Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекцияларды ысаша конспектілер.doc
Скачиваний:
89
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
438.78 Кб
Скачать

3 Тақырып. Өндіріс факторлары. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік.

Лекция мақсаты: Еңбек нарығындағы тепе-теңдіктің қалыптасу және қуралдардың орналасу жағдайларың көрсету.

Негізгі терминдер: еңбек нарығы, тепе-теңдік, өндіріс функциясы, өндіріс факторлар, икемділік, жалақы, жалақының икемсізділігі.

Лекция негіздері

  1. Өндіріс факторлары. Өндірістік функция.

  2. Нақты жалақы және капиталдың нақты бағасы.

  3. Ұлттық табысты өндіріс факторлары бойынша үлестіру.

  4. Еңбек нарығы. Еңбекке сұраныс.

  5. Жиынтық ұсыныстың классикалық тәсілі.Икемді жалақы.

  6. Жиынтық ұсыныс қисығын құру.

  7. Жиынтық ұсыныстың кейнсиандық тәсілі. Икемсіз жалақы.

  8. Жабық экономикада қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдер үшін жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі.

Тақырып бойынша сұрақтар:

  1. Жиынтық ұсыныстың кейнсиандық тәсілі. Икемсіз жалақы.

  2. Жиынтық ұсыныс қисығын құру, оған әсер етуші факторларды атап шығыңыздар.

  3. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі қалай қалыптасады?

Негізгі әдебиет: (306-319, 324-331 б. /4/)

4 Тақырып. Игіліктер нарығы

Лекция мақсаты: Игіліктер нарығындағы тепе-тендіктің қалыптасу жағдайларын анықтау.

Негізгі терминдер: еңбек нарығы, тепе-теңдік, инвестициялық функциясы, пайыз мөлшерлемесі, бюджет-салық саясаты.

Лекция негіздері

  1. Тұтыну функциясы, тұтынуға шектік бейімділік

  2. Пайыз мөлшерлемесі және инвестициялық функция

  3. Мемлекеттік шығыстардың құрылымы

  4. Жабық экономикадағы макроэкономикалық тепе-теңдік

  5. IS қисығы. Бюджет-салық саясатын талдау

Игіліктер нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік

Тауарлар мен қызметтер нарығындағы байланысты түсіну үшін игіліктер нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдікті қарастыру қажет. Оны IS қисығы арқылы көрсетуге болады. Ол тауарлар мен қызметтер нарығында пайда болатын пайыздық мөлшерлеме мен табыс көлемі арасындағы байланысты көрсетеді.

Жоспарланған шығындар – үй шаруашылықтары, фирма мен мемлекеттің тауарлар мен қызметтерге жаратуға жоспарлаған шығындар сомасы. Нақты шығындардың жоспарланған шығындардан айырмашылығы – фирмалардың қорларға жоспарланбаған инвестицияларды салуға міндеттілігі. Яғни, фирмалардың төменгі немесе жоғарғы сату деңгейіне байланысты өздерінің тауарлық-материалдық қорлар деңгейін көтеруі немесе төмендетуі болып табылады.

Экономика жабық және таза экспорт нөлге тең деп алайық, сонда Е жоспарланған шығыстарды, С тұтыну, I жоспарланған инвестиция мен G мемлекеттік шығыстардың сомасы деп қарастыруға болады:

E = C + I + G.

C=C(Y-T) бұл тұтыну қолдағы табысқа байланысты. Сонымен қатар жоспарланған инвестиция деңгейі тұрақтандырылған (=), мемлекеттік шығыстар көлемі мен салықтар да тұрақты: , .:

.

Осы теңдеуден жоспарланған шығыстар Е табыс Y функциясы болып табылады.

E = Y.

Жоспарланған шығыстар табыс көлеміне байланысты. Себебі табыстың жоғары болуы тұтынудың жоғарлануына әкеледі. сызықтың иілуі тұтынуға шекті бейімділікті (MPC) көрсетеді.

Нақты шығыстар = жоспарланған шығыстар,

Y = E.

Осы жағдайда экономика тепе-теңдікте болады. Осы теңдеу макроэкономикалық тепе-теңдік шарты. Бұл тепе-теңдік сақталмаған жағдайда игіліктерді кем өндіру немесе артық өндіру арқасында экономикада инфляция немесе өндірістіңқұлдырауы немесе жұмыссыздық пайда болуы мүмкін.

Арнайы кейнстік теория жағдайында инвестициялар І тіркелген шама болып саналады. Мұндай жағдай орын алуы мүмкін, егер Орталық банк пайыз мөлшерлемесін өзгеріссіз ұстап қалса. Сондықтан, E=C(Y-T)+I+G жоспарланатын шығыстар графигінің көлбеуі де MPC тең (3.2 Сурет).

E=C+I+G жоспарланатын шығыстар сызығы C=C(Y-T) тұтынушылық шығыстар сызығының (I+G) шамасына жоғарыға параллель түрде жылжуы арқылы шығарылады.

Кейнс кресі

Қандай жағдайда экономика тепе-теңдікке қол жеткізеді? Көптеген фирмалар үшін тепе-теңдікке қол жеткізуде қор басты орын алады.

Жоспарланатын шығыстар сызығы

Мемлекеттік шығыстар мультипликаторы . Ол G мемлекеттік шығыстар немесе I инвестицияларды бір бірлікке арттырғандағы Ye тепе-теңдік табыс деңгейінің қаншаға ұлғаятынын көрсетеді.

G↑→E↑→Y↑

Салықтық мультипликатор , Т салықтарды бір бірлікке арттырғандағы Ye тепе-теңдік табыс деңгейінің қаншаға азаятынын көрсетеді.

T↓→ (Y-T)↑→ C↑→ E↑→ Y↑

IS қисығы

Пайыз мөлшерлемесі өскенде табыстың қалай өзгеретінін анықтау үшін біз инвестиция функциясы мен «Кейнс кресі» графигін қолдана аламыз. Пайыз мөлшерлемесі өзгермелі деп алайық.

.Сурет.А.

r1 → r2 дейін пайыз мөлшерлемесінің өсуі жоспарланған инвестицияларды I(r1) → I(r2) дейін азайтады.

Сурет.В.

Кейнс кресі бейнеленген. I(r1) → I(r2) дейін жоспарланған инвестицияның азаюы табысты Y1 → Y2 дейін қысқартады.

.Сурет.С.

IS қисығы бейнеленген. Ол пайыз мөлшерлемесі мен табыс арасындағы қарым-қатынасты анықтайды: пайыз мөлшерлемесі өскен сайын табыс деңгейі төмендей береді.

Y=E

В. Кейнс кресі

450

E

r↑→I↓→E↓→Y

IS: Y=C+I+G

E1=C+I+G

E1

∆I

E2=C+I+G

E2

450

Y1

Y2

Y

r

A

A

B

А.инвестиция функциясы

С. IS қисығы

IS қисығын құру

Бюджет-салық саясатының IS қисығын жылжытуы

IS қисығының әрбір нүктесі берілген пайыздық мөлшерлеме кезінде табыстың деңгейін көрсетеді.Кейнс кресі моделінен байқағанымыздай табыс деңгейі бюджет-салық саясатымен де тығыз байланысты G мен T тұрақты деп алсақ, бюджет-салық саясатының өзгеруі IS қисығын жылжытады.

E2=C+I+G

А. Кейнс кресі

r

IS

IS’

Y1

Y2

Y

В. IS қисығы

. Мемлекеттік шығындардың өсуінің IS қисығын

оңға жылжытуы

Суретте мемлекеттік шығындардың G1 →G2 дейін өсуі IS қисығын қалай өзгертетінін көру үшін кейнс кресі бейнеленген. Кейнс кресі бюджет саясатының өзгеруі жоспарланған шығындарды өзгертетінін көрсетеді. Ол табыс деңгейін Y1 → Y2 дейін өсіреді. Сол себептен мемлекеттік шығындардың өсуі IS қисығын оңға жылжытады. Бұл суретте бейнеленген.

Салықтардың азаюы, мемлекеттік шығындардың өсуі табысты өсіреді, ол IS қисығын оңға жылжытады. Салықтардың өсуі, мемлекеттік шығындардың азаюы табысты азайтып, IS қисығын солға қарай жылжытады.

1. T↓ немесе G↑ → E↑ → Y↑ → IS↑

2. T↑ немесе G↓ → E↓ → Y↓ → IS↓

Тауарлар мен қызметтерге сұранысты өсіретін бюджет-салық саясатының өзгерісі IS қисығын оңға жылжытады. Ал сұранысты кемітетін бюджет-салық саясатының өзгерісі IS қисығын солға жылжытады.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Пайыз мөлшерлемесі және инвестициялық функция

2. IS қисығының теңдеуі мен айнымалылары. IS қисығын шығару үлгілері. IS қисығының көлбеуіне әсер ететін факторлар

3. Жабық экономикадағы макроэкономикалық тепе-теңдік

Негізгі әдебиет: (72-125 б. /1/):

5 тақырып. Ақша нарығы

Лекция мақсаты: Экономикалық жүйедегі маңызды құралы деп есептелетің ақша нарығының табиғатың және жұмыс істеу заңдылықтарың зерттеу.

Негізгі терминдер: ақша нарығы, тепе-теңдік, пайыз мөлшерлемесі, Фишер теңдеу, ақшаға сұраныс, ақша ұсыныс, ақша қорлар.

Лекция негіздері

  1. Ақша функциялары. Ақша агрегаттары.

  2. Ақшаның сандық теориясының теңдеуі. Ақша айналымының жылдамдығы. Фишер теңдеуі.

  3. Кейнстің өтімділікті таңдау теориясы. Мәмілелер жасау үшін ақшаға сұраныс және активтер жағынан ақшаға сұраныс. Нақты ақша қорлары.

  4. Ақша ұсынысы

  5. Ақша нарығындағы тепе-теңдік

  6. Ақша саясатының құралдары

Ақшаның функциялары мен ақша агрегаттары

Экономиканы ақшасыз елестету мүмкін емес. Ақша деп төлем құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін кез келген нәрсені айтады. Әр түрлі даму кезеңдерінде адамзат ақша ретінде әр түрлі тауарларды, яғни тауарлық ақшаны пайдаланған: мал, асыл тастар және т.б.

Ақшаның функциялары: айналым құралы, есептеу құралы, құндылықты сақтау құралы.

Өтімділік – активтердің құнын жоғалтпауысыз қолма-қол ақшаға жылдам аудару мүмкіндігі. Ақшаны өтімділік дәрежесі бойынша ажыратады.

Ақша агрегаттары – ақша массасын анықтайтын көрсеткіштер:

М1 = Айналымдағы қолма-қол ақша (М0)+ Ағымдағы депозиттер

Ағымдағы депозиттерден ақшаны бірінші талабымен алуға болады.

М2 = М1 + Шексіз рұқсаты бар мерзімді депозиттер

Әдетте бұл шағын мерзімді салынымдар.

М3 = М2 + Тіркелген мерзімі бар ірі депозиттер + банктік емес қаржы институттарындағы шоттар

Ақша агрегаттары әр түрлі елде түрліше айқындалады.