Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

CЖ Балерке

.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
54.85 Кб
Скачать

Мазмұны:

  1. Кіріспе...............................................................................................3

  1. Картографияның ғылымдар жүйесіндегі рөлі ................................4-8

  2. Картография мен геоинформатиканың байланысы.........................10

  1. Қорытынды.....................................................................................11

  2. Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................12

Кіріспе

Картографияның география ғылымының бір саласы болып қалыптасып, дамып келе жатқандығы география ғылымы үшін өте маңызды болып саналады. Себебі географиялық картография –географиялық жүйелерді бейнелеу мен оларды зерттейтін маңызды сала болып есептелінеді. Картография – географиялық карталар, оларды жасау және пайдалану туралы ғылым. Картография табиғат пен қоғам құбылыстарының үйлесуі мен өзара байланысуын, олардың кеңістіктегі орналасуын және уақыт бойынша өзгеруін, т. б. картографиялық кескіндеудің (бейнелеудің) көмегімен зерттейтін ғылым. Картографиялық ұғымдарға – аспан денелері мен жұлдызды аспанның карталары, глобустар мен жер бедері карталары, картографиялық белгілермен берілген кеңістік модельдері (үлгілері) жатады. Картография ежелден география ғылымымен бірге дамып келеді. Математика, география, геодезия, техникалық ғылым салаларымен тығыз байланыста. География және геодезия ғылымдары Жердің пішіні, мөлшері, беткі бөліктерінің өлшемдері туралы дәл өлшемдер береді. Картография көптеген техникалық ғылым салаларымен, соның ішінде автоматика, электроника, прибор жасау, техникалық дизайн т.б. салалармен байланыс жасап, өзі де өркендеп дамып отыр.

3

Осы күндегі картография ғылымы көптеген ірі ғылым салаларымен, соның ішінде философиялық, жаратылыстану және техникалық ғылымдармен тығыз байланысты. Картография ғылымы олардағы жетістіктерді , қағидалар мен технологияларды қолдана отырып, өз кезегінде олардың теориялық және әдістемелік жағынан өрістей беруіне мүмкіндік туғызады.

Іргелі ілімдердің қысқаша сипаттамалары мынадай:- жер мен планеталар жөніндегі ғылымдар-географиялық, геологиялық-геофизикалық , экологиялық . планетологиялық салалар. Бұларға картография деректемелерді танып білудің әдістері мен жүйелеудің амал-айлалары ретінде қызмет етеді. Мысалы: табиғатты тақырыптық картографиялау , карталарды қолдана білудің әдістерін ұсыну. Қазіргі заманда экологиялық-географиялық картографиялау қарқынды түрде дамуда.

Астрономиялық-геодезиялық ғылымдар- астрономия, геодезия, гравиметрия, серіктік(спутниктік) геодезия, топография салалары. Бұлар картография үшін Жер мен планеталардың тұрпаты және өлшемдері, олардағы физикалық өрістер жөніндегі деректерді дәйектейді де , жалпыгеографиялық және тақырыптық карталарды жасаудың базасын құрады. Картаның математикалық негізін жасауда астрономиялық-геодезиялық байқаулардың нәтижесін, спутниктік геодезия мен позициондаудың деректемелерін қолданады.

Математикалық ғылымдар- математикалық талдау, аналитикалық геометрия, сфероидалық тригонометрия, статистика мен ықтималдықтар теориясы,

4

евклидті емес геометрия, жиынтықтар теориясы, математикалық логика, графтар териясы, информатика теориясы т.б. салаларымен картография тікелей ұштасады. Бұнымен қатар олар картографиялық салындыларды зерттеуде , математикалық-картографиялық сүлбілеуде, картографиялаудың алгоритмдері иен программаларын жасауда, сондай-ақ карталарды қолдануда, картографиялық өндірісті жоспарлауда, информатикалық –іздестірушілік жүйесін қалыптастыруда белсенді рөл атқарып, кең көлемде пайдаланылады. Математика мен картографияның тығыз тарихи байланысы бар, тіпті ерте заманда картографияны “математикалық география ”деп те атаған. Кез-келген математиканың облысы картографиямен тығыз байланысты.

Техника мен автоматика:аспап жасау, шала өткізгіштік пен лазерлік техника,химия технологиясы, материалтану, полиграфия салалары карталар мен басқадай картографиялық шығармаларды дайындаудың , басылымдаудың және қолданылуының техникалық базасын құрады. Автоматтық жүйелер картографиялау өндірісінің тиімді жұмыс атқаруына оң әсер етеді. Соңғы жылдары басқару жүйелерінің теориясы, кибернетика мен информация салаларының маңызы арта бастады.

Логикалық-философиялық ғылымдар-бейнелеу теориясы, сұлбалау теориясы, формалдық логика, жүйелік талдаулар картографияның теориялық қағидалары мен таңбалық жүйелерді(лингвистика және семиотика негіздерімен қоса) жете зерттеуде пайдаланылады. Картографиялық келбеттеуді түйсінудің мәселесін зерттеуде психологияның әдістерін қарастырады.

Әлеуметтік-экономикалық ғылымдар –экономика, социология, демография, тарих, археология, аймақтық саясат, этнография т.б. тақырыптық карталар мен карталарды қолданудың негізін құрады. Бұларда экономикалық-математикалық сүлбілеу, тармақты(сетевой) жоспарлау әдістерін пайдалану, картографиялық шығармалардың жаңа кейіптерін қалыптастыру орын алады.

Қашықтықтан барлап білу: аэро, ғарыштық және су астымен түсірілімдер жүргізу, кейіп-кескіндерді өңдеу және шифрдан шығарып оқу, фотограмметрия, фотометрия, құрылымметрия сияқты ғылыми-техникалық салалардың кешені болып келеді. Бұлардан туындайтын деректер карталарды құрастыруда, анықтаулар енгізуде және жаңартуда пайдаланылып, сандық ақпараттың базасын қалыптастырады. Ал, дайын карталар, өз кезегінде, қашықтықтан барланған деректерді байланыстыруға және шифрды шығарып тануға қызмет етеді.

Топография, геодезия және картография ғылымдары бір-бірімен өте тығыз

5

байланысты.

Мысалы: геодезия Жердің жалпы пішіні мен көлемі, өлшемі жайлы мағұлмат беріп, соны қарастырса, келесі кезекте топография жергілікті жердің масштабы кіші болып келетін карталарын жасаумен айналысады. Ал картография болса бұл жұмыстарды одан ары тереңірек зерттеп, дамытып кез-келген өлшемдегі графикалық бейнелеулерді жасай алады. Карталар бір уақытта кеңістікті әртүрлі өлшемде көруге мүмкіндік береді, олар қажетті сандық және сапалық белгілеулерден тұрады. Сол белгілеулер арқылы түрлі картометриялық параметрлер, яғни алда анализ жасауға қажетті картометриялық ақпараттар алуымызға болады және тек қана осы картометриялық ақпараттар арқылы ғана кейбір табиғи және әлеуметтік заңдылықтар негізінде болатын құбылыстарды анықтай аламыз. Сондай-ақ карталар география, тарих, биология және т.б. пәндерде ғылыми таным және ойлауды белсендендіретін құрал ретінде қолданылады. Картадағы құбылысты сипаттап көрсете білу-яғни картаның құрылымы мен мазмұнын түсіне білгеннің белгісі болып табылады. Көп жағдайларда картаны ұзақ, күрделі жұмыстардың нәтижесінде жасап шығарады, ал кейде керісінше маңызды жұмысты бастамазс бұрын картаны тереңірек зерттеп алады. Сол себептен, карта- географияның басты кілті,”альфасы және омегасы ” деп Н.Н. Баранский өте дұрыс тұжырымдаған.

Кез-келген маманға картографиялық білім не үшін керек?

  1. Кеңістіктік ойлау қабілетінің қалыптасуы үшін;

  2. Картографиялық модельдерді ақпарат алу мақсатында пайдалану үшін:

  3. Кеңістікте таралған географиялық құбылыстарды графикалық түрде картаға түсіру үшін;

  4. Географияны оқу барысында картографиялық әдісті пайдалана білу үшін;

6

Картографияның негізгі мақсаты- картографиялық бейнелер арқылы нақтылықты зерттеу және кескіндеу болып табылады. Ертеден бастап картографияның көптеген ғылымдармен тығыз байланысты болуы жаңа ғылыми бағыттардың пайда болуына әсер етеді және жалпы ғылыми-техникалық прогресс бойынша дамып, күшеюде. Қазіргі таңда картография көптеген ғылымдармен бірігіп қиын мәселелердің шешімін табуы арқылы сол ғылымдардың картографияға біртіндеп енуіне жағдай жасап отыр. Бұл факт картографияның шекараларының, яғни қолдану аясының кеңеюіне және тақырыптық картографияның жаңа бағыттарының пайда болуына көмектеседі.

Тарихи тұрғыдан алғанда картография география мен геодезия ғылымдарына біршама жақын. Алдымен картографияның геодезиялық ғылымдар циклімен байланысын қарастырайық.

Геодезия, Жердің гравитациялық аймағын, өлшемі мен пішінін, сондай-ақ Жер бетіндегі объекттерді өлшеу әдістерін зерттей отырып, картографияға Жердің геометриялық параметрлері мен геодезиялық жүйелер туралынақты мәліметтер береді. Бұл мәліметтер картографияның геодезиялық негізін құрайды.

Фотограмметрия Жер бетіндегі объектілердің өлшемдері мен жағдайларын анықтаудың әдістерін аэро және космотүсірістер арқылы жасап шығарады, сонымен қатар түсірістерді ортогональды, яғни жоспарлы фотосуретке айналдырумен айналысады. Осы аралықта картографияның топографиямен байланысы маңызды рөл атқарады. Себебі топография, бүкіл географиялық картографияның негізін құрайтын, алғашқы ірімасштабты топографиялық карталарды жасайды.

Геодезия мен фотограмметриядан топография геодезиялық тіреу мен өлшеу әдістерін және кеңістіктік фиксацияны, ал картографиядан проекцияларды, белгілеу жүйелерін (картографиялық белгілер) және генерализациялау принциптерін өзіне пайдаланады. Бірақ барлық өндірістік топографиялық карталар карталарды қолданудың зертханалық әдістерімен дайындалады да, ерекше топографиялық картографияның ерекшеленуіне алып келеді. Топография, картография және басқа да Жер туралы ғылымдар , Жер беті жөнінде жан-жақты ақпаратты фотосуреттер арқылы алудың күшті әдісі ретінде аэро және космосуреттерді шифрлеуді және интерпретациялауды кеңінен қолданады.

Адамзаттың ғарышты игеруі, Жерді қашықтықтан зерттеу, соның ішінде қашықтықтан фотосуреттер алу әдістері арқылы жан-жақты дамыды және қашықтықтан зондтау (барлау) деген жалпы атқа ие болды. Қашықтықтан зондтаудың кешенді түрге картографиялық әдістер арқылы көшуі,

7

карталарды құрастыру мен проектілеу жөніндегі бөлім мен жеке пәннің, яғни ғарыштық картографияның пайда болуына әсер етті . Ғарыштық картография ғарыштан алынған ақпараттар арқылы Жер бетіндегі карталардың жаңарып отыруына жағдай жасайды. Картографияның Жер туралы ғылымдармен байланысы өте көп жемісін беруде. Картографияны бейнеленетін құбылыстардың ерекшеліктерінсіз қарастыру мүмкін емес. Сондықтар география ғылымы мен Жер туралы ғылымдар картографты барлық табиғи және өндірістік аумақтық кешендер туралы қажетті біліммен қамтамасыз етеді. Ал география ғылымы өз кезегінде картаны табиғи ортаны зерттеп-білудің негізгі әдісі ретінде қолданады. Мысалы: геоморфологиякартографиялық әдіс-тәсілдерді рельефті зерттеу кезінде пайдаланады. ҒТП-ке байланысты картографияның математикамен байланысы кеңейе түсті. Картография әрқашанда математика заңдарына сүйенген. Тіпті математикалық картографияны математикалық дисциплинаға жатқызуға болады.Бірақ ұзақ уақытқа дейін картографиядағы математиканың қолданылуы тек қана математикалық анализ және аналитикалық геометриямен шектелген еді. Ал енді, математиканың басқа салалары да, оның ішінде математикалық статистика мен есептеуіш математика: 1-ден- жаңа карта жасау кезінде ақпаратты өңдеу ; 2-ден- көптегн мәселелердің шешімін табуға көмектесетін, еңбек өнімдерінің жұмысқа қажетті ғылыми және практикалық жағдайлар қолданылады. Осының барлығы картографтардан электронды-есептеуіш техника білімдері мен математикалық білімдердің терең болуын талап етеді. Картографияға физиканың жаңа жетістіктері де үлес қосуда. Оның ішінде картографиялық аппараттарды құрастыру мен карталарды жоспарлау және безендіруге қосар үлесі зор. Мысал ретінде лазерлі техниканың қарқынды түрде дамып келе жатқандығын, картографиялық бейнелер мен көптеген нәрселерді үлкен көлемде алуға мүмкіндік беретін голографияны қолдануды айтсақ болады.

Картография сонымен қатар өзінің жұмыстарында тағы да қалыптасып үлгерген білімнің тағы бір саласын, информатиканың жетістіктерін ақпараттық-картографиялық қызметті ұйымдастыру арқылы пайдалануға тырысады.

Картографияның басқа ғылымдармен осындай байланыстары бар. Сондай-ақ, жеке картографиялық дисциплиналар да өздерінің мақсаттарына басқа ғылым салаларының зерттеулері мен материалдарын кеңінен қолданылады.

Ал өнер мен картографияның қандай байланысы бар? Қазіргі әдебиеттерде бұл сұрақтың жауаптары әрқалай. Мысалы, картографияның

8

ғылым ретіндегі анықтамасына қарама-қарсы, Британ картографиялыққоғамының анықтамасына сәйкес «картография – бұл өнер, карталарды ғылыми құжатттар және өнер туындылары ретінде зерттеу мен жасаумен айналысатын ғылым мен технология.». Шет елдерде картографияны ғылыми, техникалық және шығармашылық салалардың жиынтығы ретінде қарастыру кең етек алған.

Бұл анықтамалардың негізін картография тарихынан табуға болады. Қайта өрлеу дәуірінің ұлы суретшілері Леонардо да Винчи, Дюрер және басқаларының картографияға қатысы болған. XV-XVIII ғғ. көптеген карталары өздерінің көрнекті орындалуымен, соның ішінде жекелеген декоративті сюжеттеріне байланысты өнер туындыларына жатқызылған. Бірақ сонда да қазіргі заманғы картографияны түгелдей өнерге жатқызуға болмайды.

Картографияда графикалық заттарды қолдану картографияны өнер саласына немесе ғылымға жатқызудың негізі бола алмайды. Ғылымға сүйенсек өнер өзінің мақсаттарына сөзді де графиканы да қолданады. Ғылым мен өнердің айырмашылығы: ғылым нақтылықты ғылыми категориялар мен ұғымдар арқылы бейнелейді, ал өнер шығармашылық көркем бейнелер арқылы. Бірақ қазіргі карталардың графикалық заттары (белгілер жүйелері) ғылыми ұғымға жатады. Сондықтан карталарды өнер туындысы ретінде қарастыру өте дұрыс емес.

Сонымен бірге картограф маман графика шеберлігіне де бей-жай қарай алмайды. Ол карталардың мазмұнын ашып, олардағы нақтылықты айқын көрсету үшін бейнелеу құралдарының мүмкіндіктерін өзіне анық, кең түрде елестете білу қажет. Ол аз дегендей карта әдемі болуы керек, сонда ғана ол өзіне назар аудартып, пайдаланушыға оңай оқылып, түсіндіріледі. Осы жерде картографтың көркемдік жұмысы туралы айтуға болады. Көптеген картографтар графиканың ұлы шеберлері ретінде танылған.

9

 «Геоинформатика» үш түбірден тұрады: география, информация және автоматика. Қазіргі заманғы геоинформатика ғылым, техника және өндірісті біріктіретін жүйе ретінде танылған. Бұл жағдай ғылым мен өндірістің жақындасуы байқалатын ғылыми-техникалық прогресстің қазіргі этапына тән.     Геоинформатика ғылым ретінде географиямен байланысты барлық ғылымдармен, мысалы картографиямен, қашықтықтан зондтаумен, яғни табиғи, қоғамдық және табиғи -қоғамдық геожүйелермен тығыз байланысты, бірақ өзінің әдіс-тәсілдерін қолданады. Олардың ең негізгілері— компьютерлік моделдеу мен онымен тығыз байланысты геоинформатикалық картография.

Картография мен геоинформатика көп тұрғыдан бір-бірімен байланысты. Карталар мен атластар — компьютерлік өңдеуге қажетті кеңістіктік және уақытша ақпараттарды алуға қажетті негізгі көздердің бірі.     Картография мен геоинформатиканың тығыз байланысы, тіпті толықтай интеграциялануы бүкіл әлемде мемлекеттік қызмет, ақпараттық орталықтар, ғылыми және өндірістік мекемелер, білім беру жүйесінде жүруде. Осы екі ғылым саласының жақсы байланысының арқасында екі жақ та техникалық өсуге ұшырап және кең мөлшердегі ақпараттық ресурстарды алуға мүмкіндігі бар. Олардың жаңа қоғамдық өмірдегі рөлі қарқынды түрде артып келеді.     Қазіргі замандағы картографиядағы интеграцияға деген талпыныс синтетикалық ғылыми бағыттардың пайда болуын тудыруда. Солардың бірі «геоматика» (geomatique термині ең алғаш канадалық франкотілдік ғылыми әдебиеттерде пайда болған болатын)деген атаумен қалыптасты және ол геоғылымдар мен информатиканың тығыз байланысын білдірді. Кейбір деректерде геоматика- математика, физика, информатика, картография, геодезия, фотограмметрия және қашықтықтан зондтау сияқты ғылымдарды да қамтиды.Осылайша геоматика өте кең диапазонды супержүйе болып саналады— ол физикадан бастап геодезияға дейін қарастырады. Бірақ бәрібір де шынайы практикалық жағынан алғанда геоматика геоинформатикаға жақын және өзінің зерттеу әдістері, технологиясы жағынан да дәл сәйкес келеді.     Картография, қашықтықтан зондтау және геоинформатиканың арасында әртүрлі концептуальді байланыстар ұсынылған. Бір нұсқада картографияның рөлі басым болса,кейбір үлгілерінде керісінше , геоинформатика басты рөлде. Бірақ ең дұрысы бұл үш саланы жеке қалыптасқан, бір-бірімен тығыз байланысқан білім салалары етіп қабылдаған дұрыс болады.    

10

Қорытынды

Картографияның қысқа түрде тек қана негізгі ғылымдармен байланысы айтылып, атап көрсетілгенімен, шындығына келгенде картография өзге ғылыми салалармен де , мысалы, медицина , архитектура, геосаясат және басқалармен екі жақты өзара қатынаста болып келеді. Шынында да картография “геологиядан бастап идеологияға дейін ” бәрін қамтиды.

11

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы Ғылыми Энциклопедиясы

  2. http://www.breegs.kz/page/kartografiya

  3.  A history of mapmaking

  4. Берлянт А. М. Образ пространства: карта и информация. — М., Мысль, 1986. — 240с.

  5. Багров Лео. История картографии. — М., Центрполиграф, 2004. — 320с

12

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

География және табиғатты пайдалану факультеті

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Картографияның басқа ғылымдармен байланысы

Орындаған: Жумадилова Б.Ж.

Қабылдаған: Дүйсенбаев С.М.

Алматы, 2014 жыл

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]