Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ZhOZh_darys_ZU.docx
Скачиваний:
144
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
102.7 Кб
Скачать

2.2 Жер реформасының одан әрі дамуы мен байланысты жерге орналастырудың мазмұны мен міндеті.

Соңғы өткен он жылдықта жерге орналастыру жер реформасымен байланысты жүргізілді және шаруашылық жүргізудің көп түрлі формалары дамыды.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан жер реформасының негізі ретіндегі заң актілерінде, жер қатынастарын реттеудің негізгі жолдары мен принциптері белгіленген. Онда жер ресурстарының, бірінші кезекте, ауылшаруашылық мұқтаждықтарына, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз және ұтымды пайдалануына бағытталган іс-шаралар көрсетілген. Бұл бағыттар жерге орналастырудың басты міндетін - ғылыми тұрғыдан негізделген, экологиялық-экономикалық және әлеуметтік жағынан тиімді жер иелену жөне жер пайдалану жүйесін, соңғысына сәйкесті территориялық реттілікті қалыптастыруды себептейді.

Қазақстан Республикасының жер заңдарында, жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жердің тиімді пайдаланылуын және қорғалуын ұйымдастыруга бағытталган шаралар жүйесі ретінде сипатталады. Бұның нәтижесінде қолайлы экологиялық жағдай қалыптасып, табиғи ландшафттар жақсаруға тиісті. Жалпы алғанда, қабылданған заңдар мен актілер - жер қатынастарын, жер иелену мен пайдалануды реттеуші негізі, ал жерге орналастыру өкіметтің және оның атқарушы органдарының осы актілерді жүзеге асыру жөніндегі тұрақты құралы болып табылады. Бірақ жерге орналастырудың экономикалық мәнін, жерде шаруашылық жүргізудің әр-түрлі формаларын ұйымдастырудағы, сонымен қатар оның басқа инженерлік-экономикалық кешендермен байланысын, жермен үзілмес байланыстағы өндіріс құралдарын (ғимараттар мен құрылыстарды, жол торабы мен гидротехникалық қондырғыларды, көп-жылдық көшеттерді және т.с.с.) орналастырудағы ролі мен маңызын толығырақ көрсете отырып, мақсатын нақтылай түскен дұрыс болар. Өндірістің, әсіресе ауылшаруашылық өндірісінің, жоғары тиімділігін қамтамасыз ету, қай салада болса да жермен байланысты еңбектің өнімділігін арттыру - жерге орналастырудың мақсаты болып табылады.

Жерді жалпы өндіріс құралы ретінде ұйымдастыра отырып, жерге орналастыру, әртүрлі өнеркөсіптік, транспорттық, энергетикалық және басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, олардың технологиялық процестерінің ерекшеліктерін ескере отырып, территориялық негіздерін жасайды. Әсіресе жерге орналастыру, жер басты өндіріс құралы ретінде пайдаланылатын, ауылшаруашылың өндірістің тиімділігіне тікелей әсер етеді, өйткені бұнда жер тек қана операциялық базис бола қоймай, бүкіл кеңістік қасиеттерімен, бірінші кезекте құнарлылығымен, өндіріс процесінің нәтижелерін себептейді. Сондықтан жерге орналастыру жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарды құрумен, оларды үнемі жетілдіріп отырумен, межелерін жүргізумен шектелмейді.

Ауыл шаруашылығы саласында жерге орналастыру ауылшаруашылық алаптарының құрамын, өндірістік бөлімшелердің, танаптардың және жұмысшы учаскелерінің, сонымен бірге ауыспалы шабындықтар мен жайылымдардың, жол торабы мен шаруашылық орталықтарының орналасуын белгілей отырып, бүкіл өндірістің ұйымдастырылуына территориялық негіз қалыптастырады.

Жерге орналастырудың осы мақсатына сәйкес оның негізгі міндетті тағайындалады. Соңғылары жер заңдарымен себептеледі және мынадайларына саяды:

- Республика заңдарының негізінде жер қатынастарын реттеу;

- жерде шаруашылық жүргізудің барлық формаларына тең даму жағдайларын жасау;

- жердің ұтымды пайдаланылуын және қорғалуын ұйымдастыру;

- топырақтың құнарлылығын ұдайы өндіру, табиғи ортаны сақтау және жақсарту, тұрақты агроландшафттарды жасау;

- жылжымайтын мүлік ретіндегі жер нарығын қалыптастыру және дамыту.

Әрбір тарихи кезеңде жерге орналастырудың мақсат-міндеттеріне қарай оның мазмұны қалыптасып отырады. Қазіргі кезде ол мынадай жерге орналастыру іс-қимылдарын қамтиды:

  1. республикалың, облыстық және аймақтық жерге орналастыру схемаларын (жобаларын), жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу;

  2. жаңа жер пайдалануларды құру, іс жүзінде барларын реттестіру жөніндегі шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын жасау, учаскелерді жер бетінде көрсету және межелерін жүргізу, оларды иеленуге немесе пайдалануга құқық беретін құжаттарды дайындау;

  3. елді мекендердің шекараларын (шептерін) белгілеу және жер бетінде көрсету, олардың жер шаруашылықтарын реттестіру жөніндегі жобаларды жасау;

  4. өкімшілік-территориялық қүрылымдардың, айрықша ңоргаудағы табиги территориялардың жөне басқа да ерекше пайдаланудағы жер учаскелерінің шекаралары мен межелерін жер бетінде көрсету;

  5. ішкішаруашылық жерге орналастыру жобаларын, сонымен қатар жаңа жерлерді игеруге, бүлінгендерін қалпына келтіруге жөне басқа да жердің пайдалануына немесе қорғалуына байланысты жобаларды жасау;

  6. жерді түгендеу, пайдаланылмай, орынды пайдаланылмай немесе берілген мақсатына сәйкес емес пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау;

  7. топографиялық - геодезиялық, картографиялық, топырақ, геоботаникалық және басқа зерттеу-іздестіру жұмыстарын орындау;

  8. жер кадастры мен мониторингін жүргізу;

  9. жер ресурстарының күйі мен пайдалану жөніндегі кадастрлық және тақырыптық карталар мен атластарды жасау;

10 - жерді бағалау жұмыстарын жүргізу.

Жерге орналастырудың мазмүны құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру-техникалық шаралар жүйесі болып табылатын жер реформасының жүзеге асырылуымен тығыз байланысты. Соңғысы нарықтық жағдайлардағы жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың мүлде жаңа құрамын қамтамасыз етуге тиісті. Осыны жүзеге асыру барысында жерге орналастыру ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес мақсатындағы жаңа және бұрыннан бар жер иелеушіліктер мен жер пайдаланушылықтарды құру және жетілдіру жөніндегі жобаларды жасаумен айналысады. Сонымен бірге оған жергілікті әкімшіліктің арнайы жер қорын қалыптастыру, осы қордан жаңа ШФҚ мен ӨК құруға, ЖМ(Қ)Ш кеңейтуге жер бөліп беру міндеттері жүктелген. Жерді бөліп беру, тарату, елді мекендердің шептерін белгілеу, олардың жер шаруашы-лықтарын реттестіру, жер учаскелерін иеленуге немесе пайдалануға құқық беретін қүжаттарды рәсімдеу және қайта рәсімдеу жөніндегі іс-қимылдар да жерге орналастыру міндеттерівде қамтылған. Аталған күрделі жобалау жұмыстарын жүргізу, аналитикалық және есептеу міндеттерін орындау, жерді пайдалану, жаңсарту жөне қорғау жөніндегі республикалық, облыстық және аймақтық схема-болжаулар мен бағдарламалардың негізінде жүзеге асырылады. Бұл болжау және жобалау құжаттарында республиканың, облыстардың, аудандардың өндірістік күштерінің 15-20 жылдың ішінде орналасуы мен дамуының негізгі бағыттары қамтылуга тиісті.

Соңғы уақытта ауылды елді мекендердің, поселкелердің және қалалардың жер шаруашылықтарын реттестіру жөніндегі жобалардың сонылылығы едәуір артуда. Бұндай жобалар урбанизацияланған территориялардың пайдалану тиімділігін жоғарлатуға, қалалар мен басқа елді мекендерде, оларды ары қарай дамытуга қажетті, жер аудандарын іздестіруге бағытталган. Қарастырып отырған жоба-лардың елді мекендерге қатыстыларында, аса маңызды, оларга соңғы жылдары бөлініп берілген орасан зор көлемді ауылшаруашылық, әсіресе мал азығы алқаптарының, дұрыс пайдалануын ұйымдастыруды ескерген.

Осымен қатар жерге орналастыру тақырыбына табигат қоргау, рекреациялық жөне қорықтық тәртіптегі айрықша қорғалудағы территорияларды реттестіру және межелерін белгілеу жатады. Басқаша айтқанда, қорықтар мен мәдени зоналарда, сонымён бірге экологиялық дағдарысқа ұшыраған аймақтарда жердің орынды пайдалануын ұйымдастыру.

Заң бойынша жерге орналастыру іс-қимылдарына әкімшілік-территориялық құрылымдардың (облыстар мен аудандардың) шекараларын жер бетіне түсіру жатады. Бұндай іс-қимылдар ретінде ҚР мемлекеттік шекараларын делимитациялау жөне демаркациялау жөніндегі жұмыстарды да қарастыруга болады.

Жерге орналастыру мазмұнының ең көлемді бөлігі болып ішкі-шаруашылық жерге орналастыру жөне ауылшаруашылық алқаптарын жақсарту жөніндегі жұмыс жобаларды дайындау табылады.

Жердің ауылшаруашылық өндірістің басты құралы ретінде ұйымдастырылуының нәтижесінде, агроландшафттың экологиялық тепетеңдігі және сонымен бірге нарықтық жағдайдайларда ұдайы өндірісті жүргізуге қажетті тұрақты кіріс қамтамасыз етіледі.

Ішкішаруашылық жерге орналастыру жобаларын жасау барысында жеке іс-қимыл ретінде жерді есепке алу мәліметтерін нақтылау, пайдаланылмай немесе нысаналы түрде пайдаланылмай жатқан жерлерді айқындау мақсатымен жерді түгендеу жүргізіледі. Бұның нәтижесінде арнайы жер қорын қалыптастыруға қажетті жер учаскелері де анықталып отырады.

Жерді пайдалану, жақсарту жөне қорғау жөніндегі өртүрлі жұмыс жобаларымен қатар, пайдалы қазбаларды өндіру немесе басқа антропогендік ықпалдардың салдарынан бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобалары жасалады.

Жерге орналастыру іс-қимылдарына осылармен бірге топографиялық - геодезиялық, картографиялық, топырақ, геоботаникалық және басқа да зерттеу-іздестіру жұмыстарын, жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу, кадастрлық және тақырыптық карталар меы атластарды жасау, жерді бағалау жұмыстарын орындау жатады.

Жерге орналастырудың негізгі міндеті - ғылыми-техникалық прогрестің деңгейіне сәйкес жер ресурстарының ұтымды пайдалануы мен қорғалуын ұйымдастыру. Сондықтан да ол өндіргіш күштерінің дамуына қарай үнемі өзгертіліп және жетілдіріп отыруға тиісті.

Бақылау сұрақтары:

1. ҚР жер реформасының мәні, оның негізгі міндеті.

2. Жер реформасы кезеңдері, оның әрі қарай даму бағыттары.

3. Жер бойынша негізгі нарықтық келісімді атаңыз?

4. Жүргізіліп жатқан жер реформасы мен байланысты жерге орналастырудың міндеті.

5. Жер реформасын жүргізетін негізгі органдар.

Дәріс №3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖЕР ҚОРЫ, ЖЕКЕ МЕНШІК ЖӘНЕ ЖЕР ПАЙДАЛАНУ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ