Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhana_kukyk-1.doc
Скачиваний:
68
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
431.1 Кб
Скачать

84. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері

85. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі, түрлері Еліміздің жер қоры ауыл шараушылығы мақсатындағы, елді мекендердің (қалалардың, поселкелер мен ауылдық елді мекендердің) жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер, орман қорының және босалқы жер санаттарына бөлінеді. ҚР Жер кодексінің 1-бабында көзделген жер қоры арнайы мақсатқа-санаттарға бөлінуге ие. Егер ол біртұтас болмаса қалай бөлінуі мүмкін сол себепті ҚР-сының жер корын ҚР-ның біртұтас жер қоры деп атаған дұрыс Жер қоры – ҚР-ғы жер құқығы қатынастарының аса маңызды объектісі.Жоғарыда көрсетілгендей ҚР-сы конституциясы ҚР-сы егемендігі бүкіл аумағына таралатын барлық жерлерді құқықтық реттеудің қайнар көздерінің басты құқықтық базасы болып табылады.жер қоры жерге меншік құқығының жекелеген жер учкскелетіне жер пайдалану құқығының, севитуттың, жерді басқару мен қорғаудың объектісі болып табылады.

86. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы Атқарушы билiк мемлекеттiк басқару органдары жүйесiнен тұрады, ал бұл жүйеге Үкiмет, министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен мекемелер, жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттiк кәсiпорындар және мемлекеттiк мекемелердiң әкiмшiлiктерi жатады. Үкiмет мемлекеттiң жоғары атқарушы өкiмет органы болып табылады. Қазақстан Республикасында атқарушы билiктiң үлгiсi президенттiк басқару нысанына үйлестiрiле құрылған. Бұл мемлекет басшысының төменнен жоғарыға дейiнгi атқарушы органдарды қалыптастыруда, олардың қызмет атқаруында алатын шешушi рөлiн бiлдiредi.Үкiмет Президенттiң Парламент Мәжiлiсiне заң жобаларын енгiзу жөнiндегi тапсырмасын орындауға, заң жобалау жұмысының жоспарларын Президентпен келiсiп отыруға мiндеттi. Үкiмет Конституцияның 53 бабының 6-шы тармақшасында көзделген ретте Республика Парламентiне есеп бередi. Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртiбi конституциялық заңмен белгiленедi (1995 жылғы 18 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” мемлекет басшысының конституциялық заң күшi бар Жарлығы). Үкiметтi Премьер-министр, оның орынбасарлары, министрлер және мемлекеттiк комитеттердiң құрамында Республика Президентi құрады. Республика Премьер-министрi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмінде Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы Президентке ұсыныс енгiзедi. Үкiмет мүшелерi Қазақстан халқы мен Президентiне ант бередi.Үкiмет ұйымдық жағынан алқалы орган болып табылады, яғни оның шешiмдерi Үкiметтiң отырысында алқалы түрде қабылданады.Министрлiк Республиканың мемлекеттiк басқарудың тиiстi салаларындағы, сондай-ақ заңдар деңгейiнде салалық үйлестiруге басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Мемлекеттiк комитет - Республикада мемлекеттiк басқарудың тиiстi салаларда бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзетiн және заңдарға сәйкес осы мақсаттарда салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган. Жергiлiктi атқарушы органдар елiмiздiң атқарушы билiгiнiң бiрегей жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады және олар жергiлiктi жерлерде жалпы мемлекеттiк саясатты тиiстi аумақтарды дамыту мүддесiмен үйлестiре жүргiзудi көздейдi. Жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлеттiлiгi, жауапкершiлiгi, қызмет тәртiбi Конституцияның 87 - бабымен бiрге “Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы” 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Заңнмен, сондай-ақ басқа заңдармен және заңға сәйкес нормативтiк-құқықтық кесiмдермен реттеледi. Осы заңмен әкiмнiң мiндетiндегi жеке өкiлеттiктi де, әр түрлi салалар мен қызметтердi тұтас атқарушы орган, яғни әкiм және оған бағынатын органдар жүзеге асыратын өкiлеттiктi де белгiлейдi.

87. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар. Мемлекеттің дамуы мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болу нәтижесінде алғашқы құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс әрекетінің нетижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайлада мемлекеттің күш қуатына үйренетін басқару жүйесі. Мемлекеттің пайда болуының, дамуының бірнеше түрлері бар: Шығыс елдерінде мемлекеттің қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғауымен байланысты. Еуропалық елдерде мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялары:Теологиялық теория мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.Табиғи теория бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды. Тарихи теория осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.Патриархалдық теория мемлекет адамдардың отбасы тәжибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы әке, мемлекет басшысы монарх.Психологиялық теория адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс әрекеті, мінезі, тәртібі бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды.

88. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері Ерлi-зайыптылардың құқықтары мен мiндеттерi азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында некеге тұру мемлекеттiк тiркелген күннен бастап туындайды. Ерлi-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең мiндеттер атқарады.Ерлi-зайыптылардың әрқайсысы қызмет, кәсiп түрiн, тұрғылықты жердi таңдауда ерiктi. Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға бiлiм беру мәселелерi мен отбасы өмiрiнiң басқа да мәселелерiн ерлi-зайыптылар бiрлесiп шешедi. Ерлi-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негiзiнде құруға, отбасының игiлiгi мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсiп-жетiлуiне және олардың әл-ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға мiндеттi. Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкіне (ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне) ерлі-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметінен, кәсіпкерлік қызметтен және санаткерлік қызмет нәтижелерінен тапқан табыстары, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен және ерлі-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкінен кірістер, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабілетін жоғалтуына және басқаларына байланысты залалды өтеуге төленген срмалар) жатады. Сондай-ақ ерлі-зайыптылар ортақ кірістерінің еаебінен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүліктер, бағалы қағаздар, жарналар, салымдар, несие мекемелеріне немесе өз де коммерциялық ұйымдарға салінған капиталды үлестер және ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезеңде тапқан басқа да кез келген мүлік ол ерлізайыптылардың қайсысының атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлі-зайыптылардың қайсысы салынғанына қарамастан, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі болып табылады.Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі. Мыналар ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі болып табылады: 1) некеге тұрғанға дейін ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі болған мүлік; 2) ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезеңінде сыйлыққа, мұрагерлік тәртібімен немесе өзге де мәміле жасау бойынша тегін алған мүлкі; 3) қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ қаражаты есебінен сатып алынса да, жеке пайдалану заттары (киім-кешек, аяқкиім және басқалар). Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысы тапқан мүлікті сот олардың әрқайсысының меншігі деп тануы мүмкін.Егер некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптыладың ортақ мүлкі немесе басқа жұбайдың мүлкі не ерлі-зайыптылардың кез келгенінің еңбегі есебінен осы мүліктің құнын едәуір арттыратын салыным жүргізілгені (күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау және т.с.с.) анықталса, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігі болып танылуы мүмкін.Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу және осы мүліктегі үлестерін айқындау кезінде, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының үлесі тең деп танылады.

89. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көздері Азаматтық іс жүргізу құқығы-соттардың өз құзіретіне жатқызылған талап қою, өзге істерді қарау және шешу барысында сот төрелігін атқаруы кезінде туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Азаматтық іске қатысушы тараптар: жауапкер мен талапкер. Мүлікке, некеге байланысты істер азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көзі – 1999 жылы 13 шілдеде қабылданған ҚР Азаматтық іс жүргізу Кодексі болып табылады. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 174 бабына сәйкес аталған істерді қоспағанда,азаматтық іс екі ай ішінде қаралуға тиіс.Істі дайындау 7 күн ішінде жүргізіледі,күрделі істер бойынша судья дәлелді ұйғарым арқылы оны бір айға дейін ұзарта алады. Азаматтық іс жүргізу кодексінде шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық іс жүргізу құқықтарына ,шет мемлекеттерге қойылатын талаптарға ,шетелдік соттардың сот тапсырмалары мен шешімдеріне ,халықаралық шарттарға арналған арнайы бөлім бар. Азаматтық іс жүргізу құқығының ерекше бөлігі- құқықтың осы саласының жекелеген институттарын, сатыларын реттейтін құқық нормаларының жиынтығы бірінші сатыдағы, апелляциялық бақылау, сатысындағы сотта іс жүргізу және басқалар. Азаматтық іс жүргізу азаматтық процесс соттың, іске қатысушы тұлғалардың және процеске басқа да қатысушылардың куәлардың,сарапшылардың,сондай-ақ қаулыларын орындайтын органдардың азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызмет.Азаматтық іс жүргізу дегеніміз,іс жүргізу құқық қатынастары пайда болуының,дамуының және тоқталуының жүйелі тәртібі болып табылады, өйткені қатынастар іске мүдделі барлық тұлғалардың құқықтың осы саласының жекелеген институттарын, сатыларын реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.Азаматтық іс жүргізу соттың, іске қатысушы тұлғалардың және процеске басқа да қатысушылардың, сондай-ақ қаулыларын орындайтын органдардың азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызмет. Азаматтық іс жүргізу дегеніміз, іс жүргізу құқық қатынастары пайда болуының, дамуының және тоқталуының жүйелі тәртібі болып табылады,өйткені қатынастар іске мүдделі барлық тұлғалардың белсене қатысумен азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру жөніндегі сот қызметі процесін деп айтуға болады, дамиды және тоқтатылады не олар соттың істің шын мән-жайын анықтауына жәрдемдеседі. Азаматық іс жүргізу құқығы құқықтық басқа салалармен, әсіресе материалдықсалаларымен тығыз байланысты.Онда анықтау нысанасын, істің сотқа қарастылығын анықтайтын азаматтық іс жүргізу сипатындағы нормалар болады. Сот іс бойынша шешім шығаратын кезде даулы құқық қатынастарын реттейтін материалдық құқық нормаларын қолданады. Азаматтық іс жүргізу құқығы қылмыстық іс жүргізу құқығымен тығыз байланысты,өйткені екі сала да сот әділдігін жүзеге асыру жөніндегі сот қызметінің тәртібін белгілейді.

90. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі Әкімшілік қүкықтың қүрамдас бір бөлігі мемлекеттік қызмет болып табылады. Мемлекеттік қызмет -мемлекет қызметінің бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілердің күқықтық жағдайларын Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы реттейді.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен атқарылуы келесі принциптерден негіз алады: заңдылық, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтас-тығы, азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдылығын; т.б.

Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құра-мына мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді. Мемлекеттік саяси кызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлау негізінде кіруі, ал мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары болуы, жасы 18-ден кем болмауы, қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және т. б.Мемлекеттік қызмет мәселелері Қазақстан Республикасының "Мемлекетгік қызмет туралы" Заңымен реттеледі (1999жыл 23 шілде).Мемлекеттің қызметі дегеніміз-оның негізгі міндеттерін, мақсаттарын, бағыттарын көрсететін ауыспалы сипаттағы категория. Мемлекттің қызметтері мынадай түрлерге бөлінеді: әрекет ету ұзақтығына қарай-тұрақты, уақытша; маңыздылығына қарай-негізгі, қосымша; қоғамдық өмірдің қай саласында жүзеге асырылатынына байланысты-ішкі, сыртқы. Мемлекеттiң iшкi қызметтеріне: экономикалық;әлеуметтiк; қаржы реттеу; мәдениет бағытындағы; экологиялық; құқықтық тәртiптi реттеу жатады. Сыртқы қызметтеріне: шет мемлекеттермен екi жақты пайдалы қарым-қатынастарды дамыту; мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту; мәдени және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қалыптастыру; дүниежүзiлiк ғаламдық мәселелердi реттеп, iске асыру; мемлекеттiң қорғанысын, қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi және т. б. жатқызуға болады.