Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhana_kukyk-1.doc
Скачиваний:
68
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
431.1 Кб
Скачать

40. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.

Азаматтық құқығы - өзі сол мемлекеттің азаматы болып табылатын мемлекетке саяси құқықтық қатысын білдіреді.Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен тұрақты саяси-құқылық байланысын айқындайды, бұл байланыс олардың өзара құқылары мен міндеттерінің жиынтығынан көрінеді. Қазақстан Республикасының азаматтығы 1991 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған азаматтық туралы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады.Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.

Заң күшіне енгізілген күнге дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын; Қазақстан Республикасының аумағында туған және шет мемлекеттің азаматтығында тұрмайтын; Заңға сәйкес азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының азаматтығы, оның қандай негiзде алынғанына қарамастан, бiрыңғай және тең болып табылады.Қазақстан Республикасының азаматтығы: тууы бойынша; Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде; Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша; Заңда көзделген өзге де негіздер бойынша алынады. Қазақстан Республикасының азаматтығы: Қазақстан Республикасыазаматтығынан шығу; Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады .Қазақстан Республикасы азаматтығынан: Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан; егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса; Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша; егер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адам дәлелсiз себептермен үш жыл бойы консулдық есепке тiркелмесе айырылады.

41 . ҚР ның Конституциялық құрылысы. Конституциялық құрылыс мемлекеттік құрылыс пен қоғамдық құрылыс негіздерін қамтиды деп айтуға болады. Мемлкеттік құрылыс басқару нысанын, мемлекеттік құрылым нысанын, саяси режимді, яғни мемлекеттің ұйымдастырылуы мен мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәртібін қамтиды. Ал қоғамның құрылысы адамның және азаматтың жағдайын, шаруашылық жүргізу жүйесін, меншік нысандарын, қоғамның саяси идеологиялық, және өзге де бастауларын қамтиды. Қоғамның құрылысының оның ұйымдастырылуының элементтері болып табылатын адамның және азаматтың мәртебесі, қоғамның экономикалық саяси, діни бастаулары бірінші баптың бірінші тармағынан бастап, бірнеше баптарда көрініс тапқан. Жеке адамның (жеке тұлғаның) құқықтық жағдайының негіздері бұл жеке тұлға мен мемлекеттің өзара қатынасын, жеке тұлғаның қоғамдағы жағдайын көрсететін Конституцияда бекітілген құқықтар, бостандықтар және міндеттер жүйесі ретінде анықталады. Меншік құқығы бұл субьектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оңан билік ету құқығы. Меншік иесінің өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болады.

42. ҚР азаматтарының қолайлы қоршаған орта құқығы. Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құкықтары — Қазақстан Республикасындағы жалпы табиғатты пайдалану құқығының негізгі бөлігі және азаматгардың денсаулығын сақтауға байланысты конституциялық құқықтардың құрамдас бөлігі болып табылады. Азаматтың қолайлы қоршаған ортаға құқыктарының объектісі болып, табиғи ресурстар табылады: таза атмосфералық ауа, су, табиғи аймақтар, ормандар, ұлттық табиғи парктер, рекреациялық аймақтар, санаториялык-курорттық орындар, т. б. Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқықтарына — адамдар және оны қоршаған орта үшін зиянды салдарын төмендетуге және ескертуге, халықтың демалысқа, еңбек пен тұрмысты жақсарту шарттарына, қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың және басқа да қоғамдык ұйымдардың санитарлық-гигиеналық шараларды жүргізу міндеттілігі сәйкес келеді. 1997 жылы 15 шілдеде қабылданған «ҚР-ның қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының 5-бабына сәйкес, азаматтардын. қоршаған ортаны қорғауға байланысты құқықтары мен міндеттері көрсетілген. Азаматтардың: —белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды пайдалануға, оларды корғау және толықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыруға катысуға; —қоршаған ортаны қорғайтын қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық қорлар құруға; —қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жиналыстарға, митингілерге, пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға;

—коршаған орта мәселелері бойынша мемлекеттік, органдар мен ұйымдарға хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды карауды талап етуге;

—коғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы ұсыныс жасап, оған қатысуға; —кәсіпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды әсерге де объектілерді орналастыру, салу, кайта құру және пайдалануға беру туралы, сондай-ак занды және жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс ықпал ететін шаруашылық және өзгеде қызметін шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібімен күшін жоюды талап етуге; —айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардын бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың өтелуі туралы сотка талап арызы беруге;

Қоршаған ортаны корғауға байланысты мемлекет белгіліген ережелерді бұзу заң бойынша жауапкершілікке соқтырады.Экологиялык құқық бұзушылық дегеніміз — жеке және заңды тұлғалардың (мекеме, ұйым, ұжым), мемлекеттің экологиялык кұкыктары мен заңды мүдделеріне қол сұғатын, сонымен бірге коршаған табиғи ортаға зиян келтірудің нақты қаупін тудыратын кінәлі, құқықка қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздік түріндегі іс-қимыл. Экологиялық құқық бұзушының жасалған уақытта, әдетте, қоршаған ортаға, адамдардың өмірі мен денсаулығына, экономика мүдделеріне көп аспектілі зиян келтіріледі. Экологиялык кұқық бұзушылық жасағаны үшін оның артынан әкімшілік, қылмыстық, азаматтық құқықтық, тәртіптік және материалдық жауаптылыққа тартылады.

43. ҚР прокуратурасы. Прокуратура – заңның дәлме-дәл және біркелкі орындалуын қадағалайтын мемлекеттік билік тармақтарының бөлінісі және өзара қатынасындағы ерекше орган. ҚР прокуратураның құқықтық мәртебесі қызметінің ұйымдастырылуы ҚР Конституциясына және 1995 жылы 21 желтоқсанда қабылданған ҚР прокуратура туралы заңмен реттеледі. Оның мақсаты – Республика аумағындағы заңдардың, президент жарлықтарының және зге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін қорғап, Конституция мен заңдарға қайшы келетін нормативтік актілерге наразылық білдіреді.

Прокуратураның орталықтандырылған бірегей жүйесін ҚР-ң Бас Прокуроры басқарады, оған облыстық, республикалық дәрежедегі қалалық және республика астанасының прокуратуралары, аудандық, ауданаралық, қалалық және оған теңестірлген әскери және мамандырылған прокуратуралар кіреді.Ресубликаның Бас Прокурорын Республика Парламенті Сенатының келісімімен Президент тағайындайды.

44. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі. Халықаралық құықықтың қызметі деген сөз – ол халықаралық құықық жүйесімен өмір сүрген ортаның, яғни халықаралық жүйе компаненттерінің арасындағы үнемі болатын қарым-қатынас. Мұндай көзқарас халықаралық құқық рөлін одан әрі тани түсуге, оның дамуына болжам жасауға, оның бейбітшілікті және халықаралық ынтымақтастықты нығайту құралы ретіндегі пәрменділігін арттыруға ықпал етеді.Халық. құқықтың басты функциялары оның халық. Қатынастардың негізгі қатысушыларымен өзара іс-қимылдарынан көрінеді. Мұнда құқықтық қатынас субъектілері әртүрлі амалдарды пайда-ды. Халықаралық құқықтың қызмет атқару үшін, бір жағынан – халық. Құқық және сыртқы саясат ара салмағының, екінші жағынан – халық. Құқық және дипломатия ара салмағының мәселелері көкейтесті болып келеді. Халық. Жария құқықтың қызметі үшін, мыналар көкейтесті мәселелер болып есептеледі:

1-ден, халық. Құқық мемлекеттерді жалпы танылған нормалар мен принциптерді басшылыққа алуды міндеттей отырып, олардын сыртқы саясаты мен дипломатиясын шектейді;

2-ден, халық. Құқықтың, сонымен бірге, сыртқы саясат пен дипломатияны дамытуға негізі бар; 3-ден, халық. Құқық сырқы саясат пен дипломатиялық қатынастарға қатынасатын органдардың қызметін реттейді. Вена конвенциясы Қазақстан республикасының «дипломатиялық қызмет туралы» 2002 жылғы заңы.Сыртқы қатынастар органдарының ерекшеліктерін зерттеу, құқықтық мәселелер мен агремант зардаптары, сенім және кері шақыру грамоталарын тапсыру, дипломатиялық өкілдіктің құқықтық мәртебесі және т.б. осы саланың мазмұны болып саналады. Қазіргі жағдайда өзара тиімді қатынастарды дамыту үшін, мемлекеттердің күштері біріктірілуде. Халық. Қат-да құқықтың басымдылық мәселесіне халық. Қауымдастықтың назарын аудару үшін БҰҰ Бас ассамблеясы 1990-1999 ж. кезеңнен БҰҰ Бас Ассамблеясының 1989ж. 17.11-ғы 44/23 және 1990ж. 28.11-ғы 45/40 араларына сәкес халықаралық құқықтың Онжылдығы деп жариялады. Онжылдықтың басты мақсаттары:

  1. Халық. Құқық принциптерін қабылдауға және бекітуге көмек көрсету;

  2. Мемлекеттер арасындағы дау-жанжалдарды, халық. Сотқа өтініш жасауды және оны сөзсіз құрметтеуді қоса есептегенде, бейбіт жолмен шешудің құралдары мен әдістеріне көмектесу;

  3. Халық. Құқықты және оның кодификациясын прогрессивті жолмен дамытуды қолдау;

45. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының, жарамсыздығының негіздері,Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады.

Мәмілелер біржақты және екі немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкін. Заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және жеткілікті болатын мәміле біржақгы деп есептелінеді. Шарт жасасу үшін екі тараптың (екіжақты мөміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көпжақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет.

Азаматтық құқықтық мәмілелер ауызша, жазбаша нысанда жасалады. Жазбаша нысан жәй және нотариалдық болып екіге бөлінеді.

Мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау, оның жарамсыз болып қалуына соқтырмайды, бірақ дау туған жағдайда тараптарды мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куәгерлік айғақтармен растау құқығынан айырады. Алайда тараптар мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша немесе өзге, куәгерлік айғақтардан басқа дәлелдермен растауға құқылы.

Мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаса, құнын ақшалай өтеуге міндетті.

Мәмілелердің жарамсыздығының негіздері: Қажетті лицензия (рүқсат) алмай жасалған мәміле. Рұқсат белгілі бір мерзімге беріледі. Теріс пиғылды бәсеке мақсатын көздейтін немесе іскерлік әдеп талаптарын бұзатын мәміле. Он төрт жасқа толмаған адам жасаған мәміле. Он төрт жасқа толған (18-ге дейін) баланың ата-анасының (қамқоршыларының) келісімінсіз жасаған мәмілесін ата-анасының талабы бойынша сот жарамсыз деп тануы мүмкін. Есуастық, ақыл-есі кем болуы салдырынан әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам жасасқан мәміле жарамсыз болады. Сот әрекет қабілеттілігін шектеген адам жасасқан мәмілені сот оның қамқоршысының талап етуі бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін. Алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен жасалған мәмілелер.Бір тарап өкілінің екінші тараппен зұлымдық ниетте келісуі нөтижесінде жасалған мәмілені де сот жөбірленуші тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін. Заңды тұлғаның заңда немесе құрылтай құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсатарына қайшы келетін етіп жасаған, не оның органының жарғылық қүзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі, егер мәміледегі басқа тараптың мұндай жолсыздықтар туралы білгені немесе күн ілгері білуге тиіс болғаны дөлелденсе, заңды тұлғаның мүлік иесінің қуынымы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін. Әрекет қабілеттілігі болғанымен, мәміле жасасқан кезде өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе өзінің не істегенін білмейтін жағдайда болған азамат жасасқан мәмілені сот сол азматтың талабы бойынша, ал егер тірі кезінде талап етуге азаматтың мүмкіндігі болмаса, азамат қайтыс болғаннан кейін басқа мүдделі адамдардың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін. Заңдық залдар салдар туғызу ниетін көздемей, тек көз алдау үшін ғана жасалған мәміле жарамсыз болады. Егер мәміле екінші бір мәмілені бүркемелеу мақсатымен жасалса, тараптар шын мәнінде ойлаған мәмілеге қатысты ережелер қолданылады.

46.Қылмыстық процеске қатысушылар.Қылмыстық процеске қатысушылар: судья, прокурор, айыпталушылар тарабы (жәбірленуші, азаматтық қорғаушы); айыпталынушылар тарапынан айыпталынушы, қорғаушысы қатысады. Сот процесі барысында куәгер шақырылады. Азаматтық процестің тараптары талап қоюшы және жауапкер болады. Азаматтық талап қоюшы жеке тұлға болсын, заңды тұлға болсын өздеріне келтірілген зиянды сот арқылы өндіріп алуға хақысы бар. Азаматтық жауапкер сот процесі кезінде өзіне бағытталған талаптарға қатысты субъект. Қылмыстық процеске соттың сот төрелігін іске асырудағы қызметі, қылмыстық іс қозғауы, анықтауыжәне алдын ала тергеу шаралары кіреді.Процеске қатысушылар қылмыстық ізге түсуді және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай ақ қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерін қорғайтын адамдар (өкілдер); прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеуші, анықтау органы, анықтаушы, сезікті, айыпталушы, олардың заңды өкілдері, қорғаушы, азаматтық жауапкер, оның заңды өкілі мен өкілі, жәбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкілдері болып табылады.

47.ҚР-ң сайлау жүйесі,ұғымы,сайлау органы: Сайлау жүйесі дегеніміз-сайлау органдардың құрудың, сайлауды ұйымдастырудың тәртібі қагидаларын қамтитын, сайланбалы мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі органдарының қалыптастыру тәртібі. Қазақстанда сайлау жүйесiнiң екi түрi қолданылады: төте сайлау және жанама сайлау. Қазақстан Президентi, Мәжiлiс және Мәслихат депутаттарн төте сайлау жүйесi арқылы сайланады. Мәжiлiс депутаттарын сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығының негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжiлiс депутаттарының кезектi сайлауы Парламенттiң, жұмыс iстеп тұрған сайлану өкiлеттiлiгiнiң, мерзiмi аяқталғанға дейiнгi екi айдан кешiктiрiлмей өткiзiледi. Жергiлiктi органдарды — мәслихаттарды жалпыға бiрдей, тек, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзiмге халық сайлайды. Жиырма жасқа толған азамат мәслихат депутаты болып сайлана алады. Республика азаматы бip мәслихаттың ғана депутаты бола алады. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбiр екi жыл сайын қайта сайланып отырады. Сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиясы б.т.

48. Субъективті құқық және заңдық міндет.Субъективтік құқық–бұл субъектінің өз мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы. Субъективтiк құқық бар жерде заңды мiндеттер болады. Бұл екеуi бiр-бiрiнсiз бола алмайды. Себебi қатынастардың көпшiлiгiнде екi жақты субьектiлердiң құқықтары бар және соған сәйкес екi жақты субьектiлердiң мiндеттерi бар. Заңды міндет–бұл заңды қажет  жүріс-тұрыс шамасы. Міндет–бұл субъективтік құқықтың жүзеге асырылуының кепілі. Заңды мiндетi бар тұлға оны өз еркiмен орындамаса, мемлекеттiң мәжбүрлеу күшi қолданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тәрбиелеуге мiндеттi. Егер бұл мiндетiн орындамаса, заңда белгiленген шара қолданылады. Мiндет заңды тұлғаларға да жүктеледi.

49. ҚР-сы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі: Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мемлекеттiк орган ретiнде Республиканың бүкiл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары тұруын қамтамасыз етедi. Конституциялық Кеңес жетi мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Республиканың экс-Президенттерi құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестің мүшелері болып табылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республика Президенті тағайындайды, және дауыстар тең бөлінген жағдайда, оның даусы шешуші болып табылады. Конституциялық Кеңестiң екi мүшесiн Республиканың Президентi, екi мүшесiн Парламент Сенаты және екi мүшесiн Парламент Мәжiлiсi қызметке тағайындайды. Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң жартысы әрбiр үш жыл сайын жаңартылып отырады.

50. ҚР-ң Парламенті: Қазақстан Республикасындағы биліктің заң шығарушы тармағы қос палаталы Парламент арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Парламент заң шығару қызметін жүзеге асыратын республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Мәжіліс 107 депутаттан тұрады. Мәжілістің 98 депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – 5 жыл. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады.

51. Мемлекетті басқару:ұғымы, қағидаты, басқару органы: Мемлекетті басқару дегеніміз а) заңдарды орындау барысындағы іс-әрекет; б) объектілер мен адамдарға ағымдағы өкімдік жасау және оларды орындауға міндетті болып табылатын, заңдық күші бар нормативтік актілерді қабылдаумен байланысты іс-әрекет. Қағидаты әлеуметтік құқықтық және ұйымдастырушылық болып бөлінеді. Әлеуметтік құқыққа: ұлттар теңдігі, бұқараның, халықтың басқаруға аралсау қағадысы, жоспарлық қағидат, заңдылықтың қатаң сақталу қағидаты және демократиялық орталықтану қағидаты. Ұйымдастырушылыққа: қызметтер мен құзыретті жіктеу, реттеу; құзырет шегіндегі жауаптылық; басқарудағы салалық, салааралық және аумақтық бастамаларды үйлестіру қағидасы.

52. ҚР-ның құқық қорғау органдарының түсінігі. Құқық қорғау қызметін құқық қатынастары субъектілерінің санасы мен мінез құлқына заң жүзінде ықпал ету шараларының көмегімен құқықтық нормалардысақтау және қолдану жаңд/н қамтамасыз ету жөнінде заңға және белгіленген рәсімге сәйкес жүзеге асырылатын қоғамдық пайдалы қызмет деп сипаттауға болады. Қ\қ қорғау қызметіне тән белгілер: құқық қорғау міндеттерінің болуы, қ\қ қатынастар субъектілеріне ықпал етудің арнаулы заңдық шараларын қолдану, заңмен қатаң түрде регламенттеу. Қ\қ қорғау қызметінің мақсаты құқық пен міндеттің қолдану пәрменділігін қамтамасыз ету, нормаларды сақтау және олардың сақталмағандығы үшін жауапкершілік шараларын қолдану. Оның негізгі бағыттары: Конст. Бақылау, сорт төрелігі, прокуратуралық қадағалау, әділет орг\ның қызметі, адвокатура орг\ң қызметі болып бөлінеді.

ҚР-ның құқық қорғау органдары дегеніміз бұзылған құқықты орнына келтіруге, заң бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органның мәжбүрлеу қызметі.

Құқық қорғау үшін мемлекетімізде мынадай органдар құрылған: сот, прокуратура, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, әділет органдары, қаржы полициясы, ҚР-ның адвокатурасы, нотариат.

53. Еңбек құқығының қағидалары: қайнар көзі: Қайнар көзі – күрделі, көп деңгейлі құрылым, ол құқық нормалары жүйесі мен еңбек қатынастары құрылымының ішкі бірлігін көрсетеді.Еңбек туралы заңнама ҚР-ң Конституциясына негізделеді. Негізгі қайнар көзі 2007жылы 15 мамырда қабылданған «ҚР-ң Еңбек кодексі». Кодекс жалпы және Ерекше бөлімнен, 6 бөлім, 40 тарау, 341 баптан тұрады. Еңбек құқығының салааралық қағидаттарына мыналар жатады: а) Еңбек шартын жасасу бостандығы;б) Қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету;в) Заңдарда белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен кем емес еңбекақы алу кепілдігі;г) Демалыс пен жұмыс режимінің қалыпты жағдайларына мемлекеттік кепілдіктердің берілуі;д) Еңбек тәртібін қамтамасыз ету;е) Кәсіби біліктілікті арттыру кепілдігі; ж) Өндірістік кәсіптік мүдделерді қамтамасыз ету және қорғау үшін кәсіптік одақтарға бірігу құқығы;з) Еңбек құқығы нормаларының бірлігі және дифференциясы.Еңбек құқығының қайнар көздері деп еңбек қатынастары саласындағы өкілетті органдардың барлық қажетті жағдайларда қолдануға болатын нормативтік нұсқаулары белгіленген құқықтық актілерді айтады. ҚР мы Конституциясының төртінші бабының төртінші тармақшасына сәйкес азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты еңбек туралы нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.

54. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет: Құқықтық сана бұл адамдардың құқыққа деген қатынасын көрсететін түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың, бағалаулардың жиынтығы түріндегі қоғамдық сананың ерекше нысаны. Сөйтіп , құқықтық сана адамның мінез –құлығының себепкері бола отырып құқыққа әсер етіп, құқықтық нормалардың іске асырылуының маңызды құралына айналады. Құқықтық сана тұлғаның, топтардың мінез-құлықтарының құқық нормаларына сәйкестігін анықтай отырып, әрекет етіп отырған құқыққа, заңға деген қатынасты, оны қолдауды не қолдамаудың құндылық, бағалық құралы ретінде көрінеді. Сондықтан, құқық пен құқықтық сананың арасында өзара тәуелді байланыс бар. Құқықтық сананың белгілері: құқықтық сана, экономикалық, әлеуметтік, саяси және басқада мүдделерін құқықтық болып ұғынылатын, қоғамдық сананың ерекше түрпішіні; адамдардың әрекет етіп отырған және ойындағы, тілегіндегі құқыққа деген қатынасын білдіретін сезімдер, көңіл-күй тұжырымдамалар құқықтық сананың мазмұнын құрайды; құқықтық сана өткен шақтағы, осы шақтағы және адамдардың ойындағы, арманындағы, тілегіндегі құқықтық тәртіпке, құқыққа деген қатынастарды білдіреді. Құқықтық сананың түрлері: құқықтық мұраттың ойлаудың иесі кімнің болуына байланысты құқықтық сананы жеке құқықтық сана,топтық және қоғамдық құқықтық сана деп бөлуге болады.Құқықтық шындықты бейнелеу тереңдігіне байланысты құқықтық сананы тұрмыстық,ғылыми және кәсіптік деп бөледі.Құқықтық мәдениет дегеніміз құқықтық шындықтың даму деңгейінен,құқықтық нормативтік актіліердің сапасынан,адамдардың құқықтарымен бостандықтарының,олардың құқықтық белсенділігі дәрежесінен көрінетін құқықтық өмірдің сапалы қалпы.Құқықтық мәдениеттің құрылымын шартты түрде мынадай үш топтамаға бөлуге болады: танымдық,құндылық – бағдарлық,іс - әрекеттілік.Құқықтық мәдениеттің түрлері: иелеріне байланысты құқықтық мәдениет қоғамның әлеуметтік топтың және жеке тұлғалардың құқықтық мәдениетә деп бөлінеді.Құқытық құбылыстарды тану деңгейіне байланысты құқықтық мәдениет тұрмыстық ,кәсіптік және теориялық деп бөлінеді.

55. Ерлі зайыптылардың құқықтары мен міндеттері: Ерлі зайыптылардың құқықтары мен міндеттері азаматтық хал актілерін жазу органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды. Ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады. Ерлі зайыптылардың әрқайсысы қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты жерді таңдауға ерікті. Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері және отбасы өмірінің басқада мәселесін бірлесіп шешеді. Олар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық өзара көмек негізіндеқұруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға мінетті.

56. Заңдылық түсінігі. Құқықтық тәртіп.Заңдылық–бұл қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының құқық нормаларын қатаң түрде сақтауы. Заңдылықтың қағидалары 1) заң үстемдігі–барлық нормативтік және жеке құқықтық  актілердің заңға бағыныстылығын білдіреді; 2) заңдылықтың тұтастығы–нормативтік актілерді түсіну мен қолдану елдің бүкіл аумағында бірдей болуы тиіс дегенді білдіреді; 3) заңдылықтың мақсатқа сәйкестігі– құқықшығармашылық және құқықты жүзеге асыру қызметінің қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін ең дұрыс түрлерін қатаң түрде заңдардың шегінде таңдау қажеттігін, заңдылық пен мақсатқа сәйкестілікті қарама-қарсы қоюды болдырмауды білдіреді, яғни, мақсатқа сәйкестілікті себеп қылып заңды бұзуға жол берілмейді;   4) заңдылықтың шынайылығы–құқықтық ережелердің барлық қызмет түрлерінде іс жүзінде орындалуына жетуді және оларды кез-келген түрде бұзу міндетті түрде жауапкершілікті көздейтінін білдіреді. Құқықтық тәртіп бұл субъектілердің құқықтық мінез-құлығымен сипатталатын қоғамдық қатынастар жүйесі; бұл әлеуметтік байланыстардың реттелу жағдайы, заңдылықтың шынайы қоғамдық қатынастарға айналуының нәтижесі.

57. Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері. Заңды жауапкершілік–бұл құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға заңнамамен көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілі бір іс жүргізушілік тәртіпте қолдану. Шаралар мынадай сипатта болуы мүмкін: а) жеке сипаттағы шаралар (бас бостандығынан айыру); ә) мүліктік сипаттағы шаралар (айыппұл); б) ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар (жұмыстан босату). Заңды жауапкершіліктің белгілері: оны мемлекет құқықтық нормалард орнықтырады; мемлекеттік мәжбүрлеуге негізделеді; арнайы өкілетті мемлекеттік органдар қолданады; жаңа қосымша  міндетті жүктеумен байланысты;жеке, мүліктік және ұйымдастырушылық сипаттағы белгілі бір теріс салдардан көрініс табады; іс жүргізушілік нысанда жүктеледі; тек жасалған құқықбұзушылық үшін ғана туындайды. Әрекеттің құқыққа қайшылығын және заңды жауапкершілікті жоятын жағдайлар. Оларға мыналарды жатқызуға болады:есі дұрыс еместік–тұлғаның өз әрекеттеріне есеп бере алмауы; қажетті қорғаныс–мемлекеттің, қоғамның тұлғаның мүдделерін қоғамға қауіпті нұқсан келтіруден қорғау барысында нұқсан келтіруші тұлғаға зиян келтірумен сипатталады; алайда, қажетті қорғаныс шегінен асып кетпеуі тиіс, яғни, қорғанудың  нұқсан келтірушіліктің  қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесіне айқын түрде сәйкес келмеуі орын алмауы тиіс;аса қажеттілік–мемлекеттің, қоғамның, тұлғаның мүдделеріне қауіп төндіруші әрекетті жою жағдайында мүмкін, қойылатын шарт–бұл қауіп басқа құралдармен жойыла алмауы қажет.

 58. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Жұмыс уақыты деп еңбек шартына сәйкес, заңмен белгіленген тиісті жұмыс уақтын айтады. Оның қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс. Он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін - аптасына 24 сағаттан, он алтыдан он сегіз жасқа дейін - аптасына 36 сағаттан, ал ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін - аптасына 36 сағаттан аспайтын, қысқартылған жұмыс күні белгіленеді.Еңбек заңы қызметкерлер үшін үзақтығы бес күндік жұмыс аптасы, ал өндірісінің сипаты мен жұмыс жағдайларына байланысты бес күндік жұмыс аптасын енгізу орынсыз болатын ұйымдарда, алты күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Алты күндік жұмыс аптасы (40 сағат) кезінде күнделікті жұмыстың үзақтығы - 7 сағаттан, 36 сағат болғанда - 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда - 4 сағаттан аспауы тиіс. 22 сағаттан бастап таңғы 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептеледі.Тынығу уақыты дегеніміз бұл жұмыс уақыты арасында еңбеккерге тынығуға және тамақ ішуге берілетін уақыт. Оның түрлері: демалуға және тамақ ішуге берілетін үзіліс, апта аралығындағы демалыс, мейрам күндері, жыл сайынғы демалыс.Күнделікті жұмыс ішінде қызметкерге демалу және тамақтану үшін, жинақтап алғанда ұзақтығы бір сағаттан кем болмайтын үзіліс және заңда бес күндік жұмыс аптасы жағдайында аптасына - екі, ал алты күндікте бір демалыс күні қарастырылған. Жалпы демалыс күні жексенбі. Екі демалыс күні әдетте қатарынан беріледі. Мейрам күндері - бұл барлық мекемелер мен кәсіпорындарда жұмыс істемейтін күн. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы” заңына сәйкес - 16, 17 желтоқсанда атап өтілетін 16-шы желтоқсан –Тәуелсіздік күні (Ұлттық мерекелер) . Еңбекті қорғау Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұлттық саясаттың еңбек саласындағы басты бағыттарының бірі болып табылады. Еңбекті қорғау қайғылы жағдайлардан және өндірісте жарақат алудан алдын ала сақтандыруға, қауіпті және залалды өндірістік факторларды мейлінше азайтуға бағытталған басты принциптер, меншік нысандарына қарамастан, шаруашылық қызметі мен кәсіпорындардың бәріне бірдей белгіленген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы “Еңбек қоғау туралы” Қазақстан Республикасы Заңында айқындалған.

59. Жеке еңбек шарты - жұмыс беруші мен қызметкердің арасында жазбаша жасалған екі жақты келісім. Шарт бойынша қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшалай төлемдерді уақытында жұне толық төлеуге, еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді.Жеке еңбек шарты: белгісіз мерзімге; белгілі бір мерзімге; белгілі бір жұмысты орындау уақытына немесе уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына жасалуы мүмкін. Егер шартта оның қолданылу мерзімі көрсетілмесе, шарт белгісіз мерзімге жасалған деп есептеледі. Жеке еңбек шарты жазбаша пошымда кемінде екі дана етіп жасалып, оған тараптар қол қояды, ал бір данасы қызметкерге беріледі. Осыдан кейін қызметкердің жұмысқа қабылданғаны жөнінде бұйрық шығарылады. Еңбек кітапшасы (ол болған жағдайда), немесе жеке еңбек шарты не жұмысқа қабылдау мен жұмыстан босату туралы бұйрықтардың көшірмелері қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар бола алады.

60. Құқықтық қатынастардың құрамы төрт элементтен тұрады: субъект, объект, субьективтiк құқық, заңды мiндеттер. Құқықтық қатынастардың субъектiсi - жеке адам және заңды тұлғалар. Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа елдердiң азаматтары сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар (апатридтер) жеке тұлғалар болып ұғынылады. Заңды тұлғалар: мемлекет, мемлекеттiк аппарат - мекемелер, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бiрлестiктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар заңды түрде құрылып, бекiтiлсе, тiркелсе толық түрде құқықтық және әрекет қабiлеттiлiгi бар деп саналады. Қатынастың субьектiсi болу үшiн олардың құқықтық қабiлеттiлiгi және әрекеттiлiгi қалыптасуы керек.Құқықтық қатынастың объектiсi (заты) - қоғамдағы көп түрлi, көп салалы саяси, экономикалық, әлеуметтiк, мәдениеттiк, азаматтық, қылмыстық, әкiмшiлiк, еңбектiк және т. б. қарым-қатынастар. Материалдық дүние-заттар, рухани-шығармашылықтың өнiмдерi, жеке мүлiктiк емес игiлiктер, құқық субьектiлерiнiң мiнез-құлқы және құқық қатынастарыны нәтижелерi - құқық қатынастарының обьектiлерi.Субъективтік құқық–бұл субъектінің өз мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы. Субъективтiк құқық бар жерде заңды мiндеттер болады. Бұл екеуi бiр-бiрiнсiз бола алмайды. Себебi қатынастардың көпшiлiгiнде екi жақты субьектiлердiң құқықтары бар және соған сәйкес екi жақты субьектiлердiң мiндеттерi бар. Заңды міндет–бұл заңды қажет  жүріс-тұрыс шамасы. Міндет–бұл субъективтік құқықтың жүзеге асырылуының кепілі. Заңды мiндетi бар тұлға оны өз еркiмен орындамаса, мемлекеттiң мәжбүрлеу күшi қолданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тәрбиелеуге мiндеттi. Егер бұл мiндетiн орындамаса, заңда белгiленген шара қолданылады. Мiндет заңды тұлғаларға да жүктеледi.Заңға негiзделген айғақтар - құқықтық қатынастардың пайда болуымен, өзгеруiмен немесе тоқтауымен құқық нормалары арқылы байланыста болатын тiршiлiк жағдайлары. Заңды фактілер туындайтын салдардың сипаты бойынша:құқықтудырушы (мысалы, жоғары оқу орнына түсу);құқықөзгертуші (мысалы, күндізгі оқу бөлімінен сыртқы бөлімге ауысу);құқықтоқтатушы (мысалы, жоғары оқу орнын аяқтау). Түрлерi: оқиғалар және әрекеттер. Оқиғалар - адамдардың бұл субъектілердің еркіне тәуелсіз пайда болады. Мысалы, табиғат апаты, өлім және т.б адам өлiмi мұрагерлiк құқықты тудырады, ал пенсия жасына жету, зейнетақы алуға мүмкiндiк бередi. Әрекеттер - адамдардың мен пайда болатын заңға негiзделген айғақтар. Олар құқыққа сай (заңды әрекет) және құқыққа қарсы әрекеттер (заңсыз әрекет) болып бөлiнедi.

61. Ата-ана және балалар құқықтары және міндеттері: Баланың өз ата-анасы тәрбиелеуіне, оның мүдделерін қамтамасыз етуге, жан-жақты өсіп-жетілуіне, оның адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар. Баланың: өз пікірін білдіруге,аты және тегін өзгертуге,қорғау құқығына ие бола алады. Ата аналар өз балаларына қатысты құқықтары тең және міндеттері тең. Балалар жөнінде ата-аналардың төмендегідей:балаларды тәрбиелеу; балалардың күш-қуатын дамыту; оларды міндетті түрде оқыту; балаларды пайдалы еңбекке үйретіп өсіру; жасы толмаған балаларын және көмекке мұқтаж, еңбекке қабілеті жоқ балаларын асырау міндеттері бар. Баланың өз ата-анасы тәрбиеленуіне, оның мүдделерін қамтамасыз етуіне, жан-жақты өсіп – жетілуне, оның адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар. Баланың ата-анасымен және басқа да туыстармен қарым – қатынас жасау құқығы. Баланың ата-анасының екеуімен де, аталарымен, әжелерімен, аға-інілерімен, апа-сіңілілерімен (қарындастарымен) және басқа да туыстарымен қарым – қатынас жасауға құығы бар. Баланың өз пікірін білдіру құқығы. Бала өзінің пікірін білдіруге, кез келген сот немесе әкімшілік іс қарау барысында тыңдалуға құқылы. Баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алуға құқығы. Әкесі атын өзгерткен жағдайда оның кәмлетке толмаған баларының әкесінің аты-жөні өзгереді, ал кәмлетке толған балалардың әкесінің аты-жөні бұл туралы арыз берген жағдайда өзгертіледі. Баланың ұлты. Баланың ұлты оның ата-анасының ұлтымен айқындалады. Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті,тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті. Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.

62 ҚР-ң Президенті: Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi. Қазақстан Республикасының Президентiн конституциялық заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.Республика Президентi болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген әрi Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады.Республика Президентiнiң кезектi сайлауы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi және ол мерзiмi жағынан Республика Парламентiнiң жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиiс.

63.Мемлекеттiк қызмет-мемлекет қызметiнiң бiр саласы және мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiлiгiн атқару жөнiндегi қызметi болып табылады. Құқықтық мәртебесі: заңдылық, қазақстандық патриотизм, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы; азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдылығы; мемлекеттік қызметтің жалпыға ашықтығы, Республика азаматтарының мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуе және өз қабiлеттерi мен кәсiби даярлығына сәйкес мемлекеттiк қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы; Жоғарыда тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдердің бағынысты мемлекеттік қызметшілер мен төменгі мемлекеттік органдар қызметшілерінің орындауы үшін міндеттілігі; мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы және есептілігі; Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы; мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу; мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы.

64. Қылмыстың санаттары. Қылмыс санаттары деп оларды нақты белгілері бойынша топқа бөлуді айтамыз. Қылмыстар - сипатына және қоғамға қауіптілік дәрежесіне жөне кінәнің түріне байланысты онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр санаттарға бөлінген. Қылмыстық кодекстің 10-бабына сейкес жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза (бас бостандығынан айырудан):

  • қасақана жасалған әрекет - екі, абайсызда жасалған әрекет бес жылдан аспайтын болса - онша ауыр емес деп саналады;

  • қасақана жасалған әрекет - бес, абайсызда жасалған әрекет те бес жылдан аспайтын болса - орташа ауыр;

  • қасақана жасалған әрекет он екі жылдан аспайтын болса - ауыр;

  • қасақана жасалған әрекет он екі жылдан аспайтын болса немесе өлім жазасы көзделсе - аса ауыр қылмыс деп танылады.

65. ҚР-ң жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару: жергiлiктi өкiлдi органдар - мәслихаттар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық, бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi және жалпымемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, оны iске асыруға қажеттi шараларды белгiлейдi, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Мәслихаттарды жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге халық сайлайды. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Республика азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады. Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi, тиiстi аумақтың мүддесi мен даму қажеттiлiгiн ұштастыра отырып, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi. Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi, тиiстi аумақтың мүддесi мен даму қажеттiлiгiн ұштастыра отырып, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғын халық тікелей жүзеге асырады, сондай-ақ ол мәслихаттар және халық топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылады.

66. Азаматтардың саяси құқығы және бостандығы тек мемлекет өз азаматтарына елдің қоғамдық және саяси өмірі саласына араласыға мүмкіндік беретін, конституциялық құқықтар мен бостандықтардың топтамасы. Бұл топтамаға: азаматардың бірлесу бостандығы; ҚР-ң азаматарының бейбіт әрі қарусыз жиналуына, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақысы жоқ; мемлекетті басқару ісіне араласуына құқығы бар; Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және сайлануға, сондай-ақ респудликалық референдумға қатысуға құқығы бар. Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруіне тең құқығы бар. Мемлекеттік қызметші лауазымына кондидатқа қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады және заңмен белгіленеді.

67.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары. Құқықтық мемлекет д\з жеке адам ж\е қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет.құқықтық мемлті қалыптастыру ісі қоғамды демократияландыруға, құқықтық тәртіптің ж\е заңдылық принциптерінің сақталуын негізделеді. Негізгі сипаттары: құқықтың басымдылығы; адам мен азаматтың құқықтық қорғалуы; мемлк биліктің бөлінуі; заң үстемдігі; құқық пен заңның тұтастығы; мемл пен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы; азаматтық қоғамның орнауы; қоғамның құқықтық мәдениетінің жоғары болып, оның құқықтық санасы деңгейінің өсуі; соттардың тәуелсіздігі; антимонополиялық құрылымдардың тұрақты түрде қызмет етуі. Адамның табиғи құқықтарының бірі ол бостандық, еркіндік құқығы. Оның мәні адамның ешкімнің құлдыққа, бостандыққа салуға, соттың үкімінсіз бас бостандығынан айыруға не шектеуге, заңсыз мәжбүрлеуге құқығы жоқ.

68. Еңбек құқығы - еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Бұл қатынастар тараптардың әдетте жеке және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар және ҚР Конституциясына негізделген еңбек туралы заңдарымен реттеледі.Еңбек қатынастары еңбек құқығының пәні болып табылады. Еңбек қатынастары еңбек құқығының негізгі бөлігі болы тұрып, қоғамдық еңбек саласындағы материалды және рухани игіліктерді игеру барысында қалыптасады. Еңбек құқығының әдісі- еңбек құқығының пәні болып табылатын еңбектік құқық қатынастар және сонымен тығыз байланысты басқада қатынастарды құқықтық реттеудің өзіндік ерекшелігінің барынша жалпылама көрінісі.

69. Қажеттi қорғану және аса қажеттілік Кейбір жағдайларда қылмыс жасалған кезде сол қылмыстың құрамы, оның қоғамдық қауіптілігі сияқты белгісі бола тұрса да іс-қимыл қылмыс болып табылмайтын мән-жайлар болады. Ондай мән-жайларға:қажетті қорғану, қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру, аса қажеттілік, жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру, орынды тәуекел ету, күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу, бұйрықты н/е өкімді орындау. 1. Қажеттi қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтiру, яғни қорғанушының немесе өзге бiр адамның жеке басын, тұрғын үйiн, меншiгiн, жер учаскесiн және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қоғамдық қауiптi қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтiру жолымен қорғау кезiнде, егер бұл орайда қажеттi қорғану шегiнен асып кетушiлiкке жол берiлмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды. 2. Барлық адамдардың кәсiби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажеттi қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға қоғамға қауiптi қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттiк органдардың көмегiне жүгiну мүмкiндiгiне қарамастан тиесiлi болып табылады. 3. Нәтижесiнде қол сұғушыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтiн зиян келтiрiлетiн, қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгi дәрежесiне қорғанудың көрiнеу сай келмеуi қажеттi қорғаныс шегiнен шығу деп танылады. Бұлайша шектен шығу тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады. Адам өмiрiне қол сұғушыға не қаруды қолданумен немесе қолдануға әрекет етумен ұштасқан өзге де қол сұғушылыққа тойтарыс беру кезiнде адамға зиян келтiру қажеттi қорғаныс шегiнен шығу болып табылмайды. Аса қажеттiлiк 1. Осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтiру, яғни белгiлi бiр адамның немесе өзге де адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделерiне, қоғамның немесе мемлекеттiң мүдделерiне тiкелей қатер төндiретiн қауiптi жою үшiн зиян келтiру, егер бұл қауiптi басқа амалдармен жою мүмкiн болмаса және бұл орайда аса қажеттiлiк шегiнен шығып кетушiлiкке жол берiлмесе, қылмыс болып табылмайды. 2. Құқық қорғау мүдделерiне алды алынғанға тең немесе одан гөрi елеулi зиян келтiрiлген, төнген қатердiң сипаты мен дәрежесiне және қатер жойылған жағдайға көрiнеу сәйкес келмейтiн зиян келтiру аса қажеттiлiк шегiнен шығу деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана жауаптылыққа әкеп соғады. 34-1-бап. Жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру 1. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган қызметкерiнiң не осы органмен қызметтес өзге адамның осындай органның тапсырмасы бойынша жедел-iздестiру шараларын орындауы кезiнде заңға сәйкес жасаған әрекетiмен осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге келтiрген зияны, егер бұл әрекет бiр топ адам, алдын ала сөз байласу арқылы бiр топ адам, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмысты болғызбау, анықтау, ашу немесе тергеу мақсатымен жасалса, сондай-ақ егер құқық қорғау мүдделерiне келтiрiлген зиян аталған қылмыстармен келтiрiлетiн зиянға қарағанда онша мәндi болмаса және егер оларды болғызбау, ашу немесе тергеу, сол сияқты қылмыс жасауға кiнәлi адамдарды әшкерелеудi өзге тәсiлмен жүзеге асыру мүмкiн болмаса, қылмыс болып табылмайды.

70. Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.Мемлекет және құқық пәнi - қоғамдағы саяси экономикалық, әлеуметтiк құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмiрдегi қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдiс-тәсiлдерiн, объективтiк заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Ол мемлекет пен құқықтың мәнiн терең түсiнуге мүмкiндiк бередi. Мемлекет пен құқықты бөліп қарауға болмайды, олар бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Құқық мемлекеттiк органдардың құрамын қалыптастырудың ретiн, жұмыс тәртiбiн және оның бағыт-бағдарын орнықтырады, ал мемлекет құқықтық нормаларды қабылдайды, бекiтедi және қорғайды.Қазіргі заманғы мемлекет - қоғамның қалыпты тiршiлiгi мен дамуын қамтамасыз ететiн, өзiнде тұрып жатқан азаматтар мен халықтардың құқықтарын, бостандықтарын әрі заңды мүдделерiн қорғайтын, мемлекеттiң өз iшiндегi және сыртқы даулар мен жанжалдарды шешетiн институт. Мемлекет - белгiлi бiр аумақ шеңберiнде халықты өз ырқына көндiрiп отыратын, бүкiл қоғам атынан iшкi және сыртқы саясатты жүзеге асыратын, барлық халыққа мiндеттi заңдар мен ереже-қағидаларды шығарып қабылдайтын, халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси ұйым. Қоғамның тарихи объективтiк даму процесiнде құқықтың маңызы туралы екi пiкiр бар: бiрiншiсi, қоғамның дамуын басқаратын, реттеп отыртын факторлардың бiрi - құқық. Бұл пiкiрдi заңды көзқарас дейдi. Екiншiсi, бiрiншi пiкiрге қарсы пiкiр. Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлi, маңызы жоқ деп түсiндiредi. Бұл пiкiрдi заңды нигилизм дейдi. Нигилизм қоғамда қабылданған, бүкiл адамға пайдалы нормаларды, жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау деген түсінік.Сонымен, құқық дегенiмiз мемлекет орнатқан және оның күшiмен қорғалатын, жалпыға бiрдей қоғамдық қатынастарды реттейтiн тәртiп ережелерiнiң (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.

71. Еңбек құқығы - еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Бұл қатынастар тараптардың әдетте жеке және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар және ҚР Конституциясына негізделген еңбек туралы заңдарымен реттеледі. Ең негізгісі 1999 жылдың 10 желтоқсанында қабылданған “Қазақстан Республикасының еңбек туралы” Заңы болып табылады.Еңбек туралы нормативтік-құқықтық кесімдердің сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Ережеге сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі) мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.Бірсыпыра басқа қатынастар осындай еңбекке байланысты қатынастарды да туындатады. Оларға әлеуметтік серіктестік, еңбекті қорғау, заңды тұлғалардан келтірілген шығынның орнын толтыру, еңбек дауларын қарау, жұмыссыздық және әлеуметтік қамсыздандыруды жатқызуға болады. Еңбек қатынастары еңбек құқығының пәні болып табылады. Еңбек құқығының әдісі – еңбектік құқықтық қатынастар және сонымен тығыз байланысты басқа да қатынастарды құқықтық реттеудің өзіндік ерекшеліктерінің барынша жалпы көрінісі. Еңбек құқығының әдісі құқықтық реттеу қандай тәсілмен іске асырылады деген сауалға жауап береді. Еңбек құқығының әдістері мынадай белгілермен сипатталады: еңбектік құқықтық қатынастар және солардың негізінде туындайтын басқа да қатынастарды реттейтін императивтік ж/е диспозитивтік нормалардың қосындысымен, еңбек құқығы пәнін реттейтін орталықтанған, жергілікті ж/е шартты әдістердің қосындысымен, әлеуметтік әріптестіктің тараптарының өкілдерін қатыстыра отырып қоғамдық қатынастарды реттеуде әлеуметтік-әріптестік келісімдерді барынша кең пайдаланумен, жалдамалы еңбекті пайдалануды реттеудің даралығы мен саралап жіктелінуі, еңбек дауларын шешудің ерекше тәртібін бекітумен.

72. Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға берілетін атай кеткені жөн болар еді. Меншік иесінің өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болады. Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Пайдалану құқығы мүліктен оны пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін. Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.Осылардың бәрі азаматтық құқық институты - меншік құқығын құрайды.Қазақстан Республикасының Конституциясы (6-бап) мемлекеттік меншік пен жеке меншікті таниды және бірдей қорғайды.Жеке меншік - азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді. Заң құжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесілі бола алмайтын жекелеген мүлік түрлерінен басқа кез келген мүлік жеке меншік болуы мүмкін. Жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді.Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып бөлінеді. Жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар тек қана мемлекеттік республикалық меншікте болады.Меншік иесі болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтарына:жерді пайдалану құқығы; шаруашылық жүргізу құқығы; оралымды басқару құқығы; заңдарда көзделген басқа да заттық құқықтар жатады. Меншік құқығының мерзімі шексіз. Мүлікке меншік құқығы осы кодексте көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін. Яғни меншік иесінің міндеттемелері бойынша, мүлікке өндіріліп алған ақы айналымға түссе; реквизицияланса, тәркіленсе; жер учаскесін алып қоюға байланысты жансыз мүлікті иеліктен айырса; күтімсіз ұстаған мәдени немесе тарихи қазыналар сатып алынса және т. б. заңда көзделген реттерге байланысты.

73. Қаржы полициясы және оның атқару қызметі. Қ.п.агенттігі ҚР Президентінің 2001 жылғы 22 қаңтардағы «ҚР-ның құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»Жарлығымен құрылды. Ол бұрынғы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Салық полициясы комитеті мен Салық полициясының таратылуының негізінде құрылды. Қ.п.агенттігі ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган. Оған экономика ж/е қаржы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау ж/е жолын кесу жөніндегі міндеттерді орындау жүктелген. Қаржы полициясының органдары заңмен белгіленген өкілеттіктердің шегінде жедел іздестіру қызметін; алдын-ала тергеу және анықтау; әкімшілік іс жүргізу арқылы экономика мен қаржы қызметі саласында адам мен азаматтың құқықтарына қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауғы, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған арналы орган болып табылады. 2002 жылы 4 шілдеде «ҚР қаржы полициясы туралы» Заң қабылданды.

74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы Азаматтық қоғам - онда болып жатқан процестер мен қатынастардың басты әрекет етушi тұлғасы мен субъектiсi ретiнде өз қажеттiлiктерiнiң, мүдделерi мен құндылықтарының барлық жүйесiмен бiрге адам болып табылатын қоғам. Бұл ұғым сонымен қатар мемлекет пен оның органдарына тәуелсiз өмiр сүретiн қоғамдық: саяси, экономикалық, мәдени, ұлттық, дiни, отбасылық және басқа қатынастардың барлық жиынтығын бiлдiредi, жеке мүдделердiң әралуандылығын көрсетедi. Қоғам демократиялық дамудың белгiлi бiр сатысында ғана азаматтық болады және елдiң экономикалық, саяси дамуына, халықтың әл-ауқатының, мәдениетi мен сана-сезiмiнiң өсу шамасына қарай қалыптасады. Елде азаматтық қоғамды қалыптастыру және демократияны дамыту өзара тығыз байланысты: азаматтық қоғам неғұрлым дамыған болса, мемлекет соғұрлым демократиялырақ болады. Азаматтық қоғамды дамытудың алғышарттары меншiктiң алуан түрлi нысаны кезiнде азаматтарда экономикалық дербестiктiң пайда болуы мен адами жеке тұлға мәртебесiнiң артуы болып табылады. Құқықтық мемлекет және демократия азаматтық қоғамның саяси iргетасы ретiнде қызмет етедi, бұлар жеке тұлғаның барлық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамда тұрақтылық, қауiпсiздiк, әдiлеттiлiк және ынтымақтастық жағдайын құру мақсатында оны дамыту үшiн қажет. Азаматтық қоғамның экономикалық негiзiн, тең танылуы мен қорғалуының заңнамалық кепiлдiктерiмен қамтамасыз етiлген, меншiк нысандарының әралуандылығы мен дара меншiк иелерiнiң егемендiгi құрайды. Демократия жағдайында азаматтық қоғам институттары мен мемлекет ортақ жүйеде әртүрлi, бiрақ өзара тәуелдi бөлiктер ретiнде жұмыс iстейдi.Азаматтық қоғам демократиялық саяси жүйе жағдайында ғана билiк пен азаматтық қоғам арасындағы қатынастар көпшiлiк келiсiм негiзiнде қалыптасатын ең жоғары даму деңгейiне жетедi. Азаматтық қоғамдағы демократиялық рәсiмдер билiк қызметiнiң сапасын бұқаралық бағалау құқығына және қоғам мүдделерi үшiн билiкке ықпал ету тетiктерiне негiзделедi. Азаматтық қоғамның мiндетi - жеке адам мен мемлекет арасында делдал болу. Азаматтық қоғамның мақсаты қоғамның әр мүшесiнiң мүдделерiн қорғау, оның мүдделерiн билiк пен қоғам алдында бейiмдеу, билiк қызметiн қоғамдық бақылау әрi оның iшкi және сыртқы саясатын қалыптастыру болып табылады. Азаматтық қоғам институттарына саяси партиялар, жергiлiктi қоғамдастықтар, кәсiптiк одақтар, дiни бiрлестiктер, шығармашылық, қоғамдық және ғылыми одақтар мен бiрлестiктер, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ қоғам үшiн түрлi қызмет пен қызмет көрсетулердiң кең ауқымын iске асыратын, қызметтiң алуан түрiн жүзеге асыратын мемлекеттiк емес қорлар, коммерциялық емес мекемелер, заңды тұлғалар одақтары (қауымдастықтары), қоғамдық пайдалы мiндеттердi шешетiн басқа да ұйымдар мен бастамашыл топтар түрiнде құрылған мемлекеттiк емес ұйымдар жатады.

75. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдарыЖаһандық экологиялық мәселелер: 1)климаттың өзгеруі : 2) озон қабатының бұзылуы; 3)биоәртүрллікті сақтау ( өсімдіктермен жануарлар дүниесінің әртүрлілігін ); 4 ) жердің шөлеуттену және тозуы . Ұлттық экологиялық мәселелер:1 ) Семей ,Арал; 2)Каспии теңізі қайраңының ресурстарын қарқынды игерумен байланыситы мәселелер; 3)Су ресурстарының сарқылыу және ластануы; 4)Байырғы ластанулар ; 5)трансшекаралық сипаттағы мәселелер; 6) әскери ғарыш және сынақ кешендері полигондарының әсері. Жергілікті экологиялық мәселелер;1 ) Әуе бассейнінің ластануы; 2)радиоактивті ластану; 3) Бактериологиялық және химиялық ластану ; 4)өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар;5 )табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар; Экологиялық проблемаларды табысты шешумен экологиялық апаттардың алдын алудың негізі кез келген мемелекеттің әлеуметтік – экономикалық жүйесін экологияландыру болып табылатынын көрсетеді.Экономиканы экологияландыруды жүзеге асыру үшін ресурстарды үнемдейтін технологияларды дамыту және экологиялық « лас» өндірістің үлесін азайту,табиғат пайдаланудың, мемлекеттік экологиялық бақылаудың , экологиялық мониторингтің және статистиканың табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесін оңтайландырудың экономикалық тетіктерін жетілдіру арқылы барлық әзірленетіе мемлекеттік,өңірлік және салалық бағдарламаларға экологиялық шарттармен талаптарды енгізі қажет

76. Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері Қоғамдық қатынастар - адамдардың өзара әлеуметтiк байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмiр сүру үшiн, ұрпақты жалғастыру үшiн және де басқа себептермен бiр-бiрiмен қатынаста (саяси, моральдық, экономикалық, әлеуметтiк, ұлттық, дiни т. б.) болады. Бұл байланыс-қатннастар моральдық, әдет-ғұрып, дiни, құқықтық нормалармен реттеледi. Осылардың iшiндегi құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқық негiзiндегi қатынастар болып табылады. Бұл үшiн бiр-бiрiмен байланысты үш негiз болуы керек: 1) құқық нормасы; 2) субъективтiк құқықтар мен мiндеттер; 3) заңға негiзделген айғақ болуы керек. Құқықтық қатынас дегеніміз қажет болғанда мемлекеттік-биліктік сипаттағы мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілетін, субъективтік құқықтары мен заңды міндеттері бар, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынасқа қатынасушылардың арасындағы тұрақты заңды байланыс. Құқықтық қатынастардың субъектiсi - жеке адам және заңды тұлғалар. Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа елдердiң азаматтары сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар (апатридтер) жеке тұлғалар болып ұғынылады. Заңды тұлғалар: мемлекет, мемлекеттiк аппарат - мекемелер, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бiрлестiктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар заңды түрде құрылып, бекiтiлсе, тiркелсе толық түрде құқықтық және әрекет қабiлеттiлiгi бар деп саналады. Қатынастың субьектiсi болу үшiн олардың құқықтық қабiлеттiлiгi және әрекеттiлiгi қалыптасуы керек.Құқықтық қатынастың объектiсi (заты) - қоғамдағы көп түрлi, көп салалы саяси, экономикалық, әлеуметтiк, мәдениеттiк, азаматтық, қылмыстық, әкiмшiлiк, еңбектiк және т. б. қарым-қатынастар. Материалдық дүние-заттар, рухани-шығармашылықтың өнiмдерi, жеке мүлiктiк емес игiлiктер, құқық субьектiлерiнiң мiнез-құлқы және құқық қатынастарыны нәтижелерi - құқық қатынастарының обьектiлерi.

77. Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері Азаматтық құқық – жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік-аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс-әрекетімен ажырамас байланыстағы ҚР құқығының бір саласы. Тауар-ақша, қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік, мүліктік емес қатынастар азаматтық құқықтың пәні болып табылады. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері субъектілері, объектілері мен мазмұны, ал негізгі бастаулары Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық Кодексі, оған сәйкес қабылданған өзге де заңдар және заңға тәуелді кесімдер болып табылады. Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатнастардың негізгі түрлерінің біріне,құқықтық нормалардың ықпалына ұшырайтын мүліктік қатнастар жатады.Азаматтық құқық тек қана мүліктік емес ,сонымен бірге жеке мүліктік емес қатнастарды да реттейді.Қ.Р ның азаматтықм заңнамалары 2 түрлі жеке мүліктік емес қатнастарды: 1) мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес және; 2)мүліктен тыс ,мүліктік емес қатнастарды реттейді.

78. Алименттік қатынастар Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға міндетті. Кәмелетке толмаған балаларды асыраудың тәртібі мен нысанын ата- аналар дербес айқындайды.  Ата-аналар осы Заңның 20-тарауына сәйкес өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағу туралы келісім (алимент төлеу туралы келісім) жасауға құқылы.  Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап- бағуына алмаса, кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға арналған қаражат (алимент) ата-аналардан сот тәртібімен өндіріп алынады.Ата-аналардың алимент төлеу туралы келісімі болмағанда, кәмелетке толмаған балалар асырап-бағуға алынбағанда және сотқа талап-арыз берілмегенде қорғаншы және қамқоршы орган кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-анасынан (олардың біреуінен) алимент өндіріп алу туралы талап қоюға құқылы. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің - төрттен бірін; екі балаға - үштен бірін; үш және одан да көп балаға - тең жартысын өндіріп алады.  Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып кемітуі немесе көбейтуі мүмкін.  Ерлі-зайыптылар бір-бірін материалдық жағынан қолдауға міндетті. Мұндай қолдаудан бас тартқан және ерлі-зайыптылардың арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда алимент төлеуге қажетті қаражаты бар жұбайдан: еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайының; жүкті кезінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы әйелінің;ортақ мүгедек баланы бағып отырған мұқтаж жұбайының бала он сегіз жасқа толғанға дейін; ортақ мүгедек баланы 16 жасқа толғанға дейін бағып-күтіп отырған, сондай-ақ 16 жасқа толғаннан соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда мұқтаж жұбайының алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге құқығы бар. Алимент төлеуге қажетті қаражаты бар бұрынғы жұбайынан алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге: жүкті кезінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы бұрынғы әйелінің; ортақ мүгедек баланы 16 жасқа толғанға дейін бағып-күтіп отырған, сондай-ақ 16 жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының; неке бұзылғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының құқығы бар.  Алименттің мөлшері мен оны неке бұзылғаннан кейін бұрынғы жұбайына берудің тәртібі бұрынғы ерлі-зайыптылардың арасындағы келісім бойынша белгіленуі мүмкін.

79. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары Еңбек даулары тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қаралады. Сотқа дейін еңбек дауларын келісім комиссиясы қарай алады. Ол комиссия тараптардың бірлескен шешімі бойынша жұмыс берушілер мен қызметкерлердің саны тең өкілдерінен тепе-тең негізде құрылып, қызметкерлердің өкілдері ұйымның жалпы жиналысында сайланып, жұмыс берушінің өкілдерін ұйым басшысы тағайындайды.Келісім комиссиясы арыз берушінің өтінішін ол берілген күннен бастап үш күн мерзім ішінде қарайды. Оны қарау нөтижелері бойынша шешім қабылданып, арыз берушіге беріледі. Арыз қанағаттандырылған жағдайда кінәлі жақ шешімді үш күн мерзім ішінде орындайды.Сот тәртібімен еңбек даулары 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексіне сәйкес жүргізіледі. Ерекше айта кететін жағдай, қызметкерлер еңбек құқықтық қатынастарды туындайтын талаптар бойынша сотқа жүгінген кезде олар мемлекет кірісіне сот шығындарын (мемлекеттік баж бен істің қаралуына байланысты шығындарды) төлеуден босатылады.Ұжымдық дауларды шешу тәртібі 1996 жылғы 8 шілдедегі "Ұжымдық еңбек даулары және ереуілдер туралы" Қазақстан Республикасы заңымен көзделген. Осы заңда ұжымдық еңбек даулары деп жұмыс берушілер мен қызметкерлер ұжымдары арасындағы ұйымдарда еңбек ету жағдайы мен еңбек ақы төлеуді орнықтыру мен өзгертулер, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасу және олардың орындалуы жөнiндегi, сондай-ақ қолданыстағы заңдардың, ұжымдық шарттар мен келісімдердің ережелерін қолдану мәселелері жөніндегі қайшылықтар ретінде түсінілетін ұғымдарға анықтама берілген. Заңда талаптарды шешу, рәсімдеу және мәлімдеудің, еңбек ұжымдарының талаптарын қараудың белгілі бір тәртібі көзделген.Аталған заң ұжымдық дауларды шешудің ереуіл сияқты ең шектен шыққан шарасын жеке реттейді. Ереуіл - еңбек ұжымы мен жұмыс беруші арасындағы өздерінің әлеуметтік-экономикалық және кәсіби талаптарын қанағаттандыру үшін (жұмысқа шықпау, еңбек міндеттерін орындамау) еңбек ұжымы мүшелерінің белгілі бір мерзімге немесе еңбек ұжымының талаптарын жұмыс беруші қанағаттандырғанға дейін жұмысты толық немесе ішінара тоқтатау арқылы білдіретін күрес шарасы.Ереуіл өткізу жөніндегі шешім, егер дау мәмлеге келу жолымен шешілмейтін жағдайда ғана шығарылуы мүмкін. Ереуілдің басталу және созылу уақыты туралы, оны жарияламастан бұрын, жұмыс берушіге кем дегенде он бес күнтізбелік күн бұрын жазбаша түрде ескертуі тиіс.

80. Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері Азаматтық құқықтық қатынастар дегеніміз қатысушылары бір-бірімен субъективті азаматтық құқықтар мен міндеттер арқылы жалғанатын, азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік не мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес, мүліктен тыс қатынастар. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері субъектілері, объектілері мен мазмұны, ал негізгі бастаулары Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық Кодексі, оған сәйкес қабылданған өзге де заңдар және заңға тәуелді кесімдер болып табылады. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың субъектілеріне: жеке және заңды тұлгалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық, бөліністер жатады. Жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар.Заңды тұлғалар-меншік, шаруашылық жүргізу н/е жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелеріне жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен м3ндеттерге ие болып6 оларды ж8зеге асыра алатын адам не ұйым. Түрлері: өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді (коммерциялық ұйым), не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес) ұйым заңды түлға бола алады.Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын нысандарында құрылуы мүмкін, ал мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор және діни бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.Объектісі-мүліктіа ж/е мүліктік емес игіліктер мен құқықтар.Мүліктік құқықтар мен игіліктер:заттар, ақша, шетел валютасы, құндықағаздар, тауарлық белгі, фирмаларатаулары. Мазмүны-сол қатынастарды жүзеге асырушы субъектілердің құқықтары мен міндеттері н/е сол іс-қимылды асыруда құқықтар мен міндеттер.

81. Некеге тұрудың шарттары Некелік шарт – біздің тұрмысымызға салыстырмалы түрде жақында енген ұғым. Некелік шарт деп – некеге тұратын адамдардың немесе ерлі – зайыптылардың некеде тұрғандағы немесе оны бұзған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімдері танылады. Некелік шарт міндетті түрде жазбаша жасалуы және нотариуспен куәландырылуы қажет.Некелік шартты некеге отыратын адамдардың тікелей өздері, сондай – ақ адвокат не нотариус толтыруы мүмкін екендігін айырықша атап көрсету қажет. Некелік шартты нотариалды куәландыру үшін жекеменшік немесе мемлекеттік нотариусқа жүгіну керек.Некелік шартты некені тіркегенге дейін, сондай – ақ некеде тұрған кез келген уақытта жасасуға болады. Некелік шарттың субъектілері не ерлі – зайыптылар, не некеге енді тұруға әзірленіп жатқан адамдар болуы мүмкін (күйеу мен қалыңдық). Ерлі – зайыптылар, яғни АХАТ органдарында тіркелмеген, бірақ бірге тұратын және бір – біріне қамқорлық көрсететін адамдар некелік шарт жасаса алмайды. Некеге тұратын кәмелетке толмағандар (18 жасқа дейінгі адамдар) ата – аналарының немесе қамқоршыларының келісімімен ғана некелік шарт жасаса алады. Бұл кәмелетке толмағандардың өз бетінше некелік шарт жасасуына тыйым салынады деген сөз. Некелік шарт жасасу – некені тіркеу үшін қажетті шарт болып табылмайтындағын атап өту керек. Некеге отыратын адамдардың немесе ерлі – зайыптылардың неке шартын жасасуы немесе оған қол қоюдан бас тартуы ерікті түрде шешіледі, өйткені бұл олардың міндеті емес, құқығы болып табылады. Бірақ сонымен бірге неке шартында ерлі – зайыптылардың немесе некеге тұратын адамдардың ортақ еркі білдірілуі тиіс.

82. Қылмыстық құқықтың ұғымы мен қағидалары Кылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандақтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады.Біріншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясыболып табылады. Бұл қатынас қылмыстың істелуіне байланысты қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болады.Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі.Үшіншіден, қылмыстық құқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтіргенде, олардың одан қорғануына байланысты қатынастарын ретке келтіреді. Мысалы, қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік немесе қылмыскерді ұстауда әрбір азамат заңда белгіленген тәртіппен қорғануға құқылы. Бұл мәселе тек қылмыстық құқықтық норма арқылы реттеледі.Кылмыстық кұқық заң шығарушы органдар қабылдаған қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін зандылық нормалардың жиынтығы болып табылады.Қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады.Қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері, қылмыстық жауаптылықтың негізі және одан босату, қылмыс құрамының түсінігі, қылмыстық заңның кеңістіктегі және мезгілдегі күші, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін жоятын мән-жайлар туралы түсініктер, сондай-ақ қылмыс істеу сатылары туралы үғыммен, қылмысқа бірге қатысу, жазаның мақсаты жөне жүйелері, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жауаптылықтан жөне жазадан босатудың мөселелері осы Жалпы бөлімде зерттеледі.Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары және оларды істегені үшін белгіленген жаза түрлері көрсетіледі.Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық базасы - Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық құқықтың ережелері мен институттарының мазмұны қолданылып жүрген қылмыстық құқықтың нормаларында, атап айтқанда Жоғарғы Соттың нормативті қаулыларында, 1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған Қылмыстық кодексте жөне т. б. нормативтік кесімдерде анық көрсетілген. Қылмыстық құқық қылмыстық заңнаманың міндеттері мен қағидаттарын, қылмыс ұғымын, қылмыстық жауапкершіліктің негізін, қылмыстың түрлері мен белгілерін, жазаны, қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатудың негіздерін анықтайтын заңды нормалардың жиынтығы.Қылмыстық құқықтың қағидаттары деп мемлекеттің қылмыстық құқық саласындағы саясатының, қылмыспен күресудің іс жүзіндегі құралдарының мазмұнының негізіне қойылған тіректі мұраттар мен бастамаларды айтамыз.Сондай қағидаттардың бірі заңдылық қағидаты. Оның мәні қылмыстық әрекет пен жаза тек қана қылмыстық заңмен анықталуы керек. Әрекет не әрекетсіздік қоғамға қанша қауіпті болса да, егер оларда қылмыстың құрамы болмаса тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке жасанды түрде тартуға болмайды.Азаматтардың заң және сот алдында теңдігі қағидаты. заң алдында бірдей.Тек қылмыстық әрекеті не әрекетсіздігі үшін кінәлі болған тұлғаны ғана қылмыстық жауапқа тарту қағидаты.Негізгі қағидаттардың бірі әділеттілік қағидаты. Оның мәні соттар жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігін, сотталушының жеке басының, оның қылмыс жасағанына дейінгі және қылмыс жасағаннан кейінгі мінез-құлығы ерекшеліктерін, қылмысты ауырлататын және жеңілдететін жағдайларды, отбасы жағдайларын ескере отырып жаза тағайындаулары қажет.Қылмыстық құқықтың тағы бір қағидаты ол ізгіліктік қағидат. Ізгілік адамды адам, кісі, тұлға ретінде тану, оның ар-ожданын, намысын, қадір-қасиетін, бақытқа, жақсылыққа, өркениетке ұмтылуын сыйлау, мойындау. Сондықтан, жаза тағайындау барысында ізгілік қағидатына сүйене отырып жасалған қылмысқа тиісті жазадан жұмсақтау жаза тағайындау.

83. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары Конституцияның 12-шi бабына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi. Республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтары Қазақстан мемлекетi мойындайтын әрi кепiлдiк беретiн өз азаматтарының белгiлi мiнез-құлқының заңдық мүмкiндiктерiн бiлдiредi. Осының нәтижесiнде өркениеттi мемлекеттердегi адам мен азаматтардың негiзгi құқықтары мен бостандықтары толық көлемде Республика Конституциясында бекiтiлген. Конституция бойынша оларды жеке, саяси, экономикалық, және әлеуметтiк топтарға бөлуге болады. Жеке құқықтар мен бостандықтар:өмip сүру құқығы , әркiмнiң өзiнiң жеке басының құқығы бар және адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмайды, әрбiр адам сый-құрмет пен мойындауға және дербес ой мен әрекет құқығына лайық. Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде тұратын әрбiр адамның, заңда арнайы көрсетiлгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркiн жүрiп-тұруға және тұрғылықты елдi мекендi өз қалауы бойынша таңдап алуға, республикадан тыс жерлерге кетуiне, республика азаматтарының кедергiсiз қайтып оралуына құқығы бар.Мемлекет iсiн басқаруға қатысу құқығы: жиналыстарға, бейбiт әрi қарусыз жиналуға, митингiлерге, демонстрацияларға, шерулерге қатнсуға және тосқауылдарға тұру құқығы Бiрлесу бостандығы құқығы Әлеуметтiк құқықтар мен бостандықтарға: денсаулық сақтау, бiлiм алу, әлеуметтiк қамсыздандыру, еңбек ету бостандығы және т. б. жатады.Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға, жасына келген, науқастанған, асыраушысынан айырылған жағдайда және зейнетақының мөлшерiнде, мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта бiлiм алуына кепiлдiк берiледi.