Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dauren_diplom.docx
Скачиваний:
50
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
374.5 Кб
Скачать

1.4 Жанғыш сланецтерді өңдеу процесттерінің шет елде дамуы

Әлемдік сланецті өңдеу өнеркәсібі отын өнеркәсібінің ең ескі саласының бірі болып табылады. Жарықтандырғыш майлар, парафин, және тағы басқа да өнімдер мұнайдан өндірілмес бұрын, осы жанғыш сланецтен алынған. Шет елде ең алғаш жанғыш сланецті 1596 жылы Зеефильд (Австрия) кен орнында ихтиол химиялық өнімін алу үшін қолданған.

Дегенмен, ең бірінші сланец өңдеу зауыты тек 1838 жылы Францияда салынды. Біраз уақыттан кейін Шотландияда да жанғыш сланецті өндірістік қолданысқа енгізді. 1850 ж. Юнг, Мельдрум және Бинни Бадгейт те кейіннен салынған басқа құрылғыдарға үлгі болған кішігірім зауыт салды. Шикі мұнаймен салыстырғанда сланец шайырының құны қымбат болғанына қарамастан сланец шайыры, парафин, аммиак, аммоний сульфаты және құрылыс материалдары сияқты өнімдер шығаруының арқасында шотландық сланец өнеркәсібі 100 жылдай өмір сүрді.

Бірінші Дүниежүзілік соғыс барысында сұйық өнімнің жетіспеушілігіне байланысты көптеген елдерде жанғыш сланецті тағы да синтетикалық сұйық отын алу үшін шикізат көзі ретінде қарастыра бастады. Швеция, Швейцария, Австрия, Германия мемлекеттерінде жанғыш сланецтерден шайыр өндіру технологиясы ойластырылды. Зерттеу жұмыстары екінші дүниежүзілік соғыста жалғастырылды.

1940 жылы Швецияда жанғыш сланецтерден сұйық отын алу өндірісі жөнінде мемлекеттік компания құрылды. Сланецті қабаттағы электрлік жылыту әдісімен өңдеу үшін Кварнтроп мекеніндегі жанғыш сланец зауыты үш Берг пешінен тұрды (екі туннельді пеш және бір Люнгстрем агрегаты).

1925 жылы Германияда шайыр алу үшін айналғыш пеш салынған болатын, ал 1940 жылы Гольштейнде екі құбыр пеші жұмыс істеді. 1947 жылы Германияда 30 Лурга реторты жұмыс атқарды.

1937–1966 жж. Австряда жыл сайын өндірілетін жанғыш сланец мөлшері 600 т құрады. Дәрілік заттар дайындау негізі ретінде қолдану үшін жанғыш сланецтер тек қана шайыр алу үшін барланған болатын.

1940 жылы 64 Памферстон реторты болған австриялық «Нейшнл Ойл» компаниясы Глен Девисте жанғыш сланец өңдеу зауытын салды.

1930 жж. АҚШ та жанғыш сланец өңдеу технологиясы қарқынды түрде дамыды.

1920жж. жанғыш сланецтерді өңдеу өндірісі Қытайда басталды. 1949 ж., Қытай Халық Республикасы құрылғаннан бастап, қытайлық сланец өндірісі дамып кетті. 1960 жж. басында сланец шайырының жылдық өндірісі 780 мың. т. құрады. Сланец шайырын бензин, керосин, дизель отынын, парафин өндірісі үшін өңдеді. 1962 ж. Дацинде алып мұнай кен орнының ашылуы шайыр өндірісі көлемінің қысқаруына алып келді.

1973 ж. мұнай бағасының өсуі, сланец технологиясының дамуына қайтадан жол ашқанын айтып өткен жөн.

1980–1991 жж. Колорадо жанғыш сланецтерін «Юнокал»процесі бойынша өңдеді. 1991 г. Бразилияда «Петросикс» процесі бойынша газды жылутасымалдағышпен ішкі жылытуы бар жанғыш сланецтерді өңдеу технологиясы жүргізілетін құрылғы іске қосылды.

2000 ж. Австралияда жанғыш сланецтерді «Тасиук» процесі бойынша өңдей бастады.

Жанғыш сланецтерді Австралия, Бразилия, Швейцария, Швецияжәне Эстония, Испания, Қытай, Оңтүстік Африкада өңдеу процестері кеңінен дамыды. 1951 ж. дан 1966 ж. дейін Ресей мен Қытайдан басқа елдердің бәрінде жанғыш сланец өңдеу мен өндіру құрылғыдарының барлығы жабылып қалды.

Қазіргі таңда Қытай, Бразилия, Эстония ғана жанғыш сланецтерді өндірумен айналысады. Дегенмен, XX ғасырдың басында жүргізіле бастаған ғылыми -зерттеу жұмыстары осы күнге дейін жалғастырылып келеді.

Жанғыш сланецтерді өңдеу технологияларын зерттеу кейбір елдерде өте маңызды орын алып, мемлекеттік бағдарлама ретінде бекітілген. Жанғыш сланецтер, сонымен қатар, стратегиялық ресурстар ретінде анықталып, көптеген өнеркәсіптік қондырғылар құрастырылған.

Жанғыш сланецтерді өңдеудің дамуының анализі көптеген технологияларды қарастыруға мүмкіндік береді (кесте 7).

Жалпы жанғыш сланецті зерттей келе ғалымдар жанғыш сланецтерді бірнеше өңдеу технологияларын атап өткен: газификация, пиролиз, гидрогенизация, термиялық ыдырау және т.б. Негізінен ең тиімді әдіс ретінде газификацияны атап өтеді. Ресей, АҚШ, Эстония сияқты алып елдерде көбінесе осы газификация және пиролиз процестері кеңінен зерттелген.

Қазіргі таңда жанғыш сланецтердің химиялық немесе петрографиялық құрамы негізінде процестің жүру шартын және алынатын өнімдердің құрамын анықтайтын әдіс әлі жоқ. Сондықтан көп жағдайларда жанғыш сланецтер пиролизі тәжірибелік түрде зерттеледі және процесс параметрлерінің жанғыш сланецтер құрамы мен шығымына әсерін мұқият қарастырады. Мұнда анықтайтын сипаттамаларына органикалық және минералды бөліктері, жану жылуы, алынатын газ қоспасының құрамы мен қасиеттері, сланец шайырының шығымы мен құрамы жатады.[15]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]