Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhana_kukyk-1.doc
Скачиваний:
68
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
431.1 Кб
Скачать

11. Бюджеттік құқық және мемлекеттік бюджет.

Бюджеттік құқық мемлекеттік бюджетті (Республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтығы) қалыптастыру және бөлу, сондай- ақ бюджеттен бөлінген қаражаттарды пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын бюджеттік қатынастарды реттейтін қаржылық құқықтың аса маңызды бөлімі болып табылады.

Мемлекеттік бюджетті қалыптастыру және бөлу, сондай- ақ бюджеттік ресурстарды пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын бюджеттік қатанастар бюджеттік құқықтың пәні ретінде қарастырылады.

Бюджеттік қатынастардың белгілері:

А) бұл қатанастар республикалық бюджет жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарын қалыптастыруға байланысты жүзеге асырылатын мемлекеттің бюджеттік қызметінің барысында туындайды;

Б) бұл қатынастар әрқашанда бөлу және қайта бөлу сипатында көрініс табатын ақшалай қатынастар болып саналады;

Мемлекеттік бюджет:

а) материалдық мағынасында бюджет мемлекет ауқымында орталықтандырылған мемлекеттің ақшалай қоры, сондай- ақ жергілікті әкімшілік – аумақтық құрылымдар деңгейінде орталықтандырылған жергілікті ақшалай қорлар;

б) экономикалық мағынасында бюджет жалпы мемлекеттік және жергілікті маңызы бар міндеттер мен функцияларды жүзеге асыруға қажетті, мемлекеттік және жергілікті деңгейлерде орталықтандырылатын ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын экономикалық қатынастардың жиынтығы;

12.Міндеттемелік құқық. Азаматтық құқықтық қатынастардың арасында көп кездесетін негідердің бірі - міндеттемелер. Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жзұмыс орындау ақша төлеу және т.б. сол сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордың өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы.Несие беруші борышқордан атқкарылғанды қабылдауға міндетті.

Міндетеменің субъектілері: несие беруші және борышқор.Несие беруші құқықты тарап яғни борышқордан белгілі әрекеттерді жасауды немесе белгілі әрекеттерден бас тартуды талап ете алатын жақ, борышқор керісінше несие берушінің пайдасына белгілі әрекеттерді жасауға немесе жасамауға міндетті тарап.

13.Қр адвокатурасы.

Адвокатура адамның өз құқықтарын , бостандықтарын сотта қорғауға және біліктілікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және азаматтардың құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған қызмет болып табылады.

Адвокаттардың құқықтық статусы ҚР 1997 жылғы желтоқсан айының 5 жұлдызындағы «Адвокаттық қызмет туралы» Заңымен реттеледі.Жоғары Заң білімі бар, заңгер мамандығы бойынша жұмыс стажы 2 жылдан кем емес және адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған адам адвокат бола алады. Адвокат міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болуы тиіс.

Қазіргі кезде елімізде барлық облыстарда , қалаларда адвокаттар аалқасы және жеке меншік адвокаттық кеңселер халыққа қызмет етеді.

Адвокаттар төмендегідей қызмет көсетеді:

шешілуі кәсіби заң білімдерін қажет ететін мәселелер бойынша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар береді;

талап қою арыздарын, шағымдар құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасайды;

анықтау, алдын – ала тергеу органдарында, соттарда, мемлекеттік және өзге де органдарда және азаматтармен қарым –қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкілдігі мен оларды қорғауды жүзеге асырады.

Адвокаттар заңдарда тиым салынбаған өзге де заң көмегін көрсетеді және т.б. ҚР – ғы нотариат – құқықтар мен фактілерді куәландыруға, 1997 жылғы шілденің 14- де қаб-ған « Нотариат туралы » заңында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариалдық іс - әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде б.ж

14ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдары.ҚР Президентінің 1997 ж 5 қарашадағы " Ұлттық қауіпсіздікті нығайту ұйымдасқан қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресті одан әрі күшейту шаралары туралы" жарлығымен жемқорлықпен байланысты жауаптылықты мемлекеттік лауазымдағы адамдардың әскери қызметкерлердің құқық қорғау органдары арнайы қызмет және сот қызметкерлерінің сондай ақ контробанда және есірткі бизнесімен айналысатын қылмыстық қауымдастықтардың ұйымдасқан қылмысымен күресу өкілеттігі.

ҰҚО міндеттері:

- жеке адамның қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мем саясатын жасауға және оны іске асыруға қатысу;

- Шет мем-дің және адамдардың ҚР аумағында барлау және басқа да дұшпандық қызметпен айналысуын ашу ж/е оған жол бермеу бағытында жұмыс жүргізу;

- конст құрылысты күшпен өзгертуге шекара тұтастығын бұзуға ж/е мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіруге бағытталған терроризмді ж/е өзге де әрекеттерді ашу алдын алу ж/е олардың жолын қию;

- Олардың қарауына жататын қылмыстарды ашу болдырмау тексеру ж/е әшкерелеу.

15 Қылмыстық іс жүргізу бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Олар қылмыстық іс жүргізудің сатылары деп аталады.Ол сатылар былайша аталады:1)қылмыстық іс қозғау; 2)қылмыстарды алдын ала тергеу; 3)басты сот талқылауын тағайындау; 4)басты сот талқылауы 5)апелляциялық саты сотында іс жүргізу ;6) үкімді орындау.Бұл аталғандар қылмыстық іс жүргізудің негізгі сатыларына жатады, яғни, жалпы ереже бойынша, әр қылмыстық іс осы сатылардан өтеді.Аталған сатыларды қылмыстық іс жүргізудің жеке кезеңдері деп түсінуге боладыжәне олардың әрқайсысының өзіне тән міндеттері мен ерекшеліктері бар. Қылмыстық іс қозғау сатысы.Әр қылмыс бойынша іс жүргізу осы сатыдан басталады. Бұл сатының мәні - өкілетті органдар, олардың лауазымды адамдары қылмыстық белгілері ашылған әр кезде іс жүргізуді бастау туралы тез арада шешім шығарулары қажет. Қылмыстық іс қозғау туралы шешім ғана одан әрі қылмыстық іс жүргізу қызметі толық көлемде атқарылады, яғни алдын ала тергеу немесе анықтама жүргізу арқылы істелген қылмыстың мән-жайларын ашу мүмкін болады. Қылмыстық іс қозғау өкілеттігі прокурорға және алдын ала тергеу жүргізу органдарына (тергеуші, анықтау органдары) берілген. Қылмыстарды алдын ала тергеу сатысы.Бұл-әр қылмысты тез және толық ашып,айыпты адамды қылмыстық жауапқа тарту мақсатында қолданылатын және заңмен реттеоген тергеуші мен анықтау органдарының қызмет жүйесі болып табылады. Қылмыстарды тергеу екі түрде жүзеге асырылады 1) анықтау; 2)алдын ала тергеу. Алдын ала тергеу және анықтау қызметі тергеу әрекеттерін (тінту, жауап алу, зат алу және т.б) қолдану арқылы жүргізіледі. Анықтау органдары тергеу әрекеттерімен қатар жедел іздестіру шараларын да қолданып қылмысты ашады. Алдын ала тергеу жүргізу айыпталушы ретінде жауапқа тартумен аяқталмайды.Бұдан әрі қарай істелген қылмыстың мән-жайын толық және жан-жақты ашып зерттеу тергеу органдарының міндеттеріне жатады. Басты сот талқылауын тағайындау сатысы.қылмыстық іс айыптау қорытындысымен 1-сатының сотына келіп түскен соң іс жүргізудің жаңа сатысы басталады. Бұл кезде соттың төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша басқа судья істі осы сотта қарауға қабылдау мәселесін шешеді. Ол үшін судья қылмыстық істің материалдарымен мұқият, толық көлемде оқып танысуы қажет. Егер де алдын ала тергеу және анықтау жүргізу кезінде қылмыстық іс бойынша жиналған дәлелдемелер істі сот отырысында қарап шешуге жеткілікті болса, онда судья басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулы шығарады. Басты сот талқылауы. Бұл сатыда алдын ала тергеу немесе анықтау жүргізу кезінде жиналған және айыптаушы мен қорғаушы жақтары ұсынған дәлелдемелер жан-жақты зерттеліп, соның негізінде қылмыстық іс бойынша сот төрелігі жүзеге асырылады. Апелляциялық тәртіппен істерді қарау.Бұл сатының негізгі мақсаты – заңды күшіне енбеген бірінші сатының соттары шығарған үкімдер мен қаулылардың дұрыстығын (заңдылығын, дәлелдігін) екінші саты сотының тез арада тексеріп, онда қателіктер жіберілген болса, ол қателіктерді уақытында жою болып табылады. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты сот үкімдеріне, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының үкімдерін қоспағанда, үкім жарияланған күннен бастап он тәулік ішінде беруге болады.