Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metrologia_shpor.docx
Скачиваний:
81
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
135.71 Кб
Скачать

36.Абсолюттік түзету деген не?

Абсолют ауытқу дегеніміз – өлшенген шаманың оның нақты мәнінен ауытқуы болып табылады. Сенімделетін құрал көрсеткішінің абсолют ауытқуы – құрал көрсеткішінің нақты мәннен ауытқып көрсетуі. Абсолют ауытқудың әр құрал үшін өзінің шегі болады.

Абсолют ауытқуға кері шама болып табылады.

Абсолют ауытқуды өлшенген шаманың мәні дәлірек болу үшін абсолюттік түзетуді қолданады. Абсолюттік түзету нақты мән алуда, қателік аз болу үшін қолданылады. Абсолюттік түзету көбіне ғылыми жұмыстар жасаған кезде қолданылады.

37.Дәлдік класы мен келтірілген салыстырмалы ауытқу арасындағы байланыс қандай?

Өлшеудің сапасының сипаттамаларының бірі – дәлдік класы болып табылады.

Дәлдік – өлшенетін шама мәнінің оның шын мәніне жақындығын көрсететін өлшеу сапасы.

Дәлдік класы - жол берілетін негізгі және қосымша қателіктердің шегімен, сондай-ақ мәндері таразылардың жекелеген түрлеріне нормативтік құжаттарда белгіленетін дәлдікке әсерін тигізетін басқа да қасиеттермен анықталатын таразылардың жинақталған сипаттамасы;

Дәлдік класы салыстырмалы ауытқуға кері шама болып табылады.

Дәлдік класы өлшенетін шама мәнінің оның шын мәніне жақындығын көрсетсе, ал салыстырмалы ауытқу шын мәннен нақты мәнді алғанға тең.

Дәлдік класы шын мәнді көрсетсе, салыстырмалы ауытқу осы шын мәннен қаншалықты ауытқығанын көрсетеді.

38.Өлшеу құралы көрсеткішінің орнығу уақыты деген не?

Өлшеу жүргізген уақытта құрал көрсеткішінің орнығу уақыты болады. Ол өлшеу жүргізгеннен кейінгі дәл мәнді көрсетуге дейінгі уақыт болып табылады. Мысалға, таразы. Таразымен өлшеу барысында оның көрсетуі дәл болғанша бір-екі секунд қажет болады, яғни құрал көрсеткішінің орнығу уақыты осы болыптабылады.

39.Өлшеу құралының шкаласында қандай белгілеулер келтіріледі?

Өлшеу құралының шкаласында:

  • Шкала бөлігінің құны

  • Өлшеу шегі

  • Прибор қателігі

  • Дәлдік класы

Шкала бөлігінің құны - өлшем құралының шкаласының екі көрші белгісіне сәйкес келетін шама мәнінің айырмасы.

Өлшеу шегі – өлшеу құралының максимал мәні.

Өлшеу құралының қателігі – өлшеу құралының жіберуге болатын қателігі.

Дәлдік класы – өлшеу құралының қандай дәлдікте жұмыс жасайтындығы.

40.Эталондық құралдың дәлдік класы қандай болуы керек? МемСт бойынша құралдар неше дәлдік классқа бөлінеді?

Эталондық құралдың дәлдік класы жоғары болып келеді.

Эталондық құралдың дәлдік класы 1-ші немесе 2-ші дәлдік класс болуы керек. Себебі эталондық құралды дәлме-дәл өлшеулер алу үшін қолданады. МемСТ бойынша құралдар 5 дәлдік класқа бөлінеді.

  • 1-ші дәлдік класы – яғни дәлме-дәл өлшеулер алуда қолданылатын құралдар үшін;

  • 2-ші дәлдік класы – бұл да идеалды мәндер алуда қолданылатын құралдар үшін;

  • 3-ші дәлдік класы – лабораторияларда әр түрлі физикалық шама мәнін алуда,

  • 4-ші дәлдік класы

  • 5-ші дәлдік класы

Көбіне 1-ші және 2-ші дәлдік кластары ғылыми жұмыстарда қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]