Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дурысы.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
40.25 Mб
Скачать

2.3 «Kfc» жылдам тамақтандыру мейрамханасының франчайзингін жетілдіру жолдары мен ұсыныстары

Жалпы, кез келген франчайзингілік фирма жұмыс жасау үшін төмендегідей қадамдарды  жасаған дұрыс:

   - белгілі нарықтық кеңістіктегі  бәсекенің деңгейін анықтап талдау;

   - тауардың ерекшелігін табу;

   - сұраныс пен ұсынысты анықтау;

   - нарықтың сыйымдылығын нақты  белгілеу;

   - инвесторлар түрінде франчайзерлердің  тарту мүмкіншілігі.

Сондай-ақ франчайзингтік бизнестің біздің елімізде дамуы мен өркендеуі үшін келесідей жетілдіру жолдарын ұсынамыз:

  • Қажетті нормативтік-құқықтық базаны құру. Елімізде франчайзингтік бизнесті жүргізуді реттеуші бірқатар заңнамалық актілер бар, олар: Қазақстан Республикасы мен Санаткерлік меншіктің Дүниежүзілік ұйымының арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы, ҚР «Инновациялық қызмет туралы заңы», «ҚР патент туралы заңы», «ҚР Инвестиция туралы заңы», «ҚР Лицензиялау туралы заңы». Сонымен қатар «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» Заң нақты «Франчайзинг туралы» Заң ретінде қайта қарастырылып, мазмұны жоғарыда аталған заңдармен сәйкестендіріліп, жаңаланып, бір жүйеге келтірілуі қажет. Франчайзинг саласы мен монополияға қарсы заңнамада мемлекеттің шектен тыс реттеуге бағытталған заңдары мен нормативтік актілерін өңдеп, толықтыру керек.

  • Франчайзингтік іс-әрекетті жүзеге асыру барысында әкімшілік кедергілерді төмендету шаралары жоғарыда атап өткен нормативтік-құқықтық базаны жетілдірумен тығыз байланысты, өйткені франчайзингтік қызмет заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен қатар басты қиындық франчайзингтік компаниялардың ешбір әкімшілік органдарда тіркелмеуінен туындайды. Аймақтық және қалалық әкімшіліктердің кәсіпкерлікті қолдау департаменттерінде франчайзингті тіркеу және қолдау бөлімдерін құру тиімді болар еді.

  • Франчайзинг субъектілерінің несиелік және қаржылық ресурстарының жетіспеушілігі франчайзинг негізінде бизнесін жүргізуге талпынған кәсіпкерлер үшін ең негізгі кедергі болып табылады. Өйткені қазіргі кезде кәсіпкерлікпен айналысуға бел буған кәсіпкерлерге банктен несие ресурстарын алу қиындығы, тіпті қаржы институттарының бұл салаға деген қызығушылық танытпауы басты мәселе болып тұр. Бұл мәселені шешудің басты жолы франзайзердің кепілдемесімен франчайзиге несие беру, Шағын бизнесті дамыту қорының франчайзингті несиелеу бағдарламасын жергілікті органдардың көмегімен жүзеге асыру.

  • Франчайзиге салық салу жүйесін жеңілдету мәселесін қарастыратын болсақ, отандық франчайзерлердің жұмысын ынталандыру үшін корпоративтік табыс салығын роялтидің мөлшеріне төмендету және жергілікті франчайзилерді жер салығы мен мүлік салығынан босату керек.

  • Франчайзинг туралы бірыңғай мәліметтер базасын әзірлеу қажет. Осы мәселеге қатысты франчайзингке қызығушылық танытқан кәсіпкерлерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету үшін франшизалық мәліметтер базасын құру, қызмет етуші және әлеуетті франчайзер мен франчайзилердің қатысуымен форумдар ұйымдастыру. Франчайзингтік бизнестің артықшылықтарын, тәжірибелік франчайзингке қатысты материалдарды баспасөзде жариялау.

  • Халықаралық тәжірибеге негізделе отырып франчайзингтік жүйені пайдаланушы отандық кәсіпкерлік қызметті дамыту мен олардың тиімділігін қамтамасыз ететін оңтайлы критерийлерін келесідей қарастырамыз: а) отандық кәсіпкер қызмет ету саласын дұрыс таңдауы керек, ә) франчайзингтік қатынастардың құқықтық аспектілерін, артықшылықтары мен кемшілігін жете білуі міндетті, б) франчайзингтік жүйені басқару үшін дұрыс бизнес стратегияны айқындай білуі, в) отандық франчайзер компания франчайзиының оңтайлы және табысты қызметін қамтамасыз ету әдістеме мен бағдарламаларды әзірлеуі қажет, г) франшиза пакетін, оның өнімдері мен қызметтеріне баға белгілеудің тиімді саясатын бекіту, ғ) франчайзер жүйені кеңейту мақсатында табысты стратегияны әзірлеп, франчайзиді таңдау мен олардың қызметін дұрыс жүргізуін бақылауы қажет.

«KFC» мейрамханасының қызмет сапасын артырып, оны жақсарту байланысты ұсыныстар жасау үшін SWOT – талдау нәтижелірін пайдалануға болады.

Кесте-8. «KFC» мейрамханасына SWOT – талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Ақкөңілділік пен абырой. Нарықтағы алдыңғы тауарлары мен қызметтері арқасында мейрамхана жақсы атақ пен абыройды жинады. Бұл кейбір елдердегі мейрамхананың сол елдің фаст фуд нарығында алып көшбасшы болуынан да көрінеді. Мейрамхана өнімдері, сапасы, бағасы мен қызмет көрсетуінен брендтік имиджін қалыптастырып барлық нарыққа мойындата білген.

Сатуда жылдамдығы жағынан KFC басқа мейрамханалар сияқты нарық үлесін жоғалтқан кездері болды.

Жұмысшылардың адалдығы. KFC-дің ең күшті жақтарының бірі болып саналады. Мейрамхана өндірісінде жұмысшылардың ауысу ағымы өте төмен.

Жұмыс істейтін саласында бәсекелестік өте жоғары.

Тұтынушылардың адалдығы. KFC мейрамханасының тауықтан жасалған өнімдерінің дәмді әрі сапалы болуы тұтынушылар арасында адалды тұтынушыларды көбейткен.

Қызмет көрсетуші персоналдың біліктілігінің төмендігі

Басқа тауық өнімдеріне негізделген мейрамханалар тізбегінің ішінде рейтингісі ең жоғары. Бұл мейрамхана жайлылығы мен мәзірдің әртүрлілігі арқасында. KFC-дің жыл сайынғы кірісі 1млрд.$ құрап отыр.

Төменгі тап өкілдеріне икемсіз, яғни бағалары олар үшін жоғары

Кейбір нарықтарда ет өнімдерін тұтынбауы оның нарық үлесін жоғалтып алуы әбден мүмкін.

Мейрамханада бос орындардың аздығы

Мүмкіндіктері

Қауіптері

Жаңа нарықтар. Компанияға жаһанданудың әсерінен жаңа нарықтар ашылуы мүмкін. Бұл әлемдік нарықта әлі де болса жаулап алынбаған бос нарықтарды білдіреді.

Бәсекелестік. KFC –дің McDonald’s сияқты бәсекелесі нарықты тез жаулауға, көшбасшыға жетіп алуға жақсы маманданған. 1999 жылғы McDonald’s сату көлемі 19 млрд. құрап, ұлттық 100 мейрамхана тізбектері рейтингінде сатудың 15% үлесі тиген.

Байланысты мәдениеттер. Мұнда Америка елінің фаст фуд өнімдерін жақсы тұтынуы басқа елдерге де әсерін тигізеді. Өйткен, бұрын тұтынбаған тұтынушылар жаңа дәмді татып көруге әзір.

PETA (People for Ethnic Treatment for Animals) секілді ұйымдар KFC мейрамханасының абыройына әсер етіп, жақсы атақ бермеді. Яғни, тауықтың өлтіріліп, оны пайдалану немесе тауықтың суреті кері әсерін беруі мүмкін. Бұндай ұйымдар әлі де болса мейрамханаға шабуылдап, абыройына кір келтіруде. Сонымен қатар, тұтынушылар аз тұтына бастаған.

Көп көлемдегі жас тұтынушылар. Нарықтағы тұтынушылардың көп бөлігі жастар болып келеді. Мысалы, Үндістанда халықтың 60% жасы 30-дан төмен тұтынушылар. Жастардың фаст фуд өнімдеріне бейім және олардың бұл өнімдерге деген сұранысы өте жоғары екенін ескере отырып, мейрамхананың бұл үлкен мүмкіндігі екенін айтуға болады.

АҚШ-тың қаныққан нарығы. Қазіргі таңда, KFC мейрамханасы сатуды көбейту үшін үй нарығына сүйене алмайды. АҚШ нарығы фаст фуд өнімдеріне аса қаныққан және KFC мейрамханасына беретін үлесі тым мардымсыз. Сондықтан, KFC–ге әлі де болса шетелдік нарыққа шығу қажет.

Жаңа әртүрлілік. «KFC» мейрамханасы ас мәзірін үнемі жаңартып отыра алады. Мысалы, пиццалар, сарымсақ қосылған нан өнімдері т.б.

Жаңа бәсекелестердің шабуылдық стратегиялары

Жылдам тамақтандыру кешенінің тағамдары денсулыққа зиян тигізетіні, нарықтағы позициясын жоғалтуға алып келуі мүмкін.

Сонымен қатар, «KFC» мейрамханасына 2.2. параграфта жүргізілген сауалнама нәтижесінде алынған мәліметтерге қатысты мейрамхана франчайзингін келесідей жетілдіру жолдарын ұсынамыз:

    • Арнайы біліктілігі жоғары кадрларды жұмысқа алу немесе персоналдарды қайта даярлау курстарынан өткізу қажет.

    • Күту ұзақтығын қысқарту қажет. Ол үшін электронды-мобильді тапсырыс беру жүйесін енгізу қажет.

    • Тұтынушылардың туындаған сұрақтары мен өтініштеріне дұрыс жауап ала алу үшін, кері байланысты дамыту керек. Персоналдар клиенттерге сыпайы болулары қажет.

    • Санитарлық-гигиеналық жағдайын жақсарту шараларын жүргізу қажет.

    • Жайлылық деңгейін арттыру қажет, яғни жұмсақ дивандар, WI-FI жүйесін жоқ филиалдарына орнату және оның жылдамдығын арттыру қажет.

    • Үш тілде де «қазақша, орысша, ағылшынша» қызмет жүргізуді оңтайландыру үшін персоналдарды тілдік курстардан арнайы түрде өткізген жөн. Мүмкіндігінше үш тілді білетін кадрларды жұмысқа қабылдау қажет.

    • Тұтынушылардың тамақтану және демалу кезіндегі уақыт ұзақтығын арттыру қажет, ол үшін құрылыстың аумағын кеңейту немесе орындықтар, дивандар мен үстелдер санын арттыру қажет.

  • «KFC» жылдам тамақтандыру орталығына бұл тиімді, яғни БАҚ немесе басқа да маркетингтік коммуникациялық құралдар арқылы «қолдаушы стартегиясын» жүзеге асыру керек.

  • «KFC» жылдам тамақтандыру орталығына жарнаманы арттыру керек. Баннерлік, билбордтық сыртқы жарнамалар мен промоутерлік шараларды жүргізу қажет.

  • Маркетингтік ынталандыру шараларын арттыру қажет

  • «KFC» жылдам тамақтандыру орталығы өз филиалдарын экономикалық жағынан маңызды жерлерге және университеттердің маңдарына орналастыруы қажет.

Қорытынды

«KFC» жылдам тамақтандыру мейрамханасын ары қарай дамыту мен жетілдіру мақсатында жүргізілген маркетингтік зерттеулер, SWOT-талдау мен оның нарықтағы орнын айқындаушы стратегияларды қолдану нәтижесінде қоғамдық тамақтандыру саласындағы франчайзингтік қызметтің тиімділігі дәйектелінді.

Өнімді немесе қызметті өткізу үрдісінде туындайтын проблемалардан басқа, франчайзингтік кәсіпорындардың көпшілігі қаржы ресурстарының жеткіліксіздігіне тап болады. Осыған байланысты қаражаттарды тарту франчайзингтік кәсіпорындарындағы қаржы саясатының аса маңызды бағыты болып табылады. Пікір сұраудың нәтижелері бойынша франчайзинг механизмін қоғамдық тамақтандыру саласында таратудың келешегі олардың қаржылық жағдайының айқындылығымен, франчайзингтік желіде қаржы ресурстарын ұтымды бөлумен анықталады. Франчайзингтік бизнестің рентабельділігі шығындылықты төмендету, өндірістің көлемін арттыру және капитал салымының қайтымдылығын тездету сияқты факторларға тәуелді болатыны анықталды.

Тамақтандыру кәсіпорындарында франчайзинг үлгілерін ұйымдастыру ерекшеліктері франчайзинг механизмін әзірлеудің қаржылық және басқармашылық аспектілерін жүзеге асыру жағдайларын талдау негізін құрайтын франчайзингтік кәсіпорынды ұйымдастыру мүмкіндіктерін бағалаудан бастап, олардың сыналатын кезеңдеріне дейін байқалады. Франчайзингтік компанияның қызметіндегі шаруашылықты жүргізу механизмі шеңберінде франчайзинг жүйесін әзірлеу стратегиялық тұрғыдан аса маңызды.

Франчайзер қызметінің тиімділігін жоғарылату үшін бөлімшелер негізінде бизнес-бірліктер құру қажет, олар негізгі қызметімен қатар тысқары ұйымдарға қызмет көрсетіп, соның нәтижесінде жалпы франчайзинг жүйесінің тиімділігін арттырады.

«KFC» мейрамханасының ішкі және сыртқы жағдайын талдай отырып, әлі де болса бәсекеге қабілетті болу үшін бизнесін тиімді жүргізу арқылы даму керек. Яғни, мейрамхана нарықтың барлық кластарына жоғары сапалы өнімдер мен қызметтерді ең тиімді бағамен ұсыну қажет.

Қорыта келгенде, франчайзинг механизмі дамуының негізгі бағыттары франчайзерге неғұрлым төмен шығындармен аз уақыт аралығында жылдам дамуға мүмкіндік береді. Бұл үрдіс дами келе ғаламдық деңгейде, бір жағынан, франчайзидің рөлі мен мәртебесін жоғарылатса, екінші жағынан жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.

Қосымшалар

1. KFC қазіргі таңда

2. Сауалнама

Құрметті респондент!