- •II. Қазақстандағы жылдам тамақтандыру мейрамханалары саласындағы франчайзинг жағдайын маркетингтік зерттеу мен талдау
- •2.1 «Kfc» жылдам тамақтандыру мейрамханасының негізгі көрсеткіштерін маркетингтік талдау
- •«Kentucky fried chicken (kfc)» жылдам тамақтандыру мейрамханасына кіріспе
- •Мейрамхана миссиясы
- •«Kfc» мейрамханасының мақсаттары
- •«Kfc» мейрамханасының құндылықтары
- •«Kfc» мейрамханасының философиясы мен champs бағдарламасы
- •Атқарушылық қызметі туралы ақпарат
- •«Kfc» мейрамханасының «Marketing – mix» кешені
- •«Kfc» мейрамханасының өнім саясаты
- •«Kfc» мейрамханасының өнімдік микс стартегиясы
- •«Kfc» бренді
- •Тауар орамы
- •«Kfc» мейрамханасының баға саясаты
- •Өнім тобына баға қойылуы
- •Баға қоюды есептеу
- •«Kfc» мейрамханасының орны
- •Тауарлар мен қызметтер дистрибуциясы
- •Канал процесі
- •Өткізу стратегиясы
- •Мақсатты нарықты зерттеу
- •Нарықты жаулап алу стратегиясы
- •Өнімді пайдалануы
- •«Kfc» жылдам тамақтану мейрамханасының бәсекеге қабілеттілігін талдау
- •Бәсекелік артықшылықтарды талдау
- •«Kfc» мейрамханасына swot – талдау
- •2.2 «Kfc» жылдам тамақтандыру мейрамханасының Қазақстан нарығындағы жағдайын маркетингтік зерттеу мен талдау
- •Зерттелетін мақсатын анықтау
- •Маркетингтік зерттеу әдісін таңдау
- •Екінші ретті ақпарат жинау
- •Kfc қазіргі таңда
- •Негізгі тауар ассортименті мен бағалары
- •Бастапқы ақпаратты жинау
- •Зерттеу қорытындысын шығару
- •2.3 «Kfc» жылдам тамақтандыру мейрамханасының франчайзингін жетілдіру жолдары мен ұсыныстары
- •Қорытынды
Қорытынды
«KFC» жылдам тамақтандыру мейрамханасын ары қарай дамыту мен жетілдіру мақсатында жүргізілген маркетингтік зерттеулер, SWOT-талдау мен оның нарықтағы орнын айқындаушы стратегияларды қолдану нәтижесінде қоғамдық тамақтандыру саласындағы франчайзингтік қызметтің тиімділігі дәйектелінді.
Өнімді немесе қызметті өткізу үрдісінде туындайтын проблемалардан басқа, франчайзингтік кәсіпорындардың көпшілігі қаржы ресурстарының жеткіліксіздігіне тап болады. Осыған байланысты қаражаттарды тарту франчайзингтік кәсіпорындарындағы қаржы саясатының аса маңызды бағыты болып табылады. Пікір сұраудың нәтижелері бойынша франчайзинг механизмін қоғамдық тамақтандыру саласында таратудың келешегі олардың қаржылық жағдайының айқындылығымен, франчайзингтік желіде қаржы ресурстарын ұтымды бөлумен анықталады. Франчайзингтік бизнестің рентабельділігі шығындылықты төмендету, өндірістің көлемін арттыру және капитал салымының қайтымдылығын тездету сияқты факторларға тәуелді болатыны анықталды.
Тамақтандыру кәсіпорындарында франчайзинг үлгілерін ұйымдастыру ерекшеліктері франчайзинг механизмін әзірлеудің қаржылық және басқармашылық аспектілерін жүзеге асыру жағдайларын талдау негізін құрайтын франчайзингтік кәсіпорынды ұйымдастыру мүмкіндіктерін бағалаудан бастап, олардың сыналатын кезеңдеріне дейін байқалады. Франчайзингтік компанияның қызметіндегі шаруашылықты жүргізу механизмі шеңберінде франчайзинг жүйесін әзірлеу стратегиялық тұрғыдан аса маңызды.
Франчайзер қызметінің тиімділігін жоғарылату үшін бөлімшелер негізінде бизнес-бірліктер құру қажет, олар негізгі қызметімен қатар тысқары ұйымдарға қызмет көрсетіп, соның нәтижесінде жалпы франчайзинг жүйесінің тиімділігін арттырады.
«KFC» мейрамханасының ішкі және сыртқы жағдайын талдай отырып, әлі де болса бәсекеге қабілетті болу үшін бизнесін тиімді жүргізу арқылы даму керек. Яғни, мейрамхана нарықтың барлық кластарына жоғары сапалы өнімдер мен қызметтерді ең тиімді бағамен ұсыну қажет.
Қорыта келгенде, франчайзинг механизмі дамуының негізгі бағыттары франчайзерге неғұрлым төмен шығындармен аз уақыт аралығында жылдам дамуға мүмкіндік береді. Бұл үрдіс дами келе ғаламдық деңгейде, бір жағынан, франчайзидің рөлі мен мәртебесін жоғарылатса, екінші жағынан жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.