

90. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.

1.Табиғатты пайдалану түсінігі рухани әдептілік қажеттіліктерін табиғи ортаны дегеніміз адам мен қоғамның экономикалық экологиялық мәдени сауықтырушылық рухани әдептілік қажеттіліктерін табиғи ортаның қасиеттерін болумен түсіндіреді Табиғатты пайдаланудағы тиімділік-қоршаған табиғи ортаны қорғауды ескере отырып табиғи ресурстарды үнемді мақсатына сай саналы парасатты пайдалануды көрсетеді.Табиғатты пайдаланудың кешенді сипаты - табиғи ресурстарды пайдалану процесінде оларды қайта өндірумен қорғау талаптарын ескере отырып қоғамның экон-қ қажеттіліктерін толық түрде ұанағаттандырылуын қамтамасыз ететін әдістермен жүзеге асыру қажет деген ұғымды білдіреді. Табиғатты пайдалануды лимиттеу жңне квоталау - бұл табиғи себеппен байланысты өйткені өкінішке орай табиғи ресурстардың көбісі жойылып кететін және қайталанбайтын болып табылады.Табиғатты пайдалануға лимиттер мен квоталар бұл белгілі мерзімге табиғатты пайдаланумен белгіленген табиғи ресурстардың қоршаған ортаға ластайтын заттарды шығару мен тастаудың тұтыну мен өндіріс қалдықтарын оналастырдың шекті мөлшерлері болып табылады. Табиғатты пайдалану құқығы табиғи объектілерді пайдалану түрлеріне қарай: жер пайдалану құқығы, су пайдалану құқығы, орман пайд құқ, жер қойнауын пайд құқ, жануарлар әлемін пайд құқ,атмосфералық ауаны пайд құқығы түрлеріне бөлінеді. жер пайд құқ- ауыл шаруашылық, жергілікті пункт , өндірістік, транспорттық, байланыс, қорғану, орман, су қорлары жерлерін пайдалану түрлеріне бөлінеді.Жер қойнаын пайд құқығы мына түрлерге бөлінеді: Жер қойнауын мемлекеттік геололгиялық зерделеу, барлау, пайдалы қазбаларды табу, барлау және пайдалы қазбаларды табумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу мен пайдалану.Суды пайдалану құқығының түрлері: су халықтың ауыз су, тұрмыстық және өзге де мұқтаждары үшін, сауықтыру және демалыс мақсаттары үшін, өнеркәсіптік мақсаттар үшін ауыл шаруашылық, гидроэнергетика мұқтаждары үшін, көлік, балық, аң шаруашылығының мұқтаждары үшін, қорықтар мен қорғалымдардың және пайдаланылған ақаба суды төгу үшін, өрт сөндіру мұқтаждары үшін пайдалану болып бөлінеді.Орман пайд құқ келесі түрлерге бөлінеді: сүрек шайын дайындау, қосымша аағаш материалдарын дайындау, жанама орман пайдалану, орманды мәдени сауықтыру және ғылыми зерттеу мақсаттарында пайдалану аңшылық шаруашылықтарының мұқтаждары үрман қоры учаскелерін пайдалану.Жануарлар әлемін пайдалану құқығы- бұл аң аулау, балық аулау.Атмосфералық ауаны пайдалану құқығы - атм ауаны өндірістік мұқтаждықтары үшін пайдалану құқығы және атм ауаны ластайтын заттар тастау, шығару үшін пайдалану

2. Жер құқық қатынастары (ЖҚҚ). Жер құқығы дегеніміз-жер қатынастарын реттейтін, мемлекет орнатқан, құқықтығ бір саласы болып табылатын құқықтық нормалардың жиынтығы. ЖҚҚ дегеніміз-жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарын жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға жекеленген субъектілеріне жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жерді қорғау мен пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады. ЖҚҚ объектісі-Қ.Р-дағы бүкіл жер болып табылады және субъектілерге бекітіліп берілген жер учаскелері, жер үлестері болып табылады.ЖҚҚ субъектілері-жер құқығы қатынастарына қатысушылар болып табылады және сол қатысушыларға байланысты белгілі бір құқықтар мен міндеттер белгіленген тұлғалар болып табылады. Олар: жеке, заңды тұлғалар мен мемлекет. ҚР-ның жер заңдары мына принципке негізделеді: -ҚР аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі;

- жерді, ҚР халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау;

- Жерді қорғау және ұтымды пайдалану;

-Жерді нысанды пайдалану;

- ауыл шаруашылығына арналған жердің басымдылығы;

- жерді ақы төлеп пайдалану.

3.ҚР. кеден органдары ҚР кеден органдары өз құзыреті шегінде ҚР-да кеден саясатын іске асыруға қатысатын ж/е кеден ңсңн, ҚР-ның жерел іздестіру кызметі туралы зағдарына сәйкес жедел іздестіру қызметін тікелей жүзеге асыратын, сондай ақ ҚР-ның заң актілерінде көзделген өзге де өкілеттіліктерді атқаратын мемлекеттік органдар.ҚР-сы кеден органдарын: Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган, кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның обл-тар бойынша аумақтық бөлімшелері, кедендер, кеден бекеттері, ҚР-ның кедендік шекарасындағы бақылау өткізу пунктері, мамандандырылған кеден мекемелер,Кеден органдарының қызметі: а)заңдылық б)заң алдындағы қорғалу мен теңдік құқығын қамтамасыз ету, сыртқы экономикалық ж/е кеден ісі саласындағы өзгеде қызмеке қатысушылардың құқықтарын құрметтеу мен сақтау в)жариялылық қағидаттары.

ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 6 қыркүйектегі қаулысымен ҚР -ның КЕдендік бақылау агенттігі құрылды.ҚР кеден органдарының жүйесін орталық орган мәртебесі бар КЕдендік бақылау агенттігі, басқармалары , кедендер және кеден постылары, сондай ақ орталық кеден лабороториясы және кеден басқармаларындағы , жергілікті ірі кедендердегі кедене сараптамасының бөлімдері құрайды.

4. Жеке еңбек шарты-қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын екі жақты келісім, ал келісімге сәйкес қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе кәсіп түрі бойынша жұмысты орындауға еңбңк ақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшалай төлемдерді уақытында және толық көлемінде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге міндеттеледі. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері. Жеке еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзса, жеке еңбек шартын тоқтату мен бұзу негіздері Еңбек туралы заңның 25-бабында көрсетілген. Жеке еңбек шартын тоқтатудың мерзімі бітуіне қарай және мерзімінен бұрын тоқтату деп бөлген жөн. Жеке еңбек шарты жасалған мерзімнің бітуіне қарай ол әлде бір қосымша дәлелдемесіз тоқтатылады. Еңбек туралы заңның 25 бабы, І тармақтың 1-тармақшасы. Жеке еңбек шартын тараптардың еркіне байланысты емес, мынадай мән-жайлар бойынша:

- қызметкерді әскери қызметке шақырған кезде құжатын көрсеткенде үш күн мерзімде;

-Қызметкер жазаға тартылған сот үкімі заңды күшіне енген жағдайда бұрынғы жұмысты жалғастыру мүмкіндігі болмағанда;

-Қызметкер қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот қызметкерді қайтыс болған немесе хабар ошарсыз кетті деп таныған жағдайда;

-Сот қызметкерді әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі, соның салдарынан қызметкердің бұрынғы жұмысын жалғастыруға мүмкіндігі жоқ деп таныған жағдайда тоқтатылуы мүмкін.

5.Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес

Қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани – мәдени, құқықтық салаларының дамуына барынша кедергі жасайтын қауіпті құбылыстардың бірі сыбайлас жемқорлық. 1998 жылы 2-ші шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 2-бабы 1-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық дегеніміз мемлкеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуын айтамыз.Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

6.Мәмілелер ұғымы, түрлері. ҚРсы Азаматтық кодексінің 147-бабында көрсетілгендей мәмілел дегеніміз-азаматтар мен заңды түлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуне не тоқтатуға бағытталған әрекеттер.Мәміле жасауға араласатын тараптардығ санына байланысты біржақты, екіжақты ж/е кқпжақты мәмілелердің түрлері бар. Заңнамалар мен тараптардың келісімі бойынша мәміле жасау үшін біржақтың еркі ғана қажет әрі жеткілікті болатын мәмілені біржақты мәміле деп, екі жақтыңда еркі мен келісімі міндетті болып табылатын мәміле екі жақты деп аталады. Екі ж/е оданда көп тарамтардың еркі мен келісімі талап етілетін мәміле көпжақты мәміле деп аталынады. Бір жақ екінші жаққа көрсетке қызметі, жұмысы үшін ақы алатын мәміле ақылы мәміле делінеді, керісінше болса ақысыз мәміле. Мәміленің жасалу уақытына байланысты нақты ж/е келісімді болып бөлінеді. Мәміленің талабына байланысты белгілі бір заттың, мүліктің берілуіне байланысты жасалынатын мәміленің түрі нықты мәміле дейді.Келісім мәміленің жасалуы үшін сол мәмілені жасау туралы тараптардың өз ара келісмге келуі жеткілікті болады.Мәміленің негізінің маңыздылығына байланысты каузалды ж/е абстактілі мәмілелер болады. Каузалды мәміле негізіне байланысты туатындақтан соған тәуелді болады,сондықтан негізінің жойылуы біржақты мәміленің әрекект етуінің заңды күшін жояды. Абстрактілі мәміледі керісінше мәміленің негізі есепке алынбайды.Мерзімді және мерзімсіз мәмілелер болады.

7.Жер құқығының субъектілері мен объектілері.Жер құқығы-жер құқық қатынастарын реттейтін құқықтақ нормалар жиынтығы.жер қатынастарының объектісі-ҚР аумағының шегіндегі бүкіл жер, онда не орналасқанынна ж/е олардың жекелеген субъектілерге бекітіліп берілуінің құқықтыөқ негіздеріне қарамастан жекеленген жер учаскелері, сондайақ жер учаскелерімен жер үлестеріне құқықтар. Жер құқыңы қатынастарының объектісі болып ҚР-дағы барлық жерлерге бекітілген құқықтық режим болып табылады. Жер құқығы қатынастарының субъектілеоі-жер құқығы қатынастарына қатысушылар болып табылатын ж/е соған лрай құқықтары бар әрі осы өқұқық қатынасында міндеттер атқаратын жеке және заңды тұлғалар, сондай ақ мемлекеттер.Жер құқығы қатынастарындағы құқық субъектіліктің негізгі белгілері:а)субъектінің жер құқығы қатынасына қатысуы, б) осы құқықтық қатынаста құқықтар мен міндеттердің еленуі.

8.Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз - құқыққа қарсы, кінәлі(қасақана немесе абайсыздықта жасалған) жеке адамның немесе заңды тұлғаның әрекеті немесе әрекетсіздігі. Әкімшілік құқық бұзушылық азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіретін және құқыққа қарсы әрекет боып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері: құқыққа қарсылығы, кінәлілігі, әкімшіліктік жазалану.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы: бұл заңдық элементтердің жиынтығы, солар болған жағдайда әрекет әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады да әкімшілік жауаптылық туындайды. Басқаша айтқанда, бұзушының әрекетінде белгілі бір заңдық элементтер болған жағдайда ғана ол әкімшілік жауаптылыққа жатады. Мұндай элементтер әкімшілік құқық бұзушының обьектісі, субьекті, обьективтік және субьективтік жақтары.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісі әкімшілік жауаптылықтың шараларымен қорғалатын кез-келген қоғамдық қатынас болып табылады.

Объективтік жағы әкімшілік құқық бұзушылық объектісіне бағытталған құқыққа қарсы әрекет, яғни іс әрекет немесе әрекетсіздік, оның сипаты, сондай-ақ оны жасаудың немесе жасамаудың жағдайы.

Субъект – бқл әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке немесе заңды тұлға. Арнайы субъектілер лауазымды адамдар, әскери қызметшілер, шетел азаматтары. Ақыл есі дұрыс, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде 16 жасқа толған адам әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

Субъективтік жағы бұл кінә, яғни адамның өзі жасаған құқыққа қарсы әрекетіне және мүмкін болатын оның салдарларына рухани көзқарасы. Кінә қасақана немесе абайсыздық нысанда көрініс табуы мүмкін.

9.Құқықтық қатынастардың құрамы төрт элементтен тұрады: субъект, объект, субьективтiк құқық, заңды мiндеттер. Құқықтық қатынастардың субъектiсi - жеке адам және заңды тұлғалар. Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа елдердiң азаматтары сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар (апатридтер) жеке тұлғалар болып ұғынылады. Заңды тұлғалар: мемлекет, мемлекеттiк аппарат - мекемелер, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бiрлестiктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар заңды түрде құрылып, бекiтiлсе, тiркелсе толық түрде құқықтық және әрекет қабiлеттiлiгi бар деп саналады. Қатынастың субьектiсi болу үшiн олардың құқықтық қабiлеттiлiгi және әрекеттiлiгi қалыптасуы керек.Құқықтық қатынастың объектiсi (заты) - қоғамдағы көп түрлi, көп салалы саяси, экономикалық, әлеуметтiк, мәдениеттiк, азаматтық, қылмыстық, әкiмшiлiк, еңбектiк және т. б. қарым-қатынастар. Материалдық дүние-заттар, рухани-шығармашылықтың өнiмдерi, жеке мүлiктiк емес игiлiктер, құқық субьектiлерiнiң мiнез-құлқы және құқық қатынастарыны нәтижелерi - құқық қатынастарының обьектiлерi.Субъективтік құқық–бұл субъектінің өз мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы. Субъективтiк құқық бар жерде заңды мiндеттер болады. Бұл екеуi бiр-бiрiнсiз бола алмайды. Себебi қатынастардың көпшiлiгiнде екi жақты субьектiлердiң құқықтары бар және соған сәйкес екi жақты субьектiлердiң мiндеттерi бар. Заңды міндет–бұл заңды қажет  жүріс-тұрыс шамасы. Міндет–бұл субъективтік құқықтың жүзеге асырылуының кепілі. Заңды мiндетi бар тұлға оны өз еркiмен орындамаса, мемлекеттiң мәжбүрлеу күшi қолданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тәрбиелеуге мiндеттi. Егер бұл мiндетiн орындамаса, заңда белгiленген шара қолданылады. Мiндет заңды тұлғаларға да жүктеледi.Заңға негiзделген айғақтар - құқықтық қатынастардың пайда болуымен, өзгеруiмен немесе тоқтауымен құқық нормалары арқылы байланыста болатын тiршiлiк жағдайлары. Заңды фактілер туындайтын салдардың сипаты бойынша:құқықтудырушы (мысалы, жоғары оқу орнына түсу);құқықөзгертуші (мысалы, күндізгі оқу бөлімінен сыртқы бөлімге ауысу);құқықтоқтатушы (мысалы, жоғары оқу орнын аяқтау). Түрлерi: оқиғалар және әрекеттер. Оқиғалар - адамдардың бұл субъектілердің еркіне тәуелсіз пайда болады. Мысалы, табиғат апаты, өлім және т.б адам өлiмi мұрагерлiк құқықты тудырады, ал пенсия жасына жету, зейнетақы алуға мүмкiндiк бередi. Әрекеттер - адамдардың мен пайда болатын заңға негiзделген айғақтар. Олар құқыққа сай (заңды әрекет) және құқыққа қарсы әрекеттер (заңсыз әрекет) болып бөлiнедi.

10.Салықтық құқық - занды және жеке тұлғалардан біржақгы өктем, қайтарылмайтын негізде, заң жүзінде белгіленген салықгар мен басқа да міндетті төлемдерді ақшалай түрде бюджетке алу кезінде туындайтын салықгық қатынастарды реттейтін құқықгық нормалардың жиынтығы Салық қатынастары салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді. Салықтар дегеніміз - жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында, мемлекеттің жоғары өкілді органы қабылдаған нормативтік кесімнің негізінде, сондай-ақ заңда белгіленген мөлшерде және уақытта, заңды және жеке тұлғалардан міндетті түрде қайтарылмайтын және ақысыз негізде бюджетке алынатын ақшалай төлемдер. Ал алымдар, төлемақылар мен баждар заңды және жеке тұлғаларға көрсеткен белгілі бір қызметтері үшін мемлекеттік өкілетті органдардың алатын төлемдері. Салықтық құқықтың дерек көздері болып 2001 жылдың маусымының 12 жұлдызында қабылданған Қазақстан Республикасының Салық кодексі, салық мәселері жөнінде қабылданған Қазақстан Үкіметінің қаулылары және т. б. есептеледі. Корпорациялық табыс салығы. Бұл салықтың төлеушілері Қазақстан Респуликасының резидент заңды тұлғалары (ұлттық Банк пен мемлекеттік мекемелерден басқа), сондай-ақ елімізде қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар болып табылады. Корпорациялық табыс салығы. Бұл салықтың төлеушілері Қазақстан Респуликасының резидент заңды тұлғалары (ұлттық Банк пен мемлекеттік мекемелерден басқа), сондай-ақ елімізде қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар болып табылады. . Жеке табыс салығы. Салық Кодексінің 141 бабына сәйкес жеке тұлғалар жеке табыс салығының субъектілері болып табылады, ал объектілеріне төлем көзінен салық салынатын және төлем көзінен салық салынбайтын табыстар жатады Қосылған құн салығы. Қосылған құн салығы - тауар өндіру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету мен олардың айналым процесінде қосылған құн өсімінің бір бөлігін бюджетке аударымы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағына тауар импорттау кезінде жасалатын аударым. . Жер салығы. Жеке меншік, тұрақты жер пайдалану және бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табыладыСалық дегеніміз-жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында мемлекеттің жоғарғы өкілді органы қабылдаған нормативтік құқықтық актінің негізінде, сондай-ақ заңда белгіленген мөлшерде және уақытта заңды және жеке тұлғалардан міндетті түрде қайтарылмайтын және ақысыз негізде мемлекетке алынатын ақшалай төлемдер. Салықтардың түрлері: коорпарациялық табыс салығы; жеке табыс салығы; қосылған құн салығы; жер қойнауын пайдаланушының орнаулы төлемдері мен салықтары; жер салығы; көлік құралдары салығы; мүлік салығы; әлеуметтік салық; ойын құмарлығы салығы; акциздер салығы; тіркелген салық; біріңғай жер салығы; экспортқа рента салығы.Алымдар-заңды тұлғалардан жеке кәсіпкерлерді жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмлелерді, радиоэлектрондық құралдарды, өзен кемелерін, шағын көлемді кемелерді, азаматтық әуе кемелерін, дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алынатын алымдар.Төлемақылар-жер учаскелерін, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын, қоршаған ортаны ластағаны, жануарлар дүниесін, орманды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, кеме жүзетін жолдарды пайдаланғаны, сыртқы жарнамаларды орналастырғаны үшін алынатын төлемақылар.

Баждар-арнайы мамандандырылған уәкілетті органдар тарапынан өздеріне өтінуші-келуші тұлғаларға қатысты жасалған заңи маңызы бар белгілі бір іс-қимылдар және берілген ресми құжаттар үшін сол заңды немесе тұлғалардан алынатын біршама –эквивалентті, міндетті ақшалай төлем.ҚР салық заңнамасы салық салу қағидаларына негізделеді:

-салық салудың міндеттілігі қағидасы;

-салықтың айқындылығы қағидасы;

-әділдігі қағидасы;

-салық жүйесінің біртұтастығы қағидасы;

-салық заңдарының жариялылығы қағидасы.