Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kentucky_fried_chicken.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
602.62 Кб
Скачать

Атқарушылық қызметі туралы ақпарат

Тауық етінен әзірленетін барлық тағамдар үшін шикізат көзі болып табылатын тауық етін «KFC» мейрамханасы сапалы көздерден ғана сатып алады. Ал көкөністер Монсальвадан әкелінсе, қамыс жемістерін әр түрлі салаттарға пайдаланады. Мейрамхананың ас үйіндегі машиналардың барлығы дерлік автоматтандырылған және халықаралық стандарттарға сай жасалған. Осы және өзге де жағдайлардың барлығының сәйкестендіріліп жасалуын мейрамхананың бас қызметкерлері ас үйге және мейрамхана залында жиі тексерістер жасап тұрады.

Сонымен қатар, Денсаулық Министрлігі бастаған Тағамдық Инспекция тобы мейрамхананың гигиеналық жағдайын жылына 2 рет бақылау жүргізіп отырады. «KFC» мейрамханасы ең алдымен тауық еті тағамдарының бөлшектер, орамалар формасында, сондай-ақ салаттар, сэндвичтер негізінде де дайындайды. Мейрамхана қуырылған тауық еттерімен қатар, күйдіріліп пісірілген тауық өнімдерінің кең ассортиментін ұсынады: гарнирлер мен десерттер. Солтүстік Американың аумағынан тыс жерлерде «KFC» мейрамханасы сиыр етінен дайындалған гамбургер немесе кебабтарды ұсынады.

«Kfc» мейрамханасының «Marketing – mix» кешені

Маркетинг – микс ұғымы 4p өнім, баға, өткізу, сату орны элементтері жиынтығынан тұратын кешен. Ол нарықта тауардың стратегиялық позициясын анықтау үшін қолданылады. Сонымен, «KFC» мейрамханасындағы 4p элементтерін қарастырсақ.

«KFC»-дің өнім жоспары:

  • Мейрамхана өнімі тұтынушылық тауарлар тобына жатады

  • «KFC» тек қана арнайы ассортименттік тауарларды ғана ұсынады

  • Мейрамхананың қор айналымы өте жоғары

  • Тауарлардың сапасы мен бағалары үнемі салыстырылады

  • Мейрамхананың өнімдері тауарлар мен қызметтерден тұрады

  • Тауарлар: бургерлер, тауық тағамдары т.б.

  • Қызметтер: тазалық, жылдам сервис, жұмысшылар

«Kfc» мейрамханасының өнім саясаты

«KFC» мейрамханасы өз жұмысын бастапқыда инновациялық өнім ретінде бастады. Бұл мейрамханада алғашында тауарлардың бір ғана өнімдерін толқтырып, жаңа өнімдер дайындай бастайды. Жаңа өнімдер идеясы мыналардан туындайды:

  • Тұтынушылық қызмет көрсетуден (пікір қалдыру карталары);

  • Галоп сұраулар «gallop survey» (құпия сатып алушылар);

«KFC» мейрамханасында жаңа өнімдер инновациясы мәселесін шешетін «Сапа Сенімділігі» бөлімі қызмет жасайды. Бұл бөлім жаңа өнімді шығару туралы мәселені, оны бағалауды, немесе оны мүлде шығармау жайлы қорытындыны жүзеге асырып отырады.

Мейрамхана жаңа өнімдері міндетті түрде әрі тегін негізде апробирлеу мақсатында тұтынушылар арасында дигустация жүргізу арқылы сыналады.

«Kfc» мейрамханасының өнімдік микс стартегиясы

«KFC» жылдам тамақтандыру мейрамханасының өнімдік микс стратегиясы келесілерге қатысты іске асады:

  • Бәсекелес фирма

«KFC» мейрамханасы McDonalds мейрамхансымен өте күшті бәсекелік позициясында. Олардың тауарлары көбінесе нарықта бірдей жерде сатылады.

  • Атрибуттары

«KFC» мейрамханасының бренд ретінде болуының өзі атрибут.

  • Орын және сан

«KFC» өнімдері жоғары сапа мен бағаға негізделеді.

«Kfc» бренді

  • Бренд атауы: KFC

  • Түсі: қызыл және ақ

  • Символы: Колонел Харланд Сандерстің суреті мен «KFC» жазуы

  • Мастер бренд: брендтің артықшылыққа ие болғаны соншалық, ойға бірден келеді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]